Оқыту процесінің мәні. Тұтас педагогикалық процесс құрайтын екі процестің бірі-оқыту.Ол объективті шындықтың күрделі процесі, сондықтан оған толық және жан-жақты анықтама беру өте қиын.
«Оқыту - оқытушы мен оқушының мақсатты түрде бағытталған өзара қимылы». (Педагогикалық энциклопедия)
Харламов И.Ф «оқыту – оқушыға ғылыми білімдермен іскерліктерді игертуге, творчестволық қабілетін, дүниетанымын, адамгершілігін, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға бағытталатын, олардың белсенді оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыратын арнайы педагогикалық процесс» деп анықтайды. Ю.К.Бабанский «оқу процесі мақсаты бағытталған оқытушы мен оқушының өзара қимылы және соның барысында білім беру міндеттері шешілді» деп есептейді. Оқыту екі жақты процесс: сабақ беру (оқытушы іс-әрекеті), оқу (оқушы іс-әрекеті)
Оқыту әрқашан қарым-қатынас арқылы жүреді. Сөз бір мезгілде оқып жатқан құбылысты тану және жеткізу, коммуникация (байланыс) және оқушының таным іс-әретінін ұйымдастыру құралы. Кез-келген оқыту қарым-қатынас екендігін ескере отырып, Пидкасистый оқытуды қарым-қатынас деп есептейді, өйткені соның барысында басқарылатын тану жүреді, қоғамдық тарихи тәжірибе игеріледі, нақты іс-әрекет түрі менгеріледі.
«Оқыту», педагогика категориясы ретінде және «оқыту процесі» синоним ұғымдар емес.
Процесс - жүйенің жағдайларының кезектесуі.
Дидактиклық процесінің құрылымын В.П.Бескалько мынадай шартты формуламен белгілейді.