Орман түрі туралы түсінік. Орман типтері туралы оқудың басталуы. Ормандардың жіктелуі. Орман



Дата16.12.2021
өлшемі15,98 Kb.
#101959
түріҚұрамы
Байланысты:
27.04.20
оооз, қысқа мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, Силабус Test, Есеп ТЖБ, 27.04.20, 83fe017eaff367daa5b740e4ef4953d1 (3), 83fe017eaff367daa5b740e4ef4953d1 (3), тест, шт практикум, шт практикум, тест, Документ (5), №1 тапсырма

Орман түрі туралы түсінік. Орман типтері туралы оқудың басталуы. Ормандардың жіктелуі.

Орман — жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктікмуссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі. Орманда ағашбұта, шөптесін өсімдіктермүкқына, т.б. өседі.

Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған. Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі. Субтропиктік және тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және қызыл топырақтарда сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде) жазда жасыл ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі жасыл ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ кезінде тастайтын түспе жапырақты ормандар өседі. Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған — маквис, гарига, бүрген (шибляк), фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің өте ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл және қызыл сары ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, көп жікқабатты ормандар өседі.

Орман-тоғайлар қыста климаты суық,жазы жылы жақтарда болады. Мәңгі жасыл ағаштардың қыста да жапырақтары түспейді. Олар әлемнің солтүстік аудандарындағы ормандарда өседі. Көптеген жұмсақ климатты елдерде жапырақты ағаштар өседі. Олардың қысқа қарай жапырақтары түседі. Орманда ағаштың көпетген түрлері: қарағайбалқарағайшыршасамырсынқайыңталшетентобылғыеменүйенкіқарағаш, тағы басқа жабайы жеміс ағаштары да кездеседі. Таңқурайбүлдіргенорман жаңғағымүкқынасаңырауқұлақ өседі. Орманның үш түрі болады: қылқан жапырақты, жапырақты және аралас. Қазақстанның солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі аймақтың жазықтарын алып жатыр. Біздің елімізде орманның үш түрін де кездестіруге болады. Қылқан жапырақты орман тауларда өседі. Тау беткейлерінде Тянь –Шань шыршалары, самырсындар биік болып көрініп тұрады. Аралас орманда шыршаларсамырсындаркөктерекшетендолана, тағы басқа ағаштар араласып өседі. КөкшетауБаяндауылҚарқаралыда қайыңқарағайбатыс Оралда ементерекОңтүстік Қазақстанда жаңғақ, ал тауларында арша өседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет