Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Жиналыста Мүсiрепов Ғабит туралы көп сөз болды



бет31/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105
Жиналыста Мүсiрепов Ғабит туралы көп сөз болды, шығып сөйлеген жолдастар Мүсiреповтің шығармаларындағы ұлтшылдық концепциялары туралы, халық жауы Майлиндi қорғап келгендiгi жиында дұрыс сыналды. Бiрақ Мүсiрепов өзiнiң сөзiнде қаталарын толық, дұрыс мойынына алудың орнына, «Социалистiк Қазақстан», «Каз. Правда» газеттерiнiң ол туралы айтқандарын және жұртшылыққа көптен берi мәлiм фактiлердi тiзiп, солардың айтқан сынына қосылған болып мәймөңкелеп өте шықты. «Бұл қаталар саяси бейғамдығымнан болды» деп мөнтеңдедi. Мүсiреповтен жиылыс, өзiнiң қаталарына большевикше мойындауды, халық жауы Майлиндi қорғап келгендiгiн, өзiнiң шығармаларындағы ұлтшылдық идеяларының себебiн толық айтуды күтiп едi. Бұған қарамастан Мүсiрепов, өзiнiң қаталарын толық ашып айтпады. Оған большевиктiк ерлiгi жетпедi.
Жиылыста шығып сөйлеген жолдастардың сөздерi онша қанағаттанарлық болған жоқ. Практикалық iс жөнiнде, жазушылар ұйымын саяси жағынан әбден сауықтыру жайында, жастарды iркiлмей батыл жоғарылату жағында не iстеу керектiгi жөнiнде конкреттi ұсыныстар шамалы болды. Сөйлеушiлердiң көбi бұрын айтылып жүрген фактiлердi, көптен сөз боп жүрген әңгiмелердi айтты.
Мысалы Ысмайылов Есмағамбет жолдасты алайық, ол басқаларды сынап, ұзақ сөйлесе де өзiнiң қаталарын, өзiнiң бiр кезде халық жауы Сейфуллиннiң ықпалында болғандығын, сын мәселесiндегi статьяларындағы және шығармаларындағы ұлтшылдық қаталары жайында үндемей кеттi. Ол тек өзiнiң «заслугаларын» айтып көрсетпекшi болды.
Саин жолдас бұрынғы болған жиналыстарда талай рет сөйлеген сөзiн қайталап айтумен болды, жастар секциясының жұмысы неге жолға қойылмайды, соңғы кезде iстелген практикалық жұмыстар қайда? Мiне, бұл жөнiнде Саин бiр ауыз сөз айтқан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет