Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет29/61
Дата16.11.2016
өлшемі10,06 Mb.
#1885
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61

ҚК (б)П Орталық Комитеті өзінің қаулысында былай деп жазды: Тіл және әдебиет институтының еңбектерінде, бірсыпыра ғылыми қызметкерлердің диссертацияларында «әдебиетті қоғамның материялық тұрмыс жағдайларынан ажыратушылық бар, қазақ ауылдарындағы тап күресін бекерге шығару немесе бүркемелеу бар, бұрынғы феодалдық-рулық құрлысты дәріптеушілік бар. Революциядан бұрынғы ақындардың ауызша шығармаларын, билердің шешендік сөздерін талдағанда олардың шығармаларының әлеуметтік мәні мүлде ашық көрсетілмеген. Тарихта белгілі феодалдар – Кеңгірбай, Қараменде, Шорман жән басқалар сияқты бұқара халықтың жаулары – халықтан шыққан данышпандар, халықтың қорғаушылары еді деп мақталады».

Қазақстандағы көрнекті тіл мамандарының бірі Кеңесбаев жолдас Қазақ ССР Ғылым Академиясының бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде былай дейді: «Қазақстанның тіл мамандарының алдында тұрған. кезекті міндет – ертедегі тіл мамандарының – түркологтардың зерттеулерін қорыту, түріктердің (қазіргі қолданылып жүрген «түркі» ұғымы мағынасында – Т.Ж.) жазба мұраларын зерттеу жөніндегі түркологтардың бағалы еңбектері қазақ тілінің тарихын жасаудың негізі болуға тиіс» (астын сызған біз). Қазақстанның әдебиетшісі Әуезов жолдас та өзінің «Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мәселелері» туралы баяндамасында тегінде осыны айтты.

Әрине, әдебиет пен тіл тарихын зерттеуге, арғы замандағы түрік тұқымдарының әдебиет тарихы мен тіл тарихын зерттеулеріне ешкім де қарсы емес, бірақ біз Кеңесбаев жолдас пен Әуезов жолдасқа мынадай сұрақ қояр едік: қазіргі заманғы қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің негізгі мәселелері осы ма, қазіргі тұрмысымыздың өте қажетті, кезекті міндеті осы ма? Бұл жолдастар мынадай даусыз фактыны елемей отыр: қазақтың жазба әдебиеті, қазақтың мемлекеттік әдеби тілі шынында Ұлы ОктябрьСоциалистік революциясынан кейін туып, өркендеді».

Бұл пікірлер алдағы уақытта әшкереленетін панисламизм, пантүркизм, әдебиеттің тапсыздығы, фольклор мен эпос туралы «ұйымдастырылатын тақырыптарға» көрсетілген нұсқау болатын.

С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): «Өте сауатсыз жазылған диссертациялық еңбектің бірі – Ә.Қоңыратбаевтің «Лироэпос» («Ғашықтық жыры») деген еңбегі Диссертант өзінің еңбегінде қорытылмаған шикі материалдарды жинай берген, осы мағынада бұл нңбекті ғылыми еңбек деп атауға болмайды. Қоңыратбаевтың диссертациясы идеясыздықтың, бисаясаттықтың, бипартиялықтың үлгісі болып табылады. Қоңыратбаев жолдас өзінің еңбегінде көрінеу саяси қателер жіберген. Ол маркстік методологияны қолданудың орнына, бір кездерде буржуазияшыл ұлтшылдардың қатарында болып, солардың идеологиясын насихаттаған кейбір совет әдебиетшілернің теріс, қате, зиянды пікірлерін қолдаған, саяси сезім дегеннен айырылғандықтан, автор буржуазиялық-ұлтшылдық былықтарды тарихқа енгізуге тырысқан. Сонсын, өзінің еңбегінде автор адамзат тарихының қоғамында болған өндірістік қатынастардың негізгі түрлерін шатастырып, қазақ өмірінде «бақташылар қоғамы», «көшпелі қоғам», «бектік қоғам» және осы сияқты ерекше қоғамдар болған деп былжырайды».

Алдындағы ағаларының барлығы халық жауы атанған Әуелбек Қоңыратбаевты басына сөйлеуі оңтайлы тәсіл. Бірақ «кімнің былжырағанын» тарих өзгеше көрсетіп берді.

С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): «Б.Кенжебаев жолдастың «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ақындығы» деген еңбегі де қатеден сау емес. Кенжебаев жолдастың диссертациясында революциядан бұрынғы қазақ ауылындағы таптық жіктелу жоққа шығарылған, осының салдарынан ол ХХ ғасырдың басындағы бірсыпыра әдебиет өкілдерін жалпы ұлттық, жалпы халықтық қайраткерлер есебінде сипаттайды. Шығармасында талай қайшылықтар кездесетін демократ ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровты автор диалектикалық материализм позициясындағы, ғылыми коммунизмді таныған философ деп есептейді. Бұл, әрине, Торыайғыровтың шығармаларын тым асыра бағалау болып табылады. Осындай бірсыпыра қателері бар диссертациялық енңбектердің жақсы бағалануы ғылыми қызметкерлер арасында принциптік сынның жоқтығын, қайта шірік либерализмнің бар екенін көрсетеді».

Иә, «шірік либерализм» мен «вульгарлық социалигизмнің» бірін-бірі жақтыра қоюы мүмкін емес. Ал өз дегенінен қайтпайтын Б.Кенжебаев араға бес жыл өткен соң Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық мұраларын әдебиет тарихына қайта енгізді.

С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): «Тіл және әдебиет институтында ғылыми кадрлардың мамандығын арттыру ісі жолға қойылмаған. Институтың қызметкерлерлігіне немесе аспираттығына кездейсоқ адамдар алынған. Институттағы ғылыми қызметкерлер мен аспиранттардың жалпы білім дәрежесі төмен, олардың бірде-бірі большевизм теориясы мен тарихын шындап үйреніп жүрген жоқ. Бекбергенов, Тәжібаев, Тұрысбекова, Нұрмағамбетова және басқалар сияқты көп аспиранттар марксизм-ленинизм негіздері мен ағымдағы саясаты жөнінен әліп-би мәселелерді де айыра алмайды... Филология ғылымдарының кандидаттары Шалабаев, Қоңыратбаев, Нұртазин сияқты институттың бірсыпыра басты қызметкерлері Сталин жолдастың шығармаларының бір томымен де таныс емес. ... Олар Маркстің: «Ғылымда даңғыл жол жоқ, кім де кім жалықпастан ғылымның тасты соқпақтарына түсіп тырмысса, тек сондай адам ғана ғылымның сәулелі шыңына жете алады», – деген данышпандық нұсқауын ұмытқан. Олардың мұны ұмытқан себебі – институтта бипартиялық, идеясыздық күшті болған, бірінің қатесін бірі көрсетпей, кемшілікті жасыра түсу жұмыстың стиліне айналып, кейбіреулердің еңбексіз ғалымдыққа жетуіне жол ашылған. Осындай ғылымдардың бірі Ә. Маметова өзінің «Қазақтың шешен билерінің сөздері» деген диссертациялық еңбегінде халық мұңын қорғаған бір бидің сөзі еді деп мынаны айтады:

«Ауыл құты – бәйбіше, ру құты – ақсақал, аймақ құты – би, ұлт құты - хан».

Институттың басшылары мен оппоненттер Маметова жолдастың еңбегін мақтағанда, осы былығын көре тұрып мақтады ма екен! Өзінің тарихи дамуында талай заманды артта қалдырып, Советтік Отанымыздың саясында өсіп өркендеген қазақ халқына керегі – бұрынғының әдет-ғұрпы мен салт-санасы емес, бүгінгі күннің тіршілік мұқтажы екендігі Тіл және әдебиет институтындағы жолдастарға түсінікті емес пе екен!»

Қазақ ұлтының рухани мұраларының ғылыми тұрғыдан байыпты зерттелуінің қажеттілігі Тіл және әдебиет институтының ғалымдарына түсінікті болатын. Ал солардың бұл дұрыс ниетін:



«Мұның бәрін білімнің аздығынан, тәжірибесіздіктен кеткен кездейсоқ қате деуге бола ма?».

Болады екен. Өйткені:



«Бұл – қате ғана емес, бұл – –теріс бағыт. Мұның негізі – қазақтың бұрынға феодалдық құрылысын дәріптеу, өткен дәуірдің түрлі өкілдерін мақтап, кейбір реакцияшыл элементтерді ақтап алу, қазақ ауылында тап күресі болғанын жоққа шығару»,– екен – міне, сондықтан да ғылым, әдебиет және көркем өнер қайраткерлері жайлысында жасаған баяндамасында ҚК(б)П Орталық Комитетінің секретары Шаяхметов жолдас: «Тіл және әдебиет институтының кейбір қызметкерлері, тілесе де, тілемесе де, әлдеқашан қиратылып, ұмытылған жергілікті ұлтшылдыққа өздерінің қателері арқылы есік ашты»,– деп өте дұрыс айтты. Қазіргі заманның тақырыбынан қашқақтау, әдебиет пен тіл мәселелерін большевиктік партияның саясатынан – советтік құрылыстың тіршілік негізі ьһболып табылған саясаттан бөлек алып қарау, шынында да, буржуазияшыл-ұлтшылдық идеологияны жандандыруға, идеясыздық пен бисаясаттыққа жол ашады. Өйткені ұлы Ленин айтқандай, бипартиялық дегеніміз – буржуазиялық иея, ал партиялық дегеніміз – социалистік идея. Сондықтан да Қазақстан коммунистер (большевиктер) партиясының Орталық Комитеті ғылым мен әдебиеттегі бисаясаттық фактілерін елеусіз қалдыра алмады, халықтың рухани тілектерін орындауда өздерінің борыштары мен мііндеттерін ұмытқан адамдарға қарсы күресін бәсеңдете алмады. ҚК(б)П Орталық Комитеті «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы» қаулысында БК(б)П Орталық Комитетінің идеология мәселелері жөніндегі нұсқауларыына толық сүйене отырып, әдебиетшілер мен тіл мамандарының таяудағы міндеттерін көрсетіп берді. Біздің әдебиетшілеріміз бен тілшілеріміз партияның нұсқаууларыын толық қолданып, идеологиялық жұмыстағы саяси қателер мен бұрмалаушылықтарды тереңнен ұға білулері керек, ол қателердің зардабын жоя білулері керек, сөйтіп, ғылым мен әдебиетте идеясыздық пен бисаясаттыққа жол бермеулері керек. Ғылым мен әдебиетте партиялық күшейсін! Партиямыз бен халқымыздың қазіргі талабы осы. Бұл талап коммунистік қоғам орнату жолындағы күрестің алдыңғы қатарындағы идеология майданының барлық қайраткерлерінің жұмысына негіз болуға тиісті»,– болды.

Мұндағы айтылған әр «нұсқау» алдағы үш жыл бойы тікелей саяси нақандық қызметке айналып, әр сөз, әр орам, әр адам жеке-жеке әшкереленіп, жеке-жеке талқығы түсті. Ал жазушылар өздеріне тиесілі қызыл сөзді барынша саяси тұрғыдан қырнап, «батылдандырып» (С.Мұқанов), неғұрлым әсерлі орамдармен түрлендіріп, «өздерінің жұмысына енгіз етіп алды». Ұстазымыз А.Қайыргелдин марқұм, осы жайларды: «Біз не істемедік...»,деп қызулана сөйлеп келіп, қолын бір-ақ сермеумен аяқтайтын. Зады өзінің де осы мақалаға қол қойғаны және оның «мәдениет майданында» салған ылаңы есіне түсіп кететін болса керек.

«Жазалау саясатының» екпіні мен пәрмені бәсеңсіп қалмас үшін «Правда» газеті өзінің тілшісі А.Черниченко арқылы түрі қостау пікірлерін (отклик) ұйымдастырып, Қазақстандағы әр бір әшкерелеуді «Правданың» бас редакторы Л.Ф.Ильичевқа, ал ол өз кезегінде М.А.Сусловқа жеткізіп отырды. Сөйтіп, бүкіл Қазақстанның идеологиясы тікелей Кремльдің қадағалауын көшті.

Жаппай науқан 1951 жылдың 11-12 наурызы күндері Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих институтында басталды. Онда «Правда» газетіндегі мақала толықтай мақұлданып, Кенесары және тарихшы Е.Бекмаханов «қазақ халқының жауы» болып жарияланды А.Черниченко оның есебін «Правданың» бас редакторына жіберді, ал ол 13 нарыз күні Ильичевтің ілеспесімен Сусловқа жеткізіліпті. Сусыманың мазмұны мынадай:



«Правданың» мақаласын талқылауға арналған Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих институтының жабық партия жиналысы екі күнге созылды. Жиалысқа 30 адам қатысты. Жарыссөзде 11 коммунист сөйледі. Онда кеңейтілген қаулы қабылданды. «Правданың» мақаласы өте дұрыс деп табылды. Газеттің жарияланымы «Правданың» Қазақстан ғылымының дамуынан жасалған қамқорлық деп бағаланды. Қаулының әшкерелеуші бөлімінде: Кенесары қозғалысын феодалдық-реакциялық, монархиялық қозғалыс. Кітап авторы Бекмаханов – буржуазияшыл-ұлтшыл, троцкишіл Варшавскиймен ауыз жаласқан, екеуі бірігіп идеология майданына зиянкестік келтіріп отыр – деп бағаланды.

Ал қаулының шешім қабылдайтын бөлімінде: Бекмахановтың партиялық мәселесі ол Москвадан қайтып келген соң талқылансын. Оны ғылыми дәрежесі мен атағынан айыру мәселесі көтерілсін. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінен оның кітаптарына тиым салу өтінілсін. «Қазақ ССР тарихының» екінші басылымын жүзеге асыру мәселесі ұсынылсын. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің хатшысы Омаров жолдастың Бекмахановты қолдай отырып, оның қарсыластарын қуғынға ұшыратып, ғылымға аракчеевтік (қарабайлық) қысым көрсеткен партияға жат мінезі Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің назарына ұсынылсын. Сонымен қатар, Бекмахановтың өзге де қолдаушылары мен қорғаушыларының, атап айтқанда, университеттің пекторы Тәжібаевтің, Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімінің бұрынға орынбасары Жұмағазиннің, сондай-ақ Әділгереевтің, Жиреншиннің т.б. партияға жат мінездерін де қарау мәселесі де қойылсын. Қазақстанның тарихын баяндауда маркстік ілімге қарсы ұстанымды өткізіп жіберген партия мүшесі, профессор Вяткиннің партияға жат мінезі Ленинград қалалық партия комитетіне хабарлансын,– деген шешім қабылданды».

Осы жабық партия жиналысының және сол жылы 21 тамыз күні өткен, президент Қ.Сәтбаевтің өзі төрағалық еткен Қазақ ССР Ғылым Академиясы Президиумы кеңесінің қолжазба хаттамасын ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының аяғында, осы мақаладан кейін 38 жыл өткен соң Кенесары қозғалысы мен Ермахан Бекмахановқа қазақ тарихы мен қазақ тарихнамасынан өз орынын беріп, оларды ақтау туралы «Жұлдыз» журналында тарихшылар мен әдебиетшілердің басын қосып, пікір алысу өткізгенімізден кейін академик Кеңес Нұрпейіс пен тарихшы Бүркіт Аяған бізге танысуға беріп еді. Онда қозғалыстың прогрессивті болуының себептерін орнықтыруға тырысқан Т.Тәжібаевтің, Әділгереевтің, Ділмұхамедовтің, Елеуовтің, Жиреншиннің, Нүсіпбековтің пікірлері мен соларды «халық жауы, ұлтшыл, буржуазияшыл, орысқа қарсы қастандық идеясын өршітуші» ретінде көрсеткен Шойынбаевтің, Х.Ғ.Айдарованың, Тұрсынбаевтің, Сүлейменовтің, Покровскийдің әшкерелеулерін ғана бүкіл қазақ тарихшыларының пікірі ретінде М.А.Сусловтың назарына ұсынған.

Ондағы пікірлерді саралап талдаудың өзіне бір монография аздық етер еді және ол тарихшылардың еншісі болса керек. Ал біздің мақсатымыз тарихи тұлғалардың тағдыр талқысын ашу және дәл осы арада бұл науқанның ұйымдастырушы «Правда» газетінің арандатуын көрсету болғандықтан да, сол «Правданың» Сусловқа жолдаған жоғарыдағы «сусымасының» жалғасын берумен шектелеміз. Ал мұнда осы жарияланымға байланысты алдағы уақытта кімдердің қуғынға ұшырауы мүмкін екені алдын-ала белгіленген және осы Бекмахановқа қарсы арандатуды қазақ тарихшыларының ішінен кімдер өршіткені туралы мағлұмат беріледі.

А.Черниченко (жалғасы): «Жиналыста сөйлеген коммунистер Бекмахановтың қателіктерін баса сынады.



Тарих ғылымының кандидаты Тұрсынбаев: – Кенесары – Қазақстандағы барлық контрреволюционерлердің туы болды. Ол ашалордашылардың да, 1930-жылдардағы байлардың Созақтағы көтерілісінің де, 1937-1938 жылдары әшкереленген контрреволюционерлер тобының да туы болды. Бекмаханов – ғалым емес, оның ұстанымы жоқ, ол ұлтшыл және троцкишіл Варшавскийдің көмегімен шимай-шатпақ кітап жазды. Оның кітабі қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы достыққа іріткі салады.

Бекмахановтың барлық қарсыластары Омаров жолдастың тарапынан арандатуғат және ұуғынға ұшырады. Олар жоғары оқу орындарына дәріс беруден шеттетілді, ғылыми кеңестің құрамынан және әр түрлі басылымдардың алқақұрамынан шығарылды. Көптеген оқулықтар Бекмахановтың ұлтшыл идеясымағымен тығындалған. Бұл идеясымақтармен студенттердің идеологиясы уланып жатыр. Университеттің ректоры Тәжібаев Бекмахановтың барлық қарсыластарын университеттен қуып шықты, Қазақстан тарихынан дәріс беретін олардың орынын оның (Бекмахановтың – Т.Ж.) жақтастарына айырбастады.

Біздің партия ұйымымыз «Правданың» мақаласын талқылауға рұқсат бергенде Бекмаханов Москваға зытып (удрал) кетті, кеткенде де депутаттарға арналған поезбен кетті, әрине, кейбір басқарушы жолдастардың көмегінсіз бұл мүмкін емес еді».

Өзіне өзі сенімді, шалқақ жүретін, кездескенді кеудесімен басып жібергесі келіп тұратын, университет пен тарих институтының ғылыми кеңестерінің және барлық тарихи басылымдардың алқа мүшелігіне қолы жеткен осынау тұлға жетпісінші жылдардың ортасына дейін, қашан көз жұмғанша кенесарышалар мен бекмахановшыларды бет қаратпады. Бірақ тарихи уақыт оның да үкімін шығарып, ғылыми ой сақнасынан ысырып тастады. Міне, жарты ғасырдың көлемінде оның еңбегіне сүйенген сілтеме ешбір ғылыми еңбектен кездеспейді. Бұл да тарихтың үкімі шығар.

Келесі кезек «Правданың» редакция алқасында Кенесары мен Бекмахановты көкпарға салып берген тарихшы Бек Сүлейменовке берілді. Шындығын айтайық, осындай әшкерелеуші партиялық ұстанымның тізгінінен ұстаған, «Правданың» сөзін сөйлеуші тарихшының да қуғынға ұшырап, жиырма бес жылға жер аударылып кетуі бізге еш түсініксіз көрінді. Себебін де анықтаудың реті келмеді. Қ.Мұхамедханов: «Мінезінен тапты. Ойнақтап жүріп өзі қақпанға түсті»,дегеннен басқа сыр ашпады. Біздің ойымызға, осы «Алашорда» тергеу ісі бойынша куәлікке тартылып, соңынан олардың өзі ату жазасына бұйырылған Д.Әділевтің, Ә.Байділдиннің сорлы тағдыры оралды. Бек Сүлейменов те соның керін құшқан болуы мүмкін. Ал оның төмендегі келтірілген сөзі өзінің де, өзгенің де тағдырының шәт-шәлекейін шығарды.

А.Черниченко (жалғасы): «Тарих ғылымдарының кандидаты Сүлейменовтің сөзі: – Буржуазияшыл ұлтшыл Бекмаханов туралы Қазақстан тарихшылары қаншама рет мәселе көтерді десеңші, бірақ соның бір де бірін қолдамады. Керісінше, мұндай маңызды мәселені кім көтерсе, сол адам қүғын мен арандатуға ұшырады. Омаров жолдас менің Бекмахановтың кітабінің зиянды екені туралы БК(б)П Орталық Комитеті мен СССР Ғылым Академиясының алдына мәселе қойғанымды білген соң, ол мені шақырып алды да дөрекі сес көрсетті. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанды. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінде өткен тарихшылардың республикалық кеңесінде сөйлеген менің сөзімді Шаяхметов жолдас бірнеше рет бөлді. Ол осы мінезімен отырғандардың бәрінің Бекмахановқа тиіспеуі керектігін аңғартты.



Шәріпов пен Әділгереев бірнеше рет Бекмахановтың жолбикелері (ходатаями) ретінде мемлекет есебінен Мәскеуге жіберілді. Бұл жолбикелер Мәскеудегілерді: Қазақстан тарихшыларының барлығы да Бекмахановтың ұлтшыл иедеясымағымен келіседі-міс,– деп сендірді. Іс жүзінде ешқашанда ондай болған емес. Өз кезегінде Панкратова, Вяткин әуелі Әбдіхалықовқа (сол кездегі ҚК(б)П ОК-нің хатшысы –Т.Ж.), содан кейін Омаровқа Бекмахановтың кітабі туралы Мәукеуде қандай сөз айтылып жатыр, соның барлығын жеткізіп тұрды. Бекмаханов үшін Қазақстанда ерекше жағдай жасалған. Ол сын атаулыдан берік қорғалған, өзінің ойына не келсе, соны істейді. Омаровтан басқа, ал мен Омаровты әлі жетілмеген партия қызметкері деп есептеймін, Бекмахановты Сауранбаев, Тәжібаев, Нүсіпбеков, Жиреншин қорғайды.

Мені бұрынғы СССР-дің Жоғары білім министрі Кафтанов жолдастың әрекеті таңқалдырады, ол бір қолымен Бекмахановтың зиянды еңбектерін университетте оқытпау түралы әділ бұйрыққа (айтпақшы, Қазақстанда бұл бұйрықты жұртшылықтан жасырылды), екінші қолымен Кафанов жолдас дәл осы зиянды еңбегі үшін Бекмахановқа жеделдете ғылым кандидаты және ғылым докторы дәрежесін беру туралы бұйрыққа қол қояды. Барып тұрған принципсіздік деген осы емес пе?».

Иә, Сүлейменовтің бұл сөзінен оның Кенесары үшін емес, отыз жастан асар-аспастан ғылым докторы дәрежесін алған Ермахан Бекмахановтың көтерілген бағы қатты күйіндіргені анық аңғарылады. Ал Ілияс Омаровтай адамды «жетілмеген партия қызметкері» деуі, ол адамның өзінің де тарихшы ретіндегі тарихи ойлау жүйесіне күмән келтіреді. Осы ретте Бек Сүлейменовтің тура осы мәселеге байланысты 1948 жылғы 8 қаңтарда Қ.Сәтбаевқа жазған «Қазақ ССР тарихының» екінші басылымындағы өрескел қателерді әшкерелеп жазған хатын еске алсақ, оның бұл мәселемен табанды түрде төр жыл қатарынан айналысқанын танытады.

А.Черниченко (жалғасы): «Институт директоры Покровский: жиналыста сөйлеген сөзінде өзінің қателігін мойындады. «Қазақ ССР тарихының» екінші томындағы қателіктер Омаровтың, Панкратованың, Вяткиннің аракчеевтік үстемдігі мен зорлығының нәтижесінде жіберлгендігін айтты. Содан кейін ол буржуазиялық – ұлтшыл көзқарастарды өткізіп жіберген Бекмахановтың барлық еңбектерін сынады, Кенесарыны әшкерелейтін көптеген архив құжаттарын мысалға келтірді. Бекмаханов ол құжаттарды қолдан өңдеген, одан Кенесарыны қолдайтын мағына беретін жекелеген тіркестерді ғана оқшау қолданған.

Ғылым Академиясының партком хатшысы Ефимов: «Правданың» мақаласын талқылауға Орталық Комитет көпке дейін рұқсат бермеді. Тек таяуда ғана ҚК(б)П Орталық Комитетінің екінші хатшысы С.И.Круглов жолдас оған рұқсат берді. Академияның президенті Сәтбаев, академик Сауранбаев Бекмахановты әшкерелеуге барынша кедергі келтіріп бақты. 1949 жылы партия ұйымы Бекмахановтың мәселесін қарамақ болғанда әр түрлі телефон соғылды. Алматы обкомының хатшысы Жанғозин жолдас ешқашанда академияның өміріне назар аударып көрген жоқ, назар да аудармай келеді, міне, сол кезде ол телефон шалып, Бекмахановтың мәселесін қоюға үзілді-кесілді тиым салды. Тура сондай тиым бұрынғы қалалық партия комитетінің хатшысы, өзінің байдың тұқымы екенін жасырғаны үшін БК(б)П қатарынан шығарылған С.Жүсіпбеков тің тарапынан да жасалды. Омаров жолдас: Бекмахановтың қателігін ұлтшылдық емес, саяси қателік деп қараңыздар,– деп мені үгіттеді».

Бұл мағлұматқа қарағанда Кенесарыны әшкерелеу – партиялық емес, ұлттық сыпат алғанын байқатады. Өйткені, қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов, идеология жөніндегі хатшы І.Омаров, Алматы Обкомның идеология жөніндегі хатшысы Д.Ж.Жанғозин, Алматы қаласының бірінші хатшысы Т.Ысқақовтың, идеология хатшысы С.Жүсіпбековтің, Университеттің ректоры Т.Тәжібаевтің, Тарих институты партия ұйымының хатшысы А.Нүсіпбековтің Кенесары қозғалысы мен Е.Бекмаханов туралы жағымды пікірін жоққа шығарып, оған қарсы күресушілер – Академияның партия ұйымының хатшысы С.Я.Ефимов, Тарих институтының директорлары (кезегімен), академиктер С.В.Юшков, С.Н.Покровский, Қазақстан КП Орталық Комитетінің екінші хатшысы (Мәскеу үшін бірінші хатшының есебінде) С.И.Круглов, «Правданың» Қазақстандағы тілшісі А.Черниченко, «Правданың» қызметкерлері П.Кузнецов пен В.Озеров, «Правданың» бас редакторы Л.Ф.Ильичев, БКП (б) Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімінің қызметкерлері Морозов, Лихолат, Апостолов, А.Митин, Митрейкин,бөлім меңгерушісі В.С.Кружков, БКП (б) Орталық Комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, сұр кардинал М.А.Суслов екенін ескерсек, онда көзқарас қайшылығының астары Кенесары мен Бекмахановта емес, ұлтшылдық пен шовинизмнің мүдделі қақтығысында жатқанын байқаймыз. Әрине, өмір сүріп отырған өктем империяның дегені болатыны анық. Академик А.Панкратованың: «... Грузиннің, тағы басқа ұлттардың тура осындай оқиғаларға қатысты кньяздарының қозғалысы прогрессивті болады да, неге қазақ хандары рекционер деп бағаланады, мен соны түсінбеймін»,– деген мағынадағы Ілияс Омаровқа жазған хатындағы сұрақтың жаубына ешкім де бас қатырып жатпады. Тарихи шындық пен тарихи көзқарас шындығы тура осы арада жатыр еді.

А.Черниченко (жалғасы): «Жиналысқа қатысқандар, әсіресе жастар: «Кенесары үшін неге күрес жүріп жатыр, аз ғана сауаты бар адам үшін оның реакционер екені белгілі емес пе. Кенесары кімге, не үшін керек? Мәселенің мәні неде?»,– деп сұрақ қойды.

Әуелде баяндама жасаған, кейіннен қорытынды сөз сөйлеген (институттың – Т.Ж.) партия ұйымының хатшысы, тарих ғылымының кандидаты Нүсіпбеков өзінің қателігін толық мойындады. Тарих ғылымының кандидаты Ділмұхамедов: әр түрлі мақалалардың әсері ықпал еткендіктен, Кенесарыны қазақ халқының көсемі деп қабылдағанын айтып, қатесін мойындады.

Осы жиналысқа қатысқан республикалық «Казахстанская правда» газетінің насихат бөлімінің меңгерушісі Рачков жолдас үзіліс кезінде Покровскийдің бөлмесінде бірнеше адамның көзінше:

Осы жиналысқа МҚК-нің (Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің – Т.Ж.) қызметкерінің қатыспағанына қатты өкінемін. Ол көптеген нәрселерді өзінің қаперіне алған болар еді,– деді,–деп жазды «Правданың» тілшісі А.Черниченко».



Әрине, Рачков жолдас бекер алаңдаған, өйткені осыны ұйымдастырып, арандатып отырған мекеменің өзі – сол Мемлекеттік Қауіпсіздік минситрлігі болатын. Оған Ж.Шаяхметовтің жолдаған «құпия бұрыштамалары» дәлел. Жаңағыдай империяның қуатты идеологтары кіріскеннен кейін Қазақстан К(б)П Орталық комитеті бюросының қаулы шығаруы ғана қалды. Ол Қаулы 10 сәуір күні «Правда» газетінде басылған «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақала туралы» деген атпен барлық мерзімдік баспасөздерде жарияланды. Онда (қысқаша мазмұны):

«Правда» газетінде 1950 жылы 26 декабрьде жарияланған «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақаланың хан Кенесары Қасымовтың реакциялық, феодалдық-монархиялық қозғалысына баға берерде Е.Бекмахановтың жіберген өрескел саяси қателерін дұрыс ашатындығын Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті атап көрсетті» (...)

«Ф.Энгельс 1851 жылы 23 майда К.Маркске жазған хатында «Россия Шығыс жөнінде шын мәнінде прогресшіл роль атқарып отыр... Россияның үстемдігі Қара теңіз бен Каспий теңіздері және Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін цивилизацияландырушы роль атқарып отыр...» деп жазды (Шығармалар, ХХІ том, 211-бет)».

«(...)Мұның өзі қазақ еңбекшілерінің патша отаршылары мен қазақ феодалдарына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының өсуін тудырды; бұл қозғалыс езілген орыс шаруаларының күресімен тығыз байланысты болды».

«(...) Сонымен Кенесары қозғалысы халықтық қозғалыс та емес, бұқаралық қозғалыс та емес, азаттық қозғалыс та емес, реакциялық қозғалыс болды».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет