Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Қазақ биiнiң осындай ғайбат сөзiнен соң мен пақырыңыздың зәресi зәр түбiне жеттi»



бет62/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   105
«Қазақ биiнiң осындай ғайбат сөзiнен соң мен пақырыңыздың зәресi зәр түбiне жеттi»,– деп мүләйiмсiген Тевкелев берген сый-сияпатының арқасында:
«Күллi әлемде Ресей империясынан асқан, даңқы жер жарған бiрде-бiр мемлекет жоқ, ал мұндай даңқты монархтың сендермен, яғный, топас хайуандармен (иә, дегенiне жетiп, көз көрмеске кеткен соң бұлай жазуына кiм бөгет жасасын. Әйтпесе дәл осылай айтпағаны айдан анық – Т. Ж.) бейбiтшiлiкте болуының қажетi жоқ. ... Егер сiздер бүкiл ресейлiк империяның боданы болғыларыңыз келмесе hам мен сiздермен бейбiт келiсiмге келе алмасам, сөйтiп Ресей империясының даңқын арттырмасам, онда сiздер олардан әмәнда жеңiлiс тауып, талан-таражға түсесiздер. Әлде сiздер бүкiл ресейлiк бодандықтан жиркенесiздер ме, онда сiздердiң нағыз түз тағысы болғандарыңыз», – деп желпiнiп шыға келдi.
Сый-сияпат өз құнын өтедi. Оның бағасы қазақ елiнiң бас бостандығымен, үш жүз жылдық отар ел болуымен өлшенедi. Билер келесiнде:
«Бөкенбай батыр сөйлеп, Әбiлқайыр ханға: сенiң қалауың бойынша бүкiл Ресейлiк бодандықты қабылдағымыз келедi және оны ант арқылы бекiтемiн», – дедi. Сөйтiп, Бөкенбай батыр және сонда отырған өзге де билер Әбiлқайырға ант бердi. Бiрақта билердiң басым көпшiлiгi бұған қарсы шығып, ант беруден бас тартты».
Мiне , нағыз тарихи шындық осы. Ханның қандай үкiмi болса да билер келесiнде бекiмеген соң, ол заңсыз болып есептеледi. Демек, Әбiлқайырдың Ресейге берген анты – мемлекетаралық пәрмендi күшi бар құжат емес. Кейiннен Әбiлқайыр мен Бөкенбай, Тевкелев үшеуi 30 биге жеке-жеке сый – сияпат үлестiрiп жүрiп, бiразының бармағын бастырды. Әрине, ол жасанды құжаттың санатына жататыны анық. Әбiлқайырдың Ресейдiң бодандығын қабылдауға соншама құштар болғанына қазақ даласын тепкiге түсiрген Тевкелев өзi де таңданады. Ол:
«Бұған дейiн Әбiлқайыр хан басқа хандар арасында үлкен құрметке ие болып келген екен, ендi бүкiл Ресейлiк бодандықты жалғыз өзi сұрағаны үшiн оған Әбiлқайыр ханға басқаларының қабағы қату. Көптеген әңгiмелесулерден кейiн мен Әбiлқайыр ханның шынайы пиғылын анық аңғардым, оның өзi де өзгелердiң келiсiмiнсiз бүкiл Ресейлiк бодандықты қабылдағысы келгендiгiнiң сырын ашып бердi. Бiрiншiден, мұның хандығының билiгi әлсiз екен. Екiншiден, бұған хандық атадан мұра ретiнде қалмаған. Ал ол, Әбiлқайыр хан ұлы мәртебелi падишаның қамқорлығының арқасында билiгi өктем хан болсам және хандық атадан балаға мирас болып қалса, сондай-ақ қалмақтарға не iстегiсi келсе де өз еркi өзiнде болған Аюке хан сияқты еркiн болсам деп үмiттенедi екен».
Өзiнiң бас мүддесiн ұлтының мүддесiнен жоғары қойған, ұлтының намысын жығып, азат елдi басыбайлылыққа түсiрiп, қорлаған мұндай адамға қаншалықты дәрежеде қаракөктiң тұқымы болса да мемлекеттi басқаруды сенiп тапсыруға бола ма? Жоқ. Оны ақтауға бола ма? Жоқ. Ол адамның намысы – рудың, жүздiң, елдiң намысы, оның пәтуәсi – ұлттың пәтуәсi деуге бола ма? Жоқ. Өзiн-өзi сыйлай бiлетiн, жатқа сыйлата бiлетiн, ұлттық тұтастыққа жеткен ұлт:
«Өзiнiң тағдырын қандай да бiр жолмен болмасын тәңiрдiң ықыласына ие болған, оған халықты бастай алатындай парасат пен күш берген, табиғи түрде көсемдiк кемелiне келген адамға ғана сенiп тапсырады» (Чаадаев).

Онсыз ұлттың орға жығылуы мүмкiн. Әбiлқайыр тура сондай, ұлтты омақа астырған хан болды. Ол бодандықтың қамытын қазаққа кигiзгенi аздай, «қатын патшадан»: Ор мен Жайық өзенiнiң қосылған тұсына бекет салып бер – деп өтiндi. Сөйтiп, қазақ даласын қоршаған қамалдың алғашқы қазығын қағып, отарлаудың жаңа бiр сатыға көтерiлуiне «септiгiн» тигiздi.


Жоңғар шапқыншылығы тұсында Ресейдiң одақтастық туралы уағдасына сенген ұлы жүз бен орта жүздiң хандары әуелiде Әбiлқайырдың ығымен келiсiм шарт жасауға ырық бiлдiрдi. Алайда, iле ұлы жүздiң ханы өзiнiң алдыңғы берген антынан қайтып, оны заңсыз деп жариялады. Әбiлмәмет хан 1739 жылы Орынборда протекторат туралы шартқа мөрiн басты. Ресейдiң түпкi пиғылын бiрден аңғарған Абылай сақтана қимылдады. Оның үстiне Ноғайлының ханы орыстың тұқымы, шоқынған князь В.А.Урусов Әбiлмәмет пен Абылайға «Ерекше сыбаға» дайындап қойған едi. Бодандыққа қорқытып қол қойдыру үшiн 1740 жылы 25 тамыз күнi Жайықтың қазақ даласына ұласатын жағалауындағы «Өлiм тауы» дейтiн төбенiң үстiнде патшаға қарсы шыққан башқұрттардың 11 адамын қазыққа отырғызған, 85 адамды дарға асқан, 21 адамның басын кескен. Сақмар өзеннiң бойында тағы 21 адамның басын қағып алып, 50 адамды дарға асып, 301 адамның мұрының, құлағын кескен. Мұндай хайуандықтан шошынған Абылай қайтып Ресейге жоламаған (Ғ. Ахмедов). Ол өзi хан боп сайланғанда да «орыстарға ант беруден үзiлдi-кесiлдi бас тартқан» (1778 жыл).
Осының барлығын бiле тұрып, Ресейге өз еркiмiзбен қосылмағанымызды санамызға «балғамен ұрып отырып шегелеуiмiз керек пе?» (Чаадаев). Тәуелсiз мемлекетiмiздiң мәртебесiн көтерiп, ұлттың рухын оятып, рухани тәуелдiлiктен арылтуымыз үшiн және ұлттық тәуелсiз тарихи көзқарасты қалыптастыруымыз үшiн жоғарыдағы құжаттарға сүйене отырып:
1.Әбiлқайыр мен Тевкелев арасындағы қазақ елiнiң ресейге бодан болуы туралы жасалған рәсiмi жалған.
2. Онда тек қана сауда саттық пен бейбiт қатар өмiр сүру жөнiндегi одақтастық сыпаттағы келiсiмге қол қойылған.
3. Ресей бұл келiсiмдi заңсыз бұзып, тiкелей отарлау саясатын жүргiздi, одақтасқа емес отарына айналдырды.
4. Ресейге қазақ елi еркiмен қосылған жоқ. Саяси және мемлекеттiк билiгi зорлықпен тартып алынды.
5. Жерi де заңсыз телiмге түстi. Бекеттер салуы, елдi мекендердiң атын өзгертуi, қара шекпендер мен казактарды қоныстандыруы одақтастық туралы шартты бұзғандық.
6. Сондықтан да, қазақтардың Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы үш жүз алпыс жылға (1731-1991 жылдар арасы) созылды.
7. «Алашорда» мемлекетiнiң құрылған күнi – қазақтың тәуелсiз мемлекетiнiң екiншi рет орнауы. Оны кеңес империясы, «коммунист-колонизаторлар» (С. Сәдуақасов) құлатты.
8. Патшаның тұсында да, кеңестiң кезінде де қуғынға ұшырап, қысым көрiп, жапа шеккен азаматтардың барлығы да ұлттық азаттық пен рухани бостандық жолында күрескен патриоттар едi,– деп ұлттық тұжырым жасауымыз керек.
Мiне, сонда ғана тарихи шындық қалпына келедi. Дұрыс ұлттық тарихи көзқарас қалыптасады. Ұлттың еркiн рухы түлейдi.
Сонда ғана бiз өз ұрпақтарымызды: «сен американың болашақ президентiсiң» – деп америкалықтар: «Жапония – сенiң арың, ал Жапонияның ары – император» – деген жапондықтар, «Сен түрiк болып туғаның үшiн бақыттысың» – дейтiн түрiктер сияқты ұлттық рухта тәрбиелей аламыз.
Сонда ғана ұлтымыздың рухы үшiн ұялмаймыз. Толық бостандық, толық тәуелсiздiк, рухани азаттық ұғымын сонда ғана толық сезiне аламыз.
Өзiн жат көзқарастың ықпалынан тыс, емiн-еркiн сезiнбеген, өз тарихына өзiнiң ұлттық көзқарасын қалыптастырмаған ұлт – кемелденген ұлттың қатарына қосылмайды. Ал қандай ұлттық қасиет тұрғысынан алып қарасаңыз да, қазақ ұлтының мұндай құрметке бөлiнуiне толық қақысы бар.

3.Тұлғаларды тұншықтыру



Жаhангерлiк отарлау саясатының ең қауiптi және қатыгез құралы – рухани тәуелдiлiкке негiзделген ортақ идеялық ойлау жүйесiне құрылған идеология. Идеология бар жерде рухани бостандық пен пiкiр еркiндiгiне, идеологиядан тыс дербес өмiр сүруге жол жоқ. Мұндай қоғамда екi-ақ өлшем бар: не жан-тәнiңмен сол идеологияға сенетiн, ешқандай ақыл-ойдың көмегiнсiз жарлықтар мен қаулыларды, заң күшi бар пәрмендердi бұлжытпай орындайтын бағыныштылардың бiрi боласың, не сол идеологиямен қаруланған мемлекеттiң, ұлттың, қоғамның жауы атанасың.
Екiнiң бiрi. Сенiң пiкiрiң – пiкiр емес, мыңның пiкiрi – пiкiр. Даналардың өзi де сол идеологияның ықпалында өмiр сүруге мәжбүр.
Ұлттық қасиет, таным, дәстүр, тарихи заңдылық дегеннiң барлығы әлгi идеология қалыптастырылған үстемдiк пен өктемдiктiң заңдылығына тiкелей бағынышты. Идеологияға негiзделген қоғам көпшiлiктiң тобырға айналуының белгiсi.
Онда жеке тұлға – ең жеккөрiнiштi адам болып есептеледi.
Ал биiктiлiктiң идеологиясы – ең қатыгез идеология. Онда аяушылық жоқ.
Мемлекеттiк негiзi мен саясаты жаhангерлiк пен отарлауға құрылған Ресей империясы мұндай идеологиядан Петр І тұсынан берi бас тартып көрген емес. Патшаның кезiнде де, кеңес өкiметiнiң дәуiрiнде де билiктiң тұтқасы – бiр адамның қолында болды. Бұл ретте демократиялық централизм мен пролетариат диктатурасының самодержавиеден ешқандай айырмашылығы болмады, тек қана идеологиялық астардың орынын партия мен кеңес шенеунiктерi алмастырды.
Ал тұлғалар екi қоғамда да аяусыздықпен жанышталып отырды.
Мемлекеттiң иесi – халық емес, халықты билеп отырған өкiмет өкiлдерi болды. Егерде «күштi билiктiң» тiзгiнiн дәл осылай ұстамаса – Ресей империясы мүндай құдіретті күшке ие болмасы анық. «Единица кеткен соң, өңшең нольдi» басқару кез-келген көсемге өте оңай тидi әрi ақыл таластырып, ой қорытатын «iргелi кемел қалмады» (Абай).
Тұлғаны тұншықтыру – империялық саясаттың тұтқасына айналды.
Ресей империясы отар елдерге пушка мен қоса Пушкиндердi емес, поптарды ертiп жiбердi.
Оларға жердi иемдену, ұлтты басыбайлы ету жеткiлiксiз көрiнiп, рухани жаулауға құнықты. Тiптi, Кенесары сияқты қайсар, азат, тәуелсiз мемлекет болуды аңсаған ел иесiне патшаның атынан хат жолдап, «Алла тағала билеушiңе қарсы келме деген. Шын мұсылман болсаң – патшаға бағын» - деген мазмұнда хат жазып, азғыруға тырысуы бұл пиғылдың аса зәру мүдде екендiгiн танытады.
Идеологиялық қысымға түскен қоғам – құруға бет алған қоғам. Рухани бостандықсыз ұлт мүсәпiрлiкке ұшырайды. Халықты мүсәпiрлiктен құтқаратын – тәуекелсiз ақыл-ойға ие, дербес әрекет жасауға қабiлетi бар қайратты тұлға.
«Көпшiлiк – қоғамның шыңына шыққан белгiлi бiр қайрат иелерiне бағынады. Олар тiкелей өз беттерiнше ой қорыта алмайды. Солардың арасында олардың мүддесiн түсiне бiлетiн даналар бар, мiне, солар ұлттың топтық санасына саңлау түсiредi және қозғалысқа келтiредi. Азшылық ой тұжырымдайды, көпшiлiк оны жан-тәнiмен сезiнедi, соның нәтижесiнде жалпыға ортақ ой қалыптасады. Бұл жер шарындағы барлық халыққа ортақ қасиет...Ал ендi менiң сұрағыма жауап берiңiздершi, бiздiң данышпандарымыз қайда, бiздiң ойышылдарымыз қайда осы? Бұрын-соңды бiз үшiн басын ауыртқандар болды ма, дәл қазiр бiз үшiн кiм ойлап жүр?», – деп П. А. Чаадаевтiң ашына сауал қойып жүргенi де сондықтан.
Тарих өзгередi, тарихпен қоса тарихи ойлау жүйесi де, тарихи көзқарас та, билiк идеологиясымен қоса оның үгiт-насихат әдiстерi мен жазалау тәсiлдерi де өзгередi – деген қағида бар. Бiрақ дәл бұл қағида Ресей империясына жүрмедi. Идеологиялық жазалау саясатынан Ресей мемлекетi патша билеп-төстеген заманда да, кеңестiк өкiмет кезiнде де қол үзбедi. Қайта бұрынғыдан бетер үдей түстi.
Ұлттың әкесi, орыс пен православие дiнiнiң қорғаушысы деп есептелген патша ағзамның өзi де тұлғаны ұнатпады.
Отар елдiң өкiлдерiн былай қойғанда, Ресейдiң: «ақыл-ойының мақтанышы» болған Радищевтiң, Пушкиннiң, Лермонтовтың, Чаадаевтiң, Буниннiң, Бердяевтiң, Набоковтiң, Сахаровтың қуғынға ұшырауы соның айғағы. Ресей империясы өзiнiң қанды жолын адамдардың өлi денесiн көпiр етiп төсеу арқылы салды. Адам – идеологияның құрбандығына шалынды. Патшаның отарлау саясаты ендi өршiп келе жатқанда, оның түпкi пиғылы мен даму жолын анық бағдарлай бiлген француз тарихшысы, әрi мемлекет қайраткерi А.Токвиль 1835 жылы:
«Әр түрлi бағытпен дамыса да өзара жақындасып келе жатқан бүкiл жер шарында екi-ақ ұлы халық бар: олар – орыстар мен ағылшындық америкалықтар. Олар елеусiз ғана санатқа қосылды... Өзге халықтардың барлығы да, менiң ойымша табиғаттың оларға берген мүмкiндiгiн сарқып бiттi, олардың ендiгi мiндетi сол қалпын сақтап қалу. Ал мына екi халық өрлеу дәуiрiнде...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет