Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет76/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105
«Орынбор ғаскери-губернаторы генерал-адьютант Перовский хазіретлеріне
Біздің, Кенесары Қасымоғлынан ғарызнаме
1841-жылында Қаратай сұлтаннан ғарыз қылып уә мұнша Сібір линиясы тұсында әр төренің қылған істерін мағлұм қылдық. 1838 жылда Сібір линиясының төрелері білен қажет болып (қатар) қондық. Сүйіндік баласын айдап шығарып едім, одан соң атығай, қарауылды шығарып едім. Сол елбілен Ғұбайдолла хан Уәлиоғлыны ұстап алып келіп едік. Одан тілек қылып үйге қайтарып жібердік. Оны Көкшетау диуаны мекемесінің бастықтары өсек қылып, яғный, жала қылып, Кенесары сұлтан білен ақыл қосты деп ссылкаға, яғный, каторожнойға жіберген екен.
Ғұбайдолла хан Уәлиоғлы маған, бізге ақыл қосқан жоқ. Біздің ұстап(уымызбен), зорлығымызбен келді. Одан соңғы айдаған елімізні Қоқанд деген сарт зорлық қылып, тартып алды. Одан бұрын ағамыз Саржан сұлтанны, Есенгелді сұлтанны уә Әлжан сұлтанны ұстап өлтірді. Одан соң атамны - Қасым сұлтанны өлтірді. Алмал алымды 1841-жылда Қоқанда үстіне ләшкер тартып барып, елімізні шығарып, падишаһ хазіретлеріне қызмет қылып жібердік. Со елімізден алты мың алты жүз алпыс алты үй қалды. Сол жұртымызды шығарып падишаһ қызметіне жіберуге ниет қылып тұрмыз.
Сіз мархабатлы ғинаят, шапағатлы губернатор хазіретлеріне император шаһиншаһ хазіретлерінен ғарыз қылың, бізге отыз бес жыл мәулет берсін. Одан соң ғарызымыз сол: Сібір линиясы тұсынан ғаскер шығармасын. Ұлытау, Кішітау тұсынан. Һам Ұлытауға ғаскер шығарса қатын, бала-шағамыз шошып, падишаһ хазіретке қызмет қыла алмаспыз. Одан соңғы ғарызымыз сол: біз естиміз төрт кісі елші барды деп, бізді шағып, яғный жала қылып, керуенді талады деп һам жұртты шапты деп.
Егер біз керуен талаған болсақ, мойнымызға салсын. Біз бұл керуеннен алғанымыз жоқ дүр. Біз ел шығарған соң қайттық. Басқа ешбір зарар қылғамыз жоқ және жүзіміз сол. Бізнің қыстауымыз - Ұлытау, жайылуымыз – Кішітау, Торғай, Жайық дүр. Падишаһ қызметінен бізнің көңілімізнің басқалығы жоқ дүр.
Сізнің комиссия мекемесінен келген хабар уә хатны Ержан төре Турсыноғлы келіп мағлұм қылып, падишайның манифесін айтып келді. Біз әлбетте көңілімізблен қабыл қылып қызмет қылдық.
1841 -жылда, феуралдың 22-наумінде
Иланбақ үшін мөрімні бастым».
Бұл хат Кенесары мен Ресей үкіметінің арасындағы қарым-қатынастың ең шиеленіскен тұсында жазылған. Мұнда ашық көтеріліске шығудың себептері мен шарттары айтылған. Бұл шарттар орындалмаған соң сол жылы қыркүйек айында хан сайланып, ашық майданға шықты.
ххх
«Хұдие мекемесінің садырыншын генерал-майоры Генс хазіретіне
Біздің Кенесары сұлтан Қасымоғлындан иғламнаме дүр
Ол ұлығ падишаһ хазіретләрінің ғинаят уә мархамат уә фарман канонлары бойынша Орынбор қаласынан ініміз Кінжан (Кенже -?) Көнекоғлы уә Нұтхан сұлтан Сәмекеоғлы әр қайсысы бәдәулөт падишаһның дидарлық мейірбанлығын көріп, есен-сағ қауыштылар. Одан соңыра сұлтан Ғабдолла Абылайоғлы артынан жіберген ғарыз-хатны Сібір төрелері жібермеді деп естіп тұрмыз. Одан соң Еркін сұлтан артынан жіберген тілектерімізге жауап болмады. Және Қарабай сұлтан ұзақ тұрды келмей, әлбәтте, жылдам қайтарғайсыз. Біз һам үміт тұтамыз бек лайықты жауап бермеклігіңізні.
Инанмақ үшін Кенесары сұлтан Қасымоғлы мөрімні бастым.
Июннің 25-наумінде. 1842-ншіде».

Бұл иғламнаме Орынбор генерал-губернаторымен жүз жылытысып, мәмілеге ұмтылған тұстарында жазылған.

ххх
Кенесары сұлтанның билерге хаты
Сізге – Байтөре биге уә Бәшек биге уә Қызыл биге уә Аушұнды биге уә Сүлеймен биге уә Қаракүшік биге уә жамиғи назарның кісілерге уә биләргө уә мырзаларға сөз!
Сол құдайның тағдыры болып, бізнің біраз мұнша кісімізнің қаны сізнің мойныңызда болып еді. Ол қылған ісіңізге тәубе қылып: бізні хан біліп, өзіңіз қараша болып бізнің бірлән ерісер деген ниетіміз бар еді. Сіз құдайдан қорқып, әруақты сыйламадыңыз. Сізнің қылапатыңыз... тілеуді ұрды. Егер бұрынғы істеріңізден тәубе қылып қайтсаңыз, жақсыларыңыз бізнің алдымызға келіңіз. Бізнің мейірбанлылығымыз сізләрге көп дүр, Егер келмесеңіз: біз отыз жасқа келіппіз, сізні қүдайдан тілеп енді отыз жыл жаулармын, еншалла хаһ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет