Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет78/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   105
Құдай бір, закон басқа дүр.
Бұ істерді мархамат қылып алып берсеңіз: қандай уағда қылсаңыз да бармыз. Мұнан бұрын Қарабай сұлтан ағзамны жіберіп едік, оны һам жібермеді. Сол себептен өзіңізнің қол астыңыздағы Иманшаоғлы молла Баймұхамед бірлан бір орыс, бір башқұртны елші қылып жібердік.
Бұ сөзнің растылығына Кенесары сұлтан Қасымоғлы
мөрімні бастым және қолымны қойдым.
1844-нші жылда рамазан айының он бірінші наумінде хат жазылды».

ххх
Сізге ғизатлұ, хұрматпұ ұлығ мәртебелұ Орынборда тұрушы жандарал хазіретлерге
Бізден Кенесары Қасымоғлындан

Ғарызымыз сол: сіз мархаматшылық қылып жіберген ғарызымызға жауап жазып, Иманшаоғлы молла Баймұхамед бині жібергеніңізні көріп хош уақыт уә хорам болдық. Мұның бағытында: сіз айтып, сіз ұлығ император хазіретлерімізнің қылған мейірбаншылықлардан бас тартып, өсекшілік қылып, бұрынғы ұлығ губернатор жандарал Генске қылған мейір уағдаңызға опа қылмай мұнша іс қылыпсыздар. Қылған істеріңіз сол: бұхаралық Құрманбай Ниязоғлының малын талап және бір орыс сотқарының приказчигін уә екі қосшыны өлтіріп, пұлларыны талапсызлар - дей дүр. Және жаппас руы қазақларының ауылдарын шауып, қарусыз Алтыбай би Көбекоғлыны өлтіріпсіз дей дүр. Уә және мұнан басқа канонға симайтұғын қылған істеріңіз көп дей дүр.
Бұл орыс, қазақ, бұхаралықның айтқан сөзіне иланып бізге бұ жауапты айтыпсыз. Мұның бағытында мен сізге көп-көп тілек қыламын: бұ ғарызымызны шын қалып билен тыңласаңыз сол уақытта сенеміз. Ләкин көргенім жоқ дүр.
Қоқанд жұртына қараған тама руы Құрман бинің адамлары атланып, сізнің бұ айтқан Ниязоғлы Құрманбай бірлән орыстың приказчигін өлтіріп, малларын талап алып дүр. Мұның бағытында жаппас руы Көбекоғлы Алтыбайды Қоқанд бірлан бас қосып шөмекей тайпасы сарқасқа руы Сарман бині өлтіріп еді. Мұның бағытында шөмекей тайпасы Алтынбай бинің ауылдарын шауып, өзін өлтіріп дүр. Бұ мәзкүр болған сөзларға сізнің көңіліңізге күмән келе дүр. Мұнша іслерді өзләрі қылып, басқа адамларға айта дүр дейулар. Бұ айтылған істердің растлығына әуелі құдай, ақыры қазақ жұртының әрбір жақсыларына мағлұм дүр. Бұ барған молла Баймұхамед Иманшаоғлы бұ істерді көзі көрмесе де құлағы естіген дүр. Және ғарыз қыламын:
Біз хат жазып, Иманшаоғлы молла Баймұхамед бині сіздің қызметіңізге жібергеннен соң, сізге қараған қалмақ жұртынан жылқы алып, Полтавский деген қаладан бір орыстың баласын ұстап алып келген екенлар. Біз сізге айырып қызмет қылмақ үшін кісі жіберіп алдырып, бұл жіберген орыслар бірлан қосып жібердік. Өзіңіз данасыз, білерсіз. Бізден басқа қазақлар іс қылмағы тұрған болса, бұ істерді кім қылған екенін өзіңіз сұрап білерсіз. Қалыс елге һам бізні тергеп кеп(гәп) сөз айтыпсыз. Біз сіздей данышман болмасақ та сөз мағнасын аңғарамыз. Өз пайдамыз үшін айтыпсыз уә және мүзәкара болған сөзләрда бұрынғы бастықтарға уағыда қылып, уағыдаңызға опа қылмайсыз. Сол себеплі иланып болмай дәйулар деп жауап қылыпсыз. Бұрынғы Орынбордағы бастықтар әрбір сөз айтса да көңілімізге муәфиқ келіп, сізнің бұ айтқан мейірбаншылық мархабатыңызға ұлы жан билан иланып, әміріңізні тәрік қылмай қолымыздағы орыстардың нешесін беріп жібердім. Және ғарызымыз ағзам император падишаһның дәулеті жаһанда бір ұлығ дария дүр. Біз торғай. Дариядан торғай су ішкенменен таусылып қалмас дейділар. Падишаһның кең дәулетінегі махрұм тасталмай, сіз бен бізге елікнің бір кеңлігін алып берер деген үмітіміз көп дүрлар. Бұ ғарызымызға өзіңіз данасыз, ойлап білерсіз, мейірбанылық қыла көргейсізлар. Бізнің қазақ жұртының бір нақылы дүр: «Ісіңді көпке сал, көпті қүдайға сал» – деген. Бұ ісімді сізге салдым, сізді құдайға салдым.
Және ғарызымызға біз тараптан ұлығ падишаһы ағзам император хазіретларының мемлекетіне сірге түскен пенделер кегі дүр екен. Оны мармхаматшылық қылып шығарсаңыз дүние уә ахретіңіз абадан болып, көп сауапқа да Һал (себепші) болар едіңіз. Және ғарызымыз айыпсыз бір алланың өзі дүр. Бізнің айыбымыз көп дүр. Бұ мархамат ғинаят нәмеңіз келгеннен бұрынғы қылған істеріміз болса, кешіргейсіз. Сіз бізге жер жерде иланбастық сөз айтып, сіз бізнің кепілімізді Иманшаоғлы молла Баймұхамедті ұстарсыз. Өзіңіз қандай мейірманшылық қылсаңыз өзіңіз білерсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет