Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Әр ұлтта қанаушы және қаналушы тап бар. Қазақта да мұндай таптың барын Абай жақсы түсінген, ол езуші тапқа қарсы күрес жариялай отырып, оларды қанаушылардан қорғады



бет118/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   271
3.Әр ұлтта қанаушы және қаналушы тап бар. Қазақта да мұндай таптың барын Абай жақсы түсінген, ол езуші тапқа қарсы күрес жариялай отырып, оларды қанаушылардан қорғады:

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын, – дейді Абай.

Ол өзгенің еңбегін иемдену арқылы байыған, адаммен емес, малмен дос болған тоғышар, әрекетсіз байларды:

Мал жияды мақтанып, білдірмекке,

Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.

Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,

Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке;

ххх

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы сықылды тез суалар, –

деп сыпаттайды.

Осы арқылы ол қанаумен байыған байлардың байлығының баянсыздығын баяндайды. Мұндай байларды «шошқа» дей отырып, нағыз адамды еңбекшілердің ортасынан табады, өзі де еңбекшілердің жыршысына айналады. М.Әуезовтің жазған өмірбаянында Абайдың осындай халықшыл демократизмі жөнінде ештеңе айтылмайды.

4. Абайдың өзімен замандас қазақ ақындарынан озып кетіп, Еуропаның классиктерімен қатар тұруының бір себебі, оның орыс әдебиетімен сусындауы. Өмірбаянда бұл мәселеге жауап берілмеген.

Кезінде Абайдың өмірбаянын құрастырған тұсында бұл кемшіліктердің барлығы М.Әуезов жолдасқа атап көрсетіліп, түзету ұсынылған болатын. Оның бір түзетуін Абай комиссиясы қабылдамаған болатын. Ол қазір де соны түзету үстінде. Өңделген соңғы нұсқадан айтылған сынның қаншалықты орындалғанын байқауға болады. Алайда әдебиет тарихын жазуда жіберген Мұхтар Әуезовтің ең басты қателігін үнсіз айналып өтуге болмайды. Оның әсіре әлеуметшілдіктен қаншама алшақтап кеткенін білмеймін, бірақ та диалектикалық материализммен қаруланған маркстік әлеуметшілдіктен ат тонын ала қашып жүргені анық, бір сөзбен айтқанда, таптық қарама-қайшылық, таптық күрес деген т.б. сөздерді әдебиет тарихы жөніндегі бір де бір еңбегінде атап көрген емес. Бұл кемшіліктерді атай отырып, М.Әуезов жолдасты әдебиет тарихын жазу майданынан қуып шығу керек деген ойдан аулақпын. Әрине, қазақ әдебиеті пайда болғаннан бергі оның тарихы туралы барлық деректерді жақсы білетіні даусыз, алайда өзінің білімдарлығына маркстік социологияны қоса қолданса, онда ол қазақ кеңес әдебиетінің тарихын жасауда үлкен үлес қосқан болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет