Оқушылардың танымдылық іс-әрекеттері.
Танымдық іс-әрекет сезімдік қабылдаудың, теориялық ойлаудың және прктикалық іс-әрекеттің бірлігі. Оқу іс -әрекетінің мазмұндық, процессуалдық және мотивтік компоненттерін атап айтуға болады.
Оқу әрекеттерін сыртқы және ішкі әрекеттер деп бөлуге болады.
Сыртқы әрекеттер: заттық әрекеттер (жазу, сызу, сурет салу т.б.), перцепвтивтік әрекеттер (тыңдау, бақылау, көру), символдық әрекеттер (сөйлеу, сөз).
Ішкі әрекеттер: мнемикалық әрекеттер (есте сақтау, реттеу және ұйымдастыру), қиял әрекеттері, ойлау әрекеттері (таымдық іс- әрекеттері формалары: материлдық, сөйлеу және ақыл-ой).
Танудың негізгі құралы - ойлау. Ойлау операцилары: синтез, анализ, салыстыру, жіктеу, қорыту және т.б.
Оқудың маңызды компоненті – мотив. Оқу іс-әрекетінің мотивтерінің бір-бірімен өзара байланысқан үш тобын көрсетуге болады.
Оң несесе теріс эмоциялар, тұлғаның эмоционалдық жадайларына негізіндегі тікелей қозғаушы мотивтер: мазмұнның жаңалығы, жарқындығы, сыртқы атрибуттардың тартымдылығы; сабақты қызықты өткізу; мұғалім тұлғасының тартымдылығы; мақтау, марапаттау алғысы келуі, төмен баға алудан, жазадан қорқуы және т.б..
Достарыңызбен бөлісу: |