Түсінік хат Тақырыптық – күнтізбелік жоспар ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен


сыныпқа арналған «Биология» пәнінің жаңартылған мазмұндағы оқу мақсаттары



бет2/7
Дата01.09.2022
өлшемі47,18 Kb.
#148539
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
7 сыныпқа арналған «Биология» пәнінің жаңартылған мазмұндағы оқу мақсаттары: оқушыларға органикалық дүниенің көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен заңдылықтары, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы білім мен
түсінік жүйелерін беру.
«Биология» пәні: биология бойынша оқу жабдығын пайдалану, эксперименттік зерттеу жоспарын құру, зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді жинау, өңдеу және түсінік беру сияқты бірқатар практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Биология пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс -тәсілдер:
1) эксперименттік жұмыс;
2) ойындар/ моделдеу;
3) биология проблемалары бойынша түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат таңдау, талдау жүргізу, салыстыру және алынған ақпаратты объективті бағалау (мысалы, генді модифицикацияланған өнімдерді, адамды клондау, органдар трансплантациясын пайдаланудың салдары);
4) биология саласындағы түрлі мәселелерді зерттеуге бағытталған эксперименттерді жобалау және жүргізу (мысалы, Қазақстанның экологиялық мәселелері);
5) биологиялық үдерістер мен табиғи құбылыстарды түсіну, түсіндіру және болжауға арналған үлгілеудің түрлі тәсілдерін пайдалану.
Биологияны оқу оқушыларға табиғаттағы биологиялық көптүрліліктің құндылығын түсінуге, биологиялық үдерістердің себеп-салдарлық байланыстарын зерделеуге, тірі табиғаттағы болып жатқан құбылыстарды түсіндіріп, болжауға, биология бойынша білімдерін нақты жағдайды бағалау және дұрыс ғылыми дәлелді шешім қабылдау үшін шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік береді.
Биология бойынша оқу бағдарламасы оқушыларға тірі табиғаттың заңдары мен заңдылықтарының мәнін түсіну негізінде қоршаған ортаның болмысын, ондағы үдерістердің өзара байланысы мен өзара әсерін білу мүмкіндігін ұсынады. Бағдарлама халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріліп әзірленген.
Бағдарламада Блум таксономиясында белгіленген барлық дағдыларды дамыту көзделген. Дағдыларды таксономиялық әдістемеге сәйкес жеңілден күрделіге қарай дамыту нақты оқу мақсаттарында, сонымен қатар оқу жоспарларындағы мұғалімге арналған оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты ұсыныстар беріледі.
7 сыныптарға арналған «Биология» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 14 зертханалық тәжірибелер мен 4 модельдеуден тұрады. «Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет