Триз технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі



бет33/79
Дата04.01.2022
өлшемі3,48 Mb.
#10542
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79
Білім беру саласы: Таным, Денсаулық

Білім көзі: ҚМТҚ

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажырата білуге тәрбиелеу, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Тепе – теңдікті сақтай отырып тік жүруге, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Қарым –қатынас мәдениетіне, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: көпір, геометриялық пішіндер, поезд жолы.
Билингвалдық компоненті: Жолдорба – рюкзак-backpack, құс – птица –birds, аю- медведь-bear.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің әс – әрекеті

Балалардың

әс – әрекеті



Ұйымдастық,

сезімді ояту




Сәлеметсіздер ме балалар!

Балалар бүгін мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қараңдаршы менің қолымда қандай пішіндер бар?

Олай болса мен сендермен «Зат неге ұқсайды?» Мақсаты: геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту. Айналадағы заттың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.

Ойынның шарты: тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортада ғы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.



Сәлемдеседі

Балалардың жауабы.

Балалар ойынды ойнайды.


Ынталандыру, ізденістер


Балалар сендер үйлеріңде мультфильмдер көресіңдерме?

Қандай мультфильмдер көресіңдер?

(Осы сәтте есікті қаққан дыбыс естіледі, қонаққа Дара келеді)

Иә, бұл кім екен? Кіріңіз.

Дара: Балалар мен ертегілер елінен келдім. Мені танисыңдарма? Мен кіммін?

Салеметсіңбе. Дара сенің неге көңіл- күйің жоқ?

Дара:Балалар мен ертегілер елінде бәріне көмектесемін. Ал бүгін маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Менің жолдорбамды үлкен құс алып кетті көмектесіңдерші.

Балалар олай болса Дарамен бірге саяхатқа шығып жолдорбасын табуға көмектесеміз бе?

Үлкен құс Дараның жолдорбасын таудың басына алып кетіпті.

Ал саяхатқа немен шығуға болады балалар?

Дұрыс айтасыңдар балалар, бірақ бүгін біз құс болып ұшып, тақпағымызды айтып саяхатқа шығайық. Ағылшынша «құс- birds» болады, қанекей бірнеше рет қайталап айтайықшы?

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық

Құстарға біз ұқсайық

Ұшып – ұшып алайық

Орнымзға қонайық.

Дара: Балалар қараңдар алдымыздан кедергі кездесті.Біз көпірдің арғы жағына өтуіміз керек. Қалай ойлайсындар қалай өтуге болады? Немен өтуге болады?

Дұрыс айтасыңдар өзенге көпір жасап өтуге болады.

1.Тапсырма. Көпірден өту.

Балалар көпірден бір-бірден қолымызды екі жаққа созып,басымызды көтеріп, денемізді тік, тепе- теңдікті сақтап өтеміз.

Дара: Балалар алдымыздан тағы да, кедергі кездесті. Келесі тапсырманы орындайық.

2.Тапсырма. Балалар қараңдар орманға бізді бір аң кіргізбей жатыр. Мен сендерге оны сипаттап беремін, сендер оның қандай аң екендігін айтыңдар. Жүнінің түсі қоңыр, денесі дәу, маң-маң басып жүреді, өзі балды өте қатты жақсы көреді. Бұл қандай аң балалар?

Дұрыс айтасыңдар бұл аю. Аю сендерге айтады менің тапсырмамды орындасаңдар сендерді орманның ішіне жіберемін дейді. Ағылшынша аю дегеніміз «Bear» болады, қанекей баріміз қайталап айтайықшы?

Аю тапсырмасы: «Пішіндерді ата»

Дара: Жарайсыңдар балалар.

3.Балалар енді ну орманның ішінен еңбектеп өтуіміз керек. Ол үшін тізерлеп,аяқтарымызды жинап, басымызды еңкейтіп өтеміз.Жарайсыңдар балалар.

Балалар қараңдаршы сендер Дараның қол дорбасын көріп тұрсыңдар ма?

Дұрыс айтасыңдар ол таудың басында тұр. Оған бару үшін біз алдымызда жатқан жолмен жүруіміз керек. Бул ненің жолы балалар?

Онда поезд болып тұра қалайық?

Балалар поездың жолына қараңдаршы, бұл сиқырлды поезд жолы екен.

4. Поезд жолы пішіндерден жасалған. Қанекей бәріміз қандай пішіндерден жасалғанын көріп бір рет қайталап айтайықшы?

-Төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ. Балалар қайталап айтайықшы төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ. Балалар жолымызда пішіндер бітіп қалды, енді қайтеміз?

Дара: балалар сендер қандай пішін жетпейтінін айтуларың керек, сол кезде біз ары қарай журе аламыз. Жарайсыңдар жолымыз жалғасады. Қайталап айтайық?- төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ. Мында да бір пішін жоқ, қандай пішін болуы керек? Домалақ деп айтасыңдар.

Жарайсыңдар балалар біз жеттік.

Таудың басынан Дараға өзінің жолдорбасын алып берейін. Бірақ оны алу үшін біз «Вackpack» деп үш рет қайталап айтуымыз керек. «Backpack - жолдорба»

Балалар Дара жолдорбасын тапты, енді тобымызға поезддың жолымен пішіндерді қайталап қайтайық.

Рахмет сендерге балалар енді орындарыңа отыра қойыңдар.


Балалардың жауабы.

Дара


Дараны мұқият тыңдайды.

Көмектесеміз

Машина мен жаяу сомалет, автобуспен,

шығуға болады. Құс болып ұшып шығуға болады.

Балалардың жауабы

Балалардың жауабы

Аю

Балалар пішіндерді атап береді.



Иә ол таудың басында

Поезддың жолы

Поезд болып тұрады

Поезд жолындағы пішіндерді атайды.

Керек пішінді қоямыз

Төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ.

Домалақ.

Пішіндерді қайталап қайтады.



«Backpack - жолдорба» деп айтады.

Қорытынды бөлім


Балалар бүгін өте қызықты оқу іс-әрекеті болды. Сендерге саяхатқа шыққан ұнадыма?

Біз кіммен бірге саяхатқа шықтық? Сендерге қандай тапсырма ұнады?

Ал маған поезд жолымен жүріп пішіндерді атаған ұнады?

Дара: Балалар көмектескендеріңе рахмет! Менің жолдорбамның ішінде сендерге арналған сыйлық бар.( Дара сыйлықтарды таратып береді)

Балалар мен енді ертегілер еліне қайтайын. Сау болыңдар!

Сау бол Дара! Енді жолдорбаңды жоғалтпа.



Ұнады.

Саяхатшы Дарамен.

Балалардың жауабы.

Сау бол саяхатшы Дара.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет