Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Мен қазiр өзiмдi-өзiм бiрнеше рет қатарынан оталған ормандағы аман қалған ағаш сияқты сезiнем»



бет38/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105
«Мен қазiр өзiмдi-өзiм бiрнеше рет қатарынан оталған ормандағы аман қалған ағаш сияқты сезiнем», – деген екен.
Бұл сөздi Мұхтардың да өзiне қарата айтуына болатын. Ешқандай әсiрелеусiз айтылған шындық ретiнде қабылданар едi. Сондықтан да шығар, көпке дейiн көңiл сарайы құлазып, қоңылтақсып жүрiптi.
Ол да бiр өткен өмiрдiң татқызған кермек дәмi. Мұхтар бұл жылы тура қырық жасқа толды. Алдағы жиырма төрт жыл өмiрiнiң жиырма жылын Абайға арнады.
Қуанышын да, жұбанышын да содан тапты.
Мұхтардың шын мәніндегi екiншi өмiрi басталды.
Өкiнiшке орай, заман мен тағдыр талқысы мұнымен аяқталмады. Мұхтар Әуезовтiң «қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымына» қатысқандығын дәлелдей алмаған «идеологтар» 1943 жылы Мұхтар Әуезовтi ресми түрде ақтауға келiсiмiн бердi. Бiрақта араға төрт жыл салып бұл «сыбағаны» Әуезовке тағы да тартты.
«Демек, бiздiң бас бостандығымыздың өлшемi – тiкелей түрмеге түспегенiмiзбен ғана өлшенедi: соның өзi өзiмiздi толық азат адамбыз, не iстесек те өз еркiмiзбен iстедiк, не ойлассақ та ерiк өзiмiзде деп алдарқатуға жетiп жатыр... Бiрақ та, менiң бас бостандығы туралы түсiнiгiм бұған керiсiнше аса қуатты, тегеурiндi де төзуге болмайтын ызалы идеямен тiкелей байланысты, менiң бас бостандығымды қылмысты әрекеттердi жүзеге асыру үшiн пайдаланып отыр және ол тек қана өшпендiлiктi өршiтуге қызмет етуде, бұған мен де сондай сезiммен жауап беруге мәжбүрмiн», – деп П. Я. Чаадаев айтқандай, Әуезов те рухани тәуелсiздiктен құтылу үшiн өзiнше ақыл-ой қайратымен қарсы тұрды.

Бұл оның тағдырлы ғұмырындағы ең ауыр талқы едi.

Тарих талқысы

1. Ұлттық тағдыр,


Тұлға және тарихи көзқарас

Таным талқысына салсақ: тағдырыңа сенбе, тарихқа сен, өйткенi ол бәрiн де өз орнына қояды – деген қағида жай ғана көңiл жұбату үшiн айтылған қағида.


Шындығына келсек, тағдырдың аты – тағдыр. Ол сенi ешқашанда алдамайды. Егер Жаратқанның жаратқан кәдiмгi пендесi болсаң, онда өткенiң – өттi, кешкенiң – кеттi, көрерiң – көз алдыңда. Тағдыр – маңдайыңа жазылған қыл көпiр. Жүргiң келсе де жүресiң, жүргiң келмесе де жүресiң. Оңға не солға бұрылмайсың, кейiн де шегiнбейсiң. Себебi, артыңнан өзiнiң жазмыш жолымен жүрiп келе жатқан тұлға, топ, тобыр, мүмкiн ұлт желкелеп келедi. Олар сенiң ырқыңа көнбейдi. Лықсытып белгiсiз күнге қарай iлгерi итермелейдi. Егер, мемлекет не ұлт болсаң, онда – соғысатын дұшпаныңмен соғыстың, табысатын досыңмен табыстың. Жеңдiң не жеңiлдiң. Ендi сол тағдыр талқандап немесе кемелiне келтiрiп кеткен күймен келешегiңе қадам басасың.
Тағдырдың әдiлеттiлiгi осы. Оған ешкiмнiң үкiмi жүрмейдi, оны ешкiм өзгертпейдi, өзгерте алмайды да.
Ал тарих – әдiлетсiз. Өйткенi ол сол тарихи тұжырымды қалыптастыратын көзқарасқа тiкелей кiрiптар. Адамзат тарихын және ол туралы пiкiрлердi таным талқысынан өткiзсеңiз, бiрде-бiр мемлекеттiң, бiрде- бiр тұлғаның тағдыры жазылмаған, сол туралы қөзқарастың жиынтығы баяндалған. Ал ешқандай көзқарас абсолюттiк шындықтың кепiлi бола алмайды. Ол көзқарасты күштеп, идеологиямен, ұлттық сезiммен, ұлы тектiк не державалық астамшылық пиғылымен қалыптастыруға болады және дәл осы заманға дейiн Леофоль Фон Ранке айтқандай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет