Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет79/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105
Бұ сөзімнің растылығына Кенесары сұлтан Қасымоғлы мөрінің бастым.
1844-жылда, ақырап айының он бірінші нәумінде рақым тапты».
Бұл Орынбор генерал-губернаторымен арадағы қарым-қатынастың ашық жаулыққа ұласар алдында жазылған соңғы хаттардың бірі.

ххх
«Сізге ғизатлу һам хүрметлұ генерал хазіретлеріне Бізден Кенесары сұлтан Қасымоғлындан
Арызымыз сол: озған жыл правитель Баймұхамед, Арыслан ғаскер билан бізні ізләп келе жатқанда Торғай бойында бір інімізні Әбулғазы сұлтанны бірнеше жолдастары бірлан ұстап алып кетіпті дүр. Және Сібір тұсындан бізнің бір ініміз Мұстафа сұлтанны бірнеше жолдасы билан ұстап алып кетіпті дүр. Және Сібір тұсындан Уәли ханның баласы Ғұбайдолла ағзамны ұстап алып кетіпті дүр. Бұларға қандай мейірбаншылық қыларыңызны һам өзіңіз білерсіз.
1844-жылы желтоқсан айында жазылған хат».
Бұл – Кенесарының патша ұлықтарынан әбден күдер үзіп, өзінің жеке басына бәйге тігіп, басын кесіп әкелу туралы жасырын пәрмен шыққан соң қалайда тұтқындарға араша түсіп, оларды өлім жазасынан құтқару мақсатында ескерту ретінде жазылған хаты.
Міне, Мұхтар Әуезовтің: «Пьесаны жазардан бұрын көп материал жинадым, Кене ханның қозғалысының тарихын білемін деп сеніммен айта аламын. Орынбордың, Омбыдағы Сібір ведомствосының метариалдарын зерттедім, казактар мен қырғыздар арасынан материалдар жинадым»- дегендегі деректердің ұзын-ырғасы осы мазмұндас болса керек.
Бұдан басқа мемлекеттік архив сөрелерінде Кенесары сұлтанның отыздан астам хаттары бар. Ал Ресей мұрағаттарындағы құжаттарды толық жинастыратын болса, онда оның саны 30 томнан асады. Біз тек орталық архивтегі арап харпімен жазылған, Кенесарының өзінің мөрі басылған хаттардың бірнешеуін ғана оқырман назарына ұсындық.
1844-1845 жылдары патша үкіметі Ұлытау, Ортау, Ақтау, Ырғыз, Ақмешіт, Қарқаралы, Аякөз сияқты бекіністерді күшейтіп, онда тұрақты әскер орналастырылды. Жазалау отрядтары шықты. Генерал Вишневскийдің барлау-жазалау, Жетісуды бодандандыру жасағы дайындалып жатты. Бұдан кейін Арқада қоныстанудың мүмкін еместігін түсініп, Жетісуға бет бұрады. Мұхтар Әуезовтің пьесасындағы Кенесарының Бұғыбайға:
«Қырғызбен келісер-келіспесіңе көзім жетпейді. Атамның қылығын алдыңа тартар. Тұтқында кеткен мың үйлі қырғызды айтпас деймісің. Бірақ, оның да бір жағында қытай, қалмақ, бір жағында Қоқан, тағы бір жағында қапқалы келе жатқан орыс (бар). Бір заманда өкпелі болса да, қазір де қазақтан басқа кімі бар. Сөзді ұқсын, келіссін. Алатауға ірге тіреп қырғыз-қазақ бірігіп елдік жасаймыз. Содан соң сыртынан қапсыра құшақтап буып алғалы орыс келе жатса да өзімен-өзі алысып жатқан Қоқан, Бұхара анау, соның екеуін де біріксек біз аламыз. Содан соң оңдағы, солдағы жаудың екеуін де көріп алармыз. Ықтиярымен көнбейтін болса бағындырамын, көндіремін, сонымды айт! Менің Арқадан кеткендегі тұратыным - Алатау. Ірге көметін жерім осы. Бұл таудың іші-тысын жайлаған ел, не менімен дос болып бауырыма кіреді, не болмаса – қасым болып қарсыма шығады. Аралықта қалмайды, соны айт!» - деп булығатын буырқанысты зауал шағы.
Ал: «Пьесаны жазардан бұрын көп материал жинадым, Кене ханның қозғалысының тарихын білемін деп сеніммен айта аламын» - деген пікірі де шындық болатын. 1925 жылы М.Әуезов өзінің әйгілі «Әдебиет тарихы» атты зерттеу еңбегін жазды. Онда «қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» деген ұғымды кіргізе отырып, «Кенесары – Наурызбайдың» қысқаша әңгімесі», «Кенесары» жырының мәнісі» атты арнайы тарау арнап, халық жырларын барынша тереңдете талдап, олардың тарихи шындыққа орайлас тұстарын деректерге сүйене отырып саралайды. Оны:
«Көкбай шығармасында халық ауызында жүрген тарихтық деректер мен естеліктерді, лақап әңгімелерді, әрі көлемді фольклор материалдарын көп жинап пайдаланған. Сонымен қатар Абай арқылы кітап жүзінен алынған, баспаға шыққан мақала, зерттеулердің дәлді деректері бар екені да байқалады. Мысалы, Көкбай жырында Абылайдың жетпіс жаста, 1781 жылы өлгендігі айтылады. Орта Азия хандарының тарихынан Қоқанның Ғұмар ханы, оның нәсілі Бала ханның жайы, Ташкеннің беглер бегі, қазақ хандары мен Қоқан хандығы және Бұқар әмірінің арасында болған қатынастар тарихқа жақын шындықпен аталған болады. Абылайдың бергі замандардағы тарихтық адамдардың өмірбаянына, іс-әрекеттеріне тарихтық жағынан қанықты болған білгірлік байқалады. Қазақтағы хан-төрелердің көршілес елдермен қақтығысулары да тарихтық деректерге үйлесіп отырады» - деген талдаудан анық байқауға болады.
Кенесары қозғалысы туралы басылып шыққан Смирновтың, Середаның, сондай-ақ «Вестник Европы» сияқты өмірбаяндық тарихи очерктерді түгелдей оқып, көңіліне түйгені анық. Міне, сондай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тақырыпты бойына толық сіңіріп: «Әр тарихи дерекке әркімнің өзінше қарауға құқы бар, бірақ өз концепциясы болмаса, ешбір автор тарихи тақырыпқа қалам тарта алмайды», - деген дәрежеге жетіп, айтар ойы анықталған соң, енді сол тарихи оқиға өткен жерді көзімен көріп шығу үшін Кекілік тауына бет алған. Осындағы «авторлық позиция мен концепцияға» қарсы қандай саяси-тарихи баға бар еді? Бар еді және оны тұжырымдаушылардың бірі Мұхтар Әуезовтің немере жиені профессор Мұсатай Ақынжанов болатын.
М.Ақынжанов: «Соғыс кезінде совет тарихшыларының едәуірі Отан қорғау жұмысына атсалысып жүрген кезде, Е. Бекмаханов әлдеқашан тарихтан алынып тасталынған содырлы Кенесары Қасымовты «тірілтіп», жат пікірді кайта соныламақ болды. Бірақ оның бұл әрекетін Қазақстан жұртшылығы өте суық қабылдады.
Орталық партия комитетінің органы «Правда» Бекмахановтың ұстаған жолының қате екенін, бағытының буржуазияшыл-ұлтшылдық екенін әшкереледі. (...) Жұртшылыққа белгілі Қазақстанда XIX ғасырдың алғашқы жарымындағы үстем тап - «ақсүйектер» мен бай-феодалдар болған. Олардың өздерінше(пайымдауынша) «ақсүйектік және дворяндық ұлт мәселесі» болды. Қазақ «ақсүйектері» Қазақстан Россияға қосылғаннан кейін хандар тұсындағы артықшылығы мен құдіреттілігінен айырылды. Сондықтан олар Қазақстанды орыс мемлекетінен бөліп алуды тіледі. Мұнысымен олар қазақ елінің басына хандарды − «ақсүйектерді» қойғысы келді. Сөйтіп қазақ халқының тағдырын хандарға тапсыруға тырысты. Міне, осыны Сталин жолдас феодалдық-монархиялық «ұлтшылдық» деп атайды.
Хандық үкіметтің жойылуы қазақ халқы үшін, сөз жоқ, жеңілдік болды. Өйткені Маркстың айтуынша 700-800 жылға созылған Шыңғыс хан тұқымдарының «жексұрын қансоқталығына» аз да болса тыйым салынатын еді. Әрине, оны орыс патшасы қазақ еқбекшілеріне жаны ашығандықтан емес, өз құлқы үшін, хансыз қазақ елін чиновниктер арқылы жеке билеп, жеке қанау үшін істеді. Солай бола тұрса да, бұл бір адым ілгері басқандық еді. Өйткені екі қанаушының бірі, әсіресе, 800 жылға созылған «жексұрын кансоқталық» кемитін еді. Екіншіден, ортағасырлық хандық құрылыс казақ ішіне капитализмнің кіруін бөгеп, экономикада натуралдық қалыпты сақтап отыратын еді. Сондықтан хандық институтының жоғалуы қазақ халқы үшін дұрыс қадам болды.
Қазақ халқының Кенесары соңына ермей, Россиямен бірге болуды тілеуінің тарихи зор мәні бар еді: 1) Кенесарыға еріп кеткенде, қазақ еңбекшілері орта ғасырдың шырмауында, қол аяғын жаза алмай отырған, қаусаған шірік хандықтардың біреуіне тәуелді болып, ақыры ағылшын жыртқыштарының құлдығына түсетін еді. 2) Қазақ елінің быт-шыт болып тозу қаупі болды. Өйткені, Кіші жүз қай жағынан болса да Россиямен біріккен. Ол, сөз жоқ одан айырылмайтын еді. Олай болса, тұтас қазақ елі бірнеше хандықтарға бөлініп, Қытайдың, Орта Азия хандықтарының, Россияның қол астына бытырап кетіп, халықтығынан айрылатын еді. 3) Шаруашылық тұрмыс құру жөнінен шығыс хандықтары қазақ халқының отырықшылануына,
егіншілік кәсібімен айналысуына жол бермейтін еді. Өйткені, оның өзі ескі ортағасырлық тұрмыста болды. Ал бұл кезде қазақ елінің Ұлы жүзден басқасында Россияға қосылу арқылы егін, отырықшылық, сауда қатынасы күшейді.4)Россия тек патшалық Россия емес еді, халықтық-бұқаралық Россия да бар болатын. Орыстың халықтық-бұқаралық мәдениеті де өсті. Бұқаралық Россия өзімен отырған елдердің болашақ Абай, Ыбрай, Шоқандарын туғызуға әсер етіп отырды.

Кенесары генерал Горчаковқа жазған бір хатында «Ортажүзден кетіп барамын, өйткені бастықтардан да, қол астында отырған халықтардан да ешбір мейрім таппадым, бәрі де жаулық етеді» - деп мойындаған. Бұдан қорытынды Кенесары орта жүзге сия алмай, халық қаһарына қарсы тұра алмай, зытып отырған.
Бірақ, оның орта жүзден кішіжүзге ауысуы тегін емес. Өзінің ескі достары Хиуа, Бұқар хандықтарына жақындап көмек алу болған. Өйткені, ол орыс патшасына қарсы халықтың азаттық күресіне басшылық етем десе, сол кезде шыңына жеткен нағыз халық қозғалысы Исатай - Махамбеттің күресіне қосылу керек еді. Керісінше, ол оған жау болған. Жаппастың ішінде Наурызбай тобы Махамбетке қарсы оқ атқан. Ал оның керісінше ел талаушы Жанғожамен бірігіп кеткен. Жанғожа екеуі тізе қосып алып, бейбіт өмір сүріп отырған қазақ ауылдарын Созақ, Сайрам қалаларын шапқыншылыққа ұшыратқан.
Кенесары кіші жүздің жеріне келіп орналасқаннан кейін өзінің «әскери күшін» молайтып алу үшін неше түрлі сұмдық айла-амалдар істеген. Орынбордың генерал-губернаторы Перовскиймен, Хиуа, Қоқан хандығымен, Жанғожа Нұрмағамбетұлы сықылды ел тонаушылармен жақсы қарым-қатнас жасаған. Перовскийге жазған бір хатында «Бастықтарға қарсы келе алмаймын, қарсы тұрғым да келмейді...» - деп жағымпаздана келіп, осы келіп отырған жерінен козғамауын тілейді».
Әрине, Мұхтардың ұстанғаны мұндай жалған тарихи «позиция мен концепциямен» емес еді. Сондай берік ұстаныммен Ленинградтан аттанған Мұхтар Әуезов 1927 жылы Бішкек барып, Қордай асып Алматыға келген. Әлкей Марғұлан бұл жайды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет