Ту, Елтаңба, Әнұран – тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз!



бет1/5
Дата25.03.2017
өлшемі2,06 Mb.
#12331
түріБиблиографический указатель
  1   2   3   4   5


Ту, Елтаңба, Әнұран – тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз!: Библиографиялық көрсеткіш/ Құраст. Е.А.Помольцева, Д.Искакова. - Тараз: ТарМУ.- Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2014.- 23 б. (227 ат.)

Оқырман назарына ұсынылып отырған «Ту, Елтаңба, Әнұран – тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз!» атты библиографиялық көрсеткіш Қазақстан Республикасының рәміздері: Елтаңбаға, Туға, Әнұранға арналған. Библиографиялық көрсеткіш 227 кітаптар аталымы, мерзімді басылымдар беттеріндегі мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде берілген мақалалар тізімінен құралған. Тізімдер әліпбилік ретпен және 2000 жылдан 2014 жылдар аралығы қамтылып, мақалалар кері хронологиямен реттелген. Библиографиялық көрсеткіш М.Х.Дулати атындағы Кітапханалық-ақпараттық орталықтың Электронды каталогынан жинақталған: http://ecat.tarsu.kz/

Библиографиялық көрсеткіш оқытушылар, студенттер және ауқымды қолданушылардың оқыту және білім беру жүйесіне қолдануға арналған.


Библиографический указатель «Ту, Елтаңба, Әнұран – тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз!» посвящен Дню Государственных символов Республики Казахстан: Гербу, Флагу, Гимну. В библиографический указатель вошли 227 наименований книг, статей из периодических изданий на государственном и русском языках. Список книг составлен по алфавиту авторов и названий, а материал из периодических изданий в указателе расположен в обратнохронологической последовательности и охватывает период с 2000 по 2014 гг. Библиографический указатель составлен на основе Электронного каталога БИЦ ТарГУ им.М.Х.Дулати: http://ecat.tarsu.kz/

Указатель предназначен для преподавателей, студентов и широкого круга пользователей в помощь учебному и общеобразовательному процессам.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ





Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.
Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

          Мемлекетіміздің ресми ерекшелік белгісі, еліміздің егемендігінің нышаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 1995 жылдың 24 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» жарлығымен белгіленген.

          Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және ұлттық ою – өрнекпен нақышталған тік жолақтан тұрады.

 

КӨК ТҮС

          Тудың көгілдір бір түстілігі, бұлтсыз ашық аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқын бір жолды ұстауға, биік те игілікті идея бірлестігіне шақырады.

           Зеңгір көк ашық аспан, барлық халық үшін әрқашан бейбітшіліктің аманшылық пен тыныштықтың белгісі болған.

          Елтаңба тану ғылымы – геральдика тілінде, көк түс адалдықтың кіршіксіз тазалық пен бейкүні пәктіктің нышаны. Көне түркі тілінде, яғни барлық түркі тілдес халықтар тілінде «көк» сөзі «аспан» деген ұғымды білдіреді.

          Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.

 

ӨРНЕК

          Өрнек – белгілі бір дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші. Ғасырдан ғасырға жалғасып, бізге жеткен қазақтың ұлттық ою-өрнегінің ең көп тараған түрі зооморфтық өрнек – «қошқар мүйіз». Ерте кезде халық ою-өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп-жебеп, қорғайтын керемет күш көрген.

 

КҮН

          Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Сары түс – қамбат асыл металдың, алтынның, ай мен күннің, түпсіз тұңғиық қараңғылықтан шашырап шыққан жарықтың, одан жаратылған ғарыштың түсі. Күн мәңгілік қозғалыстың, даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің, өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың символы. Күн – уақыт өлшемі.

 
БҮРКІТ

          Ежелгі көк тәңірі Аспан мен күнге жақындап, шарықтай ұшатын құс патшасы, қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті.

          Қыран кең дала биігінде жеке, дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт бейнесіне айбындылық, еркіндік тәуелсіздік, бостандық, тәкәппарлық, биік ой – мақсат, қырағылық, намысқойлық тән. Сол себепті де ол көреген, қырағы, болжағыш. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой – ниетінің биіктігін білдіреді.

 

Авторы: Шәкен Ниязбеков.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет