Дпр=М+Пд+У Дпр - дидактикалық процесс.
М - оқу мотивы.
Пд- оқушының танымдық іс-әрекеті.
У-мұғалімнің оқушының танымдық іс-әрекетін басқарушылық іс-әрекеті.
Сонымен қәзіргі түсінік бойынша оқытудың келесі белгілерін айтып өтуге болады:
екі жақтылығы;
оқушы мен мұғалімнің біріккен ісәркеті;
мұғалімнің басқаруы;
арнайы ұйымдастырылуы;
бірлігі және тұтастығы.
Оқыту процесінде бірнеше функциялар іске асырылады: білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.
Білімділік функциясын іске асырудың негізгі мәні оқушылардды ғылыми білімдер, іскерліктер, дағдылар жүйесі және оларды практикада қолдану болып табылады.
Ғылыми білімдер фактілерді, түсініктерді, заңдарды, заңдылықтарды, теорияларды қамтиды. Бұл функцияны толық іске асыру білімнің толықтығын, жүйелілігін және саналылығын, олардың беріктігін қамтамасыз етеді. Білімділік функциясының соңғы нәтижесі төмендегі жағдайларда көрінеді:
білімді саналы түрде қолдануда;
бұрын игерілген білімдірді жаңа білімдерді меңгеру үшін қолдануда;
арнайы іскерліктер (пән бойынша) мен жалпы оқу іскерліктері