Түсінік хат Пәні: Қазақ тілі



бет1/7
Дата01.09.2022
өлшемі67,82 Kb.
#148548
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6-сынып Қазақ тілі КТЖ 2022-2023 (1)
392879.pptx, XZMZCVTDWMNX01122022143852, Ìàìàíäû?û Â130100-Æàëïû ìåäèöèíà êóðñû Ï?í³ Áàëàëàð àóðóëàðû , 595752.pptx

ТИТУЛ ПАРАҒЫ (ӘР МЕКТЕПТІКІ ӨЗГЕШЕ БОЛУЫ МҮМКІН)


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
6-сынып. Қазақ тілі

Түсінік хат
Пәні: Қазақ тілі
Стандарт: Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Үлгілік оқу жоспары: Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу бағдарламасы:
ҚР БҒМ 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік нұсқау хат: 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат.
Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

«Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны:
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Сынып Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны

6-сынып

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2

2

2

2

Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
Оқулық:

«Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге


асыру бойынша 6-сыныптың ұзақ мерзімді жоспары

Лексика-грамматикалық бөлімдер

Грамматикалық
материал

Тақырыптар/ жоспардың мазмұны

Оқыту мақсаттары.
Білім алушылар білуге тиісті

1-тоқсан

1. Қазақстандағы
көрікті
жерлер.
Лексикография



Орфографиялық норма.
Орфографиялық сөздік



Тыңдалым және айтылым

6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;
6.1.4.1 мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

Оқылым

6.2.2.1 ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу

Жазылым

6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;
6.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу

Әдеби тіл нормалары



6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

2. Ұлттық және отбасылық құндылықтар.
Фонетика

Екпін, оның түрлері



Тыңдалым және айтылым

6.1.4.1мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;
6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (құттықтау, интервью) көтерілген мәселені талдау

Оқылым

6.2.2.1 ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру

Жазылым

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу;
6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау

Әдеби тіл нормалары

6.4.2.1 екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану

3. Әлемнің жеті кереметі.
Лексикография

Орфографиялық норма.
Орфографиялық сөздік

Тыңдалым және айтылым

6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;
6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

Оқылым

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу

Жазылым

6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру;
6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Әдеби тіл нормалары



6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

2-тоқсан

4. Астана – мәдениет пен өнер ордасы.
Лексика

Неологизм сөздер. Термин сөздер. Диалект сөздер. Кәсіби сөздер

Тыңдалым және айтылым

6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау;
6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сайресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу

Оқылым

6.2.3.1 ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу

Жазылым

6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі);
6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау

Әдеби тіл нормалары



6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

5. Тарихи тұлғалар.
Лексика



Көнерген сөздер. Эвфемизм.
Дисфемизм.
Табу

Тыңдалым және айтылым

6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;
6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

Оқылым

6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру;
6.2.7.1 энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау

Жазылым

6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру;
6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу

Әдеби тіл нормалары

6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

3-тоқсан

6. Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер.
Морфология

Есімдік, оның мағыналық түрлері


Тыңдалым және айтылым

6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;
6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

Оқылым

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру

Жазылым

6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;
6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Әдеби тіл нормалары

6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану

7. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Морфология

Етістік, оның мағыналық түрлері.
Етіс түрлері


Тыңдалым және айтылым

6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, өмірбаян) көтерілген мәселені талдау;
6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау

Оқылым

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру

Жазылым

6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру;
6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырып жазу

Әдеби тіл нормалары



6.4.4.2 етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

8. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.
Морфология

Үстеу.
Үстеудің мағыналық түрлері



Тыңдалым және айтылым

6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;
6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені талдау

Оқылым

6.2.3.1 ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
6.2.7.1 энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау

Жазылым

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу;
6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау

Әдеби тіл нормалары



6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану

4-тоқсан

9. Әлемдегі ірі кітапханалар.
Морфология



Үстеу.
Үстеудің мағыналық түрлері

Тыңдалым және айтылым

6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мәселені талдау;
6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сайресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу

Оқылым

6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру;
6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру

Жазылым

6.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу;
6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау

Әдеби тіл нормалары



6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану

10. Ғылым мен технология жетістіктері.
Пунктуация

Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметі



Тыңдалым және айтылым

6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, интервью) көтерілген мәселені талдау;
6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сайресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу

Оқылым

6.2.2.1 ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру

Жазылым

6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;
6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Әдеби тіл нормалары



6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет