Бабалар ерлігі
Ырғыз ауданы, М.Төлегенов атындағы ЖББОМ
Әбдікәрім Динара Нұрланқызы
8-класс оқушысы
Жетекшісі: Қалмағамбетова Айнагүл Күлдібайқызы
Бір жерде тұрлау таппаған,
Қосылмай малы қаптаған,
Бөлініп қонған қазақты,
Кімдер де кімдер шаппаған?!
Күләш Ахметова
Ұлы Отан соғысы... Соғыс 1941 жылы басталған болатын. Сол соғысқа өз жерін қорғау үшін бүкіл қазақстандықтар қатысқан, сондықтан ол Ұлы Отан соғысы ретінде тарихта қалған. Бұл қанды қырғын бақандай төрт жылға созылды. Соғыс әр отбасыға қаралы күндер, қайғы-қасірет әкелді. Жантүршігерлігі соғыстан 630 мың жауынгер қайтып оралмаған. Ал, сол соғыстың ішінде менің де атам болған.
Қашақбаев Бөлекбай Қашақбайұлы 1901 жылы Ақтөбе облысы, Ұзынкөл ауылында қарапайым қара жұмысшы отбасында дүниеге келген. Атам 16 ағайынды болған. Соғыс уақытында ашаршылық болған сәтте атамның 13 бауыры дүние салған. Отбасында тек әкесі, анасы інісі қалған. Әкесі - Қашақбай, анасы - Ақсалы, апасы – Әсіл, інісі – Сарқожа. Атам өз ауылында етікші болған, ұста кісі екен. Соғыс басталғанша ол кісі мал бағып, етік тігіп күндерін көрген. Сонымен қатар өте сауатты кісі болған.
Соғыс. Соғыс басталғанда атам ат арбамен әскерлерге оқ-дәрі, нан, киім тасыған. Алайда, әскерлердің жетіспеушілігіне байланысты, әскерлер қатарына алынып, ұрыс даласына аттанып кете барады. Атам жарылғыштың кесірінен жарақаттанып, «Госпиталь»-ге түседі. Госпитальде жатып ем алып, толығымен ауруынан айыққан соң көп ұзамай қантөгісте аяқталады.Атам өзінің ерліктерімен тарихта қалды деп ойлаймын. Атам өз елін, өз жерін қорғау үшін ешнәрседен тайынбады. Ұрыс даласында отты өзендерді кешіп жүріп, талай ерлігімен көзге түсті. Аман-есен елге оралып, қызметке араласқан.
Көзді ашып-жұмғанша уақытта зулап өте шықты. Мен атамның Отан үшін аз да болса жасаған ерен ерлігімен мақтанамын. Мен бақытты ұрпақпын! Өйткені, менің атам МАЙДАНГЕР!
Сөз соңында айтарым, Отан үшін жанын берген,
Болыпты атам мықты мерген,
Бар қазақтың жеңісі үшін,
Жасапты барын қолдан келген!
Елі үшін еміренген, жері үшін жігерленген, намысты қолдан бермейтін ерелеріміз көп болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |