Технологиялык карта
Білім беру саласы: Қатынас
Білім көздері:Тіл дамыту
ТақырыбыМенің сүйікті ойыншығым
Мақсаты:Ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету.Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге және жалғау,жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету.Ұқыптылыққа баулу.
Көрнекілік:Ойыншықтар,үлестірмелі суреттер (ат,ботақан,мысық)
Әдіс-тәсіл:Тусіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,триз әдісі
Сөздік жұмыс:Ботақан-верблюжонок,құлыншақ-жеребенок
Іс-әрекет бөлімдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру,
сезімді ояту.
|
М.Әлімбаевтың
«Ойыншықтар» өлеңін оқып беру.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау,қозы,құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Айтқанынан шықпайды.
Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп,өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасайды. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ойыншықтармен танысатындықтарын айтып,балалармен топта,үйлерінде қандай ойыншықтар барын сұрайды.
-Сенің қандай ойыншығың бар?
-Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе?
-Ойыншықтарың қандай? (Үлкен,кішкентай)
-Сен онымен ойнап болған соң,орнына жинайсың ба?
Ойыншықтарды лақтырмай,сындырмай,ұқыпты ойнау керектігін айтады.
|
Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды.
Жаттауға талпынады.
Сұрақтарға жауап береді.
Ойыншықпен ұқыпты ойнауды түсінеді.
|
Ізденістер,
ұйымдастыру
|
Ғажайып сәт:«Сиқырлы сандық»
-Кәне сандықта не бар екен,деп балалардың көңілін аударады.
-Ботақан,мысық,құлыншақ бар екен. Балалар
Мысықтың құлағы,аяқтары,,денесі қандай? Бұл жануар қалай жүреді? Көрсетіңдерші?(суретін көрсетеді) Мысықтың түсі қандай екен балалар?
Әкелген құлыншақ,ботақан,мысық қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз.
Ботақан «бө-бө» деп боздайды.
Құлыншақ «иһо-иһо» деп кісінейді.
Мысық «мияу,мияу» деп мияулайды.
Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.
Сергіту сәті
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады
Бойын жазып керіліп
Беті қолын жуады.
Үлестірмелі суреттермен «Тез көрсет» ойынын ойнатады. Ойыншықтардың аттары бар өлең оқыған кезде өлеңде айтылған жануарлардың суреттерін жылдам көрсету керек. Мысалы:
Құлыншағым-құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
«Дауысын таны» дидактикалық ойыны.
Үнтаспадан жануарлардың дауысынан қандай жануар екенін табады.
|
Балалар сандыққа қызығушылық танытады.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Балалар ойынды түсініп ойнауға талпынады.
|
Қорытындылау
Өзін-өзі бағалау
|
Тәрбиеші балалардың жауаптарымен қорытады,білмегендерін уйретеді.
Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталатады.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ойыншықты сипаттауды.
Үйрену керек :Ойыншықты қолдануды.
|
|
Дүйсенбекова Айгүл Нұрғалиқызы №7 ясли бақшасының тәрбиешісі.
|
Технологиялық карта
Жас ерекшелігі: Естиярлар «Ботақан»тобы
Сабақтың тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді»
Білім беру саласы :Қатынас
Білім беру көздері : Тіл дамыту, айнала қоршаған орта.
Мақсаты:
1. Дән тұқымымен таныстыру, бидайдың нан жасалатынын айта отырып қолданылатын, техникалардың аттарымен таныстыру.
2. Тіл байлығын, сөздік қорын молайту.
3. Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе,адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Триз технологиясын пайдалана отырып, жан-жақты ойлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, ертегінің мазмұның ашу,сөздік жұмыс жүргізу.
Көрнекіліктері: нанның түрлері,бидай,комбайн,диірменнің суреттері.
Жаңа сөздер: Бидай, комбайн, диірмен.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің әс – әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру,
сезімді ояту.
|
Балалар,бүгін бізге қонақтар келіп отыр,амандасайық.
-Балалар, мен бүгін балабақшаға келе жатқанда дүкенге соқтым, одан не алдым деп ойлайсыңдар?
-Мынасебетте не бар екен?
-Қәнекөздеріңдіжұмыпиіскепкөріңдерші,Несездіңдер, неніңиісішығады?
-Нандардың қандай түрлерін білесіңдер?
-Балалар, сендернандыжақсы көресіңдерме?
-Кім біледі,нан неден жасалады?
- Балалар, нан дүкенге қалай келгенін айтып берейін бе?
|
Балалар амандасады
Балалардың қызығушылықтары арттады.
Наның иісі шығады.
Ақ нан, қара нан, тоқаш.
|
Ынталандыру, ізденістер
|
Ал енді мына суретке назар аударамыз:
1 сурет. Мынау трактор, бұлар көктемде жерде жыртып, жыртылған жерге тұқым себеді.
Тұқым мынадай болады. Көрсету
Егін масағын көрсету.
2 сурет. Мынау егін орып жүрген комбайн, комбайн астықты жинап машинаға артады.
3 сурет. Мынау диірмен. Диірменнен ұн тартып шығады. Ұн мінекей мынадай болады. көрсету.
Ал балалар біз өткен сабағымызда ұнға суды араластырып қамыр жасаған едік.Қараңдар енді осы қамырдан не жасасақ болады?
4 сурет. Ұнды наубайханаға жіберіп, әр түрлі нандар пісіріледі де балабақшаға алып келеді.
-Көрдіңдерме балалар, үлкендердің еңбегі өте зор, сол себептен біз нанды құрметтеуіміз керек.
«Алақанымызды соғамыз» ойыны
Мақсаты: зейінділікті, баланың танымдық белсенділігін дамыту.
Барысы:балаларға нанға байланысты түрлі сөздерді айтып,атаған кезде бірден алақандарын ұрукеректігін айтып түсіндіру.
Сергіту сәті
Көктемде жерді жыртамыз,
Тегістейміз тырмалап.
Дәндерді оған егеміз,
Жайқалып көктеп шықсын деп.
Күз болғанда орамыз,
Нанға біздер тоямыз.
Жарайсыңдар, балалар орындарына отырыңдар!
Балалар өткен сабақта мен сендерге масақ ертегісін сендерге оқып бергем болатынмын, ал қазір біздің балалар осы ертегіні сахналап береді.
Ертеде екі тышқан және даусы әдемі бір әтеш өмір сүріпті. Екі тышқанның аты ақ тышқан, екіншісі сұр тышқан екен. Тышқандар күніге тек ойнауды, өлең айтып,билеуді ғана біліпті. Ал әтеш таң атысымен барлығын өзінің әсем дауысымен оятады екен.Кетіп бара жатып, жерден бидайдың масағын әтеш пен тышқандар да тауып алады. Әтеш екеуін шақырып, былай депті:
-Қараңдаршы, мен нені тауып алдым?
Тышқандар тезірек жүгіріп келіп,қарайды:
Тышқандар:О,оны үгіту керек.
Әтеш: Ал оны кім үгітеді?
Ақ тышқан: Мен емес,-деді.
Сұр тышқан: Мен де емес,-деп айқайлайды.
Әтеш: Жарайды, ендеше онда мен үгітейін.
Сөйтіп, Әтеш жұмысқа кірісті.Ал тышқандар болса ойнап, би билеп жүрді.Біраздан соң әтеш жұмысын бітіріп, екі тышқанды шақырды.
Әтеш: Тышқандар қараңдаршы мен қаншама дән үгіттім.
Тышқандар жүгіріп келіп, екеуі бірдей шиқылдайды.
Тышқандар: Енді дәнді диірменге салып, ұн етіп үгіту керек.
Әтеш: Оны кім жасайды?
Ақ тышқан: Мен емес.
Қара тышқан: Мен де емес
Әтеш: Жарайды,ендеше мен дәнді диірменге салайын,-деп кете берді.
Ал тышқандар сол уақытта бір-біріне секіріп ойнады.
Әтеш қайтадан диірменмен оралып, Тышқандарды шақырып:
-Мен ұн әкелдім,-деді.
Ал тышқандар:
-Ай,жарайсың, әтешжан . Енді осы ұнды илеп,бәліш пісіру керек.
Сонда әтеш: Кім енді илейді?-дейді.Ал тышқандар болса баяғыша жауап береді.
Тышқандар : Мен емес, мен де емес,-деді.
Әтеш: Қайтадан өзім жасайтын секілдімін.
Сөйтіп, әтеш ұнды илейді. Ал тышқандар сол уақытта уақыттарын жоғалтқан жоқ. Өлеңдерін айтты, билеп жүрді. Міне, бәлішті үстел басына жетіп келді.
Сұр тышқан: Ой, менің қарным ашты.
Қара тышқан: Ох, менің жегім келіп тұр.
Сөйтіп, үстелеге отырып алды.
Сонда Әтеш: Тоқтай тұрыңдар, тоқтай тұрыңдар. Алдымен сендер маған масақты кім тапты соны айтыңдаршы?
Тышқандар: Сен таптың,-дейді.
Әтеш: Ал оны кім үгітті?-
Тышқандар: Сен үгіттің.
Әтеш: Ал кім дәнді диірменге тартты?
Тышқандар: Тағыда сен,-ақырын айтты.
Әтеш: Сендер не істедіңдер, сонда?
Не деп айтарын білмей, айтатын жауаптары болмады. Сонымен тышқандар үстелден тұрып кете берді.
Сұр тышқан : Кешірші мені!
Қара тышқан: Кешірші мені! Енді біз саған көмектесеміз?
Әтеш: Тоқтай тұрыңдар, сендер маған көмектеспесеңдер де мен сендерді кешірем бәріміз бірге дос болайық.
Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Ал осы ертегіде не ұнады?
Ертегіде не ұнамады?
Әтеш барлығын өзі жасады, тышқандар көмектестіме?
Балалар бір-бірлерімізге көмектесіп,дос болуымыз керек.
Ал осы нанға байланысты қандай мақал мәтел білесіңдер?
Айша: Нан қадірін аштықтабілесің.
Диар : Нан болса ән де болады.
Султан : Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.
Айдана: Ас атасы нан
Нан атасы дән
ЖасминЕңбек түбі береке
Көптің түбі мереке.
Алуа: Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті.
-Әрине, балалар, еңбекпен табылған нан тәтті.
|
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар ойынды қызыға ойнайды
|
Рефлексивті-түзетушілік кезең
|
Балалар біз әрқашан мейірімді болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз
өте қызықты өтті.Рахмет сендерге!
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: еңбекқор сөзімен жалқау сөздер айырмашылығын
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: нанның дастарханға үлкен еңбекпен келетіндігін
Игереді: қайырымды, мейірімді, сыпайы болуды игереді.
|
|
Байболова Динара Талғатқызы
№7 ясли бақшасының тәрбиешісі.
|
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, Денсаулық
Білім көзі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажырата білуге тәрбиелеу, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Тепе – теңдікті сақтай отырып тік жүруге, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Қарым –қатынас мәдениетіне, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: көпір, геометриялық пішіндер, поезд жолы.
Билингвалдық компоненті: Жолдорба – рюкзак-backpack, құс – птица –birds, аю- медведь-bear.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің әс – әрекеті
|
Балалардың
әс – әрекеті
|
Ұйымдастық,
сезімді ояту
|
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар бүгін мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қараңдаршы менің қолымда қандай пішіндер бар?
Олай болса мен сендермен «Зат неге ұқсайды?» Мақсаты: геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту. Айналадағы заттың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
Ойынның шарты: тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортада ғы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
|
Сәлемдеседі
Балалардың жауабы.
Балалар ойынды ойнайды.
|
Ынталандыру, ізденістер
|
Балалар сендер үйлеріңде мультфильмдер көресіңдерме?
Қандай мультфильмдер көресіңдер?
(Осы сәтте есікті қаққан дыбыс естіледі, қонаққа Дара келеді)
Иә, бұл кім екен? Кіріңіз.
Дара: Балалар мен ертегілер елінен келдім. Мені танисыңдарма? Мен кіммін?
Салеметсіңбе. Дара сенің неге көңіл- күйің жоқ?
Дара:Балалар мен ертегілер елінде бәріне көмектесемін. Ал бүгін маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Менің жолдорбамды үлкен құс алып кетті көмектесіңдерші.
Балалар олай болса Дарамен бірге саяхатқа шығып жолдорбасын табуға көмектесеміз бе?
Үлкен құс Дараның жолдорбасын таудың басына алып кетіпті.
Ал саяхатқа немен шығуға болады балалар?
Дұрыс айтасыңдар балалар, бірақ бүгін біз құс болып ұшып, тақпағымызды айтып саяхатқа шығайық. Ағылшынша «құс- birds» болады, қанекей бірнеше рет қайталап айтайықшы?
Сергіту сәті:
Қане, қанат жазайық
Құстарға біз ұқсайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымзға қонайық.
Дара: Балалар қараңдар алдымыздан кедергі кездесті.Біз көпірдің арғы жағына өтуіміз керек. Қалай ойлайсындар қалай өтуге болады? Немен өтуге болады?
Дұрыс айтасыңдар өзенге көпір жасап өтуге болады.
1.Тапсырма. Көпірден өту.
Балалар көпірден бір-бірден қолымызды екі жаққа созып,басымызды көтеріп, денемізді тік, тепе- теңдікті сақтап өтеміз.
Дара: Балалар алдымыздан тағы да, кедергі кездесті. Келесі тапсырманы орындайық.
2.Тапсырма. Балалар қараңдар орманға бізді бір аң кіргізбей жатыр. Мен сендерге оны сипаттап беремін, сендер оның қандай аң екендігін айтыңдар. Жүнінің түсі қоңыр, денесі дәу, маң-маң басып жүреді, өзі балды өте қатты жақсы көреді. Бұл қандай аң балалар?
Дұрыс айтасыңдар бұл аю. Аю сендерге айтады менің тапсырмамды орындасаңдар сендерді орманның ішіне жіберемін дейді. Ағылшынша аю дегеніміз «Bear» болады, қанекей баріміз қайталап айтайықшы?
Аю тапсырмасы: «Пішіндерді ата»
Дара: Жарайсыңдар балалар.
3.Балалар енді ну орманның ішінен еңбектеп өтуіміз керек. Ол үшін тізерлеп,аяқтарымызды жинап, басымызды еңкейтіп өтеміз.Жарайсыңдар балалар.
Балалар қараңдаршы сендер Дараның қол дорбасын көріп тұрсыңдар ма?
Дұрыс айтасыңдар ол таудың басында тұр. Оған бару үшін біз алдымызда жатқан жолмен жүруіміз керек. Бул ненің жолы балалар?
Онда поезд болып тұра қалайық?
Балалар поездың жолына қараңдаршы, бұл сиқырлды поезд жолы екен.
4. Поезд жолы пішіндерден жасалған. Қанекей бәріміз қандай пішіндерден жасалғанын көріп бір рет қайталап айтайықшы?
-Төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ. Балалар қайталап айтайықшы төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ. Балалар жолымызда пішіндер бітіп қалды, енді қайтеміз?
Дара: балалар сендер қандай пішін жетпейтінін айтуларың керек, сол кезде біз ары қарай журе аламыз. Жарайсыңдар жолымыз жалғасады. Қайталап айтайық?- төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ. Мында да бір пішін жоқ, қандай пішін болуы керек? Домалақ деп айтасыңдар.
Жарайсыңдар балалар біз жеттік.
Таудың басынан Дараға өзінің жолдорбасын алып берейін. Бірақ оны алу үшін біз «Вackpack» деп үш рет қайталап айтуымыз керек. «Backpack - жолдорба»
Балалар Дара жолдорбасын тапты, енді тобымызға поезддың жолымен пішіндерді қайталап қайтайық.
Рахмет сендерге балалар енді орындарыңа отыра қойыңдар.
|
Балалардың жауабы.
Дара
Дараны мұқият тыңдайды.
Көмектесеміз
Машина мен жаяу сомалет, автобуспен,
шығуға болады. Құс болып ұшып шығуға болады.
Балалардың жауабы
Балалардың жауабы
Аю
Балалар пішіндерді атап береді.
Иә ол таудың басында
Поезддың жолы
Поезд болып тұрады
Поезд жолындағы пішіндерді атайды.
Керек пішінді қоямыз
Төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ.
Домалақ.
Пішіндерді қайталап қайтады.
«Backpack - жолдорба» деп айтады.
|
Қорытынды бөлім
|
Балалар бүгін өте қызықты оқу іс-әрекеті болды. Сендерге саяхатқа шыққан ұнадыма?
Біз кіммен бірге саяхатқа шықтық? Сендерге қандай тапсырма ұнады?
Ал маған поезд жолымен жүріп пішіндерді атаған ұнады?
Дара: Балалар көмектескендеріңе рахмет! Менің жолдорбамның ішінде сендерге арналған сыйлық бар.( Дара сыйлықтарды таратып береді)
Балалар мен енді ертегілер еліне қайтайын. Сау болыңдар!
Сау бол Дара! Енді жолдорбаңды жоғалтпа.
|
Ұнады.
Саяхатшы Дарамен.
Балалардың жауабы.
Сау бол саяхатшы Дара.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Геометриялық фигураларды ;
Игереді: Тапсырмаларды түсініп ұжыммен орындай білуді;
Меңгереді: Тепе – теңдікті сақтауды;
«Ясли сад № 7» преподаватель
русского языка Айтмуханбетова М.Б.
Технологическая карта.
Подготовительная группа: «Көбелек» Образовательная область: «Коммуникация»
Раздел: «Русский язык».
Тема: «Домашние и дикие животные».
Программное содержание: развитие смекалки, диалоговой речи,творческого воображения, умение выделять общие признаки путем сравнения. Научить рассказывать вместе с воспитателей, договаривать фразы; использование элементов ТРИЗ в играх: «Теремок на новый лад», «Кто где живет?», «Назови детёнышей», «На что это похоже», «Мама потерялась», «Придумай загадку»; закрепить знание названий животных в инсценировке.
Материал: игрушка мышонок, настольный театр «Теремок», дидактические игры «Кто они ?».
Этапы
деятельно
сти
|
Действия педагога
|
Деятельность детей
|
Мотива-ционно-побу-дителный
|
Ребята, вы знаета. Что на Земле живет очень много животных. Животные бывают домашние и дикие. Ребята, каких животных вы встретили по дороге в детский сад?
Расскажите о них.
Кошки и собаки какие животные?
Что любят делать собаки?
Что любят делать кошки?
|
Возле дома я видел щенка. Щенок был белый, маленький, красивый.
На улице я встретил большую, добрую собаку.
Во дворе я видела пушистую кошку.
Домашние животные.
Лаять, грызть косточку, сторожить дом.
Лакать молоко, ловить мышей, играть, любят, когда их гладят.
|
Организа-ционно-поисковый
|
А что любят мышки?
Дети, кто это там пищит?
А где он, давайте его найдём!
Из какой сказки убежал мышонок?
А давайте посмотрим: какие части тела есть у мышонка.
А на что похож хвост?
Мышонок приглашает вас и своих друзей в сказку «Теремок».
Давайте покажем представление для наших гостей .
Вы все хорошо играли свои роли. Молодцы!
ф/м «Чудеса».
Были мы ребятами, стали зайчатами .
Были мы зайчатами, стали лягушатами .
Были лягушатами, стали мы лисятами .
Были лисятами, стали мы волчатами .
Были волчатами, стали мы ребятами.
Игра «Теремок» на новый лад.
Предлагается сыграть сказку «Теремок» в измененном виде.
Хозяин может быть животным, предметом и т.д. тогда мы впустим, если постучавший скажет, чем похож на хозяина теремка.
Ведущий меняет хозяина.
Игра парами с мячем «Животное и детеныш».
Мамы нашли своих друзей и парами возвращаются домой. Давайте расскажем какие животные куда пойдут.
І. Д/Игра «Кто где живет?»
-Вот полянка. За ней лес.
-Какие животные живут в лесу?
-Какие животные живут дома?
Зимой бывают снегопады, морозы. Зверям хочется в домики спрятаться и они просят: спрячьте нас в наши домики.
-Куда спрячем лису?
-Куда спрячем зайца?
-Куда спрячем медведя?
-Куда спрячем волка?
-Куда спрячем ежика?
Вот молодцы, спрятали всех зверей.
Физминутка
У медведя дом большой
А у зайки маленький
Наш медведь пошел домой
И попрыгал заинка.
А теперь расскажем какое животное что любит.
-Что любит заяц?
-Что любит лиса?
-Что любит медведь?
-Что любит ежик?
-Что любит белочка?
Вам было задано домашнее задание придумать загадки о животных.
Кто загадает свою загадку?
Вы угадали все загадки. Молодцы!
|
Корочку хлеба и сыр.
Мышонок!
Дети вместе с воспитателем ищут мышонка.
«Курочка ряба», «Теремок», «Репка».
Голова, туловище, лапы, уши, хвост и т.д. Описывают мышонка на трех языках (голова-бас- hed, туловище-дене- chest, лапы-қол- hend, уши- құлақ- ear, хвост-құйрық- tail ).
Дети перечисляют: на змею, на шнурок, скакалку….
Дети надевают маски героев
Участвуют в инсценировке сказки «Теремок».
Соотнося слова с движениями ходят как зайчата. Прыг-скок (прыгают).
Прыгают как лягушки
Вертят «хвостиком»
Руками показывают зубы. Щелк-щелк.
Каждый ребенок получает свой рисунок и играет за нарисованный объект(гитара, чайник, дом, сумка, конфета, яблоко, карандаш и т.д ).
Один ребенок становится хозяином теремка. Остальные по очереди подходят к теремку.
-Тук-тук, кто в теремочке живет?
-Я карандаш. А ты кто?
-Я линейка. Пустишь меня в теремок?
-Пущу, если скажешь, чем ты на меня похож.
-Я тоже деревянный. Мной подльзуются дети.
-Тук-тук, кто в теремочке живет?
-Я яблоко. А ты кто?
-Я конфета. Пустишь меня в теремок?
-Пущу, если скажешь, чем ты на меня похож.
-Я тоже сладкий. Мня дети тоже любят.
-Тук-тук, кто в теремочке живет?
-Я лошадь. А ты кто?
-Я корова. Пустишь меня в теремок?
-Пущу, если скажешь, какую пользу приносишь человеку.
-Я даю молоко.
Дети бросают мяч и называют животных-мам и их детенышей. Корова-телёнок, лошадь-жере-бёнок, овца-ягнёнок, кошка-котёнок....
Ребенок-хозяин теремка держит любая карточку с предметом (яблоком).
Остальные герои сказки (карточки по очереди) стучатся в теремок.
Хозяин обещает их пустить, но только если они скажут, чем они на хозяина теремка похожи.
Ребенок сравнивает рисунки, выявляет общий признак. Например, яблоко и конфета съедобные, а яблоко и чайник могут храниться на кухне и т.д.
На картинке яблоко и конфета красные.
Дикие.
Дети у кого изображения диких животных подходят к этой картинке.
Дети у кого изображения домашних животных подходят к рисунку с домиком.
Дети делят иллюстрации с изображением животных на две группы: домашние и дикие (прикрепляют к доске).
В норку.
В заросли.
В берлогу.
В логово.
В пеньке.
Показывают руками.
Держа согнутые руки перед грудью.
Показывают косолапую походку медведя.
Прыгаю как зайка.
Морковь
Курочку
Мед
Грибы, молоко
Грибы, молоко.
Дети загадывают загадки составленные дома.
1.Летом и зимой ходят в шубе. (Баран)
2.Он живёт в лесу, он зимой – белый, летом – серый, у него длинные уши, прячется от волка под ёлку. (Заяц)
3.Косолапый зверь, зимой спит в берлоге, а летом любит есть ягоды и мёд, но он очень боится пчёл .
(Медведь)
4.Рыжая красавица, очень хитрая и ловкая, любит зайчиков и курочек .
(Лиса)
Предлагают разные ответы: лиса, кот, медведь….
|
Рефлексивно-
корриги-рующий
|
Про каких животных мы сегодня поговорили? Назовите их детенышей. Гле они живут? Понравился ли вам урок?
|
Варианты ответов.
Делятся впечатлениями.
|
Ожидаемый результат
Знать: - различать животных и выговаривать названия,
Уметь: - использовать антонимы: медленно-быстро, громко-тихо; играть роль персонажей сказки.
Иметь: - навыки диалоговой формы речи.
|
|
Орынбекова Айгерим
Дүйсекеқызы
№7 ясли бақшасының тәрбиешісі
|
Технологиялық карта.
Жас ерекшеліктері: Мектеп алды даярлық «Айгөлек» тобы.
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы».
Мақсаты:
Балаларды әр түрлі мамандықтар иесімен таныстыра отырып,білімдерін кеңейту 2.
Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру. Зейінін дамыту.
Есте сақтау қабілетін дамыту.Мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: триз әдісі элемент
Көрнекілігі: Мамандықтар түрлерінің суреті, сандық.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс -әрекеті
|
Ынталандыру.
Сезімді ояту
|
Сәлеметсіздерме құрметті балалар. Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?»« тренингін ойнайық. Белгілі бір кәсіп иелерінің суреті көрсетіледі, балалар сурет арқылы табады .)
— Балалар қалай ойлайлайсындар, жалпы түрде қалай айтуға болады?
— Дұрыс айтасыңдар. Олай болса сабағымыздың тақырыбы Мамандықтар.
|
дәрігердің көмегі.
— МАМАНДЫҚ
|
Ұйымдастыру.
Ізденістер
|
Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане (есік қағып қоян кіреді) қарсы алайық. Жылы қабақ танытайық
- Қоян сізге не болды?
- Мен балаларыма дүкеннен сыйлықтар алып келе жатыр едім, шалынып құлап қалдым.
- Балалар, қоянға қалай көмектесеміз?
- Қоянды кім емдеп жазады?
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Ендеше біз дәрігерді шақырайық.
- Сәлеметсіздерме мені шақырдыңыздарма.
Иә біздің қоянымыз шалынып қалды жарақатын танып бересізбе?
Иә танып берейін.
Дәрігерге алғыс айту.
- Балалар қоянның сіздерге алып келген тапсырмасы бар.Қоянның көңіл күйі жақсы болу үшін, тапсырмасын орындайық.
- Ал, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ал мына жұмбақтардың шешуін табыңдаршы.
1. Алып жатқан жан – жақты,
Үйлерді кім тұрғызды.
2. Өскен шашты жаратпайтын
Қайшысы бар жалаңдайтын.
- Жарайсыңдар балалар жұмбақтарды өте жақсы шештіңдер.
- Балалар қандай жұмбақтар шештіңдер
Бұл сөздер нені білдіреді?
- Әрине мамандықтар туралы. Себебі біздер бүгінгі сабағымыз мамандықтар туралы.
Енді орнымыздан тұрып сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Ғарышкер зымыранмен
Зу-зу-зу ұшады,
Оңға қарай ұшады,
Солға қарай ұшады.
Алақанды жаямыз,
Зымыранды қондырамыз,
Уф-уф деп зымыранды ұшырамыз.
Балалар енді суретке назар аударайықшы, қазір сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлем құрастырайық.
Мысалы – дәрігер маманы кім?
Аспазшы маманы кім?
Құрылысшы маманы кім?
Мұғалім маманы кім?
Мұғалім ол қанадай мамандық.
Шаштараз маманы кім?
Біз ойнаймыз, ойнаймыз
Кім болуды қалаймыз.
Олай болса кім аспазшы болғысы келеді?
Олай болса кім мұғалім болғысы келеді?
Олай болса кім сатушы болғысы келеді?
Олай болса кім шаштараз болғысы келеді?
Кім дәрігер болғысы келеді?
Олай болса кім құрылысшы болғысы келеді?
- Тәрбиеші балалардан әр мамандықтың іс- қимылын әңгімелеп сұрайды.
- Балалар сатушы не істеп жатыр?
Балалар біздің ортамызға дәрігер келді. Қоянды дәрігер емдеді.
Д/о: «Дәрігер Айболит»
Шарты: Балаларды рөлдерге бөліп ойнауға дағдыландыру.
Дәрігер:
Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Ауруларды емдейтін
Мен дәрігер боламын.
Шаштараз:
Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолыңа
Түрлі – түрлі шаш қиып
Қызмет етем халқыма.
Сатушы:
Жақсы оқып сабақты
Мақсатым бұл ұраным
Үлкен болып өскенде
Сатушы боп тұрамын.
Май:
Елге қызмет етемін
Шаршамаймын мен бірақ
Күні – түні май боп
Ұйықтамаймын мен бірақ.
Құрылысшы:
Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.
Мұғалім:
Мұғалім, аспазшы
Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар
Мен мұғалім боламын
Аспазшы:
Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.
- Балалар қоянды емдеп жаздық.
- Олай болса сен бізге қонақ бол.
- Жарайсыңдар балалар, енді бәріміз тақтадағы суретке қарайық.
Қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Ол үшін бәріміз тақтадағы ойынның шартымен танысып өтейік.
Шарты: тақтадағы суреттерге қараймыз, қай сурет мамандыққа керек. Соны тез тауып айтамыз.
- Балалар қоянда қызығып сендермен ойнағысы келіп тұр.
- Бірге ойнайсыңдар ма?
- Ендеше «Сен өскенде кім болғың келеді?» ойының ойнайық.
- Шарты: Қоян доп лақтыру арқылы әр бала өз ойын айтады.
- Балалар мен көжектеріме барайын. Сендер жол ережесін үйреттіңдер және дәрігерлік көмек көрсеттіңдер. Ал енді мен сыйлықтарыммен бөлісейін. (алма тарату) Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар балалар.
|
Жылы қабақ танытайық. (Жылы сөз айту)
Иә
Дәрігер емдиді.
иә
Қоянға көмектеседі.
(Құрылысшы)
(шаштараз)
(құрылысшы, шаштараз).
Ол кішкентай балалармен үлкендерді емдейді.
көп қабатты, зәулім үйлер салады.
– дәмді ас пісірумен айналысады.
– оқу мен жазуды, білім беретін апай.
– елдің тыныштығын қорғайтын маман.
– түліктер сататын адам.
– түрлі шаш сәндейтін адам.
(ол азық - түлік сатып жатыр)
Балалар ертегіні сахналайды.
|
Рефлекциялық
түзетушілік
|
- Бүгін балалар қандай тақырыпта әңгімелестік?
- қандай мамандық иелерін білдіңдер балалар?
Жарайсыңдар балалар қазақта мынадай мақал бер, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей», «Еңбектің – наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»
Балалар ерінбей еңбектеніп сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.
Мадақтау: Бүгінгі сабаққа балалар өте жақсы қатыстыңдар.
|
Мамандықтар турлы.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Мамандқтарды ажыратады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қандай мамандықтар бар екені туралы.
Игерді:Сурет бойынша әңгіме құрастыруды.
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ
«№7 ясли-бақшасы»МКҚК
педагог психологы: Арыстанбекова Эльзира Ерланбаевна
|
|
Триз технологиясын пайдалана отырып балалардың эмоциялық-ерік аясын, қол маторикасын, тілін,қиялын дамыту.
Психологиялық тренинг «Көңіл күй»
Қатысушы: «Ересектер тобы»
Мақсаты: Триз технологиясын пайдалана отырып балалардың эмоциялық-ерік аясын, балаларды бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге үйрету.Қол маторикасын, тілін,қиялын дамыту, ситуациялық пробеламалардан шығуға жол табу арқылы балалардың жан-жақты креативті ойлау қабілеттерін дамыту.
Тренинг барысы:
І-жаттығу «Сәлем»
ІІ-жаттығу . «Көңіл күй».
ІІІ-жаттығу. Ертегі тирапиясы
ІV-жаттығу. «Массаж»
V- жаттығу. «Мен саған ризамын» VІ- жаттығу. Релаксация
І-жаттығу. «Сәлемдесу».
Балаларды шеңбер бойымен отырғызып «сәлемдесу» жаттығуын жасау.
Сәлеметсіздерме!
Біз бәріміз доспыз ба?
Олай болса бір-бірімізді құшақтайық,
Оң жағамаздағы досымызды құшақтайық
Сол жағамаздағы досымыздың қолын қысайық,
Біз бәріміз доспыз ба?
Онда бір-бірімізді қытықтайық!
ІІ-жаттығу. «Көңіл күй».
Әр балаға өз ара жеке қағаз береді. Сол қағазға балалар күннің қөңіл- күйін салу керек.
Соңында күннің көңіл- күйін сипаттау керек.
Бүгін сен салған күннің қөңіл -күйі қандай екен?
Неге сенің күніңнің көңіл- күйі көңілді емемес?
Сенің салған күннің көңіл- күйін қалай көтереміз?
Кім маған өзінің көңіл- күйін салып немесе сипаттап береді?
ІІІ-жаттығу. Ертегі тирапиясы «Бауырсақ»
Балаларға ертегіні бастап беру қажет,балалар ертегіні жалғастырады.
«Бір күні бауырсақ апасынан да атасынанда қашты...................
Бауырсақ түлкіден де қашып кетті»
Бауырсақ ертегісінің басты кейіпкері кім екен айтыңдаршы?
Бауырсақты түлкі жемегенде бауырсақ кімді кездестіретін еді?
Апасы мен атасы бауырсақты көрермеді?
ІV-жаттығу. «Массаж»
Бір баланы ортаға арқасымен жатады, көзін жұмам, үш бала оған саусақтың ұшымен массаж жасайды. Массаж біткен соң балалдан не әсер алғанын және кім массаж жасағанын психолог сұрайды. Сөйтіп 1-3 балаға массаж жасалады
V. жаттығу. «Мен саған ризамын»
Балалар шеңбер бойына бой түзеп, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып, «Мен саған ризамын, себебі...» деп өз ойлары мен тілектерін айтулары керек. Осылай барлық бала бір-бірінің барлық жақсы қасиеттерін атап өтуі керек.
VІ-жаттығу. Релаксация
Терең ауызымыздан тыныс алып оны мұрнымыздан шығарамыз. Мен үш дегенде көзімізді жұмамыс. Психологті мүқият тыңдаймыз.
Рысбаева Фариза
Аманкосовна
№7 яслибақшасының
тәрбиешісі
|
|
Технологиялық карта
Білім беру салалары: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта»
Білім беру бөлімі: Айнала қоршаған орта.
Сабақтың тақырыбы: «Қыс»
Сабақтың мақсаты:
1.Қыс мезгілі туралы түсініктерін қалыптасыру. Қысқы табиғат
ерекшеліктерін көре білуге үйрету.
2.Балалардың тілдерін дамытып байланыстырып сөйлеуге үйрету. Триз технологиясын пайдалана отырып, жан- жақты ойлауға тәрбиелеу.
3.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілін бейнелеген суреттер, жасыл шырша, ойыншық қонжық, аудио-жазба (боранның дыбысы)
Сөздік жұмыс: Қыс- зима
Іс-әрекет
Кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс -әрекеті
|
Ынталандыру кезеңі
|
Сәлемдесу
- Жылы лебіздер білдіру:
- Амандастыңдар ма, балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бір-бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайықшы!
- Балалар, менің қолымдағы ойыншық қалай аталады? Әрқайсымыздың осындай жұмсақ жүрегіміз бар. Бірақ ол үлкен емес. Әр адамың жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай. Қане, жүрегіміз қандай екен, көрейекші. Балалар, алақандарын жұмып, жұдырықтарына назар аударады.
- Балалар, осы жүректі бір-бірімізге сыйлай отырып тілек айтайық.
- Мен саған жақсылық тілеймін.
- Мен саған қуаныш тілеймін.
- Әдемі қыз бол
- Достарың көп болсын
- Батыр бол
- Әрқашанда күліп жүр
|
Сабаққа зейінің аудару.
(жүрек)
Жұдырықтарын көрсетеді
Бір-бірлеріне тілектерін білдіреді
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Ғажайып сәт. Енді балалар барлығымыз бір сәт көзімізді жұмайықшы (Боранның дыбысы естіледі)
- Ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?
- Боран, жел, суық
- Бұл қай кезде болады?
- Қыста
- Енді міне қар жауып тұр жапалақтап, айнала аппақ қар
Шырша әуені шығады,шеңбердің шетінде шырша тұрады)
-Балалар, мынау не?
- Шырша
Ой балалар қарандар шыршаның астында қонжық жатыр, үсті су болып жаурап қалыпты.
Қонжыққа көмек береміз ба?
Қалай көмектесеміз? (ыстық шай берейік, үстін сүртейік, орамалмен орайық)
Қонжықты сүртіп, орап отырғызу
- Балалар шыршаны қай кезде әсемдейміз?(сурет арқылы сұрақ-жауап)
- Жаңа жыл.
-Жаңа жыл қай кезде болады?
-Қыста.
-Қыста қандай өзгерістер болады, сендер не істейсіңдер?
- Күн суық болады, су қатып мұз болады, айнала аппақ қар,
ойнаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз, Аяз атаны күтеміз
- Шыршамыз неге көңілсіз, оған не жетіспейді?
- Оны әсемдеу керек. Ал шыршаны немен әсемдейміз?(балалардың пікірлерін тыңдау)
Осы кезде қоңжық оянады.
Ой балалар көп рахмет сендерге! Сендердің арқаларында үстімді кептіріп, жылынып, демалып алдым.
Меніңде сендерге арналған сыйлығым бар. Қабыл алындар! (Қораптын ішінде шырша сәндейтің ойыншықтар мен жылтырақтар)
Рахмет саған қоңжыық! Сен бізге өте қатты көмектестің! Енді осы ойыншықтармен шыршамызды әшекейлейік.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Шыршамыздай жайқалып.
Табиғатты сүйеміз,
Денемізді тік ұстап
Билеп, билеп аламыз.
|
Көздерін жұмып қысты елестетеді
Өз ойларымен бөліседі
Сұрақтарға жауап береді
Өз ойларымен бөліседі
Шыршаны безендіреді
Шеңберге тұрып өлен жолдарын іс-қимылмен қайталайды
|
Рефлекциялық
Түзетушілік
|
Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
Ал сабағымыз несімен ұнады сендерге?
Ал қыс мезгілі жақсы мекен?
Қыс қандай болады екен?
Балалар, енді барлығымыз әсемделген, әдемі шыршамызға шеңберге тұрып «Шырша» әнін айтайық. Рахмет сендерге, балалар.
|
Сұрақтарға жауап беріп, шыршаға дөңгеленіп тұрып «Шырша» әнің айтады
|
Күтілетін нәтиже: Қысқы табиғат ерекшеліктерін көре білу, жан- жақты ойлауға
Нені игереді: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін, жан-жақты ойлауды
Нені білу керек: Қыс мезгілінің суық болатының
Тәрбиеші:Билемхан Айнұр . Ересектер "Балдырған" тобы
|
|
Технологиялық карта
Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта Оқу іс-әрекеті:Экология Тақырыбы: Қазақстанның "Қызыл кітапқа" енген жануарлары Мақсаты:1)"Қызыл кітап"туралы айта отырып,сиреп бара жатқан жануарлар жайлы түсінік қалыптастыру.
2) Жер бетіндегі тіршілік иелеріне,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Сөздік қорларын молайту.
3)Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын
Көрнекілігі:Үлгі суреттер,интерактивті тақта,сыйқырлы кілем
Билингвалды компонент:Қызыл кітап-красный книга-Red book
Әрекеттің
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастырушы
лық-оятушылық
|
Шаттық шеңбері:
Армысың,ару күн!
Армысың,жер ана!
Армысың,жан досым,
Мінеки қолым бос,
Жүрегіме жылу қос!
Енді,бір-бірімізге осы күннің шуағынан алған жылуымызды достарымызға алақан арқылы таратайық,қонақтарға да жіберейік!
Балалар сендерсаяхатққа барғанды ұнатасыңдар ма?
Олай болса барлығымыз ортада жатқан сыйқырлы кілемнің үстіне отырып, орманға саяхатқа ұшып барайық.(Музыка әуені ойнайды).
Мінеки,біз орманға да жеттік.
|
Шеңбер бойымен тұрады.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Иә,ұнатамыз
Сыйқырлы кілемнің үстіне отырып,көздерін жұмып қиялдайды.
|
Ұйымдастырушы
лық-ізденушілік
|
-Бұл жай орман емес,
ғажайып,жұмбағы көп ертегіге толы орман.Ал енді бәріміз орнымызға отырайық.
-Балалар,қараңдаршы,бізге біреу келе жатыр.
-Орманшы ағай келеді.
-Орманшы:Балалар, сендер мені танисыңдар ма?
-Мен Орманшы ағамын.Мен сендерге орманда не істеуге болмайтыны жайында айтып,белгілермен таныстырғалы келдім.(Ережелер,белгілермен таныстырады.Таныстырып болған соң қоштасып кетіп қалады).
-Тәрбиеші:Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
-Мен сендерге бір ғажайып ертегі айтып берейін.Ертегі "Жануарлар патшалығы мен өсімдіктер патшалығы" деп аталады.
Ерте,ерте,ертеде ... Өте тату тұратын бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын,екі патшалық болыпты.Олар бір-бірімен ешқашан жауласпапты.Оларға өзен де,жер де,көл де ортақ екен.Өсімдіктер патшалығы жерді тыңайтады және жануарлар патшалығын да асырайды.Ал өз кезегінде жануарлар өсімдіктерді аурудан және зиянкестерден қорғайды.Осылай ең қиын жағдайда да бір-біріне көмектесіп,тату-тәтті тұрыпты.Өйткені олар бір жер шарында өмір сүріп жатыр екен.
-Қане,айтыңдаршы,балалар,ертегі сендерге ұнады ма?
-Ертегіде қандай патшалықтар туралы айтылған?
-Екі патшалық бір- бірімен жауласқан ба,әлде тату тұрған ба?
Балаларға кітап көрсету.Бұл жай кітап емес - "Қызыл кітап".Бұл кітапқа жер бетінде саны аз қалған немесе мүлдем жойылып кету қауіпі бар жануарлар мен өсімдіктер,құстар мен балықтар,жәндіктер енген.Қызыл түс - тыйым салу белгісі.Қызыл кітапқа енген аң -құстарды,өсімдіктерді сындыруға,аулауға,атуға тыйым салынған.
Енді осы аң-құстар туралы бейне көріністі тамашалайық.(Бейнекөрініс көрсету)
Балалардан "Қызыл кітапқа" енген аң-құстар,өсімдіктер туралы не білетіндерін сұрау.
"Жабайы аңдар мен үй жануарлары" дидактикалық ойынын ойнату.Балаларға ойынның шартын түсіндіру.
Сергіту сәтін жасату.
ТРИЗ технологиясы бойынша "Жұмбақ шешу" ойынын ойнату.
Ойынның шарты:Балаларға қызыл кітапқа енген жануарлардың суреттерін таратып беру.Суретке қарап өз ойларынан жұмбақ құрастырту.
Балалар біз ертегіге толы орманда көп жүрдік.Енді топқа қайтатын уақыт та болды.Бәріміз сыйқырлы кілемге отырып,тобымызға қайтайық.
|
Айналасына қызыға қарайды.
Орындарына отырады.
Орманшы ағаймен амандасады.
Ағайдың айтқандарын мұқият тыңдайды.
Ережелер,белгілермен танысады.
Иә,ұнатамыз.
Ертегіні қызыға тыңдайды.Мазмұнын ұғып алады.
Өте ұнады.
Өсімдіктер мен жануарлар патшалығы.
Тату болды.
Кітапқа қызыға қарайды.
Бейнекөріністі тамашалайды.
Бейнекөріністен не көріп,білгендерін айтады.
Ойын ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
ТРИЗ технологиясы бойынша бір-біріне жұмбақтар жасырады.
Сыйқырлы кілеге отырып топқа қайтады.
|
Рефлекстік-түзету
|
"Кім жылдам?"дидактикалық ойынын ойнату.
Сұрақтар қою,жауап алу.
Біз бүгін қайда саяхатқа бардық?
Сендерге саяхат ұнады ма?
Орманшы ағай бізге не айтты?
Оқу іс-әрекет барысында сендерге қандай кезеңдер ұнады?
Балалар,табиғаттың бізге тарту еткен сыйлығына,байлығына өте қамқорлықпен қарауымыз керек.
Табиғатты аялайық,қорғайық,
көздің қарашығындай сақтайық!
Балаларды мақтау,мадақтау.
Сыйқырлы орманнан жинап алған алмалардан таратып беру.
|
"Кім жылдам?" ойынын ойнайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Ұнады.
Орманда жүру ережелерін айтты.
Ұнаған кезеңдерді айтады.
Тәрбиешінің айтқандарын ұғып алады.
Мақтау естігендеріне қуанады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Қызыл кітапқа енген жануарлардың аттарын білу керек.
Нені игереді:Табиғатты аялап,қорғай білуді игерді.
Нені біледі:Қызыл кітапқа енген жануарлардың аттарын біледі.
ІІ - сәбилер «Бауырсақ» тобы тәрбиешісі Тленчиева Мадина Маратқызы
|
|
Технологиялық карта
Балалардың жас ерекшелігі: ІІ-сәбилер «Бауырсақ» тобы
Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік орта, шығармашылық,таным.
Білім көздері: Тіл дамыту,айнала қоршаған орта, жапсыру, сенсорика.
Тақырыбы: «Көлік түрін таңдаймыз»
Мақсаты: Балалардың көліктер туралы түсініктерін бекіту, көлікті жерде, ауада, суда жүретін түрлеріне қарай айыра білуге үйрету.Мәдени гигиеналық дағдыларын қалыптастыру. Балаларды ұқыптылыққа, қоршаған ортаға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Триз технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі:Көлік түрлерінің суреттері, мулляждары, түрлі-түсті қағаздар,ақ қағаз, желім, қайшы, конструктор.
Сөздік жұмыс: Көлік-транспорт, ұшақ-самолет, кеме-корабль.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастырушылық- оятушылық
Ұйымдастырушылық- ізденушілік
|
«Шуақты күн» ойыны.
Балалар, шеңберге тұрып, бір-бірімізге қуана қарап, бірге тілек айтайықшы.
Аспанымыз ашық болсын! Ата-анамыз аман болсын! Досымыз көп болсын! Күніміз шуақты болсын! Әрқашан дос, тату-тәтті болайық!
Балаларға көліктер тұрағына (гараж) баратындықтарын айтады.Тұрақта әртүрлі ойыншық машина түрлері орналасқан.
Тәрбиеші үстелдің үстіне сүт, нан және хат, ашықхаттарды қойып, оларды қайда және немен апаруға болатындығын білмей тұрғандығын айтады.
-Кәне ,балалар, мына заттарды қандай көлікпен апаруға болатындығын ойналанайық. Аталған заттарды тасуға қажетті машиналарды нақты тапқанынша жетелеуші сұрақтар қойып отырады.Мысалы, нан мен хаттардың жаңбырдың астында қалып, су болып қаламауын немесе желден қорғау жағын да ойланайық деген сияқты.
1.Көлік түрлері туралы әңгімелесу.
-Балалар, автотұрақта қандай көлік түрлері бар екен?
-Бұлардың барлығы бір сөзбен қалай атауға болады?
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, ортада тұрған дөңгелек пішіннің айналасына сары түсті ұзынды- қысқалы жолақшаларды қоя отырып, жылы лебіздер айтады.
Балалар қуанады.
Балалар сүт пен нанды дүкенге , ал хаттарды поштаға апару керектігін айтады.
Балалар көліктің барлығын алып, қарайды, бақылау жасайды.Соңында балалар сүт,нан, хат таситын машина түрлерін табады.
Ұшақ, пойыз, кеме, автомобиль көлігі, автобус, т.б.
Көліктер
|
Рефлексивті коррекциялау кезеңі.
Қорытынды
|
Сөздік жұмыс: Көлік-транспорт.
Ал,енді мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін табыңдар. Жұмбақтар.
Аспанда жүзеді,
Қанат қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды.
Бір-біріне қарап,
Үйлер тіркесіп.
Қара тұлпар жүр
Әрі бері көшіп.
Сымға асылып,
Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді
Өзіне адам мінеді
Ол не кім біледі
Балалар мадақталады.
Д/о: «Жер, су, әуе» Балаларға көлік түрлері көрсетіледі, ал олар оны атын атап айтады.
Д/о: «Не артық?» Балалардың алдына үш сурет қойылады. Ал, балалар оның ішінен артық затты алып тастайды.
(ұшақ, үйшік, жүк машина)
(автобус, кеме, доп),т.б.
Д/о: «Өз көлігіне отыр!» Тәрбиеші көлік түрлерін айтқанда балалар сол көлікті бейнелеп көрсетеді. (Музыка әуені арқылы) Кейіннен, көліктердің орындары ауысып, өз орындарын табады.
Сергіту сәті
Зуылдаймыз,зулаймыз.
Алыс-алыс жерлерге.
Бақытты біздер достармыз,
Сапар шеккен елдерге.
Д/о: «Көлікті аяқта» Балалар көліктердің жетіспейтін бөліктерін тауып, кағаз бетіндегі көлікке желімдейді.
Балалардың өз бетінше жұмыс.
Балалар кімнің көлігі әдемі, таза жасағандарыңды көрейік. Балалардың еңбектері талданады.Мадақталады.
Д/о: «Бағдаршамның белгілерін ата»
Сергіту сәті:
Қызыл көзін жанғанда,
Аяғыңды баспа алға.
Сары көзін жанғанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін жанғанда,
Өте бергін жасқанба.
Бекіту мақсатында балаларды екі топқа бөліп, бірінші топ балалары көліктерге тұрақ құрастыруды, екінші топ балаларын көліктерді түрлеріне қарай ажыратуды тапсырады.
Сабақ соңында балаларға сыйлық таратылып, мадақталады.
|
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
«Ұшақ»
«Пойыз»
«Троллейбус»
Ойынды қызыға ойнайды.
Балалар ойлана отырып артық затты алып атап береді.
Өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
(Балалар екі қолдарымен машина айдағандай болады.Қолдарын көтеріп сермейді.)
Балалар қағаз бетіне көліктің бөлшектерін желімдеуге кіріседі.
Балалар өз еңбектерін тәрбиешіге тапсырады.
Балалар бағдаршам белгілерін атап айтады.
Балалар өлең жолдарын айта отырып, іс-қимылдар жасайды.
Балалар қызыға тұрақты конструктордан құрастырып, көліктерді түріне қарай бөледі.
Балалар қуана алады.
|
Күтілген нәтиже: Көлік түрлері туралы түсініктерін қалыптастырып, сөздік қорын молайту.
Білуі тиіс: Көлік түрлерін ажырата білу.Жерде жүретін көлік түрлерін құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Түсінігі: Ойын арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.
Шаршикенова Динара
Нурбекқызы
№7 ясли бақшасының
тәрбиешісі.
Технологиялық карта
Жас ерекшелігі: IІ-сәбилер «Балбөбек» тобы
Сабақтың тақырыбы: «Шұбар тауық»
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Білім көздері: Көркем әдебиет, айнала қоршаған орта.
Мақсаты: 1.Таныс ертегілерін естеріне түсіріп, белсенді сөздік қорларын дамыту.2. Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға дағдыландыру.3.Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге, бір-бірінің жауаптарын тыңдап, өздеріне сенімділікке, кейіпкерлерге мейірімді болуға тәрбиелеу.Триз технологиясын пайдалана отырып, жан-жақты ойлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ертегінің мазмұнын ашу.
Көрнекіліктері: суреттер, үнтаспа, қуыршақтар.
Сөздік жұмыс: тауық-курица, ата-дедушка, апа-бабушка
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру,
сезімді ояту
|
Шаттық шеңбер:
Армысың, ару күн!
Армысың, жер ана!
Армысың, жан досым,
Міне екі қолым бос ,
Жүрегіме жылу қос!
Енді, бір-бірімізге осы күннің шуағынан алған жылуымызды достарымызға алақан арқылы таратайық, қонақтарға да жіберейік!
|
Балалар шеңберге тұрып, мәтінді айта отырып, қимылдарын орындайды.
Балалар қонақтарға алақандағы жылуларынш шашады.
|
Ізденістер,
ұйымдастыру
|
-Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?Ендеше бәріміз ортада жатқан сиқырлы кілемнің үстіне отырып, ертегілер әлеміне саяхатқа ұшып барайық.
-Мінекей, ертегілер әлеміне де жеттік.Қараңдаршы балалар қандай ғажап жер екен.Бұл жерде көп ертегілердің кейіпкерлері де жүр.
-Қараңдаршы, мынау ертегілер қай ертегіден? /Бауырсақ, Шалқан/
-Ал мына сол жақтағы ертегілердің кейіпкерлерін таныдыңдар ма?
-Балалар ,қараңдаршы анау ағаштың түбінде біреу отырған секілді.Кім екен?/Көңілсіз тауық/
-Тауық саған не болды?Неге көңіл – күйің жоқ?
Тауық:-Сендер көп ертегі біледі екенсіңдер, ал мен туралы ертегі жоқ па?
-Жоқ тауықжан сен туралы ертегі бар, кел соны тамашылайық!
Қуыпшақ театры: Үлкендердің орындауында «Шұбар тауық» ертегісі.
Сөздік ойын: «Кім тез жауап береді?»/ертегі желісі бойынша сұрақтар беру/
-Қандай ертегі көрдіңдер?
Шұбар тауық кімдердің үйінде тұрады?
-Шұбар тауық ата мен әжеге қандай жұмыртқа тауып берді?
-Жұмыртқаны не жарды?
-Тышқан жұмыртқаны қалай жарды?
Тауық қыт-қыттап рахмет айтады.
-Балалар, сендер енді менімен ойын ойнайсыңдар ма?Егерде тапсырмамды дұрыс орындасаңдар, мына жұмыртқалар жарылып ішінен менің балапандарым шығады.
Дид/қ ойын: «Суреттерді құрастырып, әңгімеле» «Шұбар тауық» ертегісі бойынша бейнеленген суреттерді құрастырып/ретімен қойып/әңгімелеп береді.
-Жарайсыңдар, ал енді бәріміз бір сергіп алайық «Шөжелерім»биін билейік.
|
Сұрақтарға жауаптарын айтады.
Балалар кілемнің үстіне отырып ертегілер әлеміне аттанады
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Суреттерді қарастырады.
Балалар сұрақтарға жауаптарын айтады
Балалар қысқаша ертегі туралы білгендерін айтады.
Балалардың жауабы:
-Тауық
Балалар тауықты қарастырады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды
-Балалар ертегіні тамашалайды
Балалар сұрақтарға жауап береді
-Шұбар тауық
-Ата мен әженің үйінде тұрады
-Алтын жұмыртқа
-Тышқан
-Құйрығымен қағып кетті
Балалардың жауабы:
-Иә, ұнайды
Балалар ойын шартын бұзбай ойнап шығады, суреттерді құрастырып ретімен қояды, әңгімелейді.
Балалар биді билеп шығады
|
Қорытындылау
Өзін-өзі бағалау
|
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Қай кейіпкер ұнады?
Балалардың жауаптарын тыңдап, толықтырып, мадақтайды.
Тауық қыт-қыттап, балаларға рахметін айтып, бәріне «Киндер-сюрприз береді»
|
Сұрақтарға жауаптарын айтады.
|
Күтілетін нәтиже: Ертегі арқылы балалардың сөздік қорын байыту.
Білуі тиіс: Ертегі кейіпкерлерін танып, атай білу,сурет бойынша сұраққа
жауап беруді білуі керек.
Түсінігі: Адамгершілік, аяушылық сезімдерін түсіне білу керек. Ертегі
барысы бойынша түсінік қалыптастыру.
|
|
II- сәбилер " Бауырсақ" тобының тәрбиешісі
Утеулиева Айгерім Муханкызы
|
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Білім көзі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Орман жануарлары.
Мақсаты: Балаларға орман жануарлары туралы мағұлмат беру .Сурет бойынша ертегіні әңгімелей отырып , ойлау қаблеті мен сөздік қорын молайту. Тәртіпке , адамгершілікке , сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Триз әдістемесі,түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ - жауап , ойын.
Қажетті көрнекі құралдар: жануарлардың суреттері.
Сөздік жұмыс: аю-медведь, каскыр-волк, түлкі-лиса, қоян- заяц
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру, сезімді ояту
Ұйымдастыру
шылық-ізденушілік
|
Балалар қараңдаршы мына жердің бәрінде жапырақтар жатыр ғой.
- Жапырақтары көп қай жер екенін білесіңдер ме?
- Дұрыс, балалар. Орманда жалғыз жүруге бола ма?
- Естідіңдер ме? , біреу өлең айтып келе жатқан сияқты.
- Балалар бізге әндетіп келе жатқан кім екен?
- Сендер " Бауырсақ" ертегісін білесіңдер ме?
- Бауырсақ сен орманда жалғыз өзің не істеп жүрсің?
-Мен сендерге тапсырмалар әкелдім.
- Ол қандай тапсырма , қане маған берші көрейін?
1- тапсырма :
- Орман жануарларын атаңдар?
- Дұрыс,міне осы жануарлар орман жануарлары деп аталады. Олар өте қауіпті болады. Орман жануарларының қасына жалғыз баруға болмайды.
2- тапсырма:
- Балалар,екінші тапсырма ол сурет арқылы екен.Мен сендерге суреттегі жануарларды сипаттап айтамын сендер жауабын тауып, қандай жануар екенін айтып беріңдер?
- Ал, ендеше мұқият тыңдаңдар.
Бірінші суреттегі жануар ол өте улкен, бал жегенді жақсы көреді, түсі қоңыр, ол қандай жануар деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, таптыңдар балалар .
- Екінші суреттегі жануар, ол қу болады, түсі қызғылт сары, бойы аласа болады?
- Үшінші суреттегі жануар, ол өзі жылдам жүгіреді, аласа бойлы, қыста ақ түсті, жазда қара түсті болады, сәбізді жақсы көреді? ол қандай жануар екен?
- Төртінші суреттегі жануар, өте сақ жануар, түсі сұр, итке ұқсайды, ет жегенді жақсы көреді қандай жануар деп ойлайсыңдар?
- Жарайсыңдар балалар, дұрыс таптыңдар.
- Балалар , сендер шаршаған шығарсыңдар, қане бәріміз орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті.
Кі-кі-кі бұлғандайды түлкі,
Ян-ян-ян секіреді қоян.
Ю-ю-ю қорбаңдайды аю,
Ыр-ыр-ыр ырылдайды қасқыр.
- Рахмет, балалар орындарыңа отырыңдар.
- Балалар, тағы қандай орман жануарларын білесіңдер?
- Ендеше бәріміз бір ойын ойнайық.
|
- Орман. Ол жерде жапырақтар көп болады.
- Жоқ, болмайды.
Бәрі құлақтарын тосады.
Бұл Бауырсақ қой.
Балалар, бауырсақпен амандасады.
-Иә, білеміз.
Қасқыр, аю, түлкі, қоян.
- Мұқият тыңдап отырады.
- Ол Аю.
Бұл жануар түлкі.
- Ол қоян.
- Қасқыр.
Сергіту сәтін іс-қимылмен жасайды.
Жолбарыс, арыстан.
|
|
Д/ойын: " Жүрісін тап"
Ойын мақсаты: Балаларға жануарлардың жүрісін іс-қиылмен көрсету.
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа тәрбиелеу.
|
Ойын ойналады.
|
Рефлекстік-түзету.
Қорытындылау.
|
Бауырсақ ертегісін сахналау.
Балаларды рөлдерге бөлу.
Сұрақ- жауап арқылы қорыту.
Үйге тапсырма: Жабайы жануарлар туралы тақпақтар жаттап келу.
|
.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Орман жануарларының тіршілігін біледі.
Игереді: Жануарлардың қауіпті екенін түсінеді.
Меңгереді: Жануарлар туралы білімдерін ашық айта алады.
I-сәбилер «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Солтанбаева Динара Қазбекқызы
|
|
Технологиялық карта.
Тақырыбы: «Түлкі мен ешкі»
Білім беру саласы: Таным
Білім көздері: Сенсорика
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетің дамыту.
Өз бетімен жұмыс істеуге бейімдеу.
Адамгершілікке, ұқыптылыққа , тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: Түрлі-түсті мазайкалар,плакат,суреттер
Әдіс- тәсіл: Түсіндіру,әңгімелеу,көрсету,сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Түлкі-леса, ешкі – коза.
Іс-әрекет бөлімдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру,
сезімді ояту.
|
Шаттық шеңбер:
Топ топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса жаса алтын күн
Жаса жаса жарқын күн
Тәрбиеші балаларға ертегі кейіпкерлеріне байланысты жұмбақ жасырады.
Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Адам деуге болмайды
Бірақ сақалы тағы бар
Балалар жұмбақты шешкен соң,тәрбиеші бүгінгі сабақта түлкі мен ешкі ертегісі бойынша мозайкамен жұмыс істейтінін хабарлайды. Ешкінің суретін көрсетеді. Ертегі кейіпкерлері бойынша мозайканы түстеріне қарай пайдалану қажет екендігін түсіндіреді. Көрнекі құралды пайдаланып, ертегіні оқып береді.
|
Балалар шеңбер болып тұрады
Өз ойларын айтады.
Ешкі
Балалар мұқият тыңдайды
|
Ізденістер,
Ұйымдастыру
|
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда,бір ешкі су іздеп жүріп,әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді.
-Ей түлкі батыр,неғып тұрсың? – депті.
-« Ой несін айтасын, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын , әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен» -дейді.
Мұны естіп ешкі: «Менде салқындайын, әрі су ішейін » - деп апанға секіріп түседі. Сонда түлкі екең секіріп ешкінің үстіне мініп, одан мүйізіне шығып,ырғып далаға шығып жөніне кетіпті « Өтірікшіге сенсең басың бәлеге душар болар » - деген осыдан қалыпты.
Тәрбиеші ертегіге байланысты сұрақ қояды:
-Ертегі не туралы екен?
-Түлкі мен ешкі туралы.
-Түлкі қандай?Түсі қандай?
-Түлкі үлкен,түсі қызыл,қу.
- Ешкі қандай? Түсі қандай?
- Аңқау, түсі ақ,жүні жұмсақ.
-Қазір біз осы ертегі мазмұнына қарай тақтада ілулі тұрған, суреттердің астына түстерін ажырата отырып, құдықтың ұяшығына-қара төрт бұрышты, түлкінің ұяшығына- қызыл дөңгелекті, ешкіге- ақ үшбұрышты саламыз. Балалардың қолына түрлі-түсті пішіндер таратылады. Тақтаға көрсетіледі.
Сергіту сәті:
Үнтаспадан «Төлдер» әні ойнатылады.
Өз беттерімен жұмыс:
Баларға түлкі мен ешкінің суреті таратылады. Бос ұяшықтардың орнына қажетті пішінді қойып толтырады.
Тәрбиеші балардың жұмысын аралап көреді. Жеке балаларға көмек береді.
Д/о арқылы сабақты бекіту.
Ойын шарты: Балалардың алдына көптеген түрлі пішіндер қойылады, соның ішінен тәрбиеші атаған пішінді тез табу керек.
|
Балалар отырып тыңдайды.
Балалар өз ойларын айтып, жауап береді
Балалар қызыға белсене қатысады,пішіндерді ұяшыққа барып салады.
Сергіту сәтін жасайды.
Балалар көтеріңкі көңіл – күймен ойын ойнайды.
|
Қорытындылау
Өзін-өзі бағалау
|
Оқу іс – әрекетін қорытындылау мақсатында түлкі туралы жұмбақ жасырылады.
Өзі айлакер, өзі қу
Жүрген жері айқай шу
Баларды мақтау,мадақтау.
|
Балалар бірден түлкі деп жауап береді.
Түлкі
|
Воспитатель подготовительной группы «Солнышко»
Дробкова И.И
Интегрированное занятие
Тема: «Подводный мир».
|
|
Технологиялық карта
Технологическая карта
организованной учебной деятельности
для детей подготовительной группы «Солнышко».
Білім беру саласы:
Образовательные области:Познание, творчество.
Білім көздері:
Раздел:Окружающий мир, рисование.
Тақырыбы:
Достарыңызбен бөлісу: |