«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет7/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров
Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдар, акт готовности (1), акт готовности (1), акт готовности (1), Ақтөбе облысы бойынша сынама тест тапсырушылар тізімі, акт готовности (1), диплом саду, акт готовности (1)
Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
8Асынып оқушысы
Балға Айкөркем
Жетекшісі: Бекниязова Динагүл Алмасқызы
Туған жердің батырларына мың тағзым!
Соққанда жылына бір Жеңіс күні,
Жанының жазылғандай кеңістігі,
Қарт солдат өз полкінің туын ұстап,
Білдірмей жалғыз аяқ кемістігін.

Ғ.Қайырбеков

Міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 75 жыл болды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігінің арқасында тарихта мәңгілік қалатын күн. Соғыс. Бұл сөздің құдіреттілігі дейміз бе, білмедім, бірақ, қаншама жанның жанын түршіктіретін сөз! Жандарына қатты бататын бұл сөз қаншама адамның көзінен жас, бойынан қан тамдырған. Бұл айтулы соғыс – «Ұлы Отан соғысы» деп аталды. Бұл соғысқа қатысқан аға-апаларымыздың есімдерін біз, бейбіт елдің ұрпақтары, мақтанышпен айта аламыз! Бауыржандай атамыз, Әлия мен Мәншүктей апаларымыздың батылдығының арқасында бейбіт заманда өмір сүрудеміз. Кеуделерін жаудан қорықпай оққа тосқан ерліктері бізге үлгі-өнеге деп білемін. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батылдығы, жанқиярлықтары олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақ елінің бүгінгі ұрпақтары үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл –бүгінгі ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттың қайта өрендеуінің жоғары адамгершілік негізі. Аспанымыздың ашық болуына аталарымыз жастық ғұмырын сарп етті. Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл!


Бұл күнді алғы шепте қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагер аталар бірінші болып еске алары сөзсіз. Ұлы Отан соғысы кезінде ел күйреп, талай адам ажал құшты. Ата-бабамыздың жерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін қиын-қыстау кезеңді басынан өткізіп, күресе білді. Қазақ халқының бойындағы қайсар мінезді бар соғысқа қатысқан әрбір қазақ солдаты көрсете білді. Найзағайдай жарқылдаған отты елі бар, өз мүддесінен ел, халық мүддесін жоғары қоятын ер-азаматтары бар қазақ халқы батыр бабаларымызды еш уақытта ұмытпайды. Араға жылдар салып сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын соғыс дүмпуі тарих қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ соғыс зардабы мен жүрекке түсірген жарасы әлі күнге дейін халық есінде.
Біз осылайша,Ұлы Отан соғысы арқылы бейбіт өмір, еркіндік, тәуелсіздік секілді ұғымдарды ұғындық. Тарихтың тереңіне үңіліп,әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап бабаларымыздың жасап келе жатқан дәуірлердің есебіне кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап біз сол заманның қаншалықты қиын екенін байқаймыз. Батырлық-ата-баба рухынан нәр алған, Отанын, жерін шын сүйген, ерік-жігері мықты адамдарға ғана тән болса керек.
Ұлы жеңісті біз ұмытпаймыз. Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығы. Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің отанына,жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден астам жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ кеңес одағының батыры атағын алды. Жеңіліс халықты нығайтады,көмектеседі. Жеңіс біздің ата-бабаларымыздың батырлығы.
Қорыта келе, бұл соғыста кеңес одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарып Отанын қорғады. Ел үмітін ел ақтар, ер атағын ел сақтар дей келе Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың елен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қазақ халқының ұғымында өткен тарихын білмеген және өзінің ұлттық қасиеттерінен айырылған халық қасіретке ұшырайтыны ерекше орын алған, Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының барлық халықтарының, оның ішінде қазақ халқының азаматтық күш-қуатына қиямет сын болды. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерін әрқашан жүрек түкпірімізде ұстаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет