Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет89/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   105
Оқу комиссарияты театрға жасаған бұйрығында былай депті:
«Хан Кененің» үш пердесін көріп, бұл қазақ елінің орыс патшасына қарсы күрескен тарихы мен қырғыз-қазақ арасының төңкерістен бұрынғы ұлт қарым-қатынасын көрсетуге арналған пьеса деп түсіндім» - депті. Міне оқу комиссариятының мұнысы түсінгендік емес, түсінбегендік. Негізгі қосылмайтын жеріміз де осында.
Босқа таласып, керкілдеспеу үшін ең алдымен түсінісіп алатын бір мәселе бар. Ол әңгіме келешекте жазылатын, әзір жазылмаған пьеса жайлы емес. Әлде қашан жазылған, қазір сахнаға шығарылған «Хан Кене» жайында. Осының мазмұны не? Соны сөз қылып отырмыз. «Хан Кенені» көбіміз көрдік. Темірбек үш пердесін көрсе (үш пердесін ғана көріп тұжырымды қорытынды шығарудың өзі ұшқарылық болады демей-ақ қояйық. Темірбекке: Біз түгел көрдік, біз көрген «Хан Кененің» қай жерінде қазақ елінің орыс патшасымен күрескен тарихы барлығын біз біле алмадық. Сахнаның аржағында болмаса, сахнада ол жоқ. Сахнада қойылған, біз көрген «Хан Кененің» түсінігі басқа. Мұхтар Кененің қалай хан сайланғанын, қалай құлағанын, сонымен бірге хандықтың қалай тұралағанын көрсетуге тырысқан. Біздіңше түзетуді осы жағындағы кемшіліктерінен іздеу керек. Дұрысында «Хан Кененің» мазмұны не? Оқу комиссариятының бұл қазақ елінің орыс патшасымен күрескен тарихы деп отырғаны дұрыс па?
Сахнадан біздің көргеніміз мынау: әр елдің беделді-беделді би, белді батырлары бастап көпке Кенесарыны хан сайлатты. Кене хан болып алған соң жан-жаққа ат шаптыртып, қолы жеткен қазақ елінің басын қосып Абылайдың ала туының астына жинағысы келді. Ерген елді жинайды, ермегенін тіземен ерткісі келіп елші аттандырады. Көнбегенін шаба бастады. Бірнеше елді шауып алды. Көнбегеннің бірі – қырғыз. Іргесін Алатауға көміп, қытай патшалығымен қолтықтасқысы келген Кенесары қырғызды шабуға аттанады. Аяғында қырғыздан жеңіліп, құлады. Оның үстіне әуелі Кенеге ерген дулат т.б. елдер Кенені майдан үстінде тастап кетеді, құлаудың басты бір себебі осы болады.
Біз көрген «Хан Кененің» ұзын ырғасы осы. Мұхтардың осылай көрсетуі дұрыс па? Қандай кемшілігі бар, ол өз алдына сөз.
Бірақ, осы «Хан Кенені» қазақ елінің патшамен күрескен тарихы деп түсініп, түзетуді осы жағынан іздесек дұрыс емес. Мұнымыз жазылған пьесаны түсінгендік емес. Тегінде бізге қандай пьеса керек, соны айтайын дегендік, мұның жауабы өз алдында.
(...)
Қазақ елінің орыс патшасымен қалай күрескендігін көрсетуге тек Кенесары оқиғасы ғана үзеңгілеседі деуге болмайды. Бұл тілекке Исатай-Махамбет қозғаласы неге жарамайды. Ол жарамасын, 1916 жылдың қозғалысы патшаға қарсы қазақ ұлтының қозғаласының ең бір беласар биігі емес пе? Жалғыз «Хан Кенеге» қамалатын неміз бар сонша?
Қазақ елінің патшаға қарсы қозғалысының ең бір тұрманы түгел келген мағынасы осы Кенесары қозғалысы ма? Қазақтың патшаға қарсы қозғалысы хансыз болмайтын боса, келіңдер жаңа пьеса жаздырайық. Қозғалысқа қарсы қазақ елін сатқан қазақ хандары толып жатыр. Оқу комиссариятының керек ісі осы жағы болса, ол уақытта «Хан Кенені» түзеттірем деп әуре болудың керегі жоқ. Төсегі түгелімен өзге жаңа пьеса жаздыру керек.
Бүгінгі жазылып қалған «Хан Кененің» шеңберіне бұл тілек симайды да, әсіресе, түзету деген сөздің шеңберіне симайды. Ол тілек - оқиғасы өзгерген жаңа пьесада орындаттыратын міндет, керегі осы болса келіңдер ашық қояйық.
«Хан Кене» қазақ елінің орыс патшасымен күресін көрсететін тарих болсын дегеннен туады. Бұл тілек «Хан Кенені» тек қана түзетумен орындала ма?
Ең алдымен пьесаның оқиғасы түгел өзгерер еді. Бір жағында қазақ даласын отарлап келе жатқан орыс патшасы болып, екінші жағында осымен алысып көнбей жатқан қазақ елі болар еді.
Қ

озғалыстың басында тұра ма, қасында тұра ма, әйтеуір соның ішінде Кене хан болуы керек болар еді. Бұл өз алдына бір тақырып. Бұл өз алдына көрсетуді керек ететін жаңа пьесаның материалы емес пе? Ол пьесаның аты «Хан Кене» емес, басқа болуы керек. Оқиғасы түгел өзгертілсін, бірақ оның аты түзету болсын дегенді естіп отырғанымыз осы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет