Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Еще в первом издании «Истории Казахской ССР» под ред



бет59/61
Дата16.11.2016
өлшемі10,06 Mb.
#1885
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

«Еще в первом издании «Истории Казахской ССР» под редакцией А. Панкратовой и М. Абдыкалыкова (1943 г.) идеализировались реакционные феодально-ханские порядки, возвеличивалась деятельность ханов и султанов. ЦК КП (б) Казахстана, признав порочность этой книги, вынес решение о подготовке нового издания. Однако ошибки буржуазно-националистического характера были повторены в вышедшей в 1947 году книге Е.Бекмаханова «Казахстан в 20-40 годы ХІХ века» под редакцией проф. М.И.Вяткина. В ней идеализировалось феодально-монархическое движение султана Кенесары Касымова. Неверная оценка движению Кенесары дана в втором издании «Истории Казахской ССР», вышедшем уже в 1949 году под реакцией И.О.Омарова и А.М.Панкратовой. Движение Кенесары здесь признается прогрессивным «по тем политическим требованием, которые выставлял Кенесары…» (стр.296). Между тем политические требование Кенесары сводилась к возрождению средневековый ханской власти, к отторжению Казахстана и России» .

(...) Известно, что национальный вопрос в разные времена служат различным интересам и принимает различные оттенки, в зависимости от того, какой класс и когда выдвигает его. Кенесары Касымов и окружавшая его феодальная верхушка, увидев как невыгодно было им потерять старые привилегии и могучество начали борьбу за возрождение средневекового ханства. Все исторические данные говорят о том, что движение Кенесары не было ни революционным, ни прогрессивным. Это было реакционное движение, которые тянуло казахский народ назад, к укреплению патрихально-феодальных устоев, и реставрации средневековой ханской власти, и отрыву Казахстана от России и великого русского народа», – деп (әдейі түпнұсқалық мәтін алынды) пікір білдірді.

«Правданың» мақаласы – сот үкімінен де пәрменді еді және Орталық Комитеттің бірінші хатшысы да оның күшін жоя алмайтын. Сол үкім енді Қазақстанның тағдырын ұршықтай иірді.

Міне, осыдан қарқын алған «қызылкеңірдек кезең» үш жылға созылды. Бұл екі орталықта мұқым кеңес елі, бүкіл Қазақстан қауымын үрей билеп, басында жалпы сала бойынша басталған әшкерелеу енді жеке адамға бағытталып, «жан алып, жан беруге көшті».

Өмір мен өлімнің шын мағынасындағы шекарасын анықтаған үш жылдық қызылкеңірдек науқанның алғашқы жаппай дүрлігуі 1951 сәуір айының алғашқы күндерінде Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих институтында басталды. Онда «Правда» газетіндегі мақала толықтай мақұлданып, Кенесары қозғалысы және тарихшы Е.Бекмаханов «қазақ халқының жауы» болып жарияланды («Лениншіл жас», 1951, 4 сәуір). Соның негізінде 10 сәуір күні «Правда» газетінде басылған «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақала туралы» қаулысы шықты. Онда:



«Правда» газетінде 1950 жылы 26 декабрьде жарияланған «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақаланың хан Кенесары Қасымовтың реакциялық, феодалдық-монархиялық қозғалысына баға берерде Е.Бекмахановтың жіберген өрескел саяси қателерін дұрыс ашатындығын Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті атап көрсетті» (...)

«Ф.Энгельс 1851 жылы 23 майда К.Маркске жазған хатында «Россия Шығыс жөнінде шын мәнінде прогресшіл роль атқарып отыр... Россияның үстемдігі Қара теңіз бен Каспий теңіздері және Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін цивилизацияландырушы роль атқарып отыр...» деп жазды (Шығармалар, ХХІ том, 211-бет)».

«(...) Мұның өзі қазақ еңбекшілерінің патша отаршылары мен қазақ феодалдарына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының өсуін тудырды; бұл қозғалыс езілген орыс шаруаларының күресімен тығыз байланысты болды».

«(...) Сонымен Кенесары қозғалысы халықтық қозғалыс та емес, бұқаралық қозғалыс та емес, азаттық қозғалыс та емес, реакциялық қозғалыс болды».

«(...) Ғылым және партия жұртшылығы Е.Бекмахановтың саяси қателерін оған сан рет көрсетті. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ ССР тарихының» екінші басылуын әзірлеу туралы» 1945 жылы 14 августтағы қарары ол үшін үлкен ескерту болуға тиіс еді. Бірақ Е.Бекмаханов ғылым және партия жұртшылығының пікірімен санаспады және партияға қарсы, буржуазиялық-ұлтшылдық позицияларда қасарысып қалып келеді.

Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті мынаны да атап көрсетті «Қазақ ССР тарихы» кітабының екінші басылуын әзірлеу туралы» Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің 1945 жылғы 14 августтағы қарарын орындамады және хан Кенесары Қасымовтың қозғалысына баға беруде кітаптың бірінші басылуында жіберген саяси қателерді тағы да жіберді.

Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті «Правда» газетінің «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген 1950 жылы 26 декабрьде басылған мақаласын дұрыс деп таныды және маркстік-лениндік ілім негізінде Қазақстан тарихын терең және шын баяндауды, совет дәуірінің тарихын жасауға айрықша көңіл бөлуді, қазақ халқының тарихын, оның ұлы орыс халқымен берік достығының тарихын бұрмалауға тырысқан әрекеттің қандайына болса да қарсы батыл күрес жүргізуді республика тарихшыларының алдында өте маңызды міндет етіп қойды.

Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті Қазақ ССР Академиясының Пезидиумын мына жұмыстарды істеуге міндеттеді: «Қазақ ССР тарихының» бірінші томы түзетіліп, 1952 жылы қайта басылсын, онда бұл кітаптың екінші басылуында жіберілген саяси қателер жойылсын; Қазақстандағы ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлттық қозғалыстар туралы мәселе халықтық, азаттық қозғалыстарды реакциялық, феодалдық-монархиялық қозғалыстардан айыру тұрғысынан шешілсін;

Кенесары Қасымов қозғалысының реакциялық, феодалдық-монархиялық қозғалыс екендігі туралы мәселе «Қазақ ССР тарихының» көп томдығында, «Қазақ әдебиетінің тарихында» және басқада кітаптарда көрсетілсін.

Қазақ ССР Академиясының тарих, археология және этнография институты мен тіл және әдебиет институтының директорларына, республикалық газеттер мен журналдардың редакторларына Кенесары Қасымовтың реакциялық қозғалысын әшкерелейтін бірнеше мақалалар әзірлеп, басып шығару тапсырылды.

Қазақстан К(б)П облыстық комитеттеріне, аудандық комитеттеріне және қалалық комитеттеріне «Правда» газетінің «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақаласын Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бұл мәселе жөніндегі қаулысын республиканың жоғары оқу орындарының пария ұйымдары мен барлық орта оқу орындарының педогог коллективтерінің ашық жиналыстарында талқылау тапсырылды.

Осы жылдың апрель айында Алматы қаласы мен облыс орталықтарында интеллигенцияның жиналысын өткізіп, ол жиналыста «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндау туралы» баяндама жасау белгіленді...» («Ленишіл жас»,1951, 21 сәуір).

Осы қаулының шешімдерін табыспен жүзеге асыру мақсатында 20-көкек күні жазушылар одағында «Кенесары – халықтың қас жауы» атты тақырыпта партия ұйымының ашық жиналысы өтті. Онда одақтың жауапты хатшысы Қ.Жармағамбетов ҚК(б)П Орталық Комитеті бюросының 10 көкек күнгі Қаулысы мен «Правда» газетіндегі «Қазақстан тарихы мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан зерттелсін» деген мақалаға орай көлемді баяндама жасап, қазақ әдебиетіндегі Кенесары бейнесінің сомдалуы тарихына барынша кең тоқталып өтті. Ол:



«Кенесары Қасымовтың реакцияшыл қозғалысын әдебиетте дәріптеудің жаңа толқыны 1939-жылдардан басталады. Бұл мәселеге ССРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының сол кездегі әдеби секторы ұйытқы болды да, сол сектордың сол кездегі басшысы Е.Исмаилов ұйымдастырушы болды. Е.Исмаилов 1940 жылы Кенесарының қырғыз халқына жасаған басқыншылық шабуылын ақтап, арнаулы монография жазды. Әдебиет секторының сол кездегі ғылыми қызметкері X.Бекхожин «Әдебиет және искусство» журналының 1941 жылғы 5 номерінде «Қазақ әдебиетіндегі Кенесары мен Наурызбай бейнелері» деген мақаласын жариялады, Исмаилов пен Бекхожиннің бұл еңбектерінде Кенесары Қасымовтың реакцияшыл-монархиялық қозғалысы прогрессивтік, ұлт-азаттық қозғалыс деп танылып, Кенесары мен оның төңірегіндегі қарақшылары – халық батырлары дәрежесінде дәріптелді. Дәлірек айтқанда, Кенесары жөніндегі ұлтшыл-алашордашылардың ескі сандырағын қайталады.

1940 жылы Исмаиловтың басшылығымен Кенесарыға арналған поэмалар мен өлеңдерден жинақ құрастырылып, 1941 жылы Қазақтың Мемлекеттік Баспасына өткізілді. Исмаиловтың басшылығындағы әдебиет секторы бұл шараларға да қанағаттанбай, Кенесары мен оның нөкерлері туралы ақындарға шығармалар жаздырды. X.Бекхожин «Науан батыр» деген поэма жазып, қандыбалақ Наурызбайды халық батыры деп көтермеледі. А. Тоқмағамбетов Кенесарының әскери басшыларының бірі, қырғыз халқына қарсы басқыншылық соғыста жауыздығымен көзге түскен Бұқарбай туралы поэма жазды. Қ.Аманжолов «Көкшетау» деген поэма жазып, Кенесарының Көкшетауда болған кезін аңсайтындығын баяндады. Исмаиловтың тапсыруымен халық ақындары Саяділ Керімбеков, Доскей Әлімбаев, Иманжан Жылқайдаров Кенесарыны мақтап поэмалар шығарды. Бұл поэмалардың бәрін де әдебиет секторы сатып алып, Исмаиловтың басшылығымен Кенесары туралы екінші кітап әзірленді.

Исмаилов 1944 жылы «ССРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының хабарларында» жарияланған «Соғыс жылдарындағы казақ поэзиясының жайы мен міндеттері» деген (53-бет) мақаласында Шамиль мен Кенесарыны бояулы сөздермен мадақтай келіп, олардың тарихтағы орнын Суворов, Кутузов, Амангелді, Щорс, Чапаевтарға теңейді.

1946 жылғы «Қазақ әдебиеті» деген кітабында (орта мектеп оқу құралы) Исмаилов Кенесарыны халық батыры, ұлт-азаттық қозғалысының көсемі деп бағалайды.

1949 жылы М.Әуезовтің редакциясымен шыққан қазақ әдебиеті тарихының бірінші томындағы «Тарихи жырлар» деген бөлімде Исмаилов «ХІХ-ғасырда болған ұлт-азаттық қозғалысының ішіндегі ең көрнектісі Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған халық көтерілісі» (311-бет) деп түйеді.

Осының барлығы әдебиетші Исмаиловтың Кенесарының реакцияшыл-ұлтшыл қозғалысының әдебиеттегі адвокаты болып келгендігін дәлелдейді.

С. Мұқанов 20 жыл бойына Кенесары Қасымовтың қозғалысын халыққа қарсы реакцияшыл деп келді. 1923 жылы жазған «Шешендер қара тақтаға жазылмаңдар!» деген мақаласында С.Мұқанов Кенесары қозғалысының реакцияшыл мәнін дұрыс әшкереледі. Одан кейінгі жылдарда «Қызыл Қазақстан», «Жаңа әдебиет» журналдарында жарияланған қазақ әдебиеті тарихының мәселелері жөніндегі мақалаларында да алғашқы айтқан пікірінде қалып отырды.

1942 жылы жазған «XVIII және ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының очерктері» деген кітабында С.Мұқанов бұрынғы пікірлерінен безіп, Кенесарының реакцияшыл қозғалысын прогрессивтік, ұлт-азаттық қозғалысы деп таниды.

Қазақ халқы тарихының даулы мәселесі болып келген Кенесары қозғалысына көзқарасының тым шұғыл өэгеруінің себебін Мұқанов жолдас осы жиналыста ашып айтуы керек.

Профессор Жұмалиевтің көзқарасында да дәл осындай тұрақсыздық болғанын көреміз. 1938 жылы жарияланған «Махамбет Өтемісовтің творчествосы» деген еңбегінде Кенесары қозғалысын халыққа қарсы қозғалыс деп таныса, 1941 жылы «XVIII және ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» (орта мектеп үшін оқу құралы) деген кітабында Нысанбай творчествосын талдай келіп, Кенесары қозғалысын прогрессивтік деп түсіндірді. 1948-49-50 жылдары шыққан орта мектептің оқу құралы кітаптарында да осы пікірін қайталайды. Өз көзқарасының өзгеру себебін Жұмалиевтің де ашып айтуы керек.

Абай шәкірттері туралы мәселе, дәлірек айтқанда, Абайдың ақындық мектебі туралы мәселе қазіргі кезде әдебиетшілеріміз арасында талас тудырып жүрген мәселе екендігін ескерте келіп, баяндамашы бұл мәселе жөнінде пікір алысу керек деген ұсыныс жасады. Кенесары Қасымовтың реакцияшыл-монархиялық, феодалшыл-ұлтшыл қозғалысына баға беруде әдебиет тарихында жіберілген саяси өрескел қателерді жоюдың шараларына тоқтала келіп, баяндамашы осы жылғы апрельдің 4 күні «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған «Әдебиетте Кенесары қозғалысын дәріптеуге карсы күресейік» деген Ғұмарова жолдастың мақаласы, сондай-ақ апрельдің 19 күні «Ленинская смена» газетінде жарияланған осы мәселе жөніндегі Ә.Тәжібаев жолдастың мақаласы өте маңызды пікірлерді көтеріп, X.Бекхожин, Е.Исмаилов, X.Жұмалиев, М.Әуезов, С.Мұқановтардың Кенесары қозғалысын бағалаудағы қателіктерін дұрыс ашатындығына атап тоқтады», («Әдебиет және искусство», 1951, №8).

Сәбит Мұқановтың сол кездегі Орталық Комитеттің хатшысы М.Әбдіқалықов жаздырды деп отырған «Қазақтың ХҮІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктері» атты 1942 жылы жарияланған монографиясындағы «Бостандық күресі» атты тарауындағы пікірлері еді. Соның ішінде Кенесары көтерілісі туралы С.Мұқанов:



«Ең алдымен, 1822 жылдың заңы шығып, қазақ халқын өзіне біржола бағындырып, қазақ феодалдарынан өзіне сенімді кісі тауып, ауыл арасына үкіметке сенімді мықты әкімшілік аппаратын құрғаннан кейін, патша үкіметі халықты ашықтан-ашық талау жолына түсті. Н. Тимофеев, Е. Федоров, «1837-1847 жылдары қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресуі» деген мақалаларында («Большевик Казахстана», № 4 1940 жыл) халықтың сол кездегі күйзелушілігіне мынадай мысалдар келтіреді: «қазақ халқын патша үкіметінің бүлдіруінде өте зор рөлі болған «репрессия» дейтін заң, екінші сөзбен айтқанда, қарулы орыс әскерінің қазақ ауылына шабуыл жасауы, талауы, малын айдап алуы, қазақтың балаларын тартын әкетуі т. т. Бұл зорлықпен талауда олар, қазақ халқы керуенді талапты-мыс, орыс қалаларына шабуыл жасапты-мыс деген өтірік жалаларды сылтау қылды. Бұл «репрециялар» көбінесе, хан мен сұлтандардың ұлықсатымен болды, олар өздеріне қарсы шыққандарды осылай талатып, ықтырып отырды...

«Қазақ халқының хәлі ауырлағандығы сондай, сол кездегі Россия патшасы І Александр, 1808 жылы, 25-майда Оренбург губернаторы Волконскийге былай деп жазады: «Оренбург төңірегіндегі көшіп жүрген қазақтардың хәлі ауырлағандығы сондай, олар бір жақтан, амалсыз талау жұмысына кіріссе, екінші жақтан Хиуаға апарып, балаларын сатады» .

«Орта жүз қазақтарының кедейленуі сондай, деп жазды Тройцкий қаласындағы таможня 1802 жылы сауда министрі Румянцовқа, олардың көбі осы маңда жалаңаш-жалпы, еркегі, әйелі, балалары қаңғырып қайыр сұрап жүреді. Бұлардың хәлі аянышты, көзге ерекше түседі» .

1819 жылы, І Александр, қазақ балаларын сатып алуға, балаларды алып сатармен сауда жасауға заң шығарды. 1832 жылы «Қырғыз-қазақ ордаларының тарихы» атты кітап жазған Алексей Левшин, «базарда қазақтың еркек баласының сатылатын құны 4 иә 5 қапшық арыш бидай еді, қыз баланың бағасы 3 иә 4 қап арыш еді» - дейді және бір айда қазақтан жүз бала сатылғанын айтады. Халықты осылай талаған патша үкіметі, екінші жақтан, өзіне арқа тіреу болған қазақтың феодалдарын көтермелейді. Даланың қайдағы шұрайлы жерінен қазақ феодалдарына кең жер береді, оларға «дворян» деген атақ береді, сән-салтанат жасайды, қазақ феодалдарын орыс князьдары мен орыс дворяндарының дәрежесінде ұстайды.

Кенесары мен Наурызбайдың халық көтерілісін бастаудағы мақсаты туралы соңғы кезге шейін қата ұғым болып, оларды: «хандықты көксеушілер, қара басының пайдасы үшін, хан болу үшін көтеріліске катынасушылар» деп бағалады. Бұндай қата пікірден, бір кезде, осы очеркті жазушы автор да сау болған жоқ. Кенесарыны демократтық идеядағы адам еді деушілер бар, ол, әрине, асыра бағалағандық. Кенесарының мақсаты − хандықты сақтау. Хандық − қанаушы таптың қолындағы құралы. Бірақ, осы хандықтың өзі адам баласының өркендеу дәуіріндегі белгілі бір сатыда халықтың елдігін сақтауға қажет және прогрестік құрал. Кенесары заманында қазақ ауылында, хандықтан басқа әлеумет билеу формасы болуы мүмкін емес, басқа форманы ол кездегі қазақ ауылының саяси-шаруашылық жағдайы көтермейтін еді. Сондықтан, егер, мемлекет басындағы хан патшаға сатылмай, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрессе, бұндай хан объективтік жағынан, халықшыл хан еді. Кенесары осындай хан, Кенесарыны одан артық көтермелеу − орынсыз идеалдау боп табылады.

Мәселе, Кенесарының хандық құрылысты қолдануда емес, отаршылық саясатқа, екі жақты талауға халық қарсы шығып көтеріліс жасағанда, Кенесарының халық жақта қалуында, халық көтерілісін бастап, казақ халқының тәуелсіздігін қарулы көтеріліспен қорғауға тырысуында», – деп жазып еді.

Академик Сәбит Мұқановты «Орталық Комитеттің көзқарасы ретінде «жаңылыстырған ғылыми көзқара» осы болатын.

Біз әдеби үрдіс пен жазушы психологиясынан хабардар ететін және үш жылғы лек-легімен толқындата соққан талқылауларда М.Әуезовтің пікірінің өзгеруін аңғарту мақсатында сол тұстағы сөйлеген сөздерін қысқартпай беруді мақұл көрдік.

М.Әуезов: «Правда» газетіндегі мақалаға байланысты ҚК(б)П Орталық Комитетінің қабылдаған шешімі республикамыздың идеологиялық майданындағы жаңа, кезеңді және маңызды оқиға. Біздің қателерімізді түзету арқылы партия бізге қайта-қайта көмек қолын созумен келеді және кеңестік ғылымды жалған антимаркстік, антилениндік жолға түсіп кетуден сақтандырды. Осы шешім арқылы біздің әрқайсысымыздың және осы уақытқа дейін адасып келген өзге де жолдастардың терең бойлап кеткен қателіктерін мойындап, түсінуді талап етуі заңды тілек.



Бұл қателік ауыр болды және ұзаққа созылды. Өйткені бұл қанатын кеңге жайған және өзінің шеңберіне тарих, әдебиет тарихымен қоса республикамыздың басқа да қоғамдық-саяси өміріне қатысты әртүрлі саларды қамтитын адамдардың басын қосты. ҚК(б)П Орталық Комитетінің шешімі мен баспасөздегі, соның ішінде «Правда» газетіндегі мақала арқылы тарихшылардың қателіктерін нақты көрсетті. Ал әдебиет пен әдебиеттану саласындағы кінәларіміз бен қателіктерімізді ашу біздің – әдебиет тарихшылары мен жазушылардың міндеті.

Мектеп оқушыларынан, студенттерден бастап көпшілік қауымның санасына дейін улаған зиянды тамырларға балта шабуға деген партиямыздың қарымды бастамасы мен ұмытылысына көмектесу – біздің парызымыз.

Мен сөзімді өзімнің қателерімнен бастаймын.

Менің «Хан Кене» деген пьесам болды. Қазақ Ғылым Академиясы ұжымындағы жиналыста да, ғылыми-зерттеуден тыс әдеби шығармашылық қызметімде де өзімнің бұл шығармама тиянақтап тоқталғам жоқ. «Хан Кене» пьесасы мен сол кездегі өзімнің саяси қателіктеріме бүгінгі өтіп жатқан әдебиетшілердің арасындағы осы мәжілісте кеңірек түсінік бере кетуді жөн көріп отырмын. Бұл пьеса 1928 жылы жазылды және онда автордың ұлтшылдық ұстанымына баса көңіл бөлінді. Алғашқы нұсқасы саханада қойылған жоқ, жарияланған да емес, сол қолжазба күйінде қалды. Тек бес жыл өткеннен соң, 1933 жылы менің «Еңлік-Кебек» деген пьесам саханалық қалыпқа түскеннен кейін ғана театр қызметкерлері «Хан Кене» пьесасын қою туралы әңгіме қозғай бастады. Әртүрлі деңгейдегі мекемелермен кеңестім, олар бірқатар өзгерістер мен өңдеулер жасауымды ұсынды. Мен бұл талапты орындадым, сөйтіп, 1939 жылдың басында оның премьерасы өтті, сол премьерадан кейін тоқтатылды. Оған екі түрлі сыни пікір білдірілді. Қатты сынаушылар да және жағымды баға берушілер де оны репертуардан алып тастау туралы емес, қойылымды уақытша тоқтата тұрып, ішінара өзгерістер енгізіп, содан кейін қойылымды саханада қайта жалғастыру туралы ұсыныс айтты. Пьесаның ішкі құрылымы қойылымнан соң сыншылардың сол кезде көрсеткен саяси қателіктеріне сай өңдеуге келмейтінін түсіндім. Пьеса сол саяси қате күйінде және кеңестік көрермендерге керексіз дүние болып жабық қалды. Сыншылардың ауызша және баспасөз бетінде айтылған тілектеріне қарамастан, оған қайтып оралудан бас тарттым.

Осыған орай айта кетерім – менің пьесама және ондағы рөльдер мен Кенесарының жеке басына қатысты ең әділ сынды ж.Мүсірепов айтты. Мысалы, өзге сыншылар маған пьесаның мазмұнын Патшалық Ресейдің режиміне қарсы күрес бағытында өрістетуді ұсынды. Ал Ғабит Мүсірепов: қазақ еңбекшілерінің патшаға қарсы күресін Кенесары қозғалысына қатысты емес, 1916 жылдың оқиғалары негізінде көрсету керек – деп дұрыс бағыт берді. Ал Кенесарыға: халықтың тілегі мен іс-әрекетіне қарсы реакционер хан – деген қатулы баға берді.

Сөйтіп, ол пьесаны былай ысырып қойдым, қайтып оған оралғамын жоқ. Сол жылы, яғни 1934 жылы Оқу ағарту халық коммиссариатының тапсыруымен «ХІХ және ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихы бойынша очерктер» атты ұжымдық оқу құралын жазуға қатыстым. Сол оқулық бойынша «Хрестоматия» құрастырдым. Соңғы аталған екі еңбектегі Бұқар, Махамбет, Нысамбай, Шортанбай, Мұрат және Абайға қатысты бөлімдерді мен дайындадым.

Бұл жайды, яғни, көрсетілген тараулардың менің авторлығыммен құрастырылғанын біле тұрып, ж.Жұмалиев менің аталған еңбегімді атамай, оның өзі құрастырған ХІХ ғасырдағы әдебиет тарихы туралы оқулықтары мен бағдарламаларында менің Махамбетті бағалауда жіберген қателерімді үнемі көрсетіп отырды. Ал онда, Бұқар, Шортанбай, Мұрат, соның ішінде Кенесарының жыршысы Нысамбай туралы мадақ пікірлер жоқ болатын, керісінше, олардың шығармашылығы әшкерелеу бағытында талданып, таптық-саяси тұрғыдан алғанда барынша дұрыс баға берілген. Бұл жайлы кейін кеңірек тоқталамын.

Қазір сол баяғы 1934 жылғы еңбегімді еске ала отырып, Кенесары мен оны мадақтаушыларды және жоғарғыдағы зиянды кітаптарды барынша тереңдей зерттеген тарихшылардың, әдебиет тарихшыларының, жазушылардың назарын мынаған аударғым келеді. 1934 жылғы «Хан Кенеде» кеткен қателігімді «Түнгі сарын» пьесасы арқылы түзеткенім бұл жолдастардың есінде болар. 1916 жылғы оқиға туралы бұл шығарма 1935 жылдан бері жақсы баға алып келеді. Мұны айтып отырған себебім, осы үрдістің барлығы, яғни, қателіктерімді жеңу жолындағы менің күресім ішкі, тарихи және логикалық толғаныспен тікелей байланыста өрістегенін жеткізу.

Жоғарыда айтып өткенімдей, әдебиет тарихшысы және жазушы ретінде де 1934 – 1947 жылдар аралығында Кенесары тақырыбына қайтып оралғаным жоқ.

1934 жылдан кейінгі өзімнің жеке еңбектерімде Кенесары тақырыбына жолағамын жоқ, алайда, соңғы жылдары ұжымдық еңбектің редакторы ретінде үлкен, аса үлкен қателік жібердім. Әңгіме – 1948 жылы жарияланған «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томы туралы болып отыр. Мұндағы лиро-эпостар тарауына – «Наурызбай-Ханшайым» және тарихи жырлар тарауына – Кенесары, Наурызбай, Саржан, Ағыбай туралы мақалалар енгізілді. Біріншісін институттың сол кездегі қызметкері Қоңыратбаев, екіншісін – институттың сол кездегі директоры Исмаилов жолдас жазды.

Ондағы басты қателік – мақалалар тек мадақтауға ғана құрылды. Феодалдық, хандық құрылымның және Кенесары Қасымов пен Наурызбайдың қозғалысын жырлаған бұл жырауларды әспеттей мадақтады, әрине, бұл мақала авторлары Исмаилов пен Қоңыратбаевтың қателіктерін ақтай алмайды. Сол қателіктің үлкен салмағы, әрине, маған тиесілі. Сондай-ақ, оны қолдап рецензия жазған Бәйішев, Дүйсенбаев, Сағындықов жолдастар, құрастыруға қатысқан Сауранбаев пен Мәлік Ғабдуллин де жауапкершілікті бізбен бірге көтеруге тиісті.

Сондықтан да, бірінші томның қайта басылымында бұл қателіктерді жою – менің басты парызым екенін мойындаймын. Ал сіздерден: тиісті кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңыз, орынды сындарыңыз арқылы бізге көмектесулеріңізді өтінемін».

Сондай-ақ осы еңбекке Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінің жауапты ғалым хатшысы әрі жауапты рецензенті, кейін партия саясаты өзгерткен тұста үкім иесі боп шыға келген Сақтаған Бәйішевті, эпостар мен фольклор туралы үкімді баяндама жасаған Мәлік Ғабдуллинді де өзімен қосақабат жөрмеген. Бұл да саяси сес. Өйткені М.Әуезов құласа, кеңестік жазылмаған заң бойынша, «қылмыстының» көрсетіндісінде аты аталған адам да жазасыз қалмайтын.



М.Әуезов (жалғасы): «Міне, мен осылай өзімнің соңғы уақытта жіберген қателерімді есептеп, екшеп, ескеру барысында Кенесары туралы әдебиеттердің түгелін және Кенесарыны шабыттана жырға қосып, оларды насихаттаған, ХІХ ғасырда өмір сүрген Досқожа мен Нысанбайдың шығармаларын тағы бір қарап шықтым. Кенесары қозғалысының бұл жыршы-жыраулары Кенесарыны мадақтаудан басқа ештеңе жазбапты, демек оларды жақтау, мақтау – Кенесарының өзін жақтау болып шығады.

1939 жылдан бастап 41, 42, 43, 46, 47, 48 және 49-жылдары шыққан қазақ авторларының тұтас бір шоғырлы кітаптарын, олардың әдебиеттану туралы оқулықтарын, очерктерін, зерттеулерін, мақалаларын, ең соңында жыл сайын шығып тұратын жоғары оқу орындарына арналған бағдарламаларын оқып шығып, олардың жыл сайын, табанды түрде, бір бағытта және теріс бағытта жіберген шынжырдай шырматылған қателіктерін, бір емес, көптеген қателіктерін байқадым. Қазақстан ҚКП Орталық Комитетінің Тіл және әдебиет институтындағы 1947 жылғы тарихи шешімі – олардың Кенесарының тарихтағы орнын және оның жорық жыршылары Досқожа мен Нысанбай жыраудың мұраларын бағалауына ерекше өзгеріс әкелмепті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет