Бұл кезеңдердің әрқайсысына тереңірек тоқталайық:
1)Туынды тақырыбын өтпес бұрын оқушылар сызықтық функцияның анықтамасымен, оның графигінің түрлерімен танысады. Мұнда ең маңыздысы оқушылар түзу мен абсцисса осінің арасындағы бұрышты түсіну қажет.
Бұрыш туралы айтқанда 3 жағдайды қарастыру қажет:
Егер түзу осіне параллель болса, онда бұрыш 0-ге тең;
Егер түзу осіне перпендикуляр болса, бұрыш -қа тең;
Түзу осіне параллель де, перпендикуляр да болмаған жағдайда.
Соңғы есепте нүктелер арқылы өтетін қиюшының бұрыштық коэффицеттері қарастырылады. Сөйтіп, бұрыш келесі теңсіздікті қанағаттандырады: . Ескерту: функция графигі төменгі жарты жазықтықта орналасқан жағдайда оқушылар көптеген қателіктер жібереді. Олар жанама бұрышы деп -ті белгілейді (1.3.1 – сурет). Бұл қателіктен оларды сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |