Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Оның есесiне, жiберген нәрселерiмдi шама келгенше барарына барарлық етiп жiберсең, сол да сенiң аз еңбегiң емес болады. Соған да мен риза боламын



бет22/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   271
Оның есесiне, жiберген нәрселерiмдi шама келгенше барарына барарлық етiп жiберсең, сол да сенiң аз еңбегiң емес болады. Соған да мен риза боламын.

Тапсырылған нәрсенiң бәрi Ғаббасқа берiлсе, әрине, оның ешқайсысының да тезiрекпен аяғы жерге тимейдi. Өйткенi бәрiн жинағанда ол көп материал болмақ. Және жазу – менiң жазуым. Оқып шығу қиын. Көп уақытты алады. Ғаббас үнемi соған қарап отырған кiсi емес. Басқа да қызмет алаңы көп. Сондықтан да бұл менiң сөздерiме жасалған «құрметтi айдау» есептi болуға керек... Сөзiңе қарағанда, менiң былтырғы «Сұғанақ сұрым» да (соған – Т.Ж.) берiлген шығар деймiн. «Ескi әдебиет тарихы», Абай да соған берiлген шығар. Оларға соңғы «Қараш – Қараш» деген әңгiме, одан соң «Госиздатқа» жiберiлген әңгiмелер, тағы о-ваға (общество краеведение – Т.Ж.) ... тапсырған (кiсiнiң аты танылмады – Т.Ж.) материалдар қосылған шығар. Кәрiмнiң (Тоқтыбаев – Т.Ж.) жазды күнi маған айтқан бiр сөзiнде: «Сенiң жазғандарыңды Ғаббас пен Жандосов екеуiнiң бiрiнiң қарамағына берем! »,– деп едi. Сонда Абай, «Сұғанақ сұрды» еске ала айтқан сияқты едi. Тегi кейiнгiлердi де сол iзбен жiберген ғой. Осының анығы қалай екен? Ғаббасқа тапсырғанның iшiнде соңғы, биыл жiбергендерiм бар ма екен? Жоқ бұрынғылар ғана ма? Осыны анықтап бiлiп, айырып жазсаң жақсы болар едi. Не болмаса, өзiң бiлiп жүруге уақыт алатын болса Телжанға (Шонанов – Т.Ж.) тапсырсаң жақсы болар едi. Дәл анығын бiлiп, Ғаббас қаншасын қарады, не айтты, қаншасын қараған жоқ. Қашан қарамақ, сол мәселе туралы анық толық хабар берсе жарар едi. Өздерiң жүруге көп жұмыс. Телжанға қадағалап тапсырып, жазып жiбер деп айтып кетсең екен деймiн.

Қызылорда басудан жалықпаса, мен жазудан да сондай қажымаспын деп ойлап отырмын. Жақында бiр пьеса жазбақпын. Онан соң 16-шы жылдың бiрер сөзiн кiшiлеу әңгiме роман қылмақпын. Осы екеуiн жақын уақытта жұмыстап жұмыстарымды бiтiрсем, декабрьдiң 15-нен әрi Қызылордаға барып қайтамын ба деп ойлап отырмын. Барлық бұрынғы-соңғы жұмыстарымды ең соңғы рет тағы бiр арыла сөйлесiп, барарына барғызып көрсем қайтедi деймiн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет