Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Мүсiрепов Ғабит қазiргi әшкереленiп отырған халық жаулары Сейфуллин, Жансүгiровтердің тұсындағы «өзгермейтiн бас жазушының» бiреуi болған адам



бет34/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105
Мүсiрепов Ғабит қазiргi әшкереленiп отырған халық жаулары Сейфуллин, Жансүгiровтердің тұсындағы «өзгермейтiн бас жазушының» бiреуi болған адам.
...Шынында Мүсiперов жаудың батпағына батып, аздаған адамдардың қойнына кiрiп, құшақтасып кеткен адам...
...Мүсiрепов халық жауы Майлиннiң жан аяспайтын досы. Онымен достасып, құшақтасып, бiрге тұрып, бiрге жүрген адам. Сондықтан да Мүсiрепов халық жауы Майлиндi қанатының астына алып, қорғап келдi. Майлиннiң бұрын алашорданың офицерi болғандығы, совет өкiметiне қарсы күрескендiгi, большевиктерге оқ атқандығы, шығармаларындағы контрреволюциялық концепциялары жайында жазушылар ұйымының жанындағы партия ұйымы мәселенi дер кезiнде көтерсе де, Мүсiрепов өзiнiң қызмет орнын пайдаланып Майлиндi жанын салып қорғап келдi. Майлиндi аман алып қалуға тырысты. Соңғы кезде шейiн ашықтан ашық сүйеп келдi.
«Қазақ әдебиетi» газетi осы жылы 9-көкек күнгi номерiнде Майлиннiң шығармаларындағы контрреволюциялық пiкiрлердi әшекрелейтiн статья басыларда Мүсiрепов: «Бұл статья Майлин туралы өте қатты айтылыпты, сондықтан статьяны қайта қарап, сынды жұқалау керек» деп, газеттiң сол номерiн өзi қарап, Майлин туралы жазылғанды өз қолымен «түзетiп», номердi бұзып қайта жасатты. Содан асқан жауға либералдық, жаудың өмiр сүруiне мүмкiндiк беру бола ма? Контрреволюцияшыл алашордашыл Майлиндi Мүсiрепов осылай қорғап келдi.
Жазушылар ұйымының жанындағы партия ұйымының жиналысында Мұқановтың iсi қаралғанда, Майлин туралы көп сөз болды. Коммунистер Майлин туралы мәселенi сол жилыста қарауды дұрыс көрдi. Алайда жиылыста болған Мүсiрепов Майлиндi қорғап, «Майлиннiң мәселесi кейiнге қалып, бөлек қаралғаны жөн» – деген «ариентировка» бердi. «Мен Майлинмен жақын жүрсем, оның кiм екендiгiн бiлген соң жақын жүрдiм» – дедi. Шынында Мүсiрепов Майлиннiң кiм екенiн бiледi. Майлин де, Мүсiрепов те бiлмейтiн сыр жоқ. Мүсiреповтың саяси бетiн осының өзi-ақ көрсетедi... Халық жаулары Сейфуллин, Жансүгiров, Тоғжановтармен де Мүсiрепов тығыз байланыста болды. Олармен сөз жүзiнде араз болғансып, iс жүзiнде ауыз жаласып, дегенiн iстеп келдi. Ол, бiр кезде халық жауы Сейфуллиннiң партияға қарсы жiгiнде болды. «Алашорданың революциялық ролi болды» – деген зиянды «теорияны» таратушылардың бiрi болды. Оның бұл зиянды пiкiрi шығармаларынан айқын көрiнiп отыр... Бiздiң жазушылар жұртшылығы жаулардың қалдықтарынан арыла отырып, өзiнiң қатарын табансыз, тұрақсыз адамдардан мүлде тазартуы керек».
Ендi бұған не дауыңыз бар.
Әрине, «Мүсiрепов Майлиннiң кiм екенiн бiлдi». Бiлген соң, адалдығына көзi жеткен соң нақақтан күйiп бара жатқан адамға араша түсiп отыр ғой. Ал соны әлгi белсендiлер бiлмедi ме? Бiлдi. Бiрақ олардың өзi тiрi жүруi үшiн де өзгенi жарға итермеледi. Жаңағы мақала:
«Сталиншiл Нарком Николай Иванович Ежов жолдас бастаған қырағы НКВД орындары қазақ халқының қас жаулары ұлтшыл-фашистердiң қылмысын әшкерелеп қолға түсiрдi. Жапон-Герман фашизмiнiң жалдамалы төбеттерi, кiсi өлтiргiш сұмдардың, қарғыс атқан күшiктердiң шiрiк ұясы талқандалды.
Қазақстанның совет көркем әдебиетiне кiрiп кеткен ат төбелiндей зұлым иттердiң күлi көкке ұшырылды. Олардың сiлiмтiк қалдықтарын да құртады. Қайта туған қазақ халқының ежелгi жаулары Тоғжанов, Сейфуллин, Жансүгiров, Майлин сияқты ұлтшыл-фашист сұмырайлар қылмысы әшкереленiп қолға түстi. Халық жауларымен ауыз жаласып, олардың жетегiне ерiп кеткен, өзiнiң партиялық, моральдық пiкiрiнен айырылған, буржуазияның жырын жырлаған Мұқанов партия қатарынан шығарылды», – деп хабарлады.
Бұл да «Қазақ әдебиетi» газетiнен алынды. Сонда Тайыр Жарокұлы қол қойған осы газет қана «халық жауын» әшкерелеумен шұғылданған ба деген сауал туады. Жоқ, мүлде олай емес. Мейлi, орталық, мейлi республикалық басылым болсын, бәрi бiр, олардың материалдарының мазмұны мен сөздiк қорының айырмашылығы жоқтың қасы. Айыпкердiң аты басқа, айыптаушының есiмi бөлек. Бiз басқа басылымдарда жарияланған жазушыларға қатысты материалдардың барлығы «Қазақ әдебиетiнде» көшiрiлiп басылғандықтан да негiзiнен соған сүйендiк. Аударылмай дербес күйiнде қалған мақалалар да қаншама. «Каз. Правдада», «Социалистiк Қазақстанда» шыққан «Сәкен Сейфуллин – Жапон империализмiнiң агентi» iспеттi байбаламдар да жеткiлiктi. Бiрақ мазмұны, сөз қолдану тәсiлi бiреу. Мысалы, «Каз. Правданың» қазан айының 11 күнгi санындағы Ғабит Мүсiреповқа қатысты жоғарыдағы мәселенi жұртшылыққа мағлұмдаған:
«Две-три месяца назад в республиканской печати появились статьи разоблочающие национал-фашистскую агентуру, орудовавшую в союзе советских писателей Казахстана. Писатель коммунист Габит Мусрепов бывши в то время заведующим кульпросвет отделом ЦК КП(б)К, бия себя в грудь, заверял тогда партийную группу правления союза советских писателей Казахстана в том, что он несет полную ответственность и ручается за политическую благонадежность своего соавтора Беимбета Майлина.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет