«Дүние жүзiнiң тарихы – Батыстың тарихы» болып келдi.
Ешқандай ұлттың, ұлыстың, мемлекеттi, жеке тұлғаның тарихы – белгiлi бiр нысаналық идеологиялық мүддесiз хатқа түскен емес.
Ең әдiл пiкiрдiң өзi – әдiлетсiз пiкiрге қарсы айтылған уәж. Сондықтанда дәл қазiргi кезеңде өктемдiк көзқарастың үстемдiгiн жүргiзушi тарихтың өзiн әдiлеттi ғылым деп қарауға болмайды. Ол әрбiр заманның құлығына байланысты құбылып отырады.
Бұл – заңдылық.
Македонский, Цезарь, Напалеон, Петр тарихтың шығыршығын қалай шыр айналдырса, Аттила – Едiл мен Шыңғыс, Бейбарыс та дүниенi және қоғамдық құрылысты солай өзгерттi. Алдыңғылары аңыз бен даңқтың тұғырына көтерiлдi, соңғылары қарғысқа көмiлдi. Тағдыр оларды өз заманының ұлы қолбасшылары еттi, жер жаhанды жаулап алуға мүмкiндiк бердi. Қайсысының төккен қаны көп, оны ешкiм де өлшеген емес. Бiрi – бiр ұлысты, екiншi – екi ұлысты жойып жiбердi деп ешкiм де кеплдiк бермейдi. Напалеон мемлекеттiк басқару жүйесiне демократияны әкелдi, қаракөктердiң – монархияның тағын шайқалтты. Аттила – Едiл римдiк құлдық қоғамды жойды. Өзге қолбасшыларды салыстырмай-ақ қояйық, дәл осы екеуiнiң азамат тiршiлiгiне әкелген ұлы төңкерiстiң тарихи маңызы бiрдей едi деп қарағанмен де: неге бiреуi – даңқ пен дақпыртқа бөлiнген, неге екiншiсi – тағылық пен тасырлықтың қаралы киiмiн жамылған?
Тiптi, әуелде Напалеонды жек көрiнiштi етiп сайқымазақ еткен данышпан Пушкин, неге араға он жыл салып барып оны жайсаң жаhангер ретiнде шабыттана дәрiптедi? Карл Ясперс айтқандай: