Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Кешегі ер Наурызбай, Кенесары



бет197/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   271
Кешегі ер Наурызбай, Кенесары,

Қазақтың ерке, ардақты батырлары,–

деп жырлады».

Таптық-идеялық тұрғыда жазылған шығармаларын М.Әуезовтің тарихи туындыларымен салыстыруды ұнататын. С.Мұқановтың өз тәсіліне салып, біз де салыстырайықшы. Мысалы осы екі жол өлең М.Әуезовтің «Хан Кенесі» мен М.Жұмабаевтің «Батыр Баянына» татымай ма? Татиды.

Қ.Жармағамбетов (жалғасы): «1930 «Қазақ әдебиетінің дәуірлері» туралы «Жаңа әдебиет» журналының №10 санында Мұқанов Кенесарыны тағы да реакционер етіп көрсетті. Ал 1942 «ХУІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының очерктерінде» өзінің Кенесары қозғалысы жөніндегі бұрынғы пікірлерінің қате екендігін мойындап, «Қазақ әдебиетіндегі Кенесары мен Наурызбайдың бейнесі» деген тұтас тарау енгізіп, қарақшы Кенесары мен Наурызбайды мадақтайды, олар ұйымдастырған реакциялық-монархиялық қозғалысты ұлт-азаттық қозғалысы еді – деп бағалайды. Оның бұл пайымдаулары ұлтшыл Бекхожиннің «Әдебиет және искусство» журналының 1941 жылғы №5 санында жарияланған «Кенесары мен Наурызбайдың бейнесі» атты мақаласымен мазмұндас. Екеуі жарыса жазған. Бұл ұстаным осындай нақты мәселе туралы айтылған Мұқановтың соңғы ұстанымы, сондықтан да оны: Кенесары Қасымовтың реакциялық қозғалысының насихатшысы және жақтаушысы – деп айтуға толық қақымыз бар».

«Кенесары-Наурызбайдың әдебиеттегі бейнесі» туралы М.Әуезов арнайы зерттеу жазған жоқ. Алайда бұл тараудағы пікірлерді Әуезовтің көпшілікке таралмаған әдебиет тарихындағы батырлар жыры туралы ойы мен ойластыра қарымталастыруға болады және Сәбең мұнда «таптық тұрғыдан» барынша саралай, батыл талдаған. Ал, Әуезов астарлы мекзеумен шектелген.

Қ.Жармағамбетов (жалғасы): «2. 1932 жылы Мұқанов «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» атты кітап шығарды, бұл шын мәніндегі буржуазияшыл ұлтшылдық пен халық жауларының шығармаларының бағдарламасы және оқулығы болды. Халық жауларынның зиянды туындыларын мақтайды, идеялық жағынан Жұмабаевті сынай отырып: оның өлеңдерінің «өресі биік» еді, Дулатовтың дастандарының «композициялық құрылымы ширақ еді» «Байтұрсыновтың аудармалары шебер еді» - деп таңданады».

О, мұндай ашық пікірді Әуезов айта алмаған. Бұл ретте С.Мұқанов шындығында да Әуезовтен озған.

Қ.Жармағамбетов (жалғасы): «3. Мұқановтың өзі құрастырып, редакторы болып, алғы сөзі мен түсініктемесін жазған, 1939 жылы баспадан жарық көрген «Батырлар жырының» көлемді басылымында жіберген қателіктерінің астары оның кінәсін бұрынғыдан да тереңдете түседі. Біріншіден, өзінің алғысөзі мен түсініктемесінде Алтын орданың патшалары мен мырзаларының атын атағанда Едігеден бастап, Қарасай-Қазиға дейін халық қаһармандарының қатарына жатқызады. Екіншіден, томды «Едіге» эпосынан бастауы және сол сияқты зиянды туындыларды шығарған сарай ақындарының шығармаларына орын беруі арқылы, буржуазиялық ұлтшылдардың идеологі ретінде көрінген».

Бұл пікірлерді М.Әуезовтің «Қазақ әдебиеті тарихындағы» батырлар жыры туралы Қ.Жұмалиев жазған тараудағы «қателіктерімен» қатар қарастырсақ еш олқы соқпайды. Екеуінің де тарихи-көркем ойлау жүйесі бір арнаға тоғысқан.

Қ.Жармағамбетов (жалғасы): «4. Жұмалиевпен, Бекхожинмен бірігіп жазған 9-класқа арналған оқулықта және 8-кластың хрестоматиясында бірнеше жыл бойы Мұқанов Асан, Бұқар, Дулат, Мұрат, Досқожа сияқты орысқа қарсы ақындардың, түріктің реакцияшыл буржуазиялық әдебиетінен енген Қорқыт туралы аңызды, Хиуа хандығымен ауыз жаласа отырып Қазақстанның оңтүстігін Ресейден бөліп әкетуге тырысқан қарақшы Жанқожа Нұрмағамбетов туралы белгісіз автордың өлеңін кіргізіп, оларды насихаттады».

Ал енді С.Мұқановтың осындағы Асан, Бұқар, Дулат, Мұрат, Досқожа, Қорқыт жөніндегі пікірлері – М.Әуезовтің Нысанбай, Көкбай, Әріп, Әсет, Сұлтанмахмұт туралы пайымдауымен қарайлас.

Қ.Жармағамбетов (жалғасы): «Соған қарамастан, Мұқанов бұл қателіктерін толық мойындаудан жалтарады, тіпті ҚК(б)П Орталық комитетінің ҮІІІ пленумында айтылған сыннан кейін де ол партиялық сынға қарсы шықты. Осы пленумда жолдас Шаяхметов тарихи тақырыпқа рналған кейбір пьесалар мен опера либреттоларын қайтадан қарауды бізге міндет етіп қойған болатын. Біз мұндай маңызды мәселені әлі талқылағамыз жоқ, «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» опералары мен «Қобыланды» және басқада пьесалардағы қателерді әлі анықтай алмай келеміз. Осы нұсқауға сәйкес «Казахстанская правда» газеті қазақ эпосы туралы орынды мәселе көтерді. Осы уақытқа дейін халық шығармашылығының қатарына жатқызылып келген эпикалық және лирикалық эпостар терең талдауды және шынайы ғылыми тұрғыдан дұрыс бағалауды талап етеді. Бізге, Әуезов, Жұмалиев, Марғұлан, Мұқанов, Кенжебаев және басқалар сияқты феодалдық эпостардың фальсификаторлары мен апологеттерін батыл әшкерелеп, айып тағатын кез келген сияқты».

Міне, шындық енді айтылды. М.Әуезов те, С.Мұқанов та, Қ.Жұмалиев те «нағыз фальсификаторлар» еді. Демек, олардың бірін-бірі әшкерелейтіндей жөні жоқ екен. Ал Қ.Жармағамбетов «фальсификаторлар мен аплогеттерді» әшкерелеу бағытындағы мақсатына жетті. Эпос пен фольклор туралы арнайы талқылаулар өтіп, «Қамбардан» басқа эпостардың барлығы да оқулықтардан алынып тасталды. Сөйтіп, жеті жылға жуық жас ұрпақтар эпоссыз тәрбиеленді.

Алдағы болатын жан алып, жан берген әшкерелеулердің қай бағытта өршитіндігін аңғарта кету үшін Қ.Жармағамбетовтің «Қобыланды жыры» туралы пікірін назарға ұсына кетеміз.

Қ.Жармағамбетов (жалғасы): «Осыған байланысты екі эпосқа тоқтала кетемін. «Казахстанская правда» өзге де нұсқаларының бар екенін ескерте келе «Қобыландының» Марабай нұсқасының барлығына сенімсіздік танытады. Оқиғалары ортақ, бірақ кейбір оқиғалар мен кісі аттарына өзгеріс енгізген, өз бетінше дербес шығарма болып табылатын жырдың бес нұсқасы бар. Марабай нұсқасында – қазынаға ие болу үшін Қобыланды Қазанды басып алады. Мергенбайдың нұсқасында – Марабай нұсқасы толық қайталанды, тек Қобыландының Құртқаға үйленуі кеңінен баяндалады. Айса Байтабыновтың нұсқасында Қобыланды қалмақ ханы Алшағыр мен оның бауыры Қазанға қарсы соғысады. Мұнда да Марабай нұсқасының көп жері қайталанады. Ал сол Айса Байтабыновтың екінші нұсқасында Қобыландының тұрмыстық өмірі, үйленуі, Жанкісі атты ұлының тууы баяндалады. Нұрпейіс Байғаниннің нұсқасында Қобыланды қырымның мырзасы Қартқожамен одақтасып, қалмақ ханы Алшағырмен, Барыспен соғысады. Көріп отырғанымыздай «Қобыланды батыр» эпосының өзге нұсқалары Марабай нұсқасын қайталайды. Осының барлығы Қобыландының Алтын орданың мырзасының қатарына жататындығын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет