«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет9/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров
Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдар, акт готовности (1), акт готовности (1), акт готовности (1), Ақтөбе облысы бойынша сынама тест тапсырушылар тізімі, акт готовности (1), диплом саду, акт готовности (1)
Туған жердің батырларына мың тағзым!


ЫРғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Дүйсенбай Әлішер Асыланұлы
6 «Ә» сыныбы
Жетекшісі: Қуандықова Гүлбану

Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 75 жыл! Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбірім үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елдімекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақстандықтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген мақсат. Қазіргі кезде сол батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды.


Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді
Қара түнді жамылып қара қазақ,
Қара күнді басынан кешкен еді....!!! Қара түн мен қара күнді жамылып, тәуелсіздік тұғырының биік болуына бағытталған жол, қақаған қара боранда, ақ қарды үнсіз жамылып, Отан үшін қашан да, Оқ тисін кеудем жарылып деп жалғасты. Ұлы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бірлігінің сыналар сәті ұлт тәуелсіздігін тағы бір қадамға жақындатып берді. Қанша жерде, қанша елді ұлт патриоттары мен жауынгер батырлар ерлігімен елді қорғап, жерді аман сақтады. Кезінде қыршындай жас кездерінен соғысқа аттанып, бүгінгі күнде салиқалы қария болып осы күнге дейін жеткендері бар. Дегенмен де, өлшеулі ғана ғұмырдың тезі жетіп фәнилік болғандары қаншама. Биыл да осы Ұлы Отан соғысының біткеніне 75 жыл толып отыр. Жолдасов Нағашыбай (1922 ж. Ырғыз ауд. №19 тепсен а/к – 1995 ж.) – соғыс және еңбек ардагері.1940 жылы талдысай бастауыш мектебінің мұғалімі әрі меңгерушісі болып жүмыс істеген. Кеңес армиясы қатарында ұлы отан соғысына қатысқан. Кейн ұзақ жылдар оқытушы, бөлімше меңгерушісі, кеңшар жұмысшылар комитетінің төрағасы, «Басқұдық» кеңшары партия комитетінің хатшысы болып қызмет етті.
А.Жұбанова 1931 жылдары Ақтөбе губерниялық оқу бөлімін басқарды, қазақ балаларын мектепке көбірек тартуға салмақты үлес қосты, жаңадан 200 – ден астам мектеп ашуға себепші болды. 1932 жылы кеңес өкіметі балық ұл.айтуды қолға алып, Арал балық комбинатына, оның оқу комбинатына мұғалім ари аудандық оқу бөліміне инспектор болып тағайындалды. 1937 жылы жазда Аралдан келіп Ырғызда жүрген жерінде қамауға алынды. Оған қлттық шпиондық диверсиялық бүлдіруші ұйымының белсенді мұшесі, « Алаш орданың белгілі қайраткері» деген айып тағылады.
Қалмағанбетұлы Жақия (20.07.1947 ж. Ырғыз ауд. Нұра а – 01.10.2003 ж. Әйтеке би ауд. Камсамаол с.) – ұстаз, тарихшы. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тарих факультетін (1972) бітірген. Ұстаздық қызметін Комсомол ( қазіргі Әйтеке би) ауданының Қарашатау мектебінде бастады. Кейн Нұра орда мектебі директорының орынбасары, Қобда, Ырғыз аудандарында оқу бөлімін инспекторы Комсомол селосындағы М. Жұмабаев атындағы орта мектепте мұғалім болды. Ол елдің, жердің тарихын дін қағидаттарын жетік білетін азамат ретінде танылды. Баспасөз беттерінде көптеген мақалалар жарияланды. 2007 ж «Нұраны сағынғанда» атты кітабы шықты.
Сейтенов Сыдық (1923ж. Ырғыз с.) – Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі. Ұлы отан соғысының ардагері. Ырғызда саталин атындағы орта мектепте еңбек жолын бастап 1953-1985 жылдар арасында білім саласында ұзақ жыл еңбек етті. Жабасақ мектебі орта мектепке айналдырылғанда алғашқы мектеп директоры болған. Қазақбатырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады.Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Жыр тармақтарындағы өлең өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе беред
Аспан мен Жер арасын
Өрт қаптады жалыны жалаңдаған,
Көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір – бірінің қанынан ұрттамаса,
Тыншымастай сұстанды Адамға Адам.
Түндер келді жарыңның құшағында
Рахаттың орнына алаңдаған.
Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
Тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты лез күрсіну, күңіренумен
Жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
Күліп –атып қылымсып таң алдаған.
Бейнетімен бақ құшқан кең далаға
Қанды өзендер құйғандай сан арнадан.
Мазасыз әм қысқа бұл тіршілікте
Болар кейде мейірімді адамнан аң.
Сәби көңіл жандардың жанын улап
Бітіспес кек, ызамен арамдаған.
Дөңбекшіді сонда Жер қанға бөгіп:
«Не кінең бар, Адамдар, тағар маған?!»
Иә, қара Жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты совет халқының ер жүректілігі мен қанға сіңген қаһармандығын әлем алдында тағы да әйгі еткен екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанына отыз жыл толып отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, соғыс қантөгісін басынан кешірген совет адамдары соғыс салған азап пен қасіретті күні бүгінге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да көмескіленуі мүмкін емес.
Ұлы Отан соғысының от – жалынды жылдарында ер – азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Мәншүктей қыздар сан жүздеп саналады.
Он жылдықты жаңа бітірген өңкей жас қыздар ел басына түскен ауыр күндерде әскери мамандықтарды тез – ақ меңгеріп, аса қабілеттілік көрсетті. Танкистер Жамал Байтасова, Құлкен Тоқбергенова, Гүлжамила Талқанбаева, пулеметші Гүлжамила Бейсенбаева, радистер Орынкеш Мысырова, Шәкір Ботақанова, Бикен Садуакасова, мерген Мәлике Тоқтамышева, байланысшы Фазила Темірәлиева және басқалар қазақстандық қыздардың қандай іске болмасын таланты мен қабілетін дәлепдеп берді. Әрине, қолына қару алмаса да майдан өмірінің дәл ортасында жүріп, соғыс күндерінің ащы – тұщысын бірге татысқан қыздар да көп. Соғыс жылдарында қыз – келіншектердің көбі әскери дәрігер, мед бике болып істеді.
Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк – әрбір ұрпақтың қай кезде де мақтан бола беретін қазақ қыздары. Осы шындықтың өзі қазақ қыздарының нәзік жанды, батыл жүректі жандар екенін дәлелдейтіндей. Қос батыр қыздың Отаны – Қазақстаннан соғысқа қатынасқан қыз – келіншектердің көбі (тіпті барлығы дерлік) майданға өз еріктерімен сұранып аттанған. Осының өзі жайдан – жай емес. Ежелден батырлық пен ерлік рухы сіңген топырақта тәрбиеленген олардың басқаша болуы мүмкін емес еді.
Майданға қатынасқан қазақстандық қыздар жайлы жинақталған, зерттелген материалдар әлі де болса өте аз. Олардың әрқайсысының ерлігі мен өмір жолы өз алдына бірнеше еңбек бола алады. Кейінгі ұрпақ Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ел қорғаған ер жүрек апайларының өмірін толық зерттеп, еңбектер жазса, бұл, сөз, совет халқының тарихи жеңісінің шежіре беттерін толықтырар еді.
Тарих ұлттың айнасы болып саналады. Қазақ халқының ұғымында өткен тарихын білмеген және өзінің ұлттық қасиеттерінен айрылған халық қасіретке ұшырайтыны ерекше орын алған. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының барлық халықтарының, оның ішінде қазақ халқының азаматтық күш – қуатына қиямет сын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет