Сізләрге Баубек құлымызны жібердік. Әрбір ауыз тіліне бауыр қылың». Бұл Кенесары хан болып сайланған соң қазақ билеріне жолдаған пәрмндеріне қарсы шығып, жаулық істеп, Ресей мен екі ортадағы келісімге кедергі жасаған, сатқындық жасаған билерге жолдауы.
ххх «1844-жылы рамазан айының 8 күні сұлтан Кенесары Қасымоғлының Арыслан сұлтанға жазған хаты Сізге, ғизатлұ әм хұрметлұ правитель Арыслан сұлтан құдамызға бізден - Кенесары сұлтан Қасымоғлындан дұғай сәлем... Әгәр бізні сұрасаңыз сахат-сәламат дәулет үстінде бармыз және сізге сөзіміз: кәпірге бас қосып, һұжымдық қылып, мұсылманға дұшпанлық қылдыңыз. Тыңла! Алла тағала хазіретіне не жауап берерсіз? Бізге мұнша дұшпанлық қылсаңыз да, біз сізні һар заман көңілімізден салмаймыз. Және тағдыр құдай болып арамыздан бір сыпайгершілік өтті. Оны көңіліңізге алмағайсыз. Және сөзіміз: жаңа түскен генералға хат жазып, елші жібердік. Бізні көңіліңізге алсаңыз, бұ елшілерні жақсы қылып өткізгейсіз. Сізге молла Баймұхамедні жібердік. Оның һарбір ауыз сөзіне бауыр қылың. Бұ сөзнің растылығына Кенесары сұлтан Қасымоғлы мөрімні бастым». Арыстан сұлтан – Орынбордағы патша өкіметінің сеніміне кірген, Кенесары көтерілісіне қарсы казактар мен қазақтардан жасақталған әскерді жасақтап шыққан аға сұлтан. Ол көтерілісшілердің ауылын сан рет қырғынға ұшыратқан.
ххх 1844-жылы рамазан айының 10 күні сұлтан Кенесары Қасымоғлының полковник Баймұхамедке жазған хаты Сізге, ғизатлұ һам хұрметлұ полковник Баймұхамед құдамызға бізден - Кенесары сұлтан Қасымоғлындан дұғай сәлем. Бұ да сөзіміз сол: әгәр бізні сұрасаңыз сахат-саламат дәулет үстінде бармыз. Және сөзіміз: екі жыл кәпірге бас қосып һұжымлық қылып бізге дұшманлық қылдыңыз. Оны һам біз көңілімізге алғанымыз жоқ дүр. Иманлық қылғанға жақсылық қыл деп еді. Сіз дұшпанлық қылсаңыз да сізні біз көңілімізден салмаймыз. Және сөзіміз: Орынбордағы жаңа түскен генералға хат жазып, елші жібердік. Әгер бізні көңілімізге алсаңыз бұ жіберген хатымызны жақсы қылып тигізерсіз. Сізге Баймұхамед молланы жібердік. Оның (әр) ауыз сөзіне бауыр қылыңыз. Бұ сөзнің растылығына Кенесары сұлтан Қасымоғлы мөрім бастым. Және де 1844-жылда рамазан айының оныншы күнінде бұл хат жазылды». Баймұхамед - полковник. Кенесары көтерілісінің әр қадамын аңдып, шолғыншылар мен жансыздар жіберіп, оның мәліметтерін губернаторға жеткізуші жандайшап сұлтанның бірі. Арыстан, Баймұхамед, Ахмет сұлтандар жасақталған әскермен шығып, Кенесарының көшінің соңынан түскен. Бірақта өздері арандап, бетпе-бет соғысуға шыдамай, кері қайтқан.
ххх Сізге ғизатлу уә хұрметлұ Орынборда тұрушы жаңа келген жандарал хазіретлеріне Бізден Кенесары сұлтан Қасымоғлындан
Ғарызымыз сол: мың да сегіз жүз отыз тоғызыншы жылында Орынборда тұрған военный губернатор жандарал Генс бізге хат жіберген екенлер. Падишаһ Ғали ишан хазіретлері сізнің әрбір қылған істеріңізні манифест деп мейірбаншылық қылдылар. Біз бұ мейірбаншылыққа иланып оқ атып, қылыш шаппай падишаһның кең етек, тар қойнында бас тартпай тұрып едік. Өткен шағбан айының жиырма бесінші наумінде Баймұхамед, Арыслан, Ахмед - үш правитель үш жерден шығып һұәнымлық қылып, Торғай бойында ала алмай қайтты. Оны да көңілімізге алмай оқ атып, қылыш шауып падишаһқа қарсылық қылғанымыз жоқ дүр. Биыл өткен науырыз айының жиырма бірінші наумінде өзіміз үйде жоқ болып, аңға кеткен уақытымызда Омскі облысы тарапынан бір бөлік отряд шығып законшы Сотников оғлы бірлән алтай тайпасынан Аққошқар Сайдалы Құдайберліоғлы, старшын сұлтан Қоңырқұлжаның шағымы бірлан келіп, бір бөлек ауылымызны шауып, бір бала уә қызымызды қырып, Күнімжан атлық бір ханымызны ұстап алып кетті. Сібірнің бұ қылған істерін Орынбордағы тұрған үлкенлерге ғарыз қылармыз деп Ырғыз бойына келгенімізде майор Лебедев бірлан правитель Ахмед екеуі отряд бірлан алдымыздан шығып, бізнің жанымыздағы Байқадам батырны шауып алып кетті. Мұнан соң: құдайдан рахым болмаса, орыстың үлкенлерінен мархабатшылық жоқ екен деп біз һам біраз мұнша іс қылғанларымыздың себебі сол еді. Бұрынғы Орынбордағы үлкенлерден үмітімізні үзіп едік. Сол уақытта сізні келіп Орынборға түсті деп естігеннен соң мұнша ғарызымызны сізге айтып мағлұм қылдық. Сізден бұрынғы орыстың үлкенлерінен зорлықтан басқа мархаматшылық көргеміз жоқ дүр. Енді сізден мархаматшылық болар деген үмітіміз бар. Бізнің бұл ғарызымызны падишаһқа жеткізіп, біздің өмірімізні өзімізге қайтарып алып берсеңіз – орыс, қазақтың көз жасының сауабына қалар едіңіз.