8. Бұл қаулының көшiрмесi жан-жаққа таратылсын.
Қол қойылып, мөр басылған.
II. Қазақ қызметкерлерiн жұмысқа тарту және оларды тиiмдi пайдалану туралы Алманов жолдастың баяндамасын тыңдап, мұндай жолды табудың қажеттiгiн ескерiп, қазақ қызметкерлерiнiң күшi дұрыс әрi тиiмдi пайдаланылмай отырғанын ескерiп, қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi қаулы қабылдады:
1. ҚазЦИК-тiң жанынан ерекше комиссия құрылсын оған мынадай мiндеттер жүктелсiн:
а). Комиссияның пiкiрi бойынша қандайда бір iске пайдалануға болатын барлық қазақ қызметкерлерiнiң тiзiмi жасалсын.
б). Өзiнiң туған жерiнен басқа ауданға немесе басқа лауазымды қызметке ауыстыру арқылы қазақ қызметкерлерi тұрақты әрi тиiмдi пайдаланылсын.
в). Партияда жоқ қазақ қызметкерлерi кеңес құрлысындағы жауапты жұмыстарға дейiн тартылсын, сөйтiп олардың өкiметтен де, жұмыстан да шеттетiлмегенiне көзiн жеткiзсiн.
г). Қазақтардың iшiндегi ең жауапты әрi шұғыл: аштықпен күресу ісіне жұмылдырылсын, қазақ қызметкерлерiн дайындау, қазақ арасындағы сот жұмысын дұрыс жолға қою, милиция жұмысын жолға қою, жергiлiктi өкiметтi нығайту, кооперація ұйымы, т. б. сияқты iстерге пайдалансын.
д). Обком мен ҚазЦИК-тiң ерекше тiзiмi арқылы Түркiстан Республикасындағы барлық қазақ қызметкерлерi шақырылып алынсын.
ж). Жергiлiктi жерлерде партияда жоқ қазақ қызметкерлерiнiң кеңесiн өткiзу дәстүрге айналсын.
з). Баспасөз арқылы барлық қазақ қызметкерлерiн жұмысқа шақырған үндеу жариялансын, бұл үндеуге құлақ аспағандардың белсендiлiгiн оятсын.
Комиссияның құрамына мыналар: 1. Әуезов. 2. Асылбеков. 3. Алманов. 4. Байтұрсынов. 5. Кенжин – мүше боп; 1. Нахим – жан. 2. Төлепов – кандидат боп сайланды.
Комиссия ҚазЦИК бекiткен ерекше ереже бойынша жұмыс iстейдi және өзiнiң барлық жұмысын Обком мен ҚазЦИК арқылы жүргiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |