Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Сендердi қазақтың батырлары, ер жүрек бабаларың Абылайдың, Кенесары мен Наурызбайдың әруақтары қолдасын. Бабаларыңның батырлық рухтарын қашанда жоғары ұстандар!»



бет69/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   105
«Сендердi қазақтың батырлары, ер жүрек бабаларың Абылайдың, Кенесары мен Наурызбайдың әруақтары қолдасын. Бабаларыңның батырлық рухтарын қашанда жоғары ұстандар!», – деген мазмұнда ұран тастады.
Ол кездегi баспасөз беттерiнде мұндай сөздер жиi айтылып, намыстың қайрағына айналды. Тiптi, «Кенесары – Наурызбай» туралы дастандар жинағын құрастырып шығуға партиялық тапсырма берiлдi. Сөйтiп, дiн мен әруақты мойындамайтын коммунистiк партия қажет кезiнде Алладан дәрмен iздедi.
Жазалауға негiзделген идеологияның алдында ешкiмде еңсесiн тiк ұстап тұра алмады. Он жыл бұрын ғана тұқыртып алған «қара дүлейдiң» үрейi тұлғалардың да жүрегiн тiтiренттi, жан-дүниесiне, жүйкесiне үрей ұялатты. Ерiк, жiгер, намыс, дербес пiкiр, ұлттық сана мен мүдде атаулы ұғымды қолданудың өзi қылмыс ретiнде танылады. «Правда» газетiнде 1950 жылы 25 желтоқсан күнi шыққан «Қазақстан тарихының мәселелерi маркстiк-лениндiк тұрғыдан баяндалсын» атты Т. Шойынбаев, Х. Айдарова, А. Якунин үшеуi бiрiгiп жазған мақала идеологиялық жазалау науқанының ресми түрде басталғанын аңғартты. Есiн жиған ел басылары ежелгi «большевиктiк ақжүректiкке» салып, бiр-бiрiн әшкерелеуге тырысты. Әркiм өз басын арашалауға алдын- ала сақтануға көштi. Ж.Шаяхметовтiң өзi әлденеден қысылып, қымтырылып:
«Мен 1944 жылы Аманкелдi Имановтың қайтыс болуына 25 жыл толуына арналған «Социалистiк Қазақстан» газетiнде жарияланған мақаламда елеулдi саяси қате жiбердiм. Қазақ жауынгерлерiн немiс- фашистерге қарсы күресуге шақыра отырып, мен оларды өздерiнiң даңқты бабаларына лайықты болуға шақырдым, сөйтiп, Сырымның, Исатайдың, Махамбеттiң, Аманкелдiнiң есiмдерiмен қатар, Абылайдың, Кенесары мен Наурызбайдың аттарын да атадым. Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң сессиясында 1944 жылы сәуiрде жасаған баяндамасында Оңдасынов жолдас та осындай қате жiбердi, Орталық Комитеттiң насихат және үгiт мәселелерiн басқаратын секретары Омаров жолдастың идеологиялық жұмыспен шұғылдануы қанағаттанғысыз болды, буржуазиялық-ұлтшылдық сыпаттағы қателердi дер кезiнде аша бiлмедi және ол қателердi Орталық Комитет бюросының талқылауына салмады. «Қазақ ССР тарихының» екiншi басылуының бас редакторы бола отырып, Омаров жолдас Бекмахановтың қателерi туралы дабылға құлақ қоймады және «Қазақ ССР тарихының» Кенесары Қасымовтың қозғалысы туралы тарауын оның өзiне тапсырды», – деп ақтала сөйледi.

Қазақстанның бiрiншi басшысы саяси идеологиялық арандатудың тұтқасын өте жақсы меңгерген, отыз жетiншi жылдардағы ойрандарда тақыстанып, тәжiрибе жинаған әккi қайраткер болатын. Әңгiр таяқ алда- жалда өз басына үйiрiле қалса, одан құтылудың бiрден- бiр амалы күнi бұрын басын арашалап алу екендiгiн жақсы түсiндi. Ол өзiн- өзi әшкерелей отырып, өзгелердiң де шалағайына қалжуыр байлап кеттi. Қауiп бұлтының басына үйiрiлетiнiн сезгендей, оны күн iлгерi серпiп тастауға ұмтылды және өзiнен кейiнгi тұлғаларға «үлгi де» көрсеттi. Мұның өзi:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет