Маншүк Мәметова – қазақтың қайсар қызы
Қарғалы ауданы, «№1 Бадамша орта мектебі» КММ
Пахомов Георгий
7сынып оқушысы
Биыл Жеңістің 75 жылдығы. Бұл-Қазақстан және ТМД елдері үшін ортақ мереке. Қай халыққа болса да, жеңіс оңай келген жоқ. Миллиондардың қанымен келген жеңіс бұл. Ең алдымен, жеңістің басты себебі – халықтың Отанға деген шексіз сезімі, қайтпас қайсарлығы, сын сағаттардағы отаншылдық қасиеті басты назарда болғаны рас. Әрі ортақ жауға күресте Кеңес Одағын мекендеген халықтарының ынтымақ-бірлігі де басты себеп болғаны анық. Олар бұл соғыста бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білді.
Жеңіске қазақтардың да қосқан үлесі аз емес. Бұл зұлматта бір миллион үш жүз алпыс мың қазақстандық Кеңес Армиясының қатарында ел қорғауға аттанды. Олар фашистермен қарсы күресте жан аямай ерлік көрсетті. Алты жүз мың қазақстандық майдан далаларынан қайтып оралмады. Бұның ішінде бес жүз елу-алты жүз мың қазақтың үш жүз елу мыңы майданда қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті. Қарапайым арифметикаға жүгінсек, Кеңес халқының он бес пайызы, қазақстандықтардың он бір пайызы қаза болды.
Көзсіз ерлік көрсеткені үшін бес жүз он екі азаматымыз Кеңес одағының Батыры атанды. Сол атақты екі реттен иеленгендер де бар. Қазақстан халқының тылдағы ерлігі де ерен. Олар республикамызға көшірілген және осында салынған төрт жүз алпыс зауытта күні-түні тынымсыз еңбек етті. Ұлы Отан соғысы кезінде атылған әрбір он оқтын тоғызы біздің елде жасалды. Одан бөлек, көмір өндірді, егін екті, мал асырады. Киім-кешек тігіп, солардың барлығын майданға аттандырды. Осылайша фашістік Германия мен оның одақтастарын тасталқан етіп, мемлекетімізді жаудан азат еттік. Осының барлығы кейінгі ұрпақтың жадында сақталады.
Отанды сүю – адамның басты борышы екенін біз, жас ұрпақ осы Батыр апаларымыздың есімін, ерлігін қадірлеу арқылы сіңіреміз. Ерлік – қазақ халқының қанына сіңген. Ұлы Отан соғысында Әлия мен Мәншүктін дараланып шығуы – осы қанмен келген қасиеттің арқасы.
Мәншүк Мәметова адамзат тарихына есімін қанмен жазып кеткен қазақтың қайсар қызы. Оның өмірі мен ерлігі турасында талай тағылымды естеліктер жазылды. Өйткені, ерлік тарихы мәңгілік тақырып.
«Қазақ батыры» десек кез келген адамның көз алдына сұр мінезді, өткір көзді, ержүрек, мықты, бүркіт сияқты қайсар жігіт елестейді. Бірақ соғыста әйел адамдардың да ерлік көрсеткенін білеміз. Солардың бірі батыр атағына ие болған нәзік пулеметші қазақ қызы Мәншүк Мәметова.
Мәншүктің азан шақырып берген аты-Мәнсия. Анасы еркелетіп “Моншағым”деген. Мәнсияның өзі атына тілі келмей Мәншүк деп кеткен. Кейіннен жас қызы құжат толтырған кезде Мәншүк деп жазған. Соғысқа да осы атпен кеткен аттанды. Ол бір мың тоғыз жүз жиырма екінші жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келді. Балалық кезі Жас құс деп аталатын ауылда өтті. Отбасы жағдайы төмен болады. Мәншүкті туыстары Ахмет пен Әмина Мәметовтар бір көргеннен бауырына тартып асырып алады.
Мәншүктің өгей әкесі Жеңісілі Саратовта университет бітірген, көзі ашық, зиялы адам болған. Ол сталиндық репрессияға ұшырап «халық жауы» деп атанып, атылған.
Мәншүк мединституттың бірінші курсын бітірген жылы өз еркімен майданға сұранады, бірақ өтінішін әскери комиссариаты жаупсыз қалдырады. Төрт рет сұранған хаты жауапсыз қалғансын, бесіншісін тура Сталиннің өзіне арнапты.
«Мен, Мәншүк Мәметова, бір мың тоғыз жүз жиырма екінші жылы дүниеге келгенмін. Қазіргі уақытта әке-шешем қайтыс болды. Сізден ағаларым және апаларыммен бірге фашист – қарақшыларды талқандатып құрту үшін мені майданға жеберуіңізді сұрағым келеді. Менің әкеме кінәсіз жабылған жаланы дәлелдеймін. Өтінішмді қанағаттандыруыңызды сұраймын. Бір мың жүз отыз тоғызыншы жылдан комсомол мүшесімін. 27.08.1941 жыл (М.Мәметова)»- деп хат жазады. Міне, осындай қайсарлық танытқан қазақ қызы ақыры дегеніне жетіп, бір мың тоғыз жүз қырық екінші жылы он үші тамызда Алматыда құрылған жасақпен соғысқа аттанды. Бригаданың құрамында төрт мың сегіз жүз тоқсан жауынгер болса, оның тек екі қазақ қызы болды. Мәншүкпен бірге майданға оның құрдастары Әзілхан Нұршайықов, Райымбек Байсейітов, Нұржан Құсайынов, Тахауи Ахтанов аттанды. Жүзінші бригаданың командалық құрамында командир қызметінде Сақтаған Бәйішев, Асқар закарин, Мәлік Ғабдуллин, Ыбрайым Сүлеменов болды.
Сақтаған бәйішев Мәншүктің өтінішіп қабыл алып, оны пулеметшілер ротасына жіберу туралы шешім қабылдайды. Осылай қазақтың қаршадай қызы пулеметпен танысып, оны қолдануды үйренеді. Мәншүк кез келген ұрыста батылдық пен өжеттілік тынытып, шеберлігін көрсете білді. Тіпті ауыр жарақат алып, өлім аузында жатқан майдандастарына көмек көрсетіп, өлім аузынан құтқарды.. Өз міндетінен бөлек, санитарлық қызметті де шебер атқарды.
Бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылдың қазанында Мәншүктің батальоны Изоча станциясын жау қолынан босатуға қатысатын болды. Бұл қатал ұрыста адам шығыны көп болып, кеңес әскері артқа шегінуге мәжбүр болады. Бірақ, кері щегеніп бара жатқан жауынгерлер ұрыс алаңында жпзғыз өзі қайтыс болған содаттардың пулеметін түзеп жүрген қазақ қызын көреді. Кері шегінген жауынгерлер Мәншүкті өздерімен алып кеткісі келді. Бірақ, бойын батылдық пен ашу кернеген пулеметші қыз олардың дегеніне көнбей:«Өздерін бара беріңдер, егер мен кетсем, сендерді кім қорғап қалады» деп қарсылық білдірді. Ақыры, Мәншүк көнбеген соң, олар өздері кетуге мәжбүр болады. Міне, Мәншүк Мәметова майдандастарын жалғыз өзі осылай қорғап қалады.
Қайтпас қайсар қазақтың Мәншүгі өзінің «Максим» пулеметімен жүздеген немісті жалғыз өзі қырды. Немістер мерген қыздың қаһарлы пулеметімен көзін құртуға барын салды. Бірақ, жалғыз өзі қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып, өшпес ерлік көрсеткен батыр қыз сол күні, бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылдың он бесінші қазанында ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты.
Батыр қыздың қаралы қазасы бүкіл дүниені дүр сілкіндірді. Түн жарымда Мәншүк қаза болды деген хабарды естіген жауынгерлердің қабырғасы қайысты. Әйгелі пулеметші қыздың өшпес ерлігі жайлы аңыздар майданға желдей есіп, барлық тілде Мәншүк туралы радиохабарлар беріліп, газеттер шыға бастады. Барша жұрт оны туған бауырындай өнеге тұтып, мақтан етті. Жүзінші бригаданың командалық құрамында командир болған. Мәлік Ғабдуллин Батыр Мәншүктің майданғы өшпес ерлігін дәлелдейтін құжаттары рәсімдеуге қол жеткізіп, КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының бұйрығымен бір мың тоғыз жүз қырық төртінші жылы бірінші наурызда Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағаның Батыры атағы берілді.
Майдангер Шура Прокопенконың естелігі бойынша:
«Бір биік үшін қатты ұрыс басталды. Біздің бөлімше немістерді қуып шығып, биіктен бекініс алды. Лейтенант Темнековтың пулеметчиктері жартылай жабық позициядан атып, немістерді ілгері беттетпей қойды.
Пулеметчиктердің ішінде сержант Мәншүк Мәметова бар еді. Орта бойлы, көзі оттай жайнаған қазақ қызы Мәметова сол ұрыста ерекше көзге түсті. Ол пулеметте әрі атушы, әрі командир болып екі бірдей міндет атқарды. Жауынгерлерді бірнеше рет атақаға бастады.
-Отан үшін, Сталин үшін алға! – деген Мәметованың аузынан шыққан ұран жауынгерлерге жігер, қайрат берді. Жау отынан олардың беті қайтқан жоқ.
Мәметованың қарамандағы жауынгерлер қатардан шыға бастады. Жүрегін ыза кернеген қазақ қызы станокті пулеметті жалғыз сүйреп, биікке алып шықты, немістерді жақыннан, ашық позициядан ата бастады. Ол пулеметке оқты өзі жеткізді, өзі оқтады, өзі атты. Оның лентасындағы оқ бітуге айналды. Ақырғы лентасын сақтап, немістер дәл қасына жақынданғанда пулеметтен жаудырды. Бір ротаға жақын неміс жусап қалды.
Немістер Мәметованы минометтен атты. Минаның жарықшығы пулеметті қиратты. Мәметова пулеметі қираса да оны тастамай, позициясын мина екінші рет тиді. Сонда ғана Маметова атудан тоқтады.
Өзі сұранып соғысының майданына келген қазақ қызы Маншүк Маметова халық аузында ұзақ уықыттар аңыз боларлық ерлік көрсетті».
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова қазақ халқының қаһарман қызы, бұл даңқты есіммен барша қазақстандықтар мақтанады. Ол Батыр атағын Шығыс қыздарының арасынан бірінші болып алды. Күллі Азия елдерінің арасында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақтың қос шынары, қос мақтанышы – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова екенін зор мақтанышпен айтамыз. Батыр қыздардың есімі халықымыздың жүрегінде мәңгілік маздайтын болады. Шығыс қыздарының арасынан бірінші болып Батыр атағын алған әйгілі пулеметші бүгінде қазақ халқының ғана емес, бүкіл Азия жұртының мақтанышы. Даңқты пулеметші, қазақтың батыр қызының есімі халық жүрегінде мәңгілік қала бермек.
Қорыта айтқанда, Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгердің алдында қарыздармыз! Отанымыз аман, еліміз тыныш болса, сол соғыс құрбандарының ерлігі! Тірілерге құрмет көрсетіп, қаза болғандарды еске аламыз. Бұл Жеңіс – біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардаптың салдарынан әлі күнге айыға қойған жоқпыз. Бүтіндей әулеттің түбіне жеткен, ошағын өшірген, ананы жесір, баланы жетім қалдырған бұл алапаттың зардаптарын жою қашанға дейін созылады? Бір нәрсе ғана ақиқат: олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, Жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Соғыстың барлық тарихи дәуірлерде қоғамның дамуына кері әсерін тигізгенін ешқашан да ұмытуға тиіс емеспіз.
Достарыңызбен бөлісу: |