Түркістан 2023ж. Пульмонологиялық шұғыл жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің алгоритмін құрастыру. Медицина факультеті «Жедел медициналық жәрдем»



бет4/9
Дата20.12.2023
өлшемі22,97 Mb.
#198059
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЖМЖ срс 1А

J45Демікпе
Бронх демікпесіне әкелетін факторлар (ықпалдар).
 
Триггерлер – бронх демікпесін тудыратын ықпалдар. Оларға жатады: аллергендер, респираторлы инфекциялар, ауаның ластануы, аллергендік тағамдарды қолдану, физикалық күштеме, метеорологиялық факторлар (ауаның атмосфералық қысымының өзгеруі, төмен температура, ылғалдылықтың күшеюі, желді ауа-райы, жердің магниттік полюсінің өзгеруі, дауыл), дәрі-дәрмектер.

 
Этиологиясы

Ауырлық дәрежесіне байланысты

 
Фазасы

 
Асқынулары

1.Аллергиялық (белгілі аллергеннің атымен)
2. Аллергиялық емес
3. Аралас
4. Белгісіз

1.интерметтерлеуші демікпе (жеңіл эпизодты ағымды)
2. Жеңіл персистерлеуші демікпе
3. Орташа персистерлеуші демікпе
4. Ауыр персистерлеуші
 

1.Қабыну
2.Тұрақсыз ремиссия
3. Ремиссия
4.Тұрақты ремиссия

1.Өкпелік
2.Өкпелік емес.

Бронх демікпесінің жіктелуі
МКБ-10
Аурудың қозуы маусымға байланысты. Бронх демікпесінің ұстамасы 3 кезеңнен тұрады: алғашқы кезең, демікпе ұстамасы кезеңі, қайтадан қалпына келу кезеңі.
Алғашқы кезең ұстамаға дейін бірнеше минут, сағат, анда-санда күндер бұрын басталып, келесі белгілермен сипаттталады. Мұрынның шырышты қабатының вазамоторлық реакцияларымен (сулы секреттің көп мөлшерде бөлінуімен), түшкірумен, көз бен терінің қышуымен, ұстама тәрізді жөтелмен, ентігумен, бас ауруымен, тез шаршағыштықпен, диурездің көбеюімен, көңіл-күйдің өзгерісімен (тітіркенгіштік, депрессия, апатия).
Аз қақырық тастау
Демікпе ұстамасы кезеңі келесі көріністермен сипатталады: дем жетіспеушіліктің пайда болуы, кеуденің қысуы, дем шығару ентікпесі. Дем алу қысқарып, дем шығару 2-4 есе ұзарады, сол кезде алыстан естілетін ысқырықты сырылдар пайда болады. Науқастың бет-әлпеті қорқыныш сезімін білдіреді, сөйлеу қабілеті нашарлайды. Науқаста ортопноэ болады. Науқас төсектің шетінен немесе столдан екі қолымен ұстап, алға қарай ұмтылады. Денесі бозғылт көгілдір, тер тамшыларымен жамылған.
Мойын көктамырлары толықсаған. Дем алу процесінде қабырға аралық, арқа-іш және иық бел бұлшықеттері қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет