Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«Халық алдында Мағжанның және өзге алашордашылардың халыққа жау екендігін әшкерелеу... мақсатымен 1924 жылдың басында Орынборда Мағжанға әдеби сот жасауына тура келді»



бет181/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   242
«Халық алдында Мағжанның және өзге алашордашылардың халыққа жау екендігін әшкерелеу... мақсатымен 1924 жылдың басында Орынборда Мағжанға әдеби сот жасауына тура келді».

Сотта басты айыптаушы болып сөйлеген шешен өзінің «Өмір мектептері» атты ғұмырнамалық шығармасында:



«1. Жұмабаев қазақ халқының, онымен қатар, қазақ халқына қамқор болып отырған Совет өкіметінің қас жауы деп танылсын. 2. Оның барлық шығармалары оқылудан алыну өкіметтен сұралсын. 3. Бұдан былай советтік баспасөз бетінен Жұмабаевтің шығармаларына орын берілмесін»,– деп қаулы шығарғанын жазады.

Қыза келе Сәбит Мұқановтың балтасының жүзі Абайдың өлеңдерін де отап тастады, сөйтіп, ұлы ақынның есімі «қара тақтаға жазылды».

Мұның барлығына себепкер болып отырған басты кілтипан – 1922 жылы Бернияз Күлеевтің құрастыруымен Қазан қаласында, 1923 жылы Сұлтанбек Қожановтың алғысөзімен Ташкентте басылған Мағжан Жұмабаевтің «Өлеңдер» жинағы еді. Бернияздың «сыршыл сөзімен» және Сұлтанбектің:

«М. Жұмабайұлының өлеңдері қазақ әдебиетінде үлкен орын алған деп санап басып отырмыз. М.Жұмабайұлының өлеңдерімен оқушылар бұрыннан таныс. Әдебиеті жаңа аяқтанып, әдебиет тілі енді жасалып келе жатқан жұртта Мағжандай ақындардың қызметі зор екені анық. Осы күнге дейін Түркістанда қойшылар тілі саналып келген, ресми қағаздар жазуға, кітаптар жазуға жарамсыз делініп келген қазақ-қырғыз тілі іске асуы былай тұрсын, өнерге асатын бай, жатық, таза, өткір, әдемі тіл екенін Мағжан өлеңдері көрсете алады. Сондықтан біз Мағжан өлеңдерінің саяси мәнісінен гөрі, әдеби мәнісін көбірек көзде тұттық. Сол жақтарын ескеріп, Мағжан өлеңдерінің ішінде кез келетін марксизм дүние тануына ұйқаспайтын жерлерін оқушылар көре салып үрікпей, көркемдік жағына, сыршылдық жағына, суреттеу жағына көбірек көз салуы керек, тарих мәнісіне жете түсінуі керек. Бұл кітапқа М.Жұмабайұлының баспасөз майданына шыққаннан бергі жазған өлеңдерінің көбісі кірді. Басу жағынан түзей алмай отырған кемшілігіміз: қай өлеңнің қай жылы һәм қай шарттарда жазылғандығын көрсете алмауымыз. Сөйтсе де М.Жұмабайұлының өлеңдері әдебиет тарихындағы соңғы 10-15 жылдағы ағымдарды тексеруге де жақсы құрал бола алады деп ойлаймыз. Түркістан қазағына арнап, Абайдан кейінгі екінші бастырып отырған әдебиет кітабымыз осы М. Жұмабайұлының өлеңдері. М.Жұмабайұлы өлеңдерінің тіл жағынан, әдебиет тану жағынан пайдасы көп болады деп сенеміз»,– деген саяси астарлы пікірлеріне қарамастан «қаратаяқтардың» өкілінің поэзиясын «тапшыл қарабалақтар» қабылдамады.

«Қара қазақтың» батырақ ақындарының пікірімен санаспай қазақ ақынының жинағын Қазақстаннан сырт жерде шығару олар үшін «шетелдік идеологиялық үстемдік, басыну» болып табылды. Бұл аламаннан Мәскеудегі Күншығыс баспасының бас редакторы Нәдір Төреқұлов бастатқан қазақ қызметкерлері мен студенттері де тыс қалуды «ар санады». Өзі «қазақтың Пушкині» деп танып әдебиет институтына жолдама берген, кәсіби баспа маманы ретінде қызметке алып отырған ұлтшыл ақынның шығармашылығына бейнесі жат бейтаныстықпен шүйлігуі түсініксіз. Ол 1924 жылы 24 қараша күні алпысқа жуық «оқырман» қатысқан жиналыста Сұлтанбек Қожанов алғысөз жазған Мағжанның «Өлеңдер» жинағы туралы баяндама жасап, талқылады, жәй талқыланған жоқ, талқандады. Қол астында істейтін ақынның өзін шақыруды ар санады. Тек Жәкен Сәрсенбин ғана қарсы шықты.



Сонымен, «дүние астан-кестен болды». Өмiр де, өнер де тығырыққа тiрелдi. Не iстеу керек? Ұлттың рухын өлтiрмей, жанын қалай таза ұстау керек? Бұл талқылау мен талқандалу ұлт жазушысын қатты ойлантты. Жәкен Сәрсенбинмен екеуара әңгімеде әдеби үйірме құрудың қажеттігі туралы ой туындайды. Ұлт ақыны алты алаштың азаматтарына атой салып «табалдырық» атты бағдарлама жазды:

«Қазақ әдебиетi тоғыз жолдың торабында тұр. Артында бiр жол, алдында мың жол. Мың жолдың iшiнде өзен өрлегенi де, шөлiркегенi де, барса – келерi де, барса – келмесi де бар. Қазақ әдебиетiн мынау мың жолдың тарауына алып келiп, аңыртып тұрған – тұрмыс. Аңырып тұрған тұрмыс қазақ тұрмысы. Қазақ тұрмысы орыс тұрмысымен, орыс тұрмысы арқылы Еуропа тұрмысымен соқтығуы қазақ әдебиетiнiң орыс әдебиетiнiң екпiнiне, орыс әдебиетi арқылы Еуропа әдебиетiнiң екпiнiне кез келуi – «таспен жапалақты ұрсаң да, жапалақпен тасты ұрсаң да, жапалақ өлмектің» кебі.

Әрине, қазақ тұрмысы қирамақ, әрине, қазақ әдебиетi өлмек. Бiрақ, бiзге молда болатын Еуропа әдебиетiнiң өзi де бiр молда емес, мың молда. Алыстағы анау Еуропаны қоялық, көршiмiз орыс әдебиетiн алалық. Оның да өткен дәуiрлерiн бүркеп, осы күнгi дәуiрiн алалық.

Осы күнде пролетариат төңкерiсi дәуiрiнде, кеңес өкiметiнiң өзiнде орыс әдебиетiнiң мың бағыты бар. Бәрiнiң жалауы – қызыл, ұраны – төңкерiс, алды – ортақшылдық сықылды... Алайда, искусство һам оның бiр саласы болған әдебиет туралы түрлi жақтың түрлі ұғымы бар. «Искусство – бар, һам болмақ»,– деген бағыттан бастап, «Искусство – жоқ, һам – болмақ емес, бұрын болса да – бұдан былай болмақ емес, болуға тиiстi емес»,– деген бағытқа шейiн бар.

Оның үстіне, бiз дүние астан-кестең болған заманның адамымыз. Жұмыр жердiң бетiндегi шiрiк қауды өртеп, өртең шығару үшiн қылыш, найзаны қолдан түсiрмей, майданда жүрген әскердеймiз. Әйелiмiз де, ерiмiз де саясатшылмыз, шаруашылмыз, әдебиетшiлмiз, тегiс әскермiз. Әскер болуға мiндеттiмiз. Төңкерiс iсi осыны тiлейдi. (... бір сөз танылмады – Т.Ж.) тұрмысы да осыны тiлейдi.

Бiрақ майдандағы әскердiң әрбiр тобының да, әрбiр таптың да бас мiндетi болмақ. Әрбiр топ өзiнiң iсiн дұрыс атқарса ғана, жалпы әскер соғыста ұтып шықпақ. Бір топ өз мiндетiн атқара алмаса, өз мiндетiн ұмытып, көптiң дүрмегiмен, айғай-аттанның желiгiмен лап қойып кете барса, майдан құр ойранға айналмақ. Қазақтың жазушылары да аз әскердiң кiшкене бiр қанаты. Үркердей бiр тобы. Бiрақ олардың мойнында жалпы әскерлiк мiндеттен басқа бас мiндет бар. Жазушылықтың, ақындықтың өз мiндетi бар. Жазушыларымыз әскерлiк мiндетiн бiлiп, ақындық мiндетiн бiлмесе, атқара алмаса – ақын емес. Ақындықты бiлiп, әскерлiктi бiлмесе – әскер емес.

Қазақ елi – Еуропа мәдениетiнiң көзiмен қарағанда мәдениет қоры, әдебиет қоры жоқ, кедей ел болғандықтан, бiздiң жазушыларымыз әскерлiк, азаматтық мiндетiн ұмытып, құр ақындыққа қадалып қалуы мүмкiн. Әсiресе, ақындық мiндетiн бiле алмай, жалпы айғайдың екпiнiмен кетуi де мүмкiн. Әдебиеттi – айғай ғана деп, ақындықты – үгiт-насихат қана деп ұғуы. Мысалы, әдебиет, не дiншiлдiктің бәдуамы (бәдуам – әліппеғ Яни оқу құралы – Т.Ж.), не дiнсiздiктің бәдуамы деп, әйтеуiр, бәдуәм деп ұғуға мүмкiн... Үлгi боларлық орыс әдебиетiнiң түрлi тарауының тұрақсыз бiр тарауына, не барса келмесiне, не ұзамай құрып кететiн сиырдың шұбырындысына түсiп кетуге мүмкiн.

Осы мүмкiндiктердiң шет пұшпағын көрiп, әдебиет қазанының бiр құлағына жармасып жүрген біз – тоғыз ойланып, тоқсан толғанып, төмендегi пiкiрлердi ортаға салуымызды борышымыз деп бiлдiк.

Бұл құрғанымыз сегiз қанат боз орда, алты қанат ақ отау емес, «абылайша». Майдан, ойран, жорық дәуiрiнде дағарадай орда да, алты қанат ақ отау да құрып отыруға болмайды. Аттан дәуiрiне «абылайша» керек. Жорық «абылайшасы» керек (жорықта тiгiлетiн қос – Т.Ж.). Жорық – «абылайша» болады. Жорық басылар, жаңа тұрмыс орнар, «абылайша» қалып, бәрiмiз сиятын боз орда тiгiлер. Бұл келешектiкi. Әзіргi баспана – «абылайша!».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет