Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Мектептердегi оқулықтардың барлығы – орыстың ұлттық оқулығы болуға тиiстi. Бұған тағы да 100 халықтың мүддесiн кiрiстiруге болмайды»



бет68/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105
«Мектептердегi оқулықтардың барлығы – орыстың ұлттық оқулығы болуға тиiстi. Бұған тағы да 100 халықтың мүддесiн кiрiстiруге болмайды», – деп, ұлттардың ғана емес, ұлттық шәкiрттердiң де болашағын қиып тастады.
Бүкiл бiр ұлттың тарих ғылымы мен ұлт зиялыларын қуғын-сүргiнге ұшыратқан, тұлғаны тұтқышқа кiрiптар қылған осынау бiр ауыз пiкiр қызыл империяның жаппай жазалау саясатына ұласты. Жеке тұлғаны және оның тарихтағы орынын мойындамайтын мемлекеттiк идеологияның құрбандығына алдыменен отар ұлттардың, оның iшiнде қазақ ұлтының тұлғалары шалынды. Соның iшiнде Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерлiсi туралы пiкiр бүкiл империя идеологтарының төбе шашын тiк тұрғызды. Патша тарихшыларының өзi қазақ тарихындағы дара тұлға деп бағалаған Кенесарыны қазақ ғалымдары ұлттың қас дұшпаны етiп шығарды. Ермұқан Бекмаханов iспеттi қайсар тұлғаларды жазалау арқылы қазақ ұлтының еркiндiкке ұмтылған рухын да өлтiруге тырысты.
Азаматтық Мойынсынбауды қажет ететiн осындай намысты кезеңде ұлттық тұлғалардың өзi мүсәпiр пенденiң күйiн кештi. Ұлттық идеяның тұтастығын қорғау былай тұрсын, керiсiнше, шовинистiк идеологияның ұртоқпағына айналды. Бүкiл империяны ауызына қаратқан ғұламалардың өзi тамыры қопсыған теректей шайқалып, топ пен тобырдың қас-қабағына қарап, жалтаңдаумен болды. Соның нәтижесiнде тарихи көзқарас мүлдем кереғар бағытта қалыптасты. Тұлғалардың пiкiрi тұншықтырып:
«СССР-дiң бұрынғы одақтастары «қырғи қабақ соғыс» саясатын өршiткен сайын (мемлекет iшiнде жалған үрей тудырып, ұлттық сана-сезiмдi оятпас үшiн, ұлыорыстық идеяны одан әрi қоздыра отырып, тобырды тұқыртып ұстау үшiн – Т. Ж.), сонау феодалдық дәуiрдегi отаршылдыққа қарсы күрескен көтерілiстерге берiлген бұрынғы бағалар қайта қаралып, жаңадан жалған қондырғылы тарихи көзқарасты телуге тырысты. Шәмiл, Кенесары Қасымов және басқа да ұлттық қозғалыстың көсемдерi ендi жеккөрiнiштi етiп көрсетiлдi. Кавказ бен Орта Азиядағы көтерiлiстер отарлау барысындағы ағылшын-орыс бәсекесiнiң тарихымен тығыз байланыстырылды... Бұрынғы тұжырымдарды қайта қарау барысында шектен тыс асыра сiлтеушiлекке жол берiлдi: мысалы, патшаның отарлау саясаты үстiрт, немкеттi айтыла салатын болды; орыстардың қол астына қараудың зардабы жоқ деген тұжырым жасау үшiн шығыс халықтары патша империясына түгелдей өз еркiмен қосылды деп пайымдау – соның кесiрi едi. Тiптi, кейбiр тарихшылар отарлау саясатын көпе-көрiнеу мадақтауға көштi» (Н. Дружинин).
Ұлт-азаттық көтерілiсiн осыншама жексұрын етiп көрсетудiң басты себебi: ұлттың рухани тәуелсiздiгiн жою, дербес халықпыз деген түйсiктi өшiру, ұлттық санасы мен рухы мәңгүрттенген шала тобыр арқылы үрейдiң уысында ұстау болатын. Табиғатынан танымы терең, рухы қайсар Е.Бекмахановтан өзге қазақ ғалымдарының денi идеологиялық тиiрменнiң тезiне шыдамады. Тіптi, ұлы тұлғалардың өзi шайқалып кеттi. Санасы сабылып, бiр-бiрiн айыптап, сеңдей соғылысты. Ресей империясын 150 жыл бойы тiтiркендiрген Кенесары қаншама тағдырды талқыға түсiрiп, қаншама тұлғаларды құрбандыққа шалу арқылы идеологиялық тұғыры «мәңгiлiкке құйылған» кеңес өкiметiнiң ұлт-азатық көтерiлiстi он жыл бойы тарихтың бетiнен сызып тастай алмай дегбiрi қашты.
Өйткенi, бұл күрес – ұлттың рухани бостандыққа ұмтылған мүдделi мақсатын көздейтiн, көкейден күрсiнiсi кетпейтiн ұлы қозғалыс едi. 1941 – 1953 жылдардың арасындағы отандық тарих ғылымы мен кеңестiк идеология дәбiрлерiнiң бастапқыда домалақ арыз, жай арыз түрiнде ұйымдастырған, кейiннен ашық пiкiр таласына түрткi болған Кенесарының iс-әрекетi ақыры жаппай жазалау науқанына алып келдi. Панкратова, Греков, Дружинин, Державин, Кучкин, Зутис, Миллер, Лурье, Вяткин iспеттi ғұлама ғалымдардың табанды қарсылығына қарамастан үнемi арандату арқылы тобырды «қырағылыққа шақырып» дәнiккен отарлаушы, «коммунистiк-коланизаторлық» саясат Яковлев, Морозов, Юшков, Айдарова, Шойынбаев, Якунин, Толыбеков, Акынжанов, Нұрышев, Ким iспеттi заманға бейiмделгiш жалтақ та жарамсақ жандардың жандайшаптығына сүйене отырып, Кенесарыға және сол арқылы, ұлт-азаттық идеясына қарғыс таңбасын басты. КПСС орталық комитетiнiң насихат және үгiт бөлiмiнiң меңгерушiсi .Ф.Александров, орынбасары П.Н. Федосеев, «Правданың» бас редакторы П. Н.Поспелов ұйымдастырған бұл науқан тура он жылдан кейiн нәтижесiн бердi. Тек осы Кенесары мәселесi жөнiнде бес рет қаулы шығып, Е.Бекмахановтың ол туралы еңбегi жетi рет ғылым академиясы дәрежесіндегі талқыға түсті.Коммунистік емес, ұлыорыстық шовинистiк пиғылға құрылған бұл науқанға қарсы пiкiр бiлдiрген академик Панкратова Қазақстан Орталық комитеттiң хатшысы Iлияс Омаровқа:
«Тарихи шындыққа кереғар, қалайда қазақ халқының тарихын кемсiтуге тырысушылық пиғылы тарихшылардың арасында өршiп барады. Неге грузин патшалары мен өзбек хандары дәл сондай әрекеттерi үшiн прогресшiл қайраткерлер деп есептелуi тиiс те, ал қазақтар Абылайды немесе Кенесары Қасымұлын қаралауы тигiстi болғанын мүлде түсiнбеймiн», – деп ашына жазды.
Қазақ зиялыларының басына төнген талай қатердi сейiлткен Iлияс Омаровтың өзi де топан суындай қаптаған топас ағынға қарсы тұра алмады. Дәл жаңағыдай батыл пiкiр бiлдiрiп, КПСС Орталық комитетiнiң секретарьлары Щербаковты, Андреевтi, Маленковты иландыруға ұмтылған Панкратованың да жүрегi шайлығып, ұстаған тарихи тұжырымның қате екенiн жазбаша мойындауға мәжбүр болды. Қазақстан Компартиясы орталық комитетiнiң бiрiншi секретары Ж.Шаяхметовтiң өзiне:
«Кенесарының қозғалысы – ХIХ ғасырдағы қазақ халқының ең көлемдi ұлт-азаттық қозғалысы», – деп нұсқау бергiзген Iлияс Омаров қызметiнен босатылды.
Е.Бекмаханов халық жауы ретiнде жиырма бес жылға сотталды. Оның кiтабына пiкiр жазған адамдардың өзi қуғынға түстi. Ғылыми ортаны былай қойғанда Қазақстанның бiрiншi басшысының өзi де дағдарып қалды. Отан соғысы жылдарында «Қазақ халқының жауынгерлiк дәстүрiн» мадақтап, ұлттық намысты қоздыру үшiн майдандағы жауынгерлерге жолдаған ресми үндеуiнде Жұмабай Шаяхметовтiң өзi:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет