Байланысты: Microsoft Office PowerPoint Presentation (2)
Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.

Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.
Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын–ала оқу барысын басқару үшін алгоритм жасалынады. Алгоритм сапасы компьютерлік оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.