Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Төраға: Бұл ұсынысқа қалай қарайсыздар? Кенесарышылардың қатарынан сызылсын ба? Кенесарышылардың тізімінен сызып тастау туралы ұсынысты мен де қолдаймын



бет199/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   271
Төраға: Бұл ұсынысқа қалай қарайсыздар? Кенесарышылардың қатарынан сызылсын ба? Кенесарышылардың тізімінен сызып тастау туралы ұсынысты мен де қолдаймын.

Дауыстар: Дұрыс.

Төраға: Демек, Пленумның шешімдерінің жобасынан оның атын сызып тастауға қарсылық жоқ қой?

Дауыстар: Жоқ.

Бір ауыздан қостап дауыс берілді»

Жарыссөзде М.Ақынжанов, А.Шарипова, С.Омаров, Ғ.Сланов, Т.Әлімқұлов сөйлеп, Қ.Жармағамбетовтің баяндамасын және жоғарыдағы аталған адамдарды, соның ішінде Қ.Бекхожинді батыра сынады. Пленум ұйымдық мәселе қарады, Жазушылар Одағының төрағалығына сол кездегі Гурьев облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Ә.Жаймурзин сайланды.

Одақ үшін де, оның жаңа хатшысы үшін де ең бір ауыр жылдар күтіп тұрды. Өйткені саяси жазалау науқаны енді ғана көрігін қыздырып, тікелей жазалауға көшкен еді.

Жоғарыда «әшкереленген саяи-идеологиялық, ұлтшыл-буржуазияшыл бұрмалаушылықтар мен қателіктерді» жіберген академик М.Әуезов Ғылым Академиясы президиумының 1951 жылғы 14-қыркүйектегі № 577 қарарымен жалпы жиналыстың шешіміне орай Президиум мүшелігінен босатылды. Бұл сүркілдің басы еді. Енді оны ешкім де қорғап қала алмайтын. Өйткені сол күндері осында сілтеме жасалып отырған Ғылым Академиясының президенті Қаныш Сәтбаевтің өзінің үстінен де құпия тергеу жүріп жатқан болатын. Парасатты зиялы Ілияс Омаров сол тұста қудалауға түсіп жүрген Қаныш Сәтбаевқа:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет