Туберкулез ауруы жайлы


Күні:  Сынып жетекшісінің аты-жөні



бет6/8
Дата29.01.2022
өлшемі24,12 Kb.
#115610
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жоспары
оооз, қысқа мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, Силабус Test, Есеп ТЖБ, 27.04.20, 27.04.20, 83fe017eaff367daa5b740e4ef4953d1 (3), 83fe017eaff367daa5b740e4ef4953d1 (3), тест, шт практикум, шт практикум, тест, Документ (5), №1 тапсырма
Күні: 

Сынып жетекшісінің аты-жөні: 

Сынып: 

Қатысушылар саны:

Тақырыбы: «Туберкулезден қалай қорғануға болады»

Өткізу формасы: аралас сабақ

Мақсаты:

а) Туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру.

ә) Балалардың сана-сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру

Көрнекілігі: Туберкулез тақырыбына салынған суреттер, видеороликтер,слайд.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалiмнiң кiрiспе сөзi:

Балалар дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 - жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез ауруымен 8-10 млн адам тiркелiп, 3млн адам қайтыс болады екен. ереңірек видеороликтен көрсек.

- Ал, енді тәрбие сағатымызды бастамас бұрын слайдтағы мәліметтке назар аударайық. (Слайд көрсетіледі.)

Туберкулез өкпе қабынатын ауыр жұқпалы ауру. Ежелгі ғалымдар мен ойшылдарының жазбаларында туберкулез « көкжөтел – чахотха » ретінде айтылады. Туберкулез қоздырғышын неміс ғалымы Р.Кох ашқан. Сондықтан бұл бактерияларды Кох таяқшалары деп атайды. Олар әр түрлі мүшелерді зақымдайды: өкпе, сүйек, буын, бүйрек т.б. зақымдайды. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады-ластықта, қақырықта, күнделікті пайдаланылатын нәрселерде, қоршаған ортада көп уақытқа дейін сақталады (топырақта, суда, кітапта). Туберкулез – аса қауіпті дерт. Ауру белгілері көпке дейін білінбейді. Алғашында аздаған құрғақ жөтел пайда болып, кейін күшейеді, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйықтағанда терлеп, кешке қарай дене қызуы көтеріледі, тез шаршайды. Содан кейін жөтел, қан аралас қақырық пайда болады. Осы белгілер біліне салысымен, неғұрлым ертерек дәрігер-фтизиаторға қаралу керек. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады, топырақта 2 апта, кітап беттерінде 3 ай, суда 5 айға дейін сақтала алады. Туберкулез таяқшаларын ұзақ уақыт қайнату, тура түскен күн сәулесі, хлорамин және хлорлы әк өлтіреді.


  • Сен не білесің?

Енді топ болып жұмыс істей отырып, туберкулез туралы білетіндеріңді постер түрінде жасаңдар. Оқушыларға қағаз беріледі. Жұмыс аяқталған соң әр топтан бір басшы шығып жұмыстары туралы айтып береді.
Тәрбиеші: Аурудың таралу жолдары:


  • Ауа-тамшы арқылы таралу- түкірік тамшылары арқылы сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде;







  • Азық-түлік арқылы( ауру малдың сүті, қаймағы, ірімшігі, майы)




  • Қарым-қатынас арқылы (негізінен қасапшылар, смауыншылар, оларға ауру қоздырғышы терідегі жарақат арқылы енеді);




  • Аяғы ауру анадан шаранаға (өте сирек кездеседі)




  • Негізінен туберкулез өкпені зақымдайды, бірақ өкпеден басқа да мүшелерді- буындарды, сүйекті, теріні, бүйректі, лимфа түйіндерін зақымдауы мүмкін.



1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет