Түркістан облысы Жетісай ауданы “ Ы.Алтынсарин атындағы №63 жалпы білім беретін мектебі” КММ Намазбай Балым Қылышбекқызы 7-сынып оқушысы
Ғылыми жобаның тақырыбы: Диалект сөздердің қолданылуы Ғылыми жобаның бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» Ғылыми жобаның өзектілігі: Қазақ тілі мен әдебиетінде қазақтың тіл маржанына Абайдан артық үлес қосқан адам жоқ. Олай болса тіл мәселесі қазіргі ХХІ ғасырда қазақ қоғамы үшін өзекті болып отырса, оған Абай ұрпағы ретінде мен де үлес қосамын. «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бейшарасы», - деп Абай атамыз айтқандай келер ұрпаққа қазақ тілі таза, қаймағы бұзылмай жетуі тиіс. Ғылыми жобаның мақсаты: «Әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек. Ел аузындағы тіл дегенімізде нені үлгі, өрнек етіп аламыз.... » - деген екен қара сөздің қас шебері Ахмет Байтұрсынов. Қазақ тілінің өлмес мұра, өшпес тарих болып қалуы жолында әр қазақстандық жанын салуы міндет, сол міндетті мен де алдыма мақсат етіп қойдым. Ел арасында ауызекі сөйлеуде қазақ тілінің қадіріне жетпеген, өз тілін менсінбеген шала қазақтардың намысын ояту, ұрпақ бойына қазақ тілінің бай мұрасын жеткізу жолында тамшыдай болсын үлес қосу. Ғылыми жобаның міндеттері:
1. Шығыс Қазақстан аудандарындағы диалектілер мен говорларды зерттеу. 2. Қазақ тілінің бай да, шұрайлы тілін жастар бойына сіңіру. 3. Қазақ тілінің халыққа, ұлтқа жаппай түсінікті әдеби тіл нормасынан өзгеше ерекшелігін зерделеу.