Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер


Сырым да, сымбатым да -Ауылым



бет8/9
Дата25.08.2017
өлшемі2,31 Mb.
#25845
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сырым да, сымбатым да -Ауылым

АУЫЛЫМНЫҢ ТІЛЕГІ ТІРЕЛІП ТҰР ТҰЙЫҚҚА.

ОСЫЛАРЫҢ, АЗАМАТ, ОЙЛАҢЫЗШЫ, ДҰРЫС ПА?

Рухани тірлікті мына тірі дүниеде жадаулатпай, жалықтырмай

жалғастырып, ауылдың ақ-шаңқай шаңырағын көк аспанмен таластыра

жаңа жігермен айқындай толықтыратын күн туып, мезгіл жетіп отыр.

Ауыл жылының алғашқы кезеңі өтіп те бара жатыр. Өкіметтен тіленіп

сұрай бермей, білекті сыбанып, Алла, еңбекті жандыра гөр деп, кіріскен де

жөн болар. «Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады (яғни, тойынады),

адамнан сұрағанның екі көзі шығады» деп бекер айтылмаған болар. Ауыл

жылына үн көмегімді қосып, сұрарым: тұйыққа тірелген туған ауылдың әр

азаматы қол ұшынан жалғасып, ауыл, қала, ұлы кенттер басшы азаматтары

көмек жасап, ауылды көркейтейік. Үлкен Мемлекетімізден үкілі үміт күтіп,

өтініш үн қосып отырмын. Ұа, халайық! Үкілі Үміт бәйгесіне әркім өз үнін,

жол- жобасын қосса екен деген тілектеміз.

Аман ба екен ауылдың Аналары,

Ақжарқын ашық көңіл Ағалары,

Шарқ ұрып сағынады, шіркін, көңіл,

Көргенше ауылымның күн шуағын.

Есен бе ауылымның тектілері,

Тентегі тайға мінген, естілері.

Еске алып ескермей ме еркелерін,

Көрмесем бір өзіңді мұң кешемін.

Туған жер таңғажайып көркем едің

Сығансам жолаушылап мен келемін.

Кешегі, бүгінгі әуен өтіп барад

Келешек күттіреді бүршігінен.

Дариға-ай, аман ба екен атырабым,

Суыңа аяғымды батырайын

Бір аунап шалғыныңнан шабыт алып

Жүрегім бір жайланып отыратын.

Па, шіркін, нәзік, назды ауылым-ай

Жып-жылы болушы еді жауының-ай,

Қиналған сәттерімде сені ойласам

Аласың мені жылы бауырыңа -ай
ТУҒАН ЕЛДІҢ – ТҮНІ ТЫНЫҚ, КҮНІ ЫСТЫҚ.

(Б.Т.)


Елдің қазығы - ауыл. Себебі, Отан ауылдан басталған ғой. Әр ауыл

жиылып. Мемлекет атанып отыр емес пе?

Отаңды сүйе білу ауылдан бастау алады. Туған ауылыңның тауы биік,

түтіні ыстық. Ойлай қалсаң, бір сәтке, мұрныңа ауыл иісі келгендей болады.

Нанбасаңыз ауылды елестетіп көріңізші. Бірі - қазанға бауырсақ пісіріп,

бірі-күбісін ыстап, бірі-кұрт кайнатып, май шайқап жатыр. Сары қи мен

ақжапаның иісін-ай. Ащы көмірдің иісінен әлде-қалай артық қой. Бұл нағыз

дала иісі. Оған арқаның саумал самалы қосылғанда, жұпар дерсің. Жеті

қазынаның бірі - ит те ықтан желге қарап, танауын көтере, рахаттана иіскей

жұтынатынын байқағандар да бар шығар. Ол да ауылының қорғаушысы.

Ауыл - мәдени, рухани өміріміздің жарқын жаңалығы, өнер мен білімге

ынтық көңілдің дүние дидарына қараған - бір терезесі еді. Талай ақынның

ойына шабыт берген, көшелі сөзге қанат бітірген, әділдігі басым, салауатты

өмірге бейім, ғибрат тұғыры биік, аңқаулығы мен адалдығы қатар жүрегін,

заманымыздың тұңғыш та, төл перзенті-ауыл еді ғой.

Ғылым мен ғалымға жол ашқан, жер жыртып егін салған - диханшы,

талай алуан-түрлі еңбектің өмірін өркендетіп, Еңбек Ерлерін де берген –

ауыл. XXI, ХХ-шы ғасырлардағы ғалым, академик, профессор, керек

десеңіз, алпыс тамырлы өнерлі, күміс-алтын зергер ұсталары да осы

ауылдан шықты емес пе?! Сондықтан да, ауыл - береке, ауыл - мәртебе,

ауыл - алыптардың мекені. Демократияның көсемі де ауылдан.

Ғұн-сақ кезеңінде «айыл» деген екен. Жаны бар сөз. Қазақ, айылыңды

тарт, - дейді. Атқа шапсаң, айылың босап кетпесін деп те жатады. Яғни

ұятты ұмытпа немесе ат шапқанда айылы ішін тартып тұрады, үстіндегі

адам мықты отырады, ері ауып қалмайды. Міне, осы шағын тарихта үлкен

шындық жатыр емес пе? Ұятсыз адамды: пәтшағар, айылын да жимады-ау,

дейтіні және бар. Қай сөз транскрипцияға түспеді, әріп те ауысты, талай сөз

де бөгделеніп, жетім баладай, жесір әйелдей иессіз қалмады ма?! Талай су

татыған бос сөзді ашаршылық, татар-моңғол илеуі, соғыс, т.б.

жайсыздықтар әкелмеді ме. Талай озен ақпай, талай көл суалып та қалмады

ма?!

Кейде «қарның ашады», қазіргі «білімпаздар» қазақта жазусызу



болмаған, «бұрынғы артта қалған, жабайы қазақ халқы»... деп, бастайды-ау

кеп. Сонда мен солар үшін қатты ұялып отырамын. О, маһрұм бейшара-ай,

туған далаңның үш-бес мың жылдар аясында хатқа түскен деректерінен

бейхабар екенсің- ау, одан бері айтсақ, Махмұд Қашқари, Жалайыр

Қадырғали, Дулат Мухаммед Хайдар, Ахмет Иассауи, Құрбанғали Хамиди,

Шоқан Уәлихан, ЬІбырай Алтынсары сияқты ұлдарыңды, төл тарихың мен

мәдениетімізге қатысты өлмес мұра қалдыған тұлғаларымыздың еңбектерін

білсең етті дегің келеді. Ал, бұлардан арғы мыңжылдықтарды білу үшін

араб, парсы, жапон, түрік т.б. тілдерді білуді қажет етеді. Сонда жазылған

мәселелер қазақ тіліне тезірек аударылса, шіркін! Біздің молдаларымыздың

да сауаты әлсіздеу-ау. Айтатын құрандары, тек, жатталған дүние, ата-

анадан құлаққа сіңген. Мазмұнын өздері де біле бермейді. Талай рет

сұрадым, айтатындары: енді бір Аллаға сыйыну ғой дейді. Ата-анамыздан

естіген бірді-екілі уәжді бәріміз де білеміз.

«Құлқу Алла!» - деп үш қайырарлыққа дерлік шамаға ата- анамыз

жеткізіп кеткен. Әйтеуір Ұлыға сыйыну деп, ұйып айтамыз. Сондықтан

айтылған, айтылатын сөздерге, іс-әрекетке жауапкершілікпен, білімділік,

игілікпен қарайтын кезең жетіп, өтіп те барады.


«ЕСКІ МЕН ЖАҢАНЫҢ, ӨСУШІ МЕН

ӨШУШШҢ АРАСЫНДАҒЫ КҮРЕС»

Ғ. Мұстафин.

Қатты ескерер бір әңгіме: жаспыз, тәй-тәй басып келеміз, - дейді.

Қайдағы жас - он екі жасар бала ауру болмаса тәй-тәй баса ма? Алты, жеті

айлық баланың өзі. Бір, ай жарымдай тәй-тәйлап, сегіз айлығында жүріп те

кетеді. 11-12 айында жүрген баланың өзін «жалқау» дейді.

Сол сияқты: «қара қазақ», - дейді. Қай жерде қазақ қара дегенді

естідіңіздер. Салауатты тарих бойынша, қазақ қой көзді, сары (қонырсары)

нәсілге жатады. Көзі қап-қара, өзі әппағы қаншама. Қара деп қазанды

айтады, кейде сіңірі шыққан кедейлікті меңзейді, немесе ат үстінде күн

кешкен, күнге күйген еңбекшіл қайыстай қара еді деп, бір ғана адамға теңеу

ретінде айтады. А. Қоразбаевтың «Қара шал», «Қара кемпір», - «Қара

пимасы» - өмір тәлкегіне түскен жандардың тағдырын сипаттауы. Бүкіл

қазақты айтып отырган жоқ. Негрден басқа қара нәсіл жоқ. Өз халқының

адал абыройын көтере білмеген қазақты, мына шіркіннің қанында

бабаларымыз жорықтан алып қайтқан бөгде бір сұлудың қаны барау деп,

секем алам.

«АРҚА ЖАЙЛЫ БОЛСА, АРҺАР АУЫП НЕСІ БАР»

Қазақтың өз Әлемін ұмытуына түрлі себептер болғанын әркім біледі

ғой, дегенмен, әркім де өзім, өзіміз кінәліміз деп ұққаны дұрыс болар.

Біреудің жақсы айтқанына, жалынды леппен сөйлегеніне ере жөнелетін

өзіміз. Жөнсізді жөнді деп пайымдамай, ерме, ермелігіміз бар. Тізгінді

қолға алғалы талай болды, әлі қазақшасы бар сөз аузымызға түспей,

үйренген орысшасын айта саламыз. Ол ма, енді миллениум, созвездие,

Ноtеі, т.т. деп көбейтіп келеміз. Дербес мемлекет болдық деп қуандық. әлі

сөзіміздің басы төбедей, аяғы кенедей болып барады. Оған себеп, азын-

аулақ үлкендерден басқа қазақ, қазақ басылымдарын оқымайды, не

жазылмайды. Ал, қазақ қазақша оқымаса, сөзі қалай көбейеді, сол

«сақаулықтан» әлі талай мүшел арыла алмайды-ау деп, уайым шегем. Қазақ

басылымына жазыл десең, сосын деп, сылтау айтып, жылжытады, өзім

куәмін. Бәрінің айтатыны: мен өзім шындықты сүйемін, түзу сөзді

ұнатамын дейді. Сондағы шыны, түзу әділі қандай?

Баспасөз бетінде көтеріліп жатқан мәселеге бір адам үн қоспайды.

«Оқыдың ба» десең, шылп етпей, «жоқ», - дейді-ау, ұят-ай. Иә, ұяттың тісі

жоқ, бірақ мүжиді. (Б.Т.). Бұл айтылғандар менің Әлем қазақтарына

сәлемім болсын.
МҮМКІНДІГІ МОЛ АДАМНАН ГӨРІ

ЫНТАЛЫ АДАМНЫҢ ПАЙДАСЫ МОЛ.

(КТ)

Негізгі әңгімеміз ауыл еді ғой. әлгіде айтқандай, ауылдан шыққан



асылдар: Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Тұрар, Халел,

Жүсіпбек, Мұхамеджан, Санжар, Нәзір, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Ораз

сияқты ағалар кімнен кем еді. Сегіз қырлы, бір сырлы, дүниенің бірһадар

шаруасын меңгерген - сазгер, ақын, саясаткер, ұлы кемеңгерлер емес пе?!

Сүт бетінің қаймағы, елдің ырысы екен ғой. Саясатшылдардың айласының

күштілігінен ешкімнің қорғауға мұршасы келмеген екен. Оған даламыздың

кеңдігі, халқымыздың аздығы мен, аңғалдығы да себепші болғандай.

Мынандай кең саһарада шаншарға жер қалмағанға дейін өсуі керек қой.

Жерге сыймай кетерміз деген қауіп болмаса керек. Көп қорқытады, тереңге

батырады ғой. Себебі, жас өсіп-жетіліп, қарт қартайып, орын босатып

отырар, кейде табиғат дүлейі де топ жарады ғой. Әрине «жаман айтпай

жақсы жоқ» деген ғой.

Сонда баһадүрімізді «богатырь», кінәзсіген кінәзімізді «князь»,

боранымызды «буран», қамысымызды «камыш», Отанымызды «Атан»

демес едік-ау. Әр саясаттың түбінде бір құрдым, әл құрдым түбінде бір

сұрқиялық болады да тұрады. Соның бәрі адамның ойымен өлшеніп,

қалымен іске асырылып отырады. Ал, қазақ соның бәріне көніп, бас

шұлғып, ал өлдік, - деген кезде: «енді айқайласам бола ма?» - деп шығады.

Оған бір мысал: қазақ мектебіндегі негізгі үш пәнді (мат. физ. хим.)

ағылшынша оқытайық дейді. Енді соған ұйып отырмыз. Бұған қалайда әділ

төрешілік керек. Бұл деген мәдени, һәм руһани үндестіктен кереғар

күндестікті қоздыратын кертартпа көз-қарас деп білген жөн. Талай

майталман математик, техниктер де ауыл мектебінен оқып-ақ алдына жан

салмай, доктор да болғаны бар емес пе.

Талай елден келіп жүрген делегат қонақтардың не орыс тілінде, не қазақ

тілінде сөйлегенін көрдіңіздер ме? Жеке адам арасындағы сыйластықтан –

қимастық туады, ал мемлекет арасы басқаша, сыйлассаң сыйлас, бірақ

қинаспа деу қажет. Ұлы мекен өзінің Ұлы тілінде сөйлеп, оқып, өнер

танытып, өзге тілдің де олпы-солпысына қанық болғаны жөн. Тіптен басшы

қызметтегі жандар ағылшын тілін біліп, білсе де өз туған тілінде сөйлеп,

ау- дармашы ала жүргені дұрыс деп білеміз, көпшілік көңіл осындай. Бұлай

жасау өзіңнің Ұлы тіліңді, Ұлы Мекеніңді қадірлеп, бөтен ел алдында

кеудесінде үлкен қос-жұдырық жүрегі бар ел - қазақ екеніңді дәріптеу. Ұлы

Пушкин айтқан: «аудармашы мәдениеттің арбакеші», - деп. Ал, қазіргі

аударма көркем аударма болса, халықтар арасындағы достық діңгегі, алтын

болары анық. Бастысы: нені аудару, қалай аудару, кім аударды. Осы үш

мәселе төңірегіндегі мықты ой-тұжырым керек сияқты. Көшедегі кейбір

аудармаларға еліктей көрмеңіздер. Сократ айтқан: «Как много есть на свете

вещей, которые мне не нужны», - деп. Сондай-ақ...

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өмірімізді ауызекі жинақтап,

кен-байлығымызды шашаусыз қымтап, болашаққа жеткізіп, өмірдің ашысына төтеп беріп, түщысын қуаттаған, байтағымыз - ауыл деп аталады. Ауыл - эр қазақтың туған, еңбек еткен жері. Ауылдан шыққан балада ақыл-парасат мол болады, тек ауылдан алған негізгі, тұрақты білім қалада толықтырылады. Кейбір жастар «городскоймыз» деп мақтан тұтады, өзінің шала піскен қарбыздай, сыртының «полосатый» болып тұрғанын біле де бермейді.

Рас, қазіргі танда ауылдың қадірі кетіп-ақ тұр. Білімді де бере алмай,

қаңырап бос қалды. Оны да талан-таражға сап, сол дәрежеге жеткізген

өзіміз - адам. Ортаға тастаған сүйекке таласа кеткен күй кештік. өз

алауыздығымыз, мансапшылдығымыз, ауылдың жартысын алып баи

қояйын деген өзеуреген өзімшілдіктен бөліске түсіп жоқ болған қайран

ауыл. Сол ауылға арнағаным алты ауыз (өлең).

АУЫЛДА ҚАЛШЫ АҒАЙЫН!

Ауылда қалшы ағайын

Ауылға деген сағынышпен барайын.

Ауылдан ғой шыққан тегі баршаның

Ауылымды аялашы, ағайын!

Ауылға барсам тілдесемін тарихпен,

Аңқылдаған жандар ды көрем өзінен.

Танысын, мейлі танымай

Береді сәлем, сөйлеседі менімен.

Дауылдаған ауылдың халқы зиялы

Шартарапты шарлайды оның қиялы

Аяулы ана, аруы адал ауылдың.

Пайдасы көп, жоқ ешкімге зияны.

Ауылдан шыққан ғылым да,

Талай ғалым да,

Ауылдан шыққан шежіре, дастан, жырың да.

Ауылыңды аяулыңдай ардақта.

Сол ауыл ғой көне шаңырақ қазакқа.

Ауылдан келер сәлем- сауқат сыбаға

Ақ қатықтай әппақ көңіл кіл таза

Ауылды тастап, түңілігін жаппаңдар,

Келін, қызға бозбалаға ол - Ана.

Ауылда қалшы, ағалар, қалшы, ауылда?!

Ауылға болады басқа, енді, кім пана?

Қаладағы қаңғыған ұл-қыз қайрылар,

Көкейінде болса түйсік - бір сана.

Ауылым, менің Ауылым!

Құлпырсын жаңа дәуірің

Қазақ боп туып ауылда,

Қазақ боп қалсын бауырың.

2002 жыл.


МІНЕЗ - АДАМ МҮМКІНДІГІНІҢ

ЕҢ ҮЛКЕН ЖОЛ СОҚПАҒЫ.

(Б.Т.)

Иә, жазамын, жазамын да оқимын, оқимын да ойланам, ойдан ой



құшағына сүңгимін. Үзілген ой қайтадан желі тартады. Ел қайтып ауылға

оралар, маңқиған маң дала елге де, малға да толар. Маңғаз дала төсінде егін

жайқалып, асыл шөп найқалып, гүлдің хош иісі аңқыр, дәруіш шөптері

өсіп-ақ жетілер. Үмітім үлкен. Тек қайта кұру, қайта құру деп

қақсамайықшы. Бұл сөздің төркіні құру, құру ғой. Құрыған зат орнына

басқаша боп келтіріледі де. Одан да гүлдене құралуды жалғастырайық та.

Бала күнгі көз көрген құбылыс әлі күнге көңілімінің қиялындай елес

береді. Ең бірінші ойыма оралып, қиялымды қанаттандырар көрініс - жаз

жайлауы. Өзен-көл бойын жағалай көшкен ауыл, өзеннен алыстау, қалың

шиді ортаға тастап, көкорай шалғынға киіз үйлерін дөңгелете тіге бастаған

кез. Жүздері жылы, қуаныштары қойнына сыймай, ауыл қонып жатыр.

Біздер, балалар мәз-мәйрам, сыңғырлаған шат күлкі. Жүк түскенше

шалғынға сүңгіп, тығылыспақ ойнаймыз, жүгіре-жүгіре өзеннен шығып,

сүңгіп те үлгергенбіз. Сол уақыттың көк шөбінен бала көрінбей, шиінен

аттылы адамның, зорлау болса, төбесі ғана қылаңдаушы еді-ау. Бәрі есімде:
« АҢЫЗЫМ, ӘНІМ - АУЫЛЫМ»
Сұлу қыздай сылаңдап.

Сарсу жатыр сал-сері

Көрсетпейді тереңін

Қыз бұрымдай бұлаңдап.


Бала жастан білемін

Сарсудың жайдақ жағасын

Жұқпайды құмы аякқа,

Қытықтап бала табанын.


Құм астын кеулеп ағады,

Тереңде оның табаны.

Бүлдіршін-майда шабағы

Жеткізбей бізге қашатын.


Балаң да, балдыр, балғын шақ,

Өзіңде өтті жастық шақ.

Өзіңде таңды аттырып,

Өзіңде таптым адал Бақ.


Айналайын, киелім,

Басымды саған иемін.

Балалықты есіме ап,

Көргенде сені күлемін.


Аңызым да, әнім сенсің, ауылым,

Қарсы тұрып, тосып аламын дауылын.

Азаматтары өнегелі де, өнерлі,

Арқа тұтам ауылымның қауымын.


«Теңіздей терең халық ішінде алмастай асыл ойлар жатыр» - деді,

Ғ. Мұстафин


ТУҒАҢ ЖЕРДІҢ ТҰРМЫСЫ ТҰЙЫҚҚА ТІРЕЛМЕСІН.

(Б.Т.)


Аса бір қуанарлығы ауыл жылы болып үлкен мәселенің көтерілуі. Ендігі

уайым көп сөздің бірі боп, бос сөз болып қалмаса екен. Ауыл - ел тарихы.

Ауыл - өркениет, мәдениет және руһтың жолы. (Т.С.).

Әрқайсысы өз межесінде қанша күшті болса да, Аспан жерге тәуелді,

Жер Аспанға тәуелділігі сияқты Қаласыз Дала азып, Даласыз (ауыл) Қала

қуатсыз болмақ. Бірінсіз бірінің күні толыспайды, талабы тасымайды. Ауыл

қаланың іргетасы (фундамент) іспетті. Даланың дархандығы, ауылдың

аңғалдығы адам бойына ана сүтімен сіңген. Қыр ұл-қызының қызығы қырда.

(Т.С.) даланың бұла желінің лебі, лала гүлінің иісі, бұлақ сыңғыры,

жапырақ сыбдыры ерек болады. Бұл - ауыл. Тұлпарды тайынан, дүлдүлді

шаңынан танитын көзі қарақты сыншы да ауылдан болады. Ал, мен болсам

өз балалығымның ауылынанмын. (Б.Т.).


ТУҒАН ЕЛІҢ - ТҰҒЫРЫҢ,

ТУҒАН ЖЕРІҢ - ҚЫДЫРЫҢ

Бұл үлкен сағыныш сөзі. Ел мен жерге сағыныш құсалағы әке мен

анадан айырылған шақта ең үлкен сағыныш пен құсалық болады екен.

Кімді сағынып, кімге барып бас ұрарыңды білмей дал боласың. Іргесіне

келіп, аспаны мен топырағына қарап, Аһ! Қайран туған жер дерге ғана

жарарсың. Заманына карай амалы, турасында, тек, ақын қаламы деймін.

Елімнің елеулілері, халқымның қалаулылары көп еді, кімдер енді оларды

елейді? Жақсы мен жайсаңын ұмытпауға, жүйрігі мен жорғасын қанықтауға

жәрдем жасар көнекөз қариялар мен алтын аймақ - туған өлке емес пе?!

Сөзімді түйіндей келе: «Құт-бақытқа кенелсем деп, тор құрушылар көп,

бірақ, ол қасиетті адамға ғана қонады. Құтты іздеген адам жібек мінезді,

көңілі таза, тілі майда, жігерлі болып, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге

мейрім төксін. Арсыз көңілін тыйып ұстасын. Осы қасиеттер- құтты

ұстаудың құлып-кісені», - дейді Баласағұни. Ой-түйін:

* Қазақ өмірі бар тарихымен, бар тарихи қасиет- дәстүрлерімен құнды;

* Қазақ дәстүріндегі ырым, бұл-тәрбие-тәлім;

* Ырым-дәстүр қазақ мінезінің арқау жүйесі;

* Болғанға да, бола алмағанға да кіндік кесіп туған жер, қаздай қалқып өскен ел, сенен ыстық жер бар ма;

* Алдымен білімді ел болу міндет;

* Болашақ өткенді қайталамайды, жаңалап жалғастырады;

* Бәрібір қайта айналып қазығыңды (еліңді) табасың, таппасаң бір бүйірдегі обасың. (Б.Т.)


ҚАЗАҚҚА НЕ КЕРЕК?
Алтын аспан Күнімен күміс сандық, Ай керек,

Тебеген бие, қашаған түйе, түйенің ботасы,

Жердің жотасы, алтын асық, күміс қасық керек.

Аспандағы жұлдыз, судағы құндыз керек.

Өз елінің батыры, жатағы мен жатыны,

Туған баласы, туыс бауыры,

сатпақ емес, әппақ қатыны керек.

Ақ орда - ақ шатыры

Бөбектің ұйқысы қанар бесігі керек.

Оу, керек, керек, бәрі керек,

Осыған жету үшін тәп-тәуір еңбек керек.

Ал, қазақ, жатпа қатты ұйқыға батпа

Жеріңді жайнат, еліңді көркейт

Жаман дерттер үйге кірмесін,

Ой, жаным, бөбегім,

Па, - кербез қазағым өс, өс, өс, өс, өс!

Шырылдап туған сәбиге

Жаялық болған жазирам;

Айналайын баладан, тауып алдық

Дарын деген даладан;

Әлди-әлди ақ бөпе, ауыл бесігіне жат бөпе;

Аршадан болсын бесігің, өріктен болсын бесігің

Ауылдан болсын нәсібің;

Айналдыма жабар ем атыңа тоқым салар ем

Ыдырап кеткен ауылыңды іздесем, сірә, табар ма ем.

Құрығыңды майырып

Жылқыдан асау қайырған

Туған жер, туған ауылдан

Кім екен бізді айырған. (Б.Т.)

Көкірегімді кернеген сағыныш - осынау кең даласы бар елге, елді

ойлайтын азаматқа лайықты сияқты қазақтың кеңпейілділігі, дархандығы

ән мен күй, өнер мен өрнекке толы кеңбайтақ даласынан-ау. Расында, ен

жайлауды еркін жайлап өскен қыр қазағы - ауыл баласының көңілі кең,

құшағы ашық, қонақжай, һәм өнерлі болмауы мүмкін емес-ау. Сондықтан

да ауыл өнерлілерінің (зергер, диханшы, әнші-күйші, атбегі, құсбегі, ерші,

үйші т.б.) мұрасының өлмейтіндігі қазақтың даласында туғандығынан деп

білемін. Бұл сөздерімнің шындық екенін уақыт өзі анықтап берері һақ.

Асықпайтын аспандай, жалықпайтын жердей талғампаз болайық (Б.Т.)

Қайтсем бақуатты бай болам деп ой түйгеннен сақтасын, елін, жерін,

ауылын байытып, болашаққа табыстайтын ұл мен қыз өсіп жетсін, зиялы

қарттарын сыйлап, қадірін құрметтеп, сыры мен сымбатына сүйсінер

ақылды бекзада жастардың қатары көбейіп, ауылын асқақтатсын деген

тілектен туған ойларым.
№ 4 (34), 2009 ж

«Сырсымбат»



МАЗМҰНЫ

Алғы сөз

Өткен күннен бір белгі немесе ұрпаққа

Қалдырар асыл мұра........................................................................................................... 5

Бердалина Тұрсынханға арнау.......................................................................................... 10

Нұр таңы.............................................................................................................................. 12
Өлеңдер:

І.О, туған жер, сенсің менің тұғырым

Туған жер............................................................................................................................. 13

Ауыл кеші............................................................................................................................ 13

Сәлем саған Жаңаарқа........................................................................................................ 14

Сағынышым......................................................................................................................... 14

Сары-қоңыр белім бар......................................................................................................... 15

Оралмас, сірә, жас күнім..................................................................................................... 17

Желқобыз үнді естимін........................................................................................................ 17

Дүние-бесік........................................................................................................................... 18

Жыр пегасы........................................................................................................................... 20

Сағынышты сағыну.............................................................................................................. 20

Төрт түлік қасиеті................................................................................................................. 22

Біздің елде............................................................................................................................. 24

Ақын інілерге........................................................................................................................ 25

Ақынға (Қ.Асановқа)........................................................................................................... 26

Қос дүлдүл............................................................................................................................. 26

Қосарым бар......................................................................................................................... 28

Ғазымға арнау мен шағыну................................................................................................. 30

Сәкенге.................................................................................................................................. 32

Ақын досқа............................................................................................................................ 35

Қош бол, асыл Азамат.......................................................................................................... 36
ІІ.Отаным шалқар жерім бақыттысың!

Отан........................................................................................................................................ 38

Алтын заң............................................................................................................................... 38

Отаным, бақыттысың!.......................................................................................................... 39

Тәуелсіздік табанын тіреді................................................................................................... 39

Отанды сүйе біл..................................................................................................................... 40

Сезімнің күші......................................................................................................................... 40

Азаттық жалауы кімдікі?...................................................................................................... 42

Алқара көк түнгі аспан.......................................................................................................... 43

Әлемшер, тоқтамас................................................................................................................ 45

Қарағанды шаһарым.............................................................................................................. 46

Біз елміз.................................................................................................................................. 47

Қанатың талмасын Әлем....................................................................................................... 48

Тым қымбат............................................................................................................................ 49

Қазақта ауыл болған.............................................................................................................. 50

Ұлы дала................................................................................................................................. 51


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі
files -> Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет