Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


жылы «Әдебиет және искусство» журналының №7-8 санында Кенжебаев «Едіге батыр» жырын дәріптеп мақала шығарды



бет195/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   271
1. 1940 жылы «Әдебиет және искусство» журналының №7-8 санында Кенжебаев «Едіге батыр» жырын дәріптеп мақала шығарды.

2. Сол 1940 жылы сол «Әдебиет және искусство» журналының №12 санында Кенжебаев «Қобыланды батыр» эпосы туралы мақала жариялап, Қобыланды түрікмен жұртына шапқыншылық жасаған деген жалған қисын келтіріп, сол ерлігі үшін Қобыландыны қазақ халқының даңқты батырларының қатарына қосады, сол арқылы кеңестік туысқан халықтардың арасына ұлттық өшпенділіктің уын сепкен.

3. 1941 жылы тағы да сол журналдың №5 санында барып тұрған түрікшіл Ақмолда Ғұбайдуллин туралы мақаласында: «Ақмолданың есімі біздің әдебиетімізде Шоқанмен, Ыбыраймен, Абаймен қатар орын алуға тиісті демократ-ағартушы»,– деп қорытынды жасаған.

4. 1940 жылы шілде айында «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған «Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы туралы» мақаласында реакцияшыл ақындар: «Шортанбай мен Мұрат халықты қарулы көтеріліске шақырған нағыз ержүректер,– деп шектен тыс асыра бағалайды.

5. 1942 жылы қаңтарда, кеңес халқы неміс-фашист басқыншыларына қарсы қаһармандықпен соғысып жатқанда, Кенжебаев «Абылай хан» атты кітапша шығарып, Абылайдың Ресейге, орыс халқына қарсы жүргізген сатқындық саясатын әшкерлейтін деректерге қарамастан оны прогрессивті қайраткер деп бағалады. Кітапшасында, сонымен қатар, Кенесары Қасымовтың реакциялық қозғалысын да мадақтаумен сыпаттаған.

6. Ақыры, өзінің «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты кітапшасында және «Сұлтанмахмұттың поэзиясы» атты кітабында (1949) алашордашылардың баспасөзі «Қазақ» және «Сарыарқа» газеттері мен «Абай» журналын ашық насихаттап, Торыайғыровтың ұлтшыл туындыларын бұрмалап пайдаланған. Ол өзінің пайымдауларында: Торыайғыров 1918 жылы ғана алашордашылардың жолына түсті, ал өзінің ұлтшылдық қателіктерін 1917 жылы жазылған «Жүрек» атты өлеңінде сынаған болатын – деген көзбояушылыққа дейін барады.

Ал нақты шындыққа тоқталайық. 1917 жылдың басында жазылған «Жүрек» өлеңінде Торыайғыров алашордашылардың ұстанымына немкетті қарағаны үшін өзін кінәлайды. 1917 жылдың соңында «Алаш ұранын» жазды, ал 1918 жылы алаштың барлық атамандары мен көсемдерін мадақтаған «Таныстыру» атты дастанын жазды. Сол, 1918 жылы ұлтшыл «Алаш» партиясының сол қанатына ауысады («Үш жүз») да, «Үш жүз» партиясының атынан құрылтай жиналысына депутаттыққа түседі. Тағы да сол 1918 жылы «Абай» журналына (№3) «Социализм» атты мақала жазып, «Үш жүздің» солшылдар қанатын уағыздайды. 1919 жылы Торыайғыров «Кедей» дастанында қазақ ұлтшылдары австровенгерлер мен бундестерден алған ұлттық-мәдени автономияның бағдарламасын баяндайды, соңы «Алаш» партиясының күйрегенінен түңілген пессимизммен аяқталады. Ол:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет