- Инфекциялар, вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар
- Аллергендер, шаң-тозаң
- Физикалық жүктеме
- Темекі тарту
- қоршаған ортаның зиянды әсерлері;
- жүрек шамасыздығы;
- иммундық тапшылық жағдайлары:
цитостатиктік, стероидтық ем, лейкопения, қантты диабет, ЖИТС Тыныс жолдарының обструкциясының дамуына 4 механизм әсер етеді: - Тегіс бұлшықет спазмы
- Тыныс алу жолдарының шырышты қабығының ісінуі
- Шырышты тығындардың пайда болуымен гиперсекреция
- Аурудың ұзақ және ауыр ағымындағы бронх қабырғасының склерозы
АХЖ-10 бойынша коды : J20 Жедел бронхит Этиология: - Вирусты, бактериалық инфекция
- Уытты заттармен, аллергендермен, темекі түтінімен
Клиникалық көрініс: - Жөтел(басында құрғақ,кейін ылғалды), қызу, интоксикация, әлсіздік, селқостық, қол-аяқтардың, белдің ауырсынуы тән.
- Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге дейін жоғарылайды. Бірақ кейін дене қызуы 38-39 °С көтерілуі мүмкін, сонымен қатар мұрынның, ауыздың айналасына ұшық шығуы және көмекейдің гиперемиясы байқалады.
Қабыну белгілері:
1)Шырышты қабықтың қызаруы
2)Шырышасты қабықтың ісінуі
3)Функциясының бұзылысы
4)Шырырыштың гиперсекрециясы
Спирография – табиғи және мәжбүрлі тыныс алу кезінде тіркелетін өкпе көлемінің өзгерістерін сипаттау әдісі.
Спирограф тіркейтін көрсеткіштер:
- Тыныс алу жиілігі (ТАЖ) — 1 минуттағы тыныс алудың саны. Сау адамдарда бұл көрсеткіш
16—20 тең;
- Тыныс алу көлемі (ТАК) —бір рет тыныс алғанда өкпедегі ауаның көлемі.
- Тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК) — өкпе арқылы 1 минутта өткен ауаның көлемі. Орташа 4 тен 10 л дейін;
Қақырық - тыныс жолдарындағы (трахея,бронх) патологиялық сұйықтық.
Бронхит: Бұл әдетте құрғақ жөтелмен және ақырында мөлдір немесе ақ қақырықпен басталады. Уақыт өте келе сары және жасыл қақырықты жөтел болады. Бұл аурудың вирустықтан бактерияға ауысуы мүмкін екендігінің белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |