Массалық күштерді көбінесе көлемдік деп атайды, олар массаға, ал біртектес сұйықтарда көлемге де пропорционал болады. Массалық күштердің қатарына ауырлық күші, инерция күштері және центрден тепкіш күштер жатады.
Беттік күштер өздері әсер ететін беттің ауданына пропорционал. Беттік күштерге сұйық бетіне қалыпты (сығу немесе қысу күштері және созу күштері) және жанама (үйкеліс күштері) әсер ететін күштерді жатқызамыз. Сығу және созу беттік күштері тыныштықтағы сұйықта да, қозғалыстағы сұйықта да кездеседі, ал үйкелістің беттік күштері тек қана қозғалыстағы сұйықтарда ғана пайда болады.