Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет74/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105
«Барша ресейлік ұлық падиша ағзам император хазратларына!
Бұрын бүкіл қазақ халқын билеген Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлынан ғарызнама.
Сіздің ағзам хазиратларыңызға мағлұм қыламыз: чунки сіздің аталарыңыз бен біздің бабамыз хан Абылай тұсында біздің халық ортасында ешбір тынышсыздық, қайғы болған жоқ еді. Халқымыз әрқашан тыныштықта, бейбітшілікте күнелткен еді. Біздің екі патшалық арасында үздіксіз сауда-саттық болып тұрған еді. Ешкімге ешкім жәбірлік те еткен жоқ еді. Біздің халық ешбір алым-салық төлеген жоқ еді. Енді соңғы уақыттарда ахуал басқаға айналды: чүнки біздің халқымызға алым-салық төлетіп, оларды әртүрлі жәбірлікпен қыспаққа сала бастады. Сіздің қоластыңыздағы төменгі хакімдер бұрынғы татулықты бұзып, барлық қазақ халқы Ресейге бағынады деп жалған сөздер таратып жүр. Олар бұрынғы біздің бабамыз Абылайға тиісті жерлерге сегіз дуан салдыртты. Бұл, әриие, біздің халқымыз үшін зор қасірет болмақ, әсіресе алым-салық салу халықтың жанына қатты батады. Бұрын біздің қазақ халқы мұндай істі көрген жоқ еді. Ол әрқашан кеңшілікте, рахат-тыныштықта болушы еді. Ұлық ағзам падиша хазратлары, біздің сізден өтінішіміз: біздің халқымызды бұрынғы қалпынша қалдырып, біздің жерімізге салынған сегіз дуанды һәм басқа қалаларды жоюыңызды сұраймыз.
Ұшбуны инандырмақ үшін мен, Кенесары Қасымұлы, мөрімді бастым» - деп Кенсесары тәуекелге барған.
Иә, тәуекел – істің басы. Бар мәселе Мұхтар үшін осы тәуекелден және «Хан Кенедегі»: «Келе жатқандардың алдынан Абылайдың сарыала туын алып батырлар өтеді». [...] «Ханды құр айғаймен сайламайды. Бұрынғы, соңғының жөрелгісімен ақ киізге отырғызып, осы жұртты жеті айналдырып шығу керек... Әпкел киізді! Ұмытқан ба, бұл қазақ баласы... баяғы ханның жолын! Қайда киіз? (Көп айғай, тағы да батырлар, жақсылар, айғай. "Әпкел киіз, киіз... хан көтереміз. Жолы... жолы болсын..." Киіз әкеліп, көп жақсылар Кенені ақ киізге отырғызып алып, көтеріп алады. Сол арада қолында қобызы бар соны сілтеп, екіленіп сөйлеп Нысанбай ақын шығады)» - деген мемлекеттік рәмізден басталды
Көркем шығарма үшін осыдан тебіреністі оқиға өтпейді. Хан Кене де өзіне жүктелген жауапкершілікті түсінеді, түсініп тұрып:
«Киіз туырлықты қазақтың баласы! Сона бір қысылған шағыңда ер деп етегіңе ұстағаның менің атам Абылай еді. Ол сеніміңді ақтағандай, сен үшін жанын салып өтіп еді. Бірақ атаға берген дәуренді берер ме, жоқ па? Енді халық дәме қылып мені сайласа, кеудемде шыбын жаным тұрғанда ақ тілеуіңді ақтармын-ақ. Жетпей жығылсам көзің көрер. Жолыңа міне, басым, міне, жаным...Керегіңе жарата бер. Содан басқа айтарым жоқ. Менің риза-қошым осы».- дейді жанын қасым етіп.
Сөйтіп, қазақтың хандығының қайта құрылуы - «Хан Кене» пьесасында бейнеленетін тарихи оқиғаның басы ретінде алынды. Ендігі суреттелетін уақыт пен көркем желіге жазушының өзі, яғни, Мұхатар Әуезов жауап береді. Осы оқиғаға дейінгі оқиғаларды қаламгер қандай көзқарас арқылы тәпсірлеймін десе де өз еркі. Ал хан Кененің көзқадауы шығысқа қадалған, беті Алатауға бұрылған. Таққа отырысымен Құдаймендеге:
«Сенің Қытайға айтатын сөзің: орыс патшасы өз жерінің шегін Қытайдың қақ іргесіне әкеп тірегелі қол созып келеді. Бір жер емес, басы анау Алтайдың арғы сілемінен Қашқарға шейін жеткізбекші. Арадағы: қазақ, қырғыз, ойрат, қалмақ, Қоқан, Хиуа, Бұхара, әрі-беріден соң Қашқарына шейін де обырдай обып алғалы сұғын қадап тұр. Осы елдерге керуен үстіне керуен, елші үстіне елші, әскер үстіне әскер төгіп бастырмалатып келеді. Енді көп болса бес-он жыл, әйтпесе одан да тез қытай шегіне орыстың әскері тұратын қалалар салынбақ. Біз осы шепке қарсыласқалы шыққан елміз. Тілегіміз: қытаймен тату көрші болып отырып орыстың бері қарай жылжуына жол бермейміз дейміз. Өз жеріміздің шегін қорғаймыз. Қытайға арқа тіреп жаңағы елдің барлығын тұтастырып орыс қаласына бөгет саламыз. Біріккен елдік жасаймыз. Содан кейін тіпті орыс өктеп бара жатса біздің таңдайтынымыз - қытай патшалығы. Әйтеуір біз бағынатын болсақ қытайға бағынамыз. Орысты біз темір ноқта деп білеміз. Осыған – арысы көмек, берісі достық, тілек қосуын тілейміз. Жау бетіне салатын дос боламыз. Бізге бермеген көмегін кімге береді? Соны айт!» - деп аманат айтып, елші аттандырады.
Осыдан кейінгі хан Кененің әр шешімі, әр қимылы көркемдік себеп тұрғысынан салдарын тауып жатуы тиіс. Оған тек Мұхтар Әуезов қана жауап береді. Жазушының шығарма талқыға түскенде: «Сынайтып кісі пьесенің осы жазылған күйінде қалай түзетуді көрсетсін. Ал, пьесенің бойында жоқ тарихты, тарихи қозғалысты сөз қылғандар сынаған болмайды» - деп өтінуі де сондықтан.

АШ БӨРІЛЕР ЖОРТҚАН ЖҰРТ


Ендігі мәселе – шығарманың жазылу тарихына қатысты. Кенесары көтерілісі туралы бұрынды-соңды жазылған шығармалар бар ма еді, жазушының өзі тақырыпты зерттеуге қалай келді, қандай идеяны басты нысана етті, қалай, қайда жазылды, қандай көркем ұстанымдарды ұстанды, алғашқы пікірлер қандай? Мұның барлығы да автор мен шығарманың арасындағы байланысты ашатын көркем психологиның дербес қаралатын мәселесі.


Басты мақсат – «Хан Кене» төңірегіндегі жарты ғасырдан астам жүргізілген саяси-идеологиялық жазалау, жазғыру, қысым көрсету, тұлғаны тұқыртудың түрлі қысымдық жолдарын құжаттар мен деректер арқылы көрсету болғандықтан да біз қажет жернде сол мақалалар мен зерттеулердегі, жиналыстардағы сөздерді, жазылған арыздардағы пікірлерді тілге тиек ете отырып ойымызды дамытуға тырыстық. Өйткені, қаншама жала мен жазғыруға құрылса да олардың жазғандарының астарыда шындық бар болатын. Дәлелсіз сөйлесе олардың өздері де жауапқа тартылатын.
Мәселен, Кенесары тақырыбы әдебиетте қалай бейнеленгені сол кездегі жазушылар одағының жауапты хатшысы Қайнекей Жармағамбетовтің 1951 жылы 20 сәуір күнгі жасаған «Кенесары – халықтың қас жауы» атты баяндамасында толық қамтылды. Біз соны сөз ретіне қарай ықшамдап келтірумен шектеліп отыруды жөн көрдік.
«Баяндамашы: Кенесары Қасымовтың реакцияшыл қозғалысына қазақ халқының жаулары ­– алашордашылар мен XIX ғасырда, қазақ әдебиетіндегі кертартпа романтизм өкілдерінің қалай баға бергеніне толығырақ тоқталды.
Кенесарының сарай ақыны Досқожа өзінің «Кенесары қоныстан ауғанда» (Көкшетаудан көшуі) дейтін поэмасында Кенесары Россия мен орыс халқына қарсы күресіп еді деген пікірді ашық баяндайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет