Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Қаулы қабылданды: Колчак армиясының қарсы барлау қызметінің бұрынғы қызметкері ретінде және оны партиядан жасырғаны үшін БКП (б) қатарынан шығарылды»



бет216/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   242
Қаулы қабылданды: Колчак армиясының қарсы барлау қызметінің бұрынғы қызметкері ретінде және оны партиядан жасырғаны үшін БКП (б) қатарынан шығарылды».

Комиссияның бұл шешімі барып тұрған әділетсіздік деп есептеймін. Мұндай шектен шыққан қатал шешім қабылдау үшін комиссияның қолында нақты дәлелмен анықталған деректер болуы қажет. Комиссияда ондай құжаттар болған жоқ. Мәселені шешу барысында, неге екенін білмеймін, комиссия біржақты бағыт ұстап, менің өткендегі кінәларымның бояуын қоюлатып жіберді. Мысалы, комиссияның қаулысында:

«Бірлік» алашордашыл жастар ұйымына қатысқан, Колчакқа белсенді түрде көмектескен. Колчак үкіметі тұсында Бөкейхановтың (Алашорданың көсемі) адъютанты ретінде Уфа және Самара қаласындағы демократиялық кеңеске қатысқан, алашорданың жасағы үшін қару мен киім алуға барған. 1919 жылғы Сібірдегі Колчак үкіметі тұсында Колчактің үшінші армиясы штабында қарсы барлаушы ретінде есепте тұрған. Ол мұны партияға өткен кезде жазған өмірбаянында жасырып қалған. Бұл туралы тек ұйымда өткен тексеру кезінде ғана айтты. Алайда үштікттің ол туралы мәліметі бұрын да бар болатын. Партия қатарында болған кезде 1924-ші жылға «Алашорданың» қайраткерлерімен байланысын үзген жоқ» – (деп жазылған).

Комиссия қабылдаған бұл шешім шындыққа барынша жанаспайды және оның (шындықтың) тонын айналдырып көрсеткен. Шындығында, оқиға қалай болды, мен кіммін? Бұл сұрақтарға менің өмірбаянымда негізінен жауап берілген, ол БКК комиссиясының материалдарының ішінде бар. Алайда нақты шындықты қалпына келтіру үшін негізгі оқиғаларды, соның ішінде менің партиядан шығуыма себепкер болған жайларға тоқталып өткім келеді.

Мен – Петропавл округінің дәулетті бай-малшысының ұлымын. 1898 жылы тудым. Білімім – ортадан төмен, Омбы мұғалімдер семинариясының екі класын бітіргемін. 1915-1918 жылы аралығында «Бірлік» ұлттық мәдени-ағарту ұйымының жұмысына белсене араластым. Ақпан төңкерісін қуана қарсы алдым. Төңкерістен кейін «Бірлік» ұйымының жұмысы қатты жанданды, оның белді мүшелері сол кездегі бірлескен мекемелердің басқаруымен болып жатқан төңкерістік оқиғаны түсіндіру үшін және жаңа өкіметті құру масатында жергілікті жерлергеге аттанды. Бұл жұмысқа мен де араластым. Ол кезде мен эсерлерге және жаңа құрылған «Алаш» партиясына іш тартатынмын. Бұл партияның ықпалымен Қазан төңкерісіне бастапқыда қарсы болдым.

Кеңес өкіметі Сібірде орнасымен «Бірлік» ұйымында екі ағым пайда болды: оң қанаттағылар «Алашорданың» бағытын ұстанды; ал, сол қанаттағылар кеңес өкіметін жақтады. 1918 жылдың мамыр айына дейін мен оң қанатта болдым. «Бірлік» ұйымының ұйымдастыруымен 1918 жылдың мамыр айында шақырылған Жалпықазақ жастарының құрылтайынан кейін оңшылдардан қол үзіп, солшылдардың қатарына қосылдым.

1918 жылы маусым айында Сібірдегі кеңес өкіметі құлаған соң Омбы қаласында «Алашорданың» губерниялық партия және атқару комитеті құрылды. Ол комитеттерді Тұрлыбаев, Итбаев, Сеитов, Абылайханов басқарды. Жас белсенділердің ішінен оған Саматов, Сайдалин, Кемеңгеров, Сәдуақасов С. және мен сол комитеттің құрамына кірдім. Комитетте бір ай істегеннен соң олардың жетекшілерімен тіл табыса алмағандықтан да, оның құрамынан шықтым, сөйтіп жұмыссыз қалдым. Көзқарас алшақтығы екі мәселе бойынша орын алды: салық мәселесі жөнінде және аш-жалаңаш қалған гимназия шәкірті Ж.Сәдуақасовқа (қазіргі КСР-дің юстиция халық комиссары) қызмет беру жөнінде. Мен түтін басы сайын салық алуға, яғни бай мен кедейден бірдей салық алуға қарсы болдым, сондай-ақ Ж.Сәдуақасовқа қызмет берілуін талап еттім, сол үшін комитет құрамынан шықтым.

1918 жылдың шілде айының соңында Семейден Омбы қаласына Бөкейханов келді де, Омбыдағы ұйымға бірнеше директивалық нұсқаулар берді. Түрлі мәжілістерде екі рет директивалы баяндама жасағаны есімде. Содан кейін ол Уфадағы құрылтайға қатысуға жиналып, қағаз жұмыстарын реттейтін қызметкер тауып беруді өтінді. Бұл жұмысты комитет жұмыссыз жүрген маған тапсырды. Мен бірден келісім бердім, оның басты себебі: 1. Іссапарда жер көріп қайтуды ойладым және 2. Ұлттық қозғалыс көсемімен жете танысқым келді. Сөйтіп жүріп кеттім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет