Түсінік хат «Өзін –өзі тану» пәнін оқыту «Адамның үйлесімді дамыту» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒпббсо) дайындаған, Қр білім және ғылым министрінің 2013 жылғы



бет25/25
Дата08.02.2022
өлшемі132,91 Kb.
#98793
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
1-11сын өзін-өзі тану күнт жоспар-1-1

(4–тоқсан)

8 сағат

Рухани мәдениетті тану, мәдени мұралардан тағылым алу.Ата салты – асыл қазына.
Салт-дәстүрді құрметтеу, үлгі-өнеге алу.




Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

Өтетін күні

АКТ

Көрнекілік

I тарау Адам және өмір (8 сағат) I-тоқсан

1-2

Өзіңді тану - өмірді тану



Кіріспе сабақ. Әр адамның өзін-өзі тануы, олардың өмірді түсінуі, бағалауы түсініктерінің кеңейтілуі. Өмірдің сынақтарынан сүрінбей өту, жақсылығын бағалау, қуанышын бөлісе білу және т.б. Өмірдің адам үшін маңыздылығы. Мазмұнды да, мәнді өмір сүру.

2










3-4

Салауаттылық - өмір негізі



Денсаулық өмір өзегі. Денсаулық, Ұзақ өмір. Мәнді, мазмұнды өмір. Денсаулықты нығайту. Денсаулыққа зиянды, пайдалы әрекеттер. Салауатты өмір салты. Адам өміріне зиянды әрекеттерден аулақ болу: нашақорлық, ішімдік ішу, шылым шегу, СПИД және т.б

2










5-6

Әсемдік – өмір жарасымы

Табиғат әсемдігі. Адамның табиғатқа әсері. Әсемдікті, сұлулықты сезіну.Өнердің адам өмірінің көркеюіне ықпалы.

2










7-8

Еңбек – өмір мәні



Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы. Еңбектің шығармашылыққа ұласуы. Адамның шығармашылық қабілетін ашу. Шабыт, ынта, жігер, талап т.б. ұғымдар туралы түсініктер.

2










ІІ тарау. Адам болам десеңіз... (8 сағат) ІІ-тоқсан

9-10

Жақсылық – жан жадыратады

Жақсылық жасау. Жақсы сөз айтудың адами қарым-қатынаста алатын орны. Адамның өз көңіл күйін, эмоцияларын, сезімдері мен әрекеттеріне талдау жасай білуі. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы.

2










11-12

Ар-намыс керек адамға

Ар-намыс, ұят ұғымдарын адамгершілік ұғым ретінде мәнін ашу. Өзіне-өзі есеп беру, өзінен-өзі ұялу, өзін-өзі тәрбиелеуі және т.б

2










13-14

Мінез – адам көрсеткіші

Адамның мінез-құлқы туралы түсініктерін дамыту. Жақсы мінездің қалыптасуы. Өз көзқарасы мен қылықтарын, сондай-ақ өзге адамдардың көзқарастары мен қылықтарын талдай білуі және сыни тұрғыдан бағалауы, өз ойы, сөзі және ісіне жауапкершілікпен қарай алуы.

2










15-16

Адалдық– адамдықтың белгісі

Адалдық. Адамдарға жақсылық ойлау. Ой мен істің ұштасуы. Адамның өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дәйекті түрде жеткізуі және оны негіздей алуы. Шындық пен жалғандықты ажырата білу.

2










ІІІ тарау. Адам және мәдениеттілік (10 сағат) ІІІ -тоқсан

17-18

Татулық – достық кілті



Татулық, ынтымақ, достық, туыстық т.б.. Отбасы сыйластығы, туыстар сыйластығы, достар сыйластығы, ұжымдастар сыйластығы және т.б.

2










19-20

Адами қарым-қатынас ізгіліктері

Сәлемдесу, жылы жүзбен қарсы алу, жымиып сөйлеу, сабырлылық таныту, әдеп сақтау, үлкеннің сөзін бөлмеу, дабырлап, даурығып сөйлемеу және т.б. Отбасындағы қарым-қатынас, iскерлік қарым-қатынас, жолдастық қарым-қатынас жасау әдептері және т.б.

2










21-22

Әдептен озбайық



Қоғамдық орындарда : мектепте, театрда, кино театрда т.б., көшеде, транспорттарда әдептілік сақтау. Дұрыс киіну, өзін-өзі дұрыс ұстау әдептері және т.б.

2










23-24

Әдептілік – адамгершілік бастауы

Сыпайылық, сыйластық, қамқорлық ұғымдарының мәнін ашу және т.б.

2










25-26

Адам мен отбасы



Отбасы жарастығы. Отбасындағы қарым –қатынас. Адамның отбасын сүюі.

2












IV тарау. Адам әлем аясында (8 сағат) IV-тоқсан

27-28

Адам мен қоғам



Адамның өмірден өз орнын таба білуі. Адамның қоғамға қызмет етуі. Болашақ мамандығын саналы түрде таңдай алуы. Білім, ақыл-ой қажеттілігі. Ер адамның, әйел адамның қоғамдағы орны.

2










29-30

Адам мен Отан



Адамның отанын сүюі. Отанын қорғауы. Ұлттық сана, ұлттық намысының болуы.

2










31-32

Адам және Жер шары



Адам Жер шары ұрпағы. Бүкіл жер шары халқын сыйлауы, сүюі. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.

2










33-34

Махаббат–өмір өзегі



Қорытынды сабақ. Адамды, отанды, өмірді сүйе білу және сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білу. Сүйіспеншіліктің, махаббаттың бар жақсылық негізі екенін ұғындыру.

2










Барлығы:34





Түсінік хат
Мектептің жоғары сатысы (10-11 - сыныптар)
Аталған бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 -сыныптарында міндетті түрде меңгертілетін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын анықтайды. Ол өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттарына жетудің құралы болып табылады және жалпы орта білім беретін жүйенің сегізінші (қорытынды) деңгейінде оқушылардың оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелермен сәйкес келеді.
Мектептің жоғары сатысындағы базалық мазмұн адам мен қоршаған әлем туралы түсініктерді тек танымдық тұрғыда ғана емес, өзекті сипатта яғни зерттеушілік ізденіспен, мәселені шығармашылық тұрғыда түсінетіндей кең мағынада қарастырылады. Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сабақтастықты сақтай отырып бірінші сыныптан бастап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай мектептің жоғары сатысындағы 10-11 сыныптардың базалық мазмұнында негізгі төрт тарауды қамтиды:


1.Таным тағылымдары.
2.Адам болам десеңіз...
3.Жарасымды өмір салтанаты.
4.Кең дүние келбеті.


Мектеп бітіруші бозбалалар мен бойжеткендер өзінің алдағы өмірін таңдап, жауапкершілік, дербестік, мақсатқа талпынушылық сияқты құндылық бағдарға ерекше мән берілетін үлкендер қауымына белсенді түрде әлеуметтену үдерісіне түседі. Жастардың өмірдің қандай кезеңдерінде болмасын белсенді әрекет етіп, оң шешім қабылдай білуге даяр болуы мен табысқа жетудің шешуші шарты жоғарғы адамгершілік құндылықтарды негізге алуында болып табылады.
10-11-сынып оқушылары ересек өмірдің табалдырығын аттаудың алдында тұрғандықтан олардың үйлесімді тұлға болып дамуында танымдық әлеуметтену маңызды деп саналады.
Аталған жас кезеңінің негізгі ерекшеліктері оқушылардың өмірлік жолын таңдауына байланысты тұлғаның көпқырлы өзіндік «Менін» қайта қарауынан туындайды. Бұл алуан түрлі қызығушылықтар, талпыныстар, мақсат қою мен міндеттер, іс-әрекеттерін жоспарлау, рухани ізденістер, абырой іздеу, кез келген ықпалдан өзін алшақ ұстау, қарым-қатынас аясын таңдау, өзін-өзі дәлелдеуі арқылы көрініс береді.
«Таным тағлымдары» атты бірінші тарау мазмұны оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтардың ерекшелігін саналы сезіну арқылы өзіндік артықшылықтарын ұғыну мақсатын көздейді.
Адамның өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға, танып-білуге ұмтылысын, өзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға басты назар аударылады. Оқушылардың арманға қол жеткізудің адамгершілік жолы, өмірде қуана білудің адам үшін мәнділігі, адалдық, ой тазалығы, шынайылық, талаптылық, тәуекелдік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің жаңа қырлары туралы білімі мен махаббат, бақыт, өмір туралы түсініктері кеңейтіледі және тереңдетіледі. Адамның өмірдегі басты және қосалқы мәселелерді айыра алу білігіне, өмірдегі өз орнын түсінуіне ықпал ететін рухани байлық, қызмет ету сияқты ұғымдарды ұғындыру қарастырылады.
«Адам болам десеңіз...» атты екінші тарау мазмұнында жалпыадамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, олардың адами қарым-қатынаста алатын орны нақты мысалдармен дәлелденеді. Тарау оқушылардың адамдар арасындағы қарым-қатынас барысында туындайтын өмірлік этикалық коллизияларға саналы тұрғыдан қарау дағдыларын дамытуға бағытталған. Тарау мазмұнында оқушылардың бұрын меңгерген үміт пен сенім, намыс пен абырой, қайсарлық пен батырлық, арман мен ақиқат, жауапкершілік пен парыз, қанағат пен рақым және т.б. сияқты құндылықтар мен ұғымдар түсініктерін кеңейту және тереңдету көзделеді.
«Жарасымды өмір салтанаты» атты үшінші тараудың тақырыптарында оқушылардың дүниетанымын кеңейтуді адамның әлемге ашық бола білуі мен әлемді тану мен түсінуді оған жоғары адамгершілік ұстаныммен қатынас жасай алу білігі арқылы кеңейту мен тереңдету қарастырылған. Тарау мазмұнында әлемнің көпқырлылығы, уақыттың өткіншілігі, тарих пен адамның өзара байланысы, адам мен Әлемнің байланысы, адам мен жер және тағы басқа мәселелер орын алған.
Оқушылардың есею кезеңіне сәйкес жастық шақ сияқты ұғымдардың мағынасын ашуға баса назар аударылады. Өз жақындарының, отбасының, сыныптастарының ортасында моральдық климат орнату үшін жауапкершілік шегін сезінуіне, адами тұрғыдан өмірдегі отбасылық, ұжымдық және қоғамдық рөлдер туралы өз көзқарасын реттеуіне көңіл бөлінеді.
«Кең дүние келбеті» атты төртінші тарауда оқушылардың қоршаған әлем құндылықтары туралы түсініктерін, жаратылыстың сырларын, құпиясын білуге ұмтылысын тереңдетіп, кеңейте түседі. Өмірдің баға жетпес сый екендігі мен мән, мағынасы және адам үшін әлемді танудың, жасампаздық еңбектің маңызы ашылады. Пән мазмұны әлемді құндылық тұрғысынан қабылдау дүниетанымның негізі ретінде, адамның қоршаған әлеммен қатынасын, қоршаған әлем сұлулығын адамның ішкі жан-дүниесімен өзара байланыста сезінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың адамзаттың мәдени мұраларына сүйене отырып, өздерінің адамдық болмысын сезінуге және бейбітшілік үшін жауапкершілікке одан әрі қарай ізгілікті қатынасын дамытуға алғышарттар жасалады.
Адам мен қоғамның бөлінбейтін байланысы мен өз Отанының, отандастарының гүлденуіне адамның жасампаздық белсенділігінің маңыздылығын түсінуге негізгі басымдылық беріледі. Аталған тараудың мазмұны мен оқыту әдістері маңызды адамдық ақиқатты оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтар туралы мәліметтерді, адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолын түсінуін, адамның бүгінгі және болашақтағы мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу арқылы тұжырымдауын көздейді. Аталған тарау орта мектептегі өзін-өзі танудың соңғы курсы болып табылады және әрбір оқушының шексіз өмірлік кеңістіктегі өз рөлін сезінуіне, адамзаттың маңызды міндеттерін орындаудағы өзіндік мәнділігін және әркімнің еңбегі шығармашылығы, таланты қолданылатындай болашақты жасауға бағытталады. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына әрбір адам үшін «адамгершілік, ізгілік» ұғымының маңыздылығын ұғынуға көмектеседі.
10-11- сынып оқушыларына арналған өзін-өзі тану бойынша білім беру мазмұнының ерекшелігі бұрын меңгергендерін жинақтау, оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білімі мен түсінігін тереңдету мен оларды мұнан былайғы иеленуін, ересек өмірге енетін орта мектеп түлегінің қажетті қоры болатын құзiреттiлiктерге ие болуын бағдарлау болып табылады.
Бұл қорыта келгенде, белгілі бір білім, білік, дағдыларды меңгеруді ізгі және мейірімді адамды, сүйікті және қамқоршы бола алатын отбасы мүшесін, адал досты, сенімді серіктесті, жауапкершілікті азаматты, денсаулығы мықты, толық жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеуді қарастырады.
Одан әрі мектептің жоғары сатысындағы 10-11-сыныптарына арналған өзін-өзі тану бойынша тақырыптық жоспары бір-бірiмен сабақтасып, білім беру мазмұны толықтай ашылып берілген.
Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 10-11 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, бір жылға барлығы 34сағаттық оқу жүктемесі көлемінде әрбір сыныпта жүзеге асырылады.
Өзін-өзі тану пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне орай оқыту интерактивтік әдіс негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың әрқайсысының қайталанбайтын тұлға екендіктерін ескере отырып жүргізіледі. Сонымен қатар түрлі әдістемелік тәсілдер мен денсаулықты сақтайтын мүмкіндігі мол дәстүрден тыс сабақ түрлері, арқылы сенімді, эмоциялық жайлы жағдайда мұғаліммен ашық пікір алмасу жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адами қарым-қатынастар зерттеліп, өмірлік түйгендерімен алмасып, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады.
10 – СЫНЫП
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)





Бөлім тақырыбы

Жалпы сағат саны

Мемлекеттік стандарт

1


I тарау. Таным тағылымдары

8 сағат




2

IІ тарау. Адам болам десеңіз...



8 сағат




3

IІІ тарау. Жарасымды өмір салтанаты

10 сағат




4

IV тарау. Кең дүние келбеті

8 сағат









Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

Өтетін
күні

АКТ

Көрнекілік

І тарау Таным тағылымдары










1-2

Таным белестері

Адамның өзін-өзі дамытуы, жетілдіруі. Таным түрлері мен тәсілдері. Зерде – танымның құралы. Зерде және интуиция.

2










3-4

Ой-өріс кеңдігі және ақыл-парасат

Адамның ақыл-ой қызметі негізінде алға қойған мақсатына жетудің оңтайлы жолдарын таба алуы. Ой-өріс кеңдігінің нәтижеге жетудегі мәні.

2










5-6

Ниет тазалығы – ізгілік мұраты

Адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиеті. Көңіл, ниет
тазалығының қарым-қатынастағы мәні.

2










7-8

Рухани байлық – игілік негізі



Адамның рухани, мәдени және материалдық/материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға сәйкес келетін іс-әрекеттер (ырзық).

2










ІІ тарау. Адам болам десеңіз... (8 сағат)

9-10

Алынбайтын асу жоқ



Өмірде кездесетін қиындықты жеңу үшін қажетті тілектері мен мүмкіндіктерін шынайы түрде салыстырып пайдалана алу. Жігер, төзімділік, табандылық.

2










11-12

Салауатты өмір салты

Өмір мен денсаулықты құндылық ретінде сезінуі, өзінің келешек дене және рухани даму жолдарын анықтай алуы, салауатты өмір салты мен сауықтыру әдістемесінің пайдасы туралы білімдерін іс жүзінде пайдалана алуы, шылым шегуден, маскүнемдіктен, нашақорлықтан аулақ болуы.

2










13-14

Қанағат, рақым ойлап қой!

Адамның барға риза болып, нысаптан шықпауы, нәпсіге ермеуі. Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін-өзі тежеп, құнығудан бас тарту екендігі.

2










15-16

Қайсарлық пен батылдық

Өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білу. Жігерлілік. Елжанды азамат тұлғасын қалыптастыру. Діттеген мақсатқа жетудегі құлшыныс.

2










17-18

Екі сөйлеу ерге сын

Сөз бен істегі тұрақтылық. Өзіндік көзқарасқа деген сенімділік.

2










ІІІ тарау Жарасымды өмір салтанаты

19-20

Жалынды жастық шақ



Жастық шақ - адам өмірінің бір белесі. Өмірден өз орнын табуға талпыныс, қызығушылық, құштарлық.

2










21-22

Жарасымды қарым-қатынас

Адамдар арасындағы қарым-қатынастағы кісілік пен кішілік, тіл табыса білу, кешірім мен келісім. Өз ойы, сөзі мен ісіне жауапкершілікпен қарау.

2










23-24

Іңкәр көңіл, нәзік сезім.

Жастар арасындағы қарым-қатынас, алғашқы сезім, бала махаббат.

2










25-26

Қызмет етем халқыма...

Өз ұлтын, тілін, ділін құрметтеп, өзгелерге түсіністік, сыйластық және шыдамдылық таныта алу.

2










IV тарау Кең дүние келбеті

26-27

Тылсым дүние ғажаптары

Адам мен әлем тұтастығы. Жаратылыс құпиялары. Табиғи апаттардың тіршілікке тигізетін әсері.

2










29-30

Уақыт – мезгіл пернесі

Әр нәрсенің, мезгілдің, уақыттың адам өміріндегі мәні.

2










31-32

Жұлдызым менің жоғары

Адам бойындағы қабілеттілік, табиғи дарын. Бейімділік пен икемділік.

2










33-34

Өмір - өзен

Өмірден өз орнын табуға талпыну. Болашақ мақсатын айқындау.

2










Барлығы

34











11-сынып
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)



Бөлім тақырыбы

Жалпы сағат саны

Мемлекеттік стандарт

1


I тарау. Таным тағылымдары

8 сағат




2

IІ тарау. Адам болам десеңіз...



8 сағат




3

IІІ тарау. Жарасымды өмір салтанаты

10 сағат




4

IV тарау. Кең дүние келбеті

8 сағат










Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

Өтетін күні

АКТ

Көрнекілік

І тарау. Таным тағлымдары










1-2

Өмір–шексіз керуен

Өмір, өмір сүру құндылығы; өмірдің мәнін түсіну, адам атына лайықты өмір сүруі, өмірге құштарлық, оның әр сәтін ұтымды пайдаланып, бағалай білу, өмірді қадірлей білу және т.б

2










3-4

Жақсылық – жан шуағы

Жақсылық, меірімділік құндылықтары; пейіл, ниет тазалығы, жақсылыққа ұмтылу, адам ойының құдіреттілігі, риясыз жақсылық жасау, жақсы-жаман ұғымдарының ара қатынасын ажырата білу және т.б.

2










5-6

Бақыт сыры

Бақыт құндылығы; өмірдің сәтті, қуанышты кездерін қадірлеу, кез келген жағдаятты дұрыс қабылдай білу, бақытқа қол жеткізу жолдарын таба білу және т.б.

2










7-8

Махаббат – өмір нәрі

Махаббат құндылығы; Махабаттың адам өміріне әсері, шынайы сезім құдіреті, құштарлық, сүйіспеншілік, құмарлық ұғымдарын ажырата алу және т.б.

2










ІІ тарау. Адам болам десеңіз...

9-10

Ар-ұждан– адамдық өлшемі

Ар-ұждан құндылығы; Ар, ұждан тазалығы; Адамның өзін-өзі сыйлауы, қадірлеуі, дәріптеуі, өзіне-өзі есеп беру, өзінен-өзі ұялу, өзін-өзі тәрбиелеуі және т.б.

2










11-12

Парыз – азаматтық арқауы



Парыз, азаматтық құндылықтар; парыздың түрлерін білу, азаматтық парыз, ата-ана, қоғам, Отан алдындағы парызды абыройлы өтеу, адалдық пен әділдікке, шындыққа сүйіспеншілік, азаматтық айқындама.

2










13-14

Арман – жарқын болашақ бейнесі

Арман Өмірді шынайы қалпында қабылдай алу, арманның адамды болашаққа жетелеуі. Өз болашағын жоспарлай білуі, өзіне, өзгеге, өз болашағына үміт артуы ақиқат,

2










15-16

Мамандық – жетістік мерейі

Мамандық Мамандықтың адам өмірінде алатын орны, отбасылық кәсіпті құрметтеу, мамандық таңдау, мамандықты сүю, кәсіби маман болуға ұмтылу, еңбектің қуанышын сезіну, өз еңбегінің жемісін көру, мамандығын ел игілігіне арнау. Еңбек, бейімділік, дарын, мамандық, кәсіп ұғымдарының үйлесімі

2










ІІІ тарау. Жарасымды өмір салтанаты

17-18

Отбасы – өмір аясы

Отбасы құндылығы; Отбасын құрудың басты мүддесі, шаңырақ құрудың жауапкершілігі, ата-ананың ұрпақ алдындағы, ұрпақтың ата алдындағы міндеттері мен парыздары.

2










19-20

Ата-анаң – алтын тұғырың

Ата-ана құндылығы; Ата-ананы қадірлеу, ардақтау, үмітін ақтау, ата-анаға мейір, махаббат сыйлау, қамқорлық көрсету.

2










21-22

Ағайын – ел ырысы

Туыстық, бауырмалдық құндылықтары; ағайынның қадірін білу, ағайын татулығы, бірлігі, сыйластығы. Отбасы мүшелерінің өз орны, көршімен, ағайын-тумамен, құда-жекжатпен қарым-қатынас жасай білу. Сүйіспеншілiк, түсіністік, көмек және т.б.

2










23-24

Ата салты – асыл қазына

Ата салты ұлттық құндылық ретінде. Ата салтын білу,құрметтеу, қолдану, ұлттық, құндылықтарды сақтау, дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрді жалғастыру.

2










25-26

Ұлт руханияты-ұрпақ аманаты

Руханият құндылығы; Ұлттың рухани мұрасын қадірлеу, дәріптеу, ұлттық болмыс, рух, намысты сақтау, салт-дәстүрді жалғастыру.

2










IV тарау. Кең дүние келбеті










27-28

Қазақстан – ынтымақ ордасы

Отан құндылығы; Өзара түсіністік, төзімділік, сыйластық, бір-біріне шыдамдылық таныту, адамдарды өз қалпында түсініп, қабылдай білу. Достық, бірлік, татулық, адамдардың ұлтын, дінін, ділін, нәсілін сыйлай, құрметтей білу, тату-тәтті өмір сүру.

2










29-30

Өркениет – ел мұраты

Өркениет құндылығы; Әлем халықтарының татулығы, бірлігі, халықтар достығы, ынтымақ, келісім және т.б.

2










31-32

Табиғат – тылсым дүние

Табиғат құндылығы; Табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсінік. Табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсінік.

2










33-34

Адам – ғалам, ғажайып жеке дара

Адам ең жоғары құндылық ретінде; өзін-өзі тану, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі дамыту.

2










Барлығы:34сағат




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет