Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Жүсіпбек Аймауытұлы. 18-сентябрь, 1927 жыл»



бет147/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   242
Жүсіпбек Аймауытұлы. 18-сентябрь, 1927 жыл».

Жүсіпбектің жаңа жылға дейін «пұрсат сұраған» тілегі орындалмапты. 1927-жылы 3 қазан күні Ерекше істер жөніндегі тергеуші Сейдалин Ж.Аймауытовтан жауап алыпты.



Анкеталық деректер: Ж.Аймауытов сол жылы ол 37 жаста. Орынбордың Совет және Инспектор көшелерінің қиылысындағы №51 үйде тұрады. Семейдегі Мұғалімдер семинариясын бітірген. Әйелі, үш баласы бар. Орынбордағы Казатком атындағы әскери мектепте оқытушы екен.

«Жан жегісі» атты тарауда бұл соттың жай-жапсары, О.Исаевтің баянхаты, Ж.Аймауытовтың соттағы сөзінің М.Дулатов газетке жариялаған нұсқасы толық қамтылғандықтан да, бұл арада таратып жатпаймыз. Тек соған қосымша «Торғай ісі» туралы ресми мағлұмат ретінде Қазақ өлкелік комитетінің бір мүшесінің баянхатындағы төмендегі деректермен шектелеміз. Онда:



«1922 жылы Қазақстанның негізгі бөлігі, соның ішінде Торғай мен Қостанай уезі қатты аштыққа ұшырады. Тоқшылықта отырған Семей губерниясынан 8 мың ірі қара жиналды. 2 табынға бөлінген малды Торғайға Семейдегі аштарға көмек комитетінің атынан Аймауытов пен Тоқтарбеков айдап әкелді. Торғайда малды мұқтаждарға үлестіріп беретін арнайы комиссия құрылды. Комиссияның құрамына: уездік аткомның төрағасы Жүсіпов, БКП(б) укомының хатшысы Байменов, уездік бөлімнің меңгерушісі Әбдіғапаров, Семей губерниялық Аштарға көмек көрсету комитетінің өкілі Аймауытов және уәкіл Құлжанов кірді. Мал таратылып болғаннан кейін кедейлердің арызы бойынша мал бөлісі жөнінде тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша: комиссия мүшелері мен уәкіл Аймауытов мал үлестіру барысында мал басын иемденіп, шығынға ұшыратып, талан-таражға салғаны үшін, малды байларға немесе мұқтаждығы жоқтарға үлестіріп бергені үшін жауапқа тартылды. Тергеу 4 жылға созылды. Алдын-ала тергеу кезінде және сот барысында комиссия мүшелері 5-9 қараны иемденгені, шығынға ұшыратқаны (темекі сатып алған, жорға майлаған), 15-тен астам қараны олардың Орынбор мен Семейде тұрғанына қарамастан туыстары мен таныстарына (Дулатовтың, Қадырбаевтің, Құлжановтың, Бірімжановтың) таратқаны расталды (мұны өздері де жоққа шығармайды), ал 5 жаны бар кедейлерге екі жасар бір тайыншадан ғана берген. Комиссия белгілеген мал үлестіруші уәкілдердің көпшілігі ауқатты адамдар (олардың ішінде мешіттің бір молласы да бар), дені комиссия мүшелерінің ағайындары мен құдалары (мысалы, айыпталып отырған Сарыбай Жүсіповтің туыстары 100 қара алған). Мал Жер жөніндегі халық комиссариятының телеграфпен берген өкімінен тыс үлестірілген, Жүсіпов, Байменов және Құлжанов соған мәжбүр еткен»,– деп («Алашорда қозғалысы», 3 том, 1-кітап, 289-бет) көрсетілген.

Бұған қандай уәж айтуға болады? Оның барлығы Ж.Аймауытовтың соттағы сөзінде дәлелмен келтірілген. Дегенмен де тілмарсып мынадай сауалдар қоюға болады: жаз айында екі жарым – үш мың шақырым жерге 8 мың мүйізді ірі қараны (!) оқыралатпай, шыбындатпай, ит-құсқа талатпай жеткізгені үшін бақташылардың еңбекақы алуға, үш уақыт тамақтануға, насыбай-темекі атуға құқы бар еді. Ал мұнша сиырды шашыратпай жеткізу үшін жүрдек ат қажет шығар. Бақташыларға арнап жолақы төлемегені анық. Екінші бір уәж: қазақ жолына келсең, бар қазақ ағайынды. Бірақ Торғайдағы ақ пен қызыл боп бөлінген арғын мен қыпшақтың ата дауы ашаршылық тұсында тіпті араны ашылып кетті. Мұны Жүсіпбек Аймауытов төбе шашы тік тұрып еске алады. Тіпті солай болған күннің өзінде де, ашаршылыққа көппен бірге ұшыраған Байтұрсыновтың, Дулатовтың, Қадырбаевтың, Бірімжановтың, Жангелдиннің, Имановтың руластары мен ағайындары мал үлесінен неге шеттетілуі тиіс? Солардың қара шаңырағы ретінде 15 үйге 15 қара үлестірілсе, ол да айып па? Осылай шексіз тілмарси беруге болады. Ашығына көшкенде оларға себеп емес, салдар ғана қажет болатын. Оған сылтау да даяр тұрды.

Жүсіпбектің бейнесін қысым жылдары да ұмытпай, оның есімін үнемі еске алып, ол жинақтаған Сұлтанмахмұттың қолжазбаларын қайта бастырған шегенді ұстаз Бейсенбай Кенжебаев өзінің жазып кеткен естелік мақаласында аталмыш сот күндеріндегі Жүсіпбектің көңіл-күйі туралы:

«Соттың бірінші мәжілісі аяқталған соң, Жүсіпбек Әуеш арқылы менен «Сана» журналының бір санын сұратып алды. Онда Жүсіпбектің психология жайында жазған «Әдет заңы» деген мақаласы болушы еді. Сот үш күнге созылды. Үшінші күні Жүсіпбек соңғы сөзін сөйледі. Оны түгел жазып алған екен, мәнерлеп оқып шықты. Залдағы отырған көпшілік өте риза болды. Соңғы сөзін Жүсіпбек түгелдей қазақ халқының әдет заңының негізінде құрған еді. Асылы былай болды: «Қазақ ежелден қарыз беріп, қарыз алады, құн беріп, құн алады, қалыңмал береді, қалыңмал алады. Сонда ол бірінен-бірі ешуақытта қолхат алмайды, ешбір протокол жасамайды, бәрін ауызша, сөзбен жүргізеді. Бұл әбден әдет болып кеткен. Аштарға жәрдем үлестіргенде менің бойымда да, ойымда да осы заң күшті болды. Мен атам қазақтың осы заңын ұстандым. Аштарға не берсем де, ешқайсысынан қолхат алмадым. Хат білмейтін, аштан көзі қарайып, өлейін деп отырған адамнан қолхат сұрауды қолайсыз көрдім», дегенді айтты. Осылай Жүсіпбек ақталып шықты.

Түрмеден шыққан соң бір күні Жүсіпбек редакцияға келді. Біз – Ахмет, Әуеш, Аманғали, Мерғали, мен бәріміз ортаға алып, біраз әңгімелесіп отырдық. Көбінше оған сұрау бердік. Ол бізге жауап берді. Сол сұрақ-жауаптың кейбіреуі әлі есімде:

Ал, түрмеде көпшілік арасында кілең бұзықтармен жатқаныңыз қалай?

Әдейі жаттым. Оларды білгім келді. Бұзақылар өмірінен бірдеңе жазбақ ойым болды»,– деп жауап берді»,– деп (Бейсембай Кенжебаев, Телегей теңіз, «Лениншіл Жас» 1989, 6 қаңтар) еске алыпты.

Жоғарыдағы мағлұматтарға жауап есебінде Жүсіпбек Аймауытовтың соттағы сөздің қолжазба мәтінін ұсынамыз. Оны тапқан адам – зерделі, сергек ойлы аға, марқұм Бейсенбай Байғалиев. Б.Байғалиевтің Жүсіпбек творчествосындағы ірі-ірі “ақтаңдақтарды” қалпына келтіріп, қолжазбаларын іріктеп, қазіргі әріп жүйесіне көшірудегі еңбегі ұшан-теңіз. Тек қана 480-беттік “Ақбілек” романын қайта жаңғыртуының өзі үлкен парасаттылық. Біз, марқұмның өз қолынан алған Жүсіпбектің сотта сөйлеген сөзінің қолжазбасын келтіріп отырмыз. Ол 1927 жылы Қызылорда қаласында жазып алынған.



Жүсіпбек Аймауытовтың соттағы сөзі: «Бұрынғы берген жауабыма менің артық қосарым жоқ. Мені айыптайтын жері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет