Сорғының пайдалы қуаты – сорғыдан сұйыққа берілетін қуат, яғни салстырмалы энергия мен сұйық мөлшерінің көбейтіндісіне тең.
Шығын – бір уақытта қалыптасқан қима арқылы ағып өткен сұйық мөлшері.
Қалыптасқан қозғалыс – ағынның барлық көлденең қимасында гидродинамикалық тегеуріннің шамасы тұрақты болады, яғни қозғалыс жылдамдығы мен бағыты уақыт бойынша өзгермейді.
Тәуелсіз (бос) бет – сұйық пен газ тәрізді ортаның өзара бөліну беті.
Сұйықтану периметрі – ағынның көлденең қимасының оны шектейтін қабырғалармен жанасу сызығының ұзындығы.
Сифонный трубопровод (сифон) - қоректендіргіш резервуардағы сұйық деңгейінен қысқа құбырөткізгіштің біраз бөлігі жоғары болады, және сол себептен ол вакуумда жұмыс істейді.
Қысымды дене – берілген қисықсызықты беттегі және үстінгі жағынан тәуелсіз (бос) бетпен шектелген сұйықтың тік бағанасының көлемі
Вентури құбыры – құбырөткізгіш арқылы ағатын сұйықтың мөлшерін анықтауға арналған дроссельді шығынөлшегіш.