Қазақ тілі пәні бойынша мектеп түлектерін жаңа форматты тестілеуге дайындау



Дата19.02.2017
өлшемі159,35 Kb.
#10830
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Мазыбаева Т.К

Қазақ тілі пәні бойынша мектеп түлектерін жаңа форматты тестілеуге дайындау.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. 

 Бүгінде қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты терең игерту. Ал бұл міндеттің орындалуында ҰБТ сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын. 

   ҰБТ-ға дайындауда мұғалім рөлі ерекше зор. Мұғалім үнемі ізденіп, көп еңбектенуі қажет. 

   Бүгінгі таңда қазақ тілінен 16 оқушы, ҰБТ-ға дайындап жатырмын. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмендегідей жұмыстарды атқарудамын:

• ҰБТ-ға дайындыққа арналған жоспар құрастырдым.

• Өткен тақырыптардан теориялық білімдер бердім.

• Оқушының сабақ үстінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлемін.

• Тест жұмысын орындағаннан кейін түзету жұмыстарын жүргіземін.

• Тақырыптық тест сұрақтарын құрастырдым.

Орыс тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен  (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны мынадай болады.



Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы; 

«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы
(2 мәтін, 200-250 сөз);

«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы  (2 мәтін, 200-250 сөз).

5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.

Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).

• Әр тараудан кейін сынақ қабылдаймын (билеттер үлестіремін).

• Тақырыптық есеп жүргізу дәптерін арнадым.

Ұлттық бірыңғай тестінің сапалы өтуі, алдымен, мұғалім мен оқушының уақытты тиімді пайдалануында және мұғалімнің тапсырмаларды түрлендіріп қолдануында. Тапсырманы түрлендіріп қолдануындағы мақсат оқушылардың пәнге деген құштарлығын арттырып, жоғарғы деңгейде білім алуына көмектесу. Сондықтан оқушылар теориялық білімдерін үнемі практикалық тұрғыда пайдаланып отырады. Қазақ тілінен оқушыларды дайындау үшін қажетті тапсырма түрлерін ала білу өте маңызды. Тапсырма түрлері мынадай: тренингтер, сызбамен жұмыс, тест түрлері (толықтыру, сәйкестендіру, баламалы) перфокарта, түрлі жаттығулар мен тапсырмалар.

Тренинг №1

Етістіктің шақтарын жасалу жолымен  сәйкестендір.

Жасалу жолдары: Шақтардың түрлері:

1. Ауыспалы осы шақ

 

2. Мақсатты келер шақ



 

3. Бұрынғы өткен шақ

 

4. Жедел өткен шақ



5. Ауыспалы өткен шақ

 

6. Болжалды келер шақ



 

7. Ауыспалы келер шақ

8. Нақ осы шақ А)етістік+(-мақ,-мек,-бақ,-бек)+(шы,-ші) жіктік жалғауы;

Б) етістік+(-а,-е,-й)+жіктік жалғау;

В) ет+(-атын,-етін,-йтін,-йтын)+жіктеледі;

С) ет.+(-ар, -ер,-р)+жіктік жалғау;

Д)ет.+(-ды, -ді,-ты,-ті)+жіктік жалғау;

Е) отыр, тұр, жатыр, жүр+жіктік жалғауы; 

Ж)ет.+(-ған,-ген,-қан,-кен,-ып,-іп,-п) +жік.жалғ.;

З) ет.+(-а,-е,-й)+жік.жалғ.

Күнде сабаққа барамын;

И) ет+(-ғалы, -гелі, -қалы,-келі)+жікт.

 

1 2 3 4 5 6 7 8



З А Ж Д Б С В Е

Тренинг №2

Сөздердің байланысу түрлерін ережесімен сәйкестендір.

Түрлері: Ережелері:

1.Қиысу

2.Матасу


3.Меңгеру

4.Қабысу


5.Жанасу а) сөздердің жіктік жалғау арқылы байланысуы немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы;

б) сөздердің бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы (негізінен үстеу мен етістікбайланысады);

с) сөздердің ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы;

д) ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғауындағы сөздің байланысуы;

е) ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы;

т) ешбір жалғаусыз алшақ тұрып байланысуы.

 

1 2 3 4 5



а д с е т

 

Тренинг №3



Сөйлем түрлерін ережесімен сәйкестендір.

Түрлері: Ережелері:

1.Жақты

2.Жақсыз


3.Жалаң

4.Жайылма

5.Толымды

6.Толымсыз

7.Атаулы а) тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем;

б) іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем; 

с) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында құрылатын сөйлем;

д) бастауышы бар сөйлем;

е) айтылуға тиісті тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем;

в) бастауышы мүлдем жоқ сөйлем;

г) ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем;

ғ) тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.

1 2 3 4 5 6 7

д в ғ а г е б

Тренинг №4

Салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын сәйкестендір.

Түрлері: Жалғаулықтары:

1.Ыңғайластық

2.Қарсылықты

3.Себеп-салдар

4.Кезектес

5.Талғаулы

6.Түсіндірмелі а) е, немесе, я, яки, не болмаса, әлде, әйтпесе;

б) өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз;

с) жалғаулығы жоқ;

д) және, дегенмен, әйтпесе;

е) бірақ, дегенмен, сонда да, әйтсе де, алайда;

в) және, әрі, да, де, та, те;

г) бірде, біресе, кейде.

 

1 2 3 4 5 6



в е б г а с

 

IIСызбамен жұмыс 



Септеулік шылау

Атау Барыс Шығыс Көмектес

 

Демеулік шылау



Сұраулық Күшейткіш Белгісіздік Болымсыздық Шектік Нақтылау

 

Жалғаулық шылау



Ыңғайластық Қарсылықты Себеп-салдар Талғаулықты Кезектес Шартты

 

   Толықтыру тестісі



1. Қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тиым салынғандықтан бұрмалап айтылатын сөздерді    . . . сөз дейміз.

Мысалы: ұлыма - . . .

2. Эвфемизм сөздер деп  . . . 

Мысалы: ақсаусақ - . . .

3. Аузы жеңіл сөзін дөрекі түрде . . .дейді.

4. Ит өлген жер тұрақты тіркесінің мағынасы . . .

Баламалы тест:

1. Қоза, шиіт, терімші сөздері ауыл шаруашылығы кәсібіне байланысты сөздер. (Иә)

2. Синоним, антоним, диалект – математикалық терминдер. (Жоқ)

3. Жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстанда тұқым деп атайды. (Иә) 

4. Тайға таңба басқандай – әдемі. (Жоқ)

Оқушы қазақ тілін сапалы меңгеру үшін   тілдік терминдерге көбірек мән беру керек. Тілдік теориялық материалдарды сапалы игеру оның атауын дұрыс түсінуден басталмақ.

Термин сөздерді білесіңбе?

№ Терминдер: Мағынасы:

1 Антоним Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер;

2 Архаизм

3 Ассимиляция

4 Диалог


5 Диалект

6 Монолог

7 Неологизм

8 Омоним


9 Орфография

 

Бұл тапсырма түрлері оқушылардың білімін толықтырып, ҰБТ-да жақсы көрсеткіш көрсетуіне көп септігін тигізеді деп ойлаймын.



Сонымен бірге қазақ тілінен түрлі жаттығулар орындатамын. (түрлі-түсті қағаздан көрсету) түрлі-түсті қағаздар оқушы назарын аударады.

Қазақ тілінен сұрақтардың ішінде күрделі сұрақтарды шешу жолдарын қарастырамын.

     1. Фонетикадан тіл дыбыстарының жіктелуін, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жаттатамын. Дауыссыз дыбыстардың топтастырылуын есте сақтаудың балаға ең жеңіл тәсілін ұсынамын. Мысалы: үнді дауыссыздарды «менің аиуларым» тіркесінің оқылуы арқылы есте сақтатамын. Дауысты дыбыстарды алып тастап оқығанда м, н, ң, й, у, л, р, м үнді дауыссыздары қалады. Үй тапсырмасына үнемі ереже жаттап келуді тапсырамын.

Морфологиялық талдау барсында Нұрша Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын пайдаланамын.

Морфологиялық талдау үлгісі:

Тоқтады


1. Бұл сөз екі құрамнан тұр. Тоқта + ды

2. Тұлғасына қарай: негізгі

3. Құрлысына қарай: дара

4. Сөзде 1 лексикалық;  2 грамматикалық мағына бар.

5. Лексикалық мағынасы: қимыл-қозғалысқа берілген атау.

6. 1-грамматикалық мағына: тоқта – етістік; 2-грамматикалық мағына: -ды, жедел өткен шақ жұрнағы

7. Сұрағы:  қайтті? – етістік

8. Мағынасына қарай: Болымды, салт етістік.

Морфология бөлімінің ең күрделі әрі көлемді тарауы – сөз таптары екендігі белгілі. Ендеше морфологияны оқыту – қазақ тілін оқытудағы аса жауапты кезеңдердің бірі. Сөз таптарын оқытуға байланысты әр түрлі үлгідегі перфокарталарды пайдаланымын.

 Перфокартамен жұмыс

№ Сан есімнің түрлері Сан есімдерді жаз

1 Есептік

2 Реттік

3 Жинақтық

4 Топтау

5 Бөлшектік

6 Болжалдық

Сөйлем мүшесіне талдауға байланысты перфокарта үлгісі(+ таңбасын қою керек)

Мысалдар Бастауыш Баяндауыш Толықтауыш Пысықтауыш Анықтауыш

 

 



Талданатын сөйлемдер:

2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады.                                                                                                     

Бүгінде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп өсіп келе жатыр.

Сөйлемге жалпы сатылай косплексті талдау жүргіздім. Сатылай комплексті талдау-білімді тұрақтандырудың негізі.

Қазақ тілі тарауларын қайталауда ереже мен мысалдарды жазғызып отырамын. Мәселен, құрмалас сөйлемді қайталағанда бірінші  топ салаластың түрін қайталайды, екінші  топ сабақтастың түрін қайталайды. Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық кезінде мысалдар мен жаттығуларды көп орындаған дұрыс. Тест тапсырмаларын жиі алып отырамын. Тест тапсырмаларын жиі алып отыру оқушының білімін шыңдай түседі. 

ҰБТ-ға дайындауда қазақ тілі мен әдебиетінен әрбір тарау бойынша оншақты сұрақ жаздырып, оның жауабын оқушылардың өздері үйден ізденіп, оқып, жазып келуді тапсырамын, іздену нәтижесінде басқа да деректерді білуі мүмкін.  

Мен өз тәжірибемде әдебиет сабағында әр ақын-жазушының шығармаларымен толық таныстыру үшін әрқайсысына дайындалған мынадай кесте бойынша шолу жасатамын.

 

Кестені толтыр



Ақын-жазушылардың өмірі туралы деректі кесте жасаймын.

Бейімбет Майлиннің өмірі туралы деректі кесте.

Мерзімі Болған оқиғалар

1894 жыл Қостанай облысы, Таран ауданында туған

1910-1912 жыл Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесінде оқиды

1913-1914 жыл Троицкідегі «Уазифа» мектебінде оқиды

1914 жыл Прозалық туындысы «Шұғаның белгісі» жарияланады

1916-1919 жыл Еліне келіп, ұстаздық етеді.

1919-1920 жыл Ауылдағы Кеңес жұмысына араласады.

1934-1937 жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып істейді.

1938жыл Бейімбет Майлин дүние салды.

Әдебиеттен жыраулар поэзиясын қайталау кезінде мынадай кесте толтырамын.

Жыраулар Туған, дүниеден өткен жылы Толғауларының аты Тақырыбы Ұйқас түрлері

 

Әдебиет сабағында әрбір ақын-жазушының өмірі мен шығармаларын оқып танысқаннан кейін оқушылардың өзіне 6-7 тест сұрақтарын құрастырып, 3 жауаптан дайындатамын.



   

 

Мектебімізді бітіруші 11-сынып оқушыларынан тұрақты түрде аптасына



1 рет тест алып отыруды дағдыға айналдырдым.

Мен осы тест алу арқылы қазақ тілі пәні бойынша әрбір оқушының мониторингісін жасай отырып, жетістігі мен кемшілігін сарапқа саламын. 

Өз іс-тәжірибемде қазақ тілінен тарау бойынша оқушылардың өздеріне тест сұрақтарын құрастыртып, үш жауаптан дайындатамын.

Тест жұмысын алу барысында оқушы белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін байқап, білімдегі олқылықты жою бағытында тапсырмалар жүйесін ұсынамын. Жіберілген кемшіліктерін уақытында түзетеп, келесі жазба жұмысында сол қатені жібермеуін қадағалап отырамын.

11- сынып оқушыларына арнап қазақ тілінен «Тақырыптық есеп жүргізу» дәптерін арнадым. Әрбір тест алған соң, жекелеген оқушылардың қандай қателікке жол бергенін бақылып, «Тақырыптық есеп жүргізу» дәптеріне жазып отырамын. Қате жіберілген тақырып бойынша қосымша жұмыстар жүргізіп, түрлі тапсырмалар орындатамын. Келесі тест алғанымда бұрын жіберген қатесін жоюын қадағалаймын.

Тақырыптық  есеп жүргізу дәптерінің үлгісі.

Оқушының аты-жөні Оқушы қандай қателікке жол береді? Қатені жою үшін жүргізілетін жұмыстар

Үнемі әрбір тест нұсқалары бойынша талдау жұмысын жүргізіп отырамын.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмен балл жинаған оқушылармен мынадай жұмыстар жүргіземін:

- Ереже жаттату

- Жаттығу жұмыстарын жүргізу

- Тапсырма орындау

- Әр тест сұрақтарымен жұмыс

- Меңгермеген тақырыпты қайталау

- Оқушы қателескен тест сұрағын түсіндіру

- Ереже сұрау

- Емтихан алу

- Қосымша сабақ өткізу

- Логикалық тапсырмаларды орындату

- Мониторинг жасау (көрсету)

- Кемшілігін жоюға талпындару, жетістіктерін мадақтау

- Бәсекелестік туындату

- Оқушымен достық қарым-қатынас орнату

Бұл жолда ұстаз талмай, шаршамай, үздіксіз, уақытпен санаспай еңбек етуі қажет. 

Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ дейтін болсақ, осы мақсатқа жету үшін әліде көптеген жұмыстар істеуге тиіспіз. Сондықтан жаңа заманға лайықты білімді ұрпақ даярлауда аянбай еңбек ете берсек, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізеріміз күмәнсіз.

Барлық ұстаздар қауымы білімді ұрпақ  даярлауға атсалысайық демекпі


1.Басқару іс-әрекеті.1. Әдістеме бірлестігінің жоспары. 2. Психологиялық-педагогикалық диагностика жүйесі. 3.ҰБТ-ға дайындық іс-шараларының жоспары.( Бұл жоспарға ҰБТ бойынша жүргізілетін барлық жұмыс түрлері кіргізілуі керек.) 4. Өздігінен білім алудың жеке жоспары.( әр оқушының жеке папкасы, диагностикалық картасы болу керек)

Диагностикалық картасының үлгісі. Мысалы: Оқушының аты – жөні:

Өзіндік жұмыс

Кітаппен жұмыс

Қосымша материал-мен жұмыс

Топпен жұмыс

Өзіндік қорытынды баға

Жеке жұмыс

Балл жиыны

Әр сынама тестілеудің қорытындысы бойынша мұғалімдер талдау жұмыстарын жүргізеді. Оқушылардың жіберген тақырыптары бойынша талдау болады.

2.Толық игерілмеген тақырыптар. Тест тапсырмаларында жіберетін тақырыптар бойынша әр сыныптағы мұғалімдерге кеңірек берілген тақырыптарға көңіл бөлу керек, сондықтан қандай түзету жұмыстары, қандай әдіс –тәсілдерді қолдану керек, сол төңірегінде жұмыстар атқарылады.

Сапалы көрсеткішке жету үшін тіл дамыту курсында бағдарлама бойынша оқушылардың білімдерін пысықтап, жетілдіріп, үлгірмейтін оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу, түзету жұмыстарын жүргізу.

Қазіргі кезде жаңа технологияларды енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын жүзеге асыруда. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет. Түзету жұмыстарын жүргізу барысында оқыту технологияларды тиімді пайдаланса, сапалы көрсеткішке жетеміз. Қандай оқыту технологияларын әр мұғалім қандай мақсатпен қолданады және оның нәтижесі қандай?

Дамыта оқыту. Мақсаты: жеке тұлғаны және оның қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту. Деңгейлік тапсырмалар. Мәні: білімін, біліктіліктерін шығармашылық ойлау қабілеті арқылы әлеуметін жетілдіру.

Саралап оқыту. Ойлау қабілетін және т.б. қабілеттерін дамытуға оңтайлы жағдай туғызу. Мәні: бағдарламалық материалды әртүрлі жобадағы деңгейде ұсыну, міндетті деңгейден төмен емес.

Ойын арқылы. Білімді, білікті, дағдыны игерудің тұлғалық – қызметтік сипатын қамтамасыз ету.Мәні: ақпараттар іздеуге, өндеуге, игеруге бағытталған өз бетінше атқарылатын танымдық қызмет.

Даралап оқыту. Оқушылардың танымдық, шығармашылық ой- өрісін дамыту.

Мәні: оқу-танымдық міндеттерді дәйекті және мақсаткерлікпен ұсыну.



3.Тест түрлері.

Тест әдісінің түрлері бар ма, олар қандай? Тест арқылы сынақ жүргізуде қандай ерекшеліктер бар? Оның сұрақтары қалай дайындалады? Тестілеуді қалай өткізеді? Оқушылар тест арқылы сынаққа қалай дайындалады?

Білімді, іскерлікті, дағдыны, жылдамдықты тексеріп бақылау үшін тестілеудің 4 түрге қолданылады. Олар:


  1. Тақырыптық тест

  2. Тараулық тест

  3. Толықтыру тесті

  4. Сәйкестендіру тесті

Әр сабақ барысында тест түрлерін өзгертіп отыру жақсы нәтиже береді.

Тест қолдану емтиханмен салыстырғанда көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Бұл әдіс қарапайым тәсілмен жасалады.



Тестілеудің ерекшеліктері:

  1. Оқушы өзін-өзі бақылайды, бағалайды, кемшіліктерін анықтайды.

  2. Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге жеткізеді.

  3. Нәтижесі тікелей белгілі болады.

  4. Барлық оқушыға бірдей талап қойылады.

  5. Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады әрі оқытушының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді.

  6. Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған материал тегіс қамтылады.

Оқушылардың білімін жетілдіру үшін ұсынылатын жұмыстар:

  1. Өткен тақырыптарды жүйелі түрде қайталау;

  2. Әр оқушыда жеке дәптер болу керек;

  3. Апта сайын консультация жүргізу;

  4. Оқушылар үшін қиын тақырыптарды қайтадан өту;

  5. Тестілеуден кейін жіберілген қателермен жұмыс жүргізу;

  6. Сынып жетекшімен бірігіп жұмыс жүргізу, әр оқушының консультацияға келуін бақылау;

  7. Апта сайын мектепаралық тестілеу жүргізу;

  8. Арнайы папкаға оқушылардың жетістік көрсеткіштерін белгілеп отыру;

  9. Даралап оқыту үрдісін дамыту;

  10. Оқытуды «мұғалім – компьютер – оқушы» түрінде ұйымдастыру.

Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін бағалау және олардың тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру. Осындай тесттік жаттықтыру жұмыстары ҰБТ-ны тапсыру кезінде олардың психо- техникалық дағдылары, өзіндік қадағалаулары және өзіндік бақылаулары қалыптасады.



4.Сыныптан тыс жұмысында оқушыларды ҰБТ –ға дайындау.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдарына сыныптан тыс жұмыстары да кіреді. Мектепте біз 8-9 сыныптар аралығында өтілген тақырыптар бойынша білім сайысын өткіздік. Бұл сайыстың мақсаты оқушылардың білімдерін тексеру, оқушылардың тілін дамыту, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Осындай сайыстарда оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтары артады, ҰБТ-ға барынша жауапкершілікпен қарайды.



5.Әр сынама тестілеудің қорытындысын талдау барысында оқушылардың білім сапасының төмендеу себептері. Логикалық ойлау қабілеттері дамымаған, лексикалық қорының жеткіліксіздігі, тест тапсырмаларын зейін қойып оқымауы, грамматикадан білім деңгейінің төмендігі. Осы көрсетілген төмендеу факторларын ескере отырып, алдында айтылған сабақта, консультацияда, сыныптан тыс іс-шарада осы төмендеу факторларын болдырмау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет