Кейбір кездері сыншылар (шығырманы талдауда) уақыттан озып кетеді де, (ол оқиғаның) келесі кезеңдерде қамтылуы тиіс екенін ұмытып, дәл қазіргі сәтте көргісі келген жайларды талап етеді.13 жастан бастап 60-қа дейінгі Абайдың өмірі 4 кітапта жалғаса қамтылады. Сондықтан да маған, адамның өмірімен өлшенетін оқиғаларды тарихи шындыққа сәйкес, өмірдегі өз ретімен дамытуға мүмкіндік беріңіздер. Егерде орыс жазушысының бірі төңкерісші орыс жұмысшы табын көрсеткісі келіп 1905-жылғы революцияны 1900-жылға жылжытса қалай болады? Тура сол сияқты, бұл арада да іс-әрекеттің уақытын жылжытудың ешқандай қажеті жоқ, менің шығармамда да бұл оқиғалардың барлығы тарихи және көркемдік шындыққа сәйкес келетін кезеңдерде өз кезегімен қамтылады. Сондықтан да Шұбар мен Көкбай бейнесі 4-кітапта талқыға түседі және Шұбар мен Көкбайға қатысты ескертпелер сонда қарастырылады, Абаймен бірге өмір сүріп, байды сатқан Шұбар 1934-жылғы байлардың көтерілісі кезінде тау ішінде өзінің ажалын табады. Абайдың тірі кезінде оның, мен Шұбарды айтып тұрмын, сатқындығы ашық көрінбейді, ол өзінің бет-пердесін ашпайды. Ал жолдастар Абайдың ақындық мектебі туралы қате пайымдаулар туралы айтқанда осы жайды ұмытып кетеді. Мен Абайдың өмірін жазып жүрген кезімде мұны Тұрағұл айтып беріп еді, мен соған сеніп қалдым. Бұл біздің қоғамымыз үшін де, мен үшін де қымбатқа түсті.
Мен 1939-жылы «Абай» трагедиясын, содан кейін операға арнап либретто, «Абай әндері» атты картинаға (сценарий) жазғанымды еске алуларыңызды өтінемін – соларда Абайдың қоршаған ортасы екшеліп берілген емес пе еді. Ондағы оқиғалар 1903-1905 жылдардың арасында өткендіктен де олардың ішінде панисламистер де жүр емес пе. Абай өзінің өліміне жақындаған егде жасқа жеткен кезінде Шұбардың өзін қалай ұстағаны көрсетілген. Мұндай ойға мен бұрыннан келгенмін, қазір сол бағытта жұмыс істеп жатырмын. Абайдың ақындық мектебін жоққа шығару тек 1951 жылы ғана пайда болды демеңіздер. Ол 1939 жылғы біздің шығармашылық ізденісімізден басталған. Тек Кенесарыға жеткілікті орын берілді ме деген ғана мәселе талас туығызған. Қателік кетті, мен оның феодалдық, реакциялық мәнісін толық аша алмадым. Бірінші топқа жатқызған сын ескертпелердің ішінен мен жұртшылықтың піріне орай Шұбар бейнесін 4-кітапта өзгертуге келісемін. Абайға қарсы әрекет ететін күш ретінде оларға үлкен салмақ салынатын болады. Олар буржазияшыл-ұлтшылдардың көсемінің одақтасына айналады. Онда мұның Абайға деген қарым-қатынасы, Абайды өз жағына қаратып алуға ұмтылысы көрсетііледі. Қазір менде бұл туралы өте қызықты дерек те бар.
«Ақын ағада» көптеген қателіктер кетті, оны мойындаймын және оны түзеймін. Ол негізінен Кенесарыға байланысты. Кенесары жөнінде мен көп жаздым, бірақ мен Кенесарының кіріктірген кездегі Абайдың жасы 13-те ғана болатын, ол оқиға ол ауылдан 120 верст қашықтықта өтті. Кенесарыға қатысты оқиғаларға Абай сол кезде дұрыс баға бере алар ма еді? Бұл тұрғыдан мен түзету енгіздім және өзімнің ұстанымымда қаламын. Мен Кенесарыны және оның идеологін кемелденген Абайдың көзқарасымен әшкерелеймін. Дәрмен арқылы әшкерелеймін. «Ақын ағаның» соңғы нұсқасында мен қателерімді осылай түзетемін. Көп адамды толғандырып отырған мәселені мен осылай шешемін.
Енді, осында сөйлеген көпшіліктің және баяндамашының: орындалуға тиісті деп көрсеткен ескертпесіне, астың суреттелуіне қатысты мәселеге тоқаталайын. Осы арада осы оқиғаны суреттеген кездегі авторлық ремаркаға, авторлық түсінікке қатысты пікірлер айтылды. Мен ол ескертуді ұмытқамын жоқ, алайда 13, 16, 18, тіпті 24 жасар Абайдың ол кезде орыс демекраттарының ойларымен әлі білмегенін, озық ойлы адамдармен әлі кездеспегенін сіздер де ұмытпаңыздар, өз бетімен Абайдың мұны түсінуі мүмкін емес еді., Абай өзінің идеялық қалыптасуы өте баяу жүрді (шығармадан үзінді оқылады). Бұл Абайдың өз сөзі. Мен мұны орысшаға аудара алмаймын, бірақта, сыни ойдың ол кезде қалыптаспағанын бәріңізде білесіздер. «Айлаға да, ашуға жақтым шырақ» (дейтін кезі).
Жуан жұдырықтың кәдімгі заңды тәртіпке айналған тұсы және бұл тәртіпті Абай да орынды деп есептеген. Абайдың дүниетанымы бірте-бірте кеңейді. Қырдағы оқиғалардың барлығын сол кездің сүзгісінен өткізе алған жоқ. Оның көкжиегі бара-бара кеңейді, сөйтіп барып сол уақыттың әлеуметтік-тарихи мәнін біртіндеп түсінді. Қазақстандағы озық ойдың өзі халық арасында біртіндеп, баяу жетілді емес пе. Сондықтан да романдағы Абайдың өсуі де біртіндеп көрсетіледі.
Бірінші кітапты сынаушылар да көп, сонымен қатар, бірінші кітаптағы жазылған жайларды мақұлдайтындардың саны аз емес.
Әрине, мен бұған да назар аударатын боламын, алайда сіздер де 13 жасар Абайдың біртіндеп ойлы адамға айналып келе жатқанын ұмытпаңыздар, табиғат пен қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстарын материалистік тұрғыдан біртіндеп түсіне бастайды. Мұның барлығы оған орыстың демократ революционерлері арқылы жетті.
Мен өзімнің алдағы уақытта қайтадан ой елегінен өткізуді ойластырып жүрген жайларға қысқаша тоқтала кетейін. Бірінші топқа жататын асқа байланысты кедей табынан шыққандарды да суреттей кету туралы пікірге орай айтарым, кітартың бұл арасына тиісті өзгертулер енгізілетін болады. Бұл арада: ағаттықтардың қатырна байлардың ортасының тұрмысын, тоқмейілділігін, тоқтышылығын, киіз үйлерін әсірелеп баяндау турасында көп айтылды.Мұның орын алуының себебі:, мен өнердің реалистік сипатын тым әсірлеп бағалаппын, сондай-ақ, осы уақытқа дейін қазақ әдебиетінде халқымыздың ана ерекшеліктері, мына ерекшеліктері қамтылмағандыықтан да, соны көрсеткім келді. Егерде мені алдымда, орыс жазушыларының алдын тұрғандай, Тургеневтің, Гончаровтың, Гогольдің және басқалардың шығармалары тұрса, онда, шындығында да тұрмыстық көріністерді осыншама суреттеудің қажеттігі де тумас еді. Біздің алдымызда ондай тәжірибе болған жоқ, сондықтан да мұндай көріністерді барынша көп әрі кең қолдануға ұмтылдық. Сөйтіп, тым әсірленуге жол берілді. Бұл баяндаулар жеңіл қырналып кететін немесе сол кездің шындығының қайшылықты тұстарында әшкерелеп кетуге болатын кемшіліктер.
Мысалға, Абай қонақтарды салатантпен қарсы алып жатыр, ал сол рәсім былай тарқайды. Құнанбай Мекеге аттанғалы жатыр, (сол кезде Дәркембай мен Қиясбай келіп Қодардың құнын сұрайды), ал осы көрініс Құнанбайдың тағылық мінезін танытпай ма? Саятшылар суреттелетін көріністен кейін адамдар үш күнге созылған боран мен өгей шеше сияқты қатал табиғаттың шеңгелінде қалады, ал қазақты аңқау бала етіп көрсетсең бәрі де жарқын бола кете ме?
Кей-кезде автор барлығын тәптәштеп баяндап беруге міндетті емес, оны көркем қабылдауы арқылы оқырманның өзі ойланып табуы тиіс. Соған қарамастан кейбір тұрмыстық суреттеулерді қысқартатын шығармын.
Менің ойланып-толғануыма мүдделі ететін бірза жайларды қойын дәптеріме жазып алдым, кақыттың атпшылығынан оны тізбелеп жатпаймын. Мүмкін, жазушылардың өзара оңашалау қоянқолтық бас қосуы өте қалса, соның бәрін тізбелеп шығып, қажетті деген ұсынстарды өңдеу барысында егізуім де мүмкін.
Енді өзім үшінші топқа жатқызғандардың «Абай» романы жөніндегі айтқандырына тоқаталайын. Кешеден бері сөйлеген жолдастардың айтқанындай: әдебиеттің мүддесінен аулақ, кеңес жазушыларының алдына партия қойып отырған міндеттерден мүлдем мақұрым, өзінің жеке бақай қулықтарының мүддесін күйттеген, ойы пасық, өзінің міндетін тек құртып жіберу деп түсінетін жекелеген адамдардың арамызда отырғаны шындық. Ондай «қырыпсалушылық» осы арадан да, Досалиевтің сөзінен де байқалды. Шындығын айтсам, күйінейін деп – күйіне алмайсың, сүйінейін деп – сүйіне алмайсың, жетісіп емес, жерініп күлуге ғана тура келеді.
Сондай «қырыпсалдың» біріне мысал ретінде «Ғылым Академиясының жаршысының» №4 санындағы Әуезовті жамсатып салған мақаланы алуға болады. Онда автордың көзін құртуға арналған бір топ материал басылған. Осы арада кемшілктер мен қателіктер туралы айтылды, мен олардың пікіріне сенмін, сол үшін алғысымды білдіремін. Нағыз талқылау – авторға септігі тиген талқылау дейді ғой. Ол жазшыны ғана емес, қоғамның өзін де демейді. Сол арқылы жұртшылық авторды ғана емес, өзіне де септігін тигізеді.
Мен сіздерге мынадай өтініш айтқым келеді: кеңес әдебиетін, кеңес жазушысын кез-келген бұзақы мен қаскүнем адамдардан қоғай көріңіздер, өйткені олар әдебиетке әдеби мүдде үшін келген жоқ,керісінше, өзінің сұрғылт өмірін әдебиеттің айналасында жүріп ағартқысы келгендер. Міне, жазушыларды осындай сұрқылтайдан қорғау керек, жазушыға заңды көмек көрсету дегеніміз осы. Мен сол көмекті күте отырып, біздің ақылымыздың, намысымыздың және арымыздың өкілі болып табылатын жоғары лауазымды мекемелерден сондай зор көмекті күтемін».
Ал тарихи уақыт пен дәлел, көркемдік шешім мен әлеуметтік жандүние психологиясы, көркемдік шындық деген асқақ ұғымдардан мақұрым мұндай саяси қысымдардың мәжбүр етуімен суреткер "Абай жолы" атты үшінші-төртінші кітабында идеологияға ырық беріп қойды.
Сонымен, қосымша "қыстырмалар" (Д. Әбілов) кіргізіп, "Қарашығын" сияқты тарау қосылды. Әкесі «қатыгез Құнанбай» мен «өзіне қарсы ағасы Тәкежан» және «әзәзіл Әзімбай» сияқты жағымсыз кейіпкерлерден басқа Абайдың айналасында туыс қалмады. Бәрінен тазартылды. Тұрағұл іспетті бесіктегі сәбиінің мандайынан иіскеудің өзі таптық-идеологиялық қылмыстың қатарына жатқызылды. Бір заңды да кездейсоқ жай, арада тура жиырма жыл өткенде осы талқылауға қатысқан "қазақстандық сенімді адамдардың ақпаратымен қаруланған" мәскеулік Алла Марченко тура осы сынның ықпалымен қосылған тарауларды: "роман-эпопеяға жат, шынжырлап жалғасқан жалған желі",– деп сынады. Т.Ахтанов өзінің «Ол биік бізге әлі бағынған жоқ» қарсы мақала арқылы тағы да төрелік айтты. Ал сол биікті бағындыруға шабуылдап жүрген кім? Міне тарихи көркем уақыт пен жетекші кейіпкер тұлғалардың "табиғи қарсылығына" қарамастан кіріктірілген қондырғы идея мен тартыс М. Әуезовтің ең қасиетті авторлық құқына қол сұқты.
ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Сталин өліп, Берия атылғаннан кейін жаңа саяси бағыт пен көзқарастарды екшеу мақсатында ұйымдастырылған СССР Жазушылар одағының ХІУ плненумының қорытындыларына орай 1953 жылы 16 қарашада Қазақстан жазушыларының қалалық мәжілісі өтті. Бұл мәжілістің тынысы бұрынғы жаныққан әшкерелеулерден көрі шығармашық талдау бағытына қарай ойысты.
Бұл тұста М.Әуезов Мәскеу университетінің дәріс арасындағы тыныс сәтінде Алматығы келіп, түрлі шараларға қатысуға еркіндік алды. Одақтың жаңа төрағасы Ғ.Мұстафин баяндама жасап, жарыссөздің алғашқы кезегі М.Әуезовке берілді. Жаппапй саяси-идеологиялық жазалау саясатының толас тартқанын және қандай да еркіндік тынысының ашылуын үнсіз дәметкен, Бісмілләсін «халықтардың әкесі» Сталиннен бастайтын шығармашылық одақтың зиялыларының сөйлеу мәнері өзгере бастады. Бұл М.Әуезовтің де сөзінен байқалады. Біз жиырма жылға созылған қудалау мен құрсаудан құтыла бастағанын сезген жазушының психологиясын аңғарту мақсатымен оның бұл сөзін шамалы ғана қысқартып беруді жөн санадық.
М.Әуезов: «Жолдастар, сіздердің көпшіліктеріңіз СССР Жазушылар одағының пленумына қатыстыңыздар, көпшіліктеріңіз пленумның материалдарын оқыдыңыздар, сондықтан да өздеріңіздің әдеби шаруашылықтарыңызды жауапкершілікпен, жан-жақты, ойлана, сын көзімен шолып шықтыңыздар. СССР Жазушылар одағының кезекті пленумына партия қандай мән бергеніне тоқталып жатпаймын, тек біздің алдымызда тұрған түйінді мәселелерге назар аудармақшымын. Кеңестер Одағының жазушылар ұйымының осы пленумы өткеннен кейінгі ойларымызды жинақтаған соң Қазақстан жазушыларының кезекті сьезіне қандай шығармашылық толғаныспен келетінімізді ойластыра бастаймыз. Көптен бері жазушылардың сьезі өткен жоқ, сондықтан да жекелеген әр жазушы, қазақ әдебиетінің әр жанрына жауапты әрбір шығармашылық секциялар үлкен шығармашылық екпінмен сьезге дайындықтың қарбаласына кірісуі керек...»,– деп бастаған сөзінің ауанынан саяси атмосферадағы өзгерісті бірден байқауға болады.
Бұрын тілге ең алдымен «халықтар көсемі», «партиялық сын», «саяси өрескел қателіктер» деген тіркестермен басталатын әшкерелеуші сөздер қатарға ілінбей қалған. Оның орынын «жауапкершілікпен, жан-жақты, ойлана, сын көзімен» деген шығармашылық ұғымдар ауыстырған. Қазіргі тақырыпты игеруге келгенде қазақ жазушыларының тасырқап жатқанын айта келе «өзара сынды» өзінің сүйікті драматургия жанрынан бастапты:
М.Әуезов: «Қазіргі күннің тақырыбына жазған Әуезовтің, Мүсіреповтің, Мұқановтың, Құсайыновтың, Әбішевтің, Иманжановтың пьесалары әлі де нағыз кеңестік драматургияның деңгейіне жеткен жоқ, олар тек маусымдық талаптарға ғана жауап беріп келеді, олар шығарманың әдеби, тарихи, көркем құндылықтарын анықтай алмайды. Қазіргі кеңес тақырыбына арналған көркем шығармалар да болуы тиіс. Бұл орайдан алғанда біздің борышымыз аса зор. Поэзия да, проза да, сын да осындай қарыздар күйде. Бұл жанрлардың игерілуі жөнінде ерекше тоқталғым келеді. Неге бізде жақсы драматургия жазылмайды, біз неге орыс драматургтерінен үлгі алмаймыз? Бұл тұрғыдан алғанда пленум өте маңызды өтті. Біздің мемлекетіміздің өмірінің екі маңызыды кезеңі үш-ақ шығармада: «Қақ айырылуда», «Любовь Яроваяда», «Бронепоезд – 15-69»-да ғана шынайы көрініс тапты. Өзге шығармалар МХАТ-та, Кіші театрда қойылып жатқанымен де, тек К.Симоновтың «Басқыншылық», «Майдан», «Орыс адамы» пьесалары ғана нағыз құндылыққа ие болып отыр. Егерде сіздер «Қақ айырылу» мен «Любовь Яроваяның» қандай пьеса екенін көрген болсаңыздар, онда бұл екі шығарманың кеңестік драматургияны әлемдік деңгейге көтергенін мойындауларыңызға тура келеді. Бұрын сақанада заттық себепкерлікке құрылған тәсілдер қолданылатын. Алайда оның барлығы адамның тұтынушылық сұраныстары. Драматургиялық шығармаларда олар сақналық тартысқа шамалы ғана ықпал ете алатын. Мысалға, Чеховтың «Шие бағында» шіре (шкаф) туралы сөз қозғалады. «Бронепоезд –15-69»-дағы заттық тәсілді алыңыз, темір жолға кім өзінің басын қоюы керектігі жөніндегі тартыс адам мінезін ашуға қандай ықпалды әсер етеді...»,– деп бұрынғы саяси тіркестердің орынын көркем талдаумен алмастырды.
Демек, Мәскеуден ескен «жылы лептің» бір «жылымық» әкелетіні мәтіннің ауанынан-ақ сезіледі. Әңгіме өзегі саяси бағамдаудан көрі көркем ойға құрылды. Нағыз лирик ақындардың шығармашылықтан шеттеп кетуінің себептерін емеуірін таныта сөйлейді. Бұл он бес – жиырма жылдан бері ұмытылған әдеби құбылыс еді.
М.Әуезов: «Қазір қостауға болмайтын беталыс байқалады. Біздің көптеген ақындарымызда өте тамаша шығармалар бар, бірақ олар ақындықтан бойын аулақ салып барады. Менің қояр сұрағым: Сәбит Мұқанов поэзиядан неге кетті, Әбділдә Тәжібаев поэзиядан неге кетті? Оның драматургиялық шығармалары сақанада ұзақ тұрақтамайтын дүниелер. Мен Ғали Ормановпен ерекше есеп айырысқым келеді. Ол өзінің мойынына аса жауапты істі – «Анна Каренинаны» аударуды жүк етіп алыпты, ал мен ол неге поэзиядан кетті? – деп сұрағым келеді. Менің ойымша, олар өзге де үлкен жанрда жұмыс істей отырып, поэзияны да ұмытпауы тиіс», – деді.
Бұл сұрақтың астары өте терең. Жалған «жасасыннан!» жалыққан ақындар өлеңнен бас тартуға мәжбүр болды. Әсіресе, Ғали сияқты нәзік лириктер үнсіз қалды. Енді поэзияға жасалған бұл өктемдіктің күні санаулы еді. Мұхтар Әуезов соны мекзеп отыр. Иә, сөз түзеле бастады.
Қисыны келгенде сөз арасына сыналай кететін бір жай, М.Әуезов тура осы пікірді сол мәжілісте отырған «реперткомның» бастығы мен комиссия мүшелеріне қарата айтқан еді. Соның ішінде уақыттың ауанын аңғара алмаған репертуралық комиссияның мүшесі Қапан Сатыбалдин «еруліге қарулы» қайырамын деп орынсыз қағылған сынаға ұқсап қалды. Ол өзінің сөзінде М.Әуезовке жауап қайырамын деп қайранға шығып кетті.
Қ.Сатыбалдин: «Біз ғой драматургия артта қалып барады, ілгерілеу жоқ дейміз. Шындығында да драматургтердің жағдайы жылдан жылға құлдырап барады. Әуезов жолдас жаңа ақын Тәжібаев – драматург Тәжібаевтан жоғары деді. Мен Тәжібаевтің драматургиялық қабілетін бұлай бағалаған ж.Әуезовтің пікірімен келіспеймін... Біздің тәжірибелі жолдастарымыз пікір таластырғанды өте ұнатады. Мысалы, жаңа Әуезов өзінің шешендік қабілетін тамаша көрсете білді, бірақ өзінің (репертуарлық) міндеттемесін орындамады.
Жолдас Әуезов орынында отырып: «Роман жазып жатырмыз, немене оны жақтырмайсың ба?! – деді
Романды жазу керек. Бірақ та өзіңіздің негізгі жанрыңызды ұмытпағаныңыз жөн. Егер қателеспесем, драматургия сіз үшін басты жанр емес пе. Сіз ұзын-ырғасы 20-дан астам пьеса жаздыңыз, ендеше соңғы уақытта театрдың репертуарын неге ұмыта бастадыңыз?
Жолдас Әуезов орынында отырып: Роман жазып жатырмын дедім ғой – деді.
Міне, бар кілтипан осында. Сіз неге роман жазуға уақыт табасыз, неге пьеса жазуға уақыт таба алмайсыз? Мүсірепов те – драматург, ол да роман жазып жатырмын дейді. Бұл жай ғана сылтау, бірақ сіз пьеса жазуды ұмытпауға тиіссіз. Мүсірепов пен Әуезов – жетекші драматургтер, тарихи оқиғалар мен ертегі, аңыздардың негізінде пьеса жазуға шебер, ал қазіргі тақырыпқа ұсыныс жасасаң, роман жазып жатырмын дейді. Репертуардың жоспары Қазақстан Орталық Комитетінің бюросында бекіліп қойған. 1952 жылы 27 желтоқсан күні Орталық Комитеттің бюросы бекіткен тақырыптық жоспар бойынша бұл пьесалар осы уақытқа дейін жазылып бітуі тиіс болатын, олар неге роман жазады, пьеса неге жазбайды? Олар неге драматургияны екінші қатарға қояды? Мүмкін Әуезов пен Мүсірепов жолдастардың шеберлігі жетіспей ме? Жоқ, олай емес, олар бірінші кезекке кесек романды қойып, драматургияны кейінге ысырып отыр. Басқа жолдастарға басқа жағынан келейік, ал аталған жолдастар туралы жаңағыдан өзге себеп таба алмай отырмын»,– деп қадалды Қапан Сатыбалдин.
Әрине, қиын кезде моральдық, материалдық, шығармашылық демеу берген драматургияға екеуінің де өкпесі жоқ еді. Бірақ мынау туып келе жатқан «жылымықтың» қас-қабағының ашық кезінде өмірлік маңызы бар басты шығармаларын жазып қалуға ұмтылды.
М.Әуезов: « Енді сын туралы айтайын. Бұл пленумда сын мәселесі қалайда үнсіз, атаусыз қалды, өйткені пленумның сыни деңгейі төмен болды. Жасқаншақ, жарасымсыз сын ғана айтылды. Егерде бес қаруы сай, дайындығы мол, төңкерістен бергі кеңес әдебиетінің дамуына белсене қатысып келе жатқан Ермилов, Фадеев сияқты аса көрнекті оқымыстылары бар орыс кеңес сынының деңгейі мынадай болғанда, әрбір әдеби журналдың сын туралы үзбей жазып жатқанына қарамастан, орыс сынының деңгейі биік емес екені байқалады. Оның драматургиядан да, поэзиядан да кейін қалып қойғанын есекерсек, онда біздің сынымыздың деңгейі туралы қандай сөз болмақ? Біздің сынымыздың мәдениеті төмен, обьективті емес, өткеннің қалдығы дегенді малташа езіп, керексіз кикілжіңді жиі қоздырады, ендігі жерде біз бұрын айдағанына көндіріп келген ешқандай репертуарлық комиссиясының, ешқандай бастықсымақтардың бюрократиялық өктем пікірлерімен санаспауымыз керек. Біз енді еркін суреткерміз, ешқандай шенеунікке тәуелді емеспіз. Мұны Мұстафин жолдас өзінің баяндамасында: «Жиналысты азайтып, жазуды көбейтейік» – деп дұрыс айтты. Мен онымен келісемін. Келіңіздер, бәріміз де дос ниетпен жұмыс істейік. Жиналыс – шығармашылықпен айналыса алмайтындарға, «шымшылап» сөйлеп, шырқыңды бұзу үшін керек. Біз оған осы уақытқа дейін төзіп келдік, енді бұдан әрі төзе алмаймыз»,– деп әбден мезі еткен «мәжілісқорлардың» мысын басты.
Шындығында да, кейінгі жиырма жылдың ішіндегі «таптық тартыстан», «ұлтшыл-буржуазияшыл идеологиядан», «өрескел саяси қателерден», «марксизимге жат пайымдаулардан», «сын мен өзара сыннан», жібермеген «кемшіліктері мен қателерден», «алашорданың бас идеологі міндетінен», «хандар мен билердің мұңын мұңдаудан, жоғын жоқтаудан» әбден мезі болып, кез-келген репертком мен қара шолақ «нәшәндік» жүйкесін тоздырып еді. Бұл пленумда шығармашылық еркіндік пен авторлық құқық мәселесі алғаш рет күн тәртібіне қойылды. Енді, мұндай тоңмойындар мен дөңмойындарға «бұдан әрі төзе алмайтынын» мінбеден мәлімдеді.
Сөзінің соңында М.Әуезов өзін де драматург – ақындардың санатына жатқызып, поэзиясыз пьеса тумайтынын, поэзиясыз пьеса жүректі жылытпайтынын тілге тиек ете келіп:
«Мен неге толқып сөйлеп отырмын дейсіздер ме? Менің алдымда осы арада ж.Бақбергенов сөйледі. Мен оның сөзіне соншама наразы болдым. Оның өз сөзімен айтсам, дәл осындай дауыс көтеріп сөйлеуді мен өзіме ар санаған болар едім. Дәл осылай сөйлеуге, Бақбергенов жолдас, жол беруге болмайды, бұл әдепсіздік. Біздің бәрімізде де қателік бар. Кемшіліктерімізді көрсеткен көптеген мақалалар да есімізде. Сонда жаңағы мақалалардағы жағымсыз сілтемелердің барлығын жинап алып, не ана, не мына жазушының бетіне түкіре беруге бола ма? Олар да адам емес пе, оның үстіне Мұстафин жолдас өзінің кемшілігін жасырған жоқ қой»,– деген уәж айтты.
Иә, Әуезов әпербақан сынның уақытының өтіп бара жатқанын, тіпті, өтіп кеткенін сол кездегі жас, майдангер жазушының түсінбегенін «түсінбей», батыра пікір білдірді. Шындығында да журналист қаламгер «науқаннан кешігіп» қалып еді. С.Бақбергеновтің бұл сөзі де «жасасындатқан жалаулы майданның» соңғы «урасы» болғандықтан да одан қысқаша ғана үзінді келтіреміз:
Сәуірбек Бақбергенов: «Жолдастар! Мен редакция қызметкері болсам да, редакцияның емес, өзімнің жеке басымның пікірін айтуға праволымын ғой деп ойлаймын. Демек өзімнің пікірімді көптің ортасына салмақпын...
Біз әдебиетіміздің осындай өскен өресін, зор табыстарын айтумен қатар, кемшіліктерін де ортаға салып, оны батыл сынап отыруға тиістіміз. Меніңше, қазақ әдебиетінің бұдан да көрікті болып, шарықтап өсуіне кедіргі болып келе жатқан бір нәрсе – баспасөздерімізде әлденеше рет сөз болып жүрген жікшілдік екені даусыз. Жазушы Әуезов пен Мұқанов бастаған екі топ әдебиетімізге кеселін тигізіп, жастарды тәрбиелеу, оларды өсіру ісіне бөгет болып отыр. Бұл жөнінде, өткен қыста партияның орталық органы – “Правда” газетінің “Сын орынына дәріптеушілік” деген мақаласында мәселені өте орынды көтерді. Біз бұл мақаладан кейін жікшілдіктің тамырына балта шабылар деп үміттенген едік. Бірақ, ол үміт әлі елес болып қана келеді.
Нақ осындай жақсы ниетпен мен биыл ”Правда“ газетінің сол мақаласын талқылаған жиналыста біраз жазушылардың кемшілігін, қателерін ашық түрде айтқан болатынмын. Әсіресе, Мұстафиннің “Қарағанды” романындағы өрескел қателерді айтқан болатынмын. Мен бұл қателерді сөйлеместен бұрын жазушылар ұйымының сол кездегі председателі Жаймұрзин жолдасқа, кітаптың редакторы Тілеков жолдасқа айтқан болатынмын. Менің осы сынымнан кейін кітаптың алты жеріне жөндеу енгізілді. Демек мен өзімнің бұл сыныммен Мұстафинге көмектестім деп түсіндім. Бірақ ол оны көмек деп түсінбей, мені қуғындай бастады. Ал “Қарағанды”романының қазіргі тарап жүрген қазақшасында әлі де үлкен қателер бар. Бұл қатенің ең бастысы – Рысбек пен Жаппар деген екі жаудың қосылып алып, совет үкіметін барынша балағаттайтын жері. Бұл жауларға берілген трибун, бұл пропаганда! Мәселен, “Ақ қайың” сияқты романдағы жау Лозневойдың үкіметке тіл кигізгенін көрдік пе? Жау – тілімен, балағаттаған сөзімен емес, ісімен жау болып көрінуге тиіс. Бұлай етпегенде қате болып шығады.
Мен піш-піш өскек (терген) емеспін, мен әр уақта ашық сынап, ашық айтып келемін. Әлі де ашық түрде, айқайлап, дауысым жеткенше айта беремін. Мені совет үкіметі нақ осылай етіп тәрбиелеген. Мен сыннан да, сынаудан да қорықпаймын. Партия бізді солай тәрбиелеген. Халтурный, серый шығармалармен күресу керек ... деп партия үйретіп отырғанда, жаман шығармаларды көре тұрып үндемей қалуға менің күшім жетпейді.
Біздің әдебиетімізге кесел болып жүрген мына нәрсені айта кету артық болмайды. Егер біреу Әуезовті немесе оның жақтастарын сынаса, оны Мұқановтың тобына қоса салады. Егер біреу Мұқановты, немесе оның тобын сынаса, оны Әуезовтің тобына қоса салады. Сөйтіп, барлық адал, дұрыс сындар жоққа шығып жатады. Әңгіме мұнымен ғана тынса екен-ау, тіпті оны қуғынға салады, өсекші, анау-мынау деген атақтар тағады. Ондай сыншылар екі жақтың да жемтігіне айналады. Пыш-пыш өсек айтып, бірін мақтап, бірін жамандап, сан құбылып күн өткізуге болар еді. Әрқайсысына бір жағынуға да болар еді. Бұл менің арым бармайтын жұмыс. Мен кім көрінгенге жағымпазданып, жазушы деген атақ алуды ар көремін. Мұның өзі жазушылықты қорлағандық болар еді.
Қолайсыздау болса да, мынадай бір фактіні айтуға тиіспін. Қазақ әдебиетіне қызмет ете бастағанына отыз жыл болған Мұстафиннің де не бәрі 3-4 кітабы бар. Оларың өзі әлгі айтқандай. Ал, әдебиетке қызмет ете бастағаныма үш-ақ жыл болған менің де үш-төрт кітапшам бар..»,– деп даурығыпты Сәукең кезінде.
Иә, «Жазушы Әуезов пен Мұқанов бастаған екі топ әдебиетімізге кеселін тигізіп, жастарды тәрбиелеу, оларды өсіру ісіне бөгет болып отыр!» немес «Бұл жауларға берілген трибун, бұл пропаганда!» – деген «жасасындатқан ұрандар» арысы алты ай, берісі осыдан үш ай бұрын айтылса, ұран емес үкімге айналар еді. М.Әуезов те ондай сөзді «естігені үшін арланбас» еді, керісінше, іштен тынып тыңдар еді. Енді, міне, оққа шабылған қылыштың жүзі босқа шабылды. Уақыттың қас-қабағы қалай тез өзгерген!
Осының қатарына «Социалистік Қазақстан» газетінің 273-санында жарияланған тілші М.Балақаевтың «Көркем әдебиеттің тілі жайында » деген мақаласын жатқызуға болады. Онда:
Достарыңызбен бөлісу: |