«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет8/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров
Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдар, акт готовности (1), акт готовности (1), акт готовности (1), Ақтөбе облысы бойынша сынама тест тапсырушылар тізімі, акт готовности (1), диплом саду, акт готовности (1)
Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, Б. Алманов атындағы ЖББОМ
7-сынып оқушысы
Дәуренбекқызы Дана
Жетекшісі: Мұхтарова Ғазиза Әбдіхайдарқызы
«Жаңбыр жауса – жер ырысы,
Батыр туса –ел ырысы.
Халық мақалы

Соғыс! Қандай суық сөз десеңізші?! Осы бір сөзді естігенде, құлағыма қан майданда белдескен, қасқая тұрып, жауына қарсы шапқан, «елім, жерім» деп келешек үшін жанын аямаған еліміздің нағыз батырлары көз алдымда өтіп жатады. Шіркін-ай, олар бүгінде тірі болғанда, қандай құрмет те, қандай мақтаныш та, қандай тұлғалық мәртебе де оларға лайық болар еді-ау?! Елімізде Ұлы Отан соғысына аттанып, от пен оққа оранған бір мың төрт жүз он сегіз күннің алапат ауыртпалығын да тілі мен діні бөлек жұртпен тең көтеріп, қолына қару ұстаған қазақтан шыққан батыр аға-апаларымыз қаншама?! Тарихымыздан белгілі «Атаның емес, адамның ұлы болудың» жолдарын көрсеткен данышпан Абайдың сөзімен рухтанған халқымыздың ұлы перзенттері: Б. Момышұлы, Т. Бигелдинов, Қ. Қайсенов, Ә.Молдағұлова, М. Маметова, Х. Доспанова т.б есімдерін аса бір жүректегі сүйіспеншілікпен атап өткім келеді. Иә, ерлікпен ел қорғаған олардың қаһармандық бейнелерін мен тек көркем әдеби шығармалардан, көркем фильмдерден және үлкендерден естіген ақпараттардан білемін. Осы батырлардың бірсыпырасы менің туған жерімде де болған. Туған жерімде киелі Ырғыздың Құрылыс ауылынан да қан майданға аттанып, фашист басқыншыларымен соғысқан ардагерлерге де мәңгілік «Олар оралмады» атты ескерткіш тақта қойылған. Ұлы Отан соғысының том-том шежіресінде менің туған жерімнен шыққан жауынгерлердің де қалдырған ерлік істері аз емес. Олардың ішінен мен Еңсегенов Симақ, Қоңқанов Ерғали, Болыскеев Дүзелбай сияқты аталарды зор құрметпен атар едім. Олай дейтінім, Симақ атамыз соғыс қасіретінің ауыртпалығынан ұрыста ерлікпен қаза болған, ол кісінің құрметіне ауыл көшесіне есімі берілген. Ауылымызда ұрпақтары бар. Ал Ерғали ата мен Дүзелбай ата сол бір сұрапыл соғыстан елге аман-есен оралған екен. Олар да бертін келе өмірден озды. Біздің бүгінгі бейбіт күнге қол жеткізіп, тыныш өмір сүріп жатқанымыздың өзі – батыр бабаларымыздың арқасы. Ауызбен айтып жеткізе алмайтын сұрапыл ұрыстың бел ортасында жүріп, қан кешкен батырларымыздың Отан үшін, ұрпақ үшін, тыныштық үшін жасаған жасампаз ерліктерін бүгінгі ұрпақтары ешқашан да ұмытпайды. Осы орайда, мен туған жерімнің батырларының санатында тұрған өзімнің Дүзелбай атам туралы көбірек ой бөліскім келеді.


Биыл аспанымызда жеңіс туының желбірегеніне,соғыс өртінің өшіп, бейбіт заман орнағанына 75 жыл болады. Бұл мерекенің біздің отбасы үшін маңызы да, мәні де ерекше. Себебі жеңісті жақындатқан жандардың қатарында менің Дүзелбай атам да бар.Соғыстың қасіретті таңбасы менің атамды айналып өтпепті. Менің атам қан майданнан елге аман-сау оралыпты. Ал екі ағасы мен бір інісі қан майданда жанын пида етіп,туған жерден топырақ та бұйырмаған екен.
Үлкендердің айтуынша, атам жасынан-ақ өткір, шыншыл, әділ, батыл болған. Деректерге сүйенсем, атам 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, 1940 жылы Фин соғысына қатысқан. Ол 1941 жылы сол жерден Ұлы Отан соғысына аттанып кеткен. Ұлы Жеңісті Берлин түбінде қарсы алған.
«1946 жылдың күзі еді. Майдангер ағамыз Дүзелбай ауылға оралғанда мен он жаста едім. Кешкілік ағаш үйдің жанында Нұртаза атамыздың Қарасуының басында бізге қарай солдат киімімен келе жатқан жауынгерді қарсы алдық. Бұл Дүзелбай ағамыз еді. Ағамызды көзімізге жас алып, құшақтап қарсы алдық, ал інісі Кенжалы ағасын мойнынан құшақтап өкіріп жылап тұрды. Сол кез әлі қөз алдымда,әлі есімде...!» Бұл әңгімені көзі тірісінде ардагер ұстаз Ешімов Карл ата айтқанын кішкентай болсам да, анық есімде сақтап, кеудемде бір мақтаныш сезімі пайда болғанды. Соғыстан кейін елге оралған атам бейбіт өмірге араласып, абыройлы еңбек еткен. Сұм соғыстың ауыртпалығын қайыспай көтерген атам балаларына үнемі соғыстан оралмаған боздақтар мен жастығын соғыс ұрлаған өз замандастары туралы айтып отырады екен. «Бейбіт өмірдің бағасын біліңдер» деп елдің амандығын күні-түні тілеп отыратын. Ақбөпе әжем екеуі ұл-қыз өсіріп,өнегелі отбасының нағыз үлгісін көрсетті. Соғыс өз зардабын салмай өткен жоқ. Елдің болашағына шамшырақтай жарық берген атам қос жанарынан айырылса да, түзу сөзінен, ақыл-парасатынан айырылмай, мағыналы ғұмыр кешіп, 90 жастан аса дүниеден озды. Қанмен келген ұлы күн қаһармандарының қатарында менің атам да бар.
Иә, соғыс қиыншылығы бір басқа, ал сол соғыс кезінде елде жанқиярлықпен еңбек еткен тылдағы бүгінгі ардагерлер балалық шағында бұғанасы қатпай, ерте еңбекке араласып, абзал аналарымен бірге табандылық пен шыдамдылық көрсетті емес пе? Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев: «..Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз, отансүйгіштіктеріңіз, бірліктеріңіз, бауырмалдық пен ынтымақтастық қасиеттеріңіз бүгінгі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен құндылық болып табылады. Сондықтан да сіздерге басымызды иеміз..» деп олардың жасампаз еңбектерін зор ықыласпен атап көрсеткен. Дархан даламыздың кең төсінде аунаған бүгінгі бақытты адамдарға Ұлы Жеңіске қол жеткізген майдангерлерден қалыспай, тылда қажырлылықпен еңбек еткен туған жерімнің еңбеккер ардагерлері Айтпамбетов Шамшат, Ешімов Карл, Бақтыбаева Ли, Сарин Жекетай сияқты ата-әжелер өз үлестерін қосқан.Мен де осындай туған жерімнен шыққан майдангер және еңбеккер ата-аналарымызға, батыр бабаларымызға мың мәрте тағзым етемін! Сөзімді қорыта айтқанда, ерлігін айтып, арманын жалғайтын ұрпағы барда туған жерімнің батырларының есімдері ел есінде сақталары сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет